4.62-сурет ).
4.62-сурет. Секвенирленген адам геномының нуклеотидтік тізбегі құрамының көрінісі. LINEs (long
interspersed nuclear elements), SINEs (short interspersed nuclear elements), ретровирус тәрізді элемент-
тер мен ДНҚ-транспозондар өздерін көбейту және жаңа ауданға енгізу көмегімен біздің геномы-
мызда көбейген мобильдік генетикалық элементтер болып табылады. Осы мобильдік генетикалық
элементтер 5-тарауда талқыланады. Қарапайым тізбекті қайталымдар ұзын тізбектерге ұласатын қай-
таланатын қысқа нуклеотидтер тізбектері (14 нуклеотидтен кем) болып табылады. Сегменттік дупли-
кациялар геномның екі немесе одан да көп ауданында кездесетін үлкен ДНҚ тізбектерінің блоктары
(1000-200000 нуклеотидтер жұбы) болып табылады. Гетерохроматинде ДНҚ-ның ең жоғары дәрежелі
қайталмалы блоктардың нуклеотидтік тізбектрі әлі толығымен анықталған жоқ; осы диаграммада
адам геномының шамамен 10% көрсетілмеген (ақпарат E. Margulies сыпайлылығымен қолданылды).
Екі түрдің геномдық тізбектеріндегі айырмашылықтар олардың бөлек
дамуынан басталған уақыт аралығында пропорционалды түрде пайда болады
Қазіргі таңдағы тірі түрлер геномдарының арасындағы айырмашылықтар 3 миллиард
жыл бойы жиналды. Бізде уақыт бойы орын алған өзгерістердің тікелей дәлелі бол-
мағанымен зерттеушілер геном эволюциясы процесін әртүрлі организмдер геномдарын
салыстыру арқылы қайта құра алады.
Салыстырмалы геномиканың ұйымдастыру негізі филотенетикалық ағаш болып
табылады. Қарапайым мысал ретінде адамдардың жоғары приматтардан ажырауының
ағашын алуға болады (
4.63-сурет ). Осы ағаштың негізгі көзі ген немесе белок тіз-
бектерінің салыстырылуы болып отыр. Мысалы, адам мен жоғары приматтардың ген
немесе белоктар тізбектерінің салыстырмасы негізінде адам мен шимпанзе арасында
айырмашылықтар өте аз, ал адам мен орангутан арасында көп айырмашылықтың бола-
тындығы анықталды.