Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет236/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   330
4.53-сурет
). Дегенмен, осындай суреттер әр хромосомадағы ДНҚ-ның орташа көрінісін 
береді. Хромосоманың гетерохроматиндік аудандарын анықтаудың маманданған әді-
стері олардың ядро ламинасымен ассоциацияланатындығын көрсетеді. Осыған қоса 
адам хромосомаларының гендерге бай аудандарын бояйтын ДНҚ зондтары интерфа-
залық ядроның таңғажайып бейнесін береді – белсенді және белсенді емес гендердің 
әртүрлі орташа орнын анықтайды (
4.54-сурет
). 
4.53-сурет. 
Бір интерфазалық ядродағы барлық адам хромосомаларының хромосомалық аудан-
дарының кездейсоқ көрінісі. Осы суретте, әр хромосоманың ДНҚ зондтарының қоспасы әртүрлі 
спектрде жарықтанатындай таңбаланған; осының арқасында орын алатын ДНҚ-ДНҚ гибридизация-
лануы негізінде әр хромосоманы анықтауға болады. Осының негізінде үш кеңістікті құрылым құра-
стырылды. Микрографияның астында әр хромосома негізгі суреттің сызбанұсқасында анықталған. 
Гомологты хромосомалардың (мыс., 9-хромосоманың екі көшірмесі) бірге орналаспағанына назар 
аударыңыз (Speicher and N.P. Carter, Nat. Rev. Genet. 6:782-792, 2005 көзінен Macmillan Publishers Ltd. 
рұқсатымен қолданылған).
4.54-сурет. 
Интерфазалық ядрода адам геномының ген-
дерге бай аудандардың таралуы. Гендерге бай аудандар 
адам геномында миллиондаған көшірмесі болатын Alu 
шашыраңқы қайталыммен гибридизацияланатын флуо-
ресценттік зонд көмегімен бейнеленген. Белгісіз себептер-
ден осы тізбектер хромосоманың гендерге бай ауданда-
рында кластерленеді. Осы көріністе Alu тізбектеріне бай 
аудандар жасыл, осы тізбектерге кедей болатын аудандар 
қызыл, ал орташа аудандар сары түспен боялған. Гендерге 
бай аудандар ядро қабығына жақын аудандарда кезде-
спейді (A. Bolzer et al., PLoS Biol. 3: 826-842, 2005 көзінен 
алынды).
Интерфазадағы әр хромосоманың хроматині, оның гендері экспрессияланбаған 
жағдайда, қалай конденсацияланады? Хромосома конформациясын ұстау әдісінің 
(4.48-суретті қара) массивті параллельдік секвенирлеу атты қосымшасы адамның ин-
терфазалық хромосомаларында адам геномының әртүрлі бір мегабазалық (1 миллион 
нукелотидтер жұбы) аудандары арасындағы байланыстарды картаға түсіруге мүмкін-
шілік береді. Алынған нәтижелер бойынша біздің хромосомаларымыздың көпшілік 


262 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
аудандары фракциялық глобула атты конформацияға ширалады: жоғары тығыз қапталу-
ды, хроматин жіпшелерінің фолдингін және сызықты күйге ауысуын қамтамасыз ететін 
түйінсіз ұйымдасудың түрі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет