ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
263
ның рибосомалық суббөліктерінің қалыптасуы мен басқа маманданған реакциялардың
іске асу сайты болып табылады: ол белсенді түрде транскрипцияланатын рибосомалық
РНҚ гендерінің айналасында концентрацияланған РНҚ-лар мен белоктардың торынан
тұрады. Эукариоттар геномында рибосомалық РНҚ гендерінің көптеген көшірмелері
болады және олар әдетте бір ядрошықта кластерленеді және әртүрлі хромосомаларда
орналасады.
Сонымен қатар, ядродан көріну айқындығы төмен болатын көптеген органеллалар
болады. Мысалы, Кахаль денешіктері атты шар тәрізді құрылымдар мен хроматинара-
лық гранула кластерлері көптеген өсімдіктер мен жануарлар клеткаларында кездеседі
(
4.57-сурет
). Ядрошық сияқты осы органеллалар да бір-бірімен тор түрінде байла-
нысқан таңдалмалы белоктар мен РНҚ молекулаларынан тұрады және осы тордың
басқа белоктар мен РНҚ молекулаларын өткізу қасиеті өте жоғары болады.
Осы құрылымдар макромолекулалардың таңдалмалы топтарын иммобилиздеу
арқылы ерекше биохимиялық орта қалыптастыра алады. Негізінде, бұл жағдай осы
кеңістікке енетін басқа молекулаларға күрделі реакциялық жолдар арқылы жоғары
эффективтілікпен өңделуге мүмкіншілік береді. Өткізгіштігі жоғары осындай жіпшелі
торлар ядроның субаудандарында орын алатын реакцияларға компартментализацияның
кинетикалық артықшылықтарын ұсына алады (
4.58А-сурет
). Дегенмен, цитоплазма-
дағы мембранамен байланысқан компартменттерге қарағанда ядролық субкомпарт-
менттер – липидтік биқабаты жоқ – кіші молекулаларды концентрациялай да, жоя да
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: