Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет302/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.44-сурет
Транслизиялық ДНҚ поли-
меразалары зақымданған матрица-
ларды қолдана алады. Осы модельге 
сай, репликативтік полимераза ДНҚ 
зақымының сайтында тоқтады. Ма-
манданған ферменттер репликативтік 
ДНҚ полимеразаны босататын сырғу 
қысқышын коваленттік түрде моди-
фикациялайды және ол зақымданған 
ДНҚ-мен бірге осы зақым түріне специ- 
фикалық болатын транслизиялық ДНҚ 
полимеразасын тартады. Зақымданған 
ДНҚ-дан өткен кезде қысқыштың ко-
валенттік модификациясы алынады
транслизиялық ДНҚ полимеразасы дис-
социацияланады және репликативтік 
полимераза қайта іске қосылады.


ДНҚ РЕПАРАЦИЯСЫ
337
зақымданған аудандарға жіберуі тиіс. Осы әрекеттің механизмі әлі күнге дейін белгісіз, 
бірақ болжалмалы механизмі 
5.44-суретте
 көрсетілген. 
Қос тізбекті үзілістер эффективті түрде репарацияланады
Зақымданудың ең қауіпті түріне қос тізбекті спиральдің екі тізбегінің де зақымдануы 
жатады. Мұндай жағдайда интактты матрица қалмайды. Иондаушы радиация, репли-
кация қателері, тотықтырғыш агенттер мен басқа да метаболиттер зақымның осындай 
түрін тудырады. Егер мұндай зақымдар түзетілмесе, онда хромосоманың кішкентай 
фрагменттерге ыдырауы орын ала алады. Дегенмен, осы жағдайды екі механизм түзе-
теді (
5.45-сурет
). Ұштардың гомологты емес жалғануы механизмінде үзілген ДНҚ-
ның екі ұшы бір-біріне жақындатылады да, ДНҚ-лигаза ферменті оларды жалғайды 
(
5.46-сурет
). Ұштарды жалғау механизмі қос тізбекті жалғайтын «тез және нақты емес» 
шешім болып табылады және ол сүтқоректілердің соматикалық клеткаларында жиі 
кездеседі. Үзілген сайтта өзгеріс болғанымен, сүтқоректілер геномының тек аз бөлігі 
ғана тіршілік үшін маңызды болатынын ескере отырып, түзетілудің осындай механизмі 
жеткілікті болып көрінеді. 70 жасқа жеткен адамның геномында 2000-ға жуық осындай 
«тыртықтар» болады. Ұштардың гомологты емес жалғану механизмі қауіпті болып 
табылады: бұл механизм, кездейсоқ жағдайда, екі хромосоманы біріктіре алады және 
нәтижесінде бір хромосомада екі центромера болады, ал екінші хромосомада центроме-
расы болмайды. Клетканың бөлінуі кезінде мұндай екі хромосома сегрегацияланбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет