ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
273
рағанда, жақынырақ болады. Адам мен тышқан геномдары жиналған мутациялар әсері-
нен, шамамен, 80 миллион жыл бұрын, ал адам мен шимпанзе геномдары, шамамен,
6 миллион жыл бұрын ажырады. Кеміргіштер ататегінің молекулалық сағаты, әдетте,
шапшаң болады және олар адам ататегінен өте тез арада ажырады.
Адам мен шимпанзе геномдарының хромосомаларға ұйымдасуы ұқсас болғанымен,
адам мен тышқан геномдарының ұйымдасуында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Болжау бойынша тышқан мен адамның бір ататегі болған уақыттан бері, шамамен,
180 үзілу мен қайта жалғану оқиғалары орын алды. Осы екі түрдегі хромосомалар
саны біріне-бірі жақын болғанымен (адамның гаплоидты геномында 23 хромосома, ал
тышқанның гаплоидты геномында 20 хромосома болады), олардың толық ұйымдасуы
мүлдем басқаша болады. Өте жиі орын алған геномдық ауысуларға қарамастан адам
мен тышқан геномындағы гендер реті ұқсас болатын ауқымды аудандар өте жиі кезде-
седі. Хромосомалардағы консервативті гендер ретінің тізбектері
синтения ауданы деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: