Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет301/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   330
335
5.43-сурет
ДНҚ 
нуклеотидтерінің 
дезаминденуі. Әр 
жағдайда судың 
қосылатын оттегі 
атомы қызыл 
түспен белгілен-
ген. (А) А және 
Г-нің кездейсоқ 
дезаминденуінің 
өнімдері табиғи 
емес деп таныла-
ды және тез арада 
табылады және 
репарацияланады. 
С-нің У-ге деза-
минденуі 5.38-су-
ретте көрсетілген; 
Т-нің алынатын 
амин тобы 
болмайды. (Ә) 
Омыртқалылар-
дағы Ц нуклеотид-
терінің шамамен 
3% гендер 
экспрессиясын 
реттеу мақсатында 
метильденеді. Осы 
5-метил Ц 
нуклеотидтері 
дезаминденген 
кезде олар табиғи 
Т нуклеотидін 
түзеді. Дегенмен, 
осы Т нуклеотиді 
қарама-қарсы 
тізбекте Г-мен 
жұптасады және 
мисматч жұп негіз 
қалыптасады.


336 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
Арнайы транслизиялық ДНҚ 
полимеразалары апатты 
жағдайда қолданылады
Егер клетканың ДНҚ-сы ауыр 
зақымға ұшырайтын болса, онда 
репарациялық жүйе оны то-
лығымен түзете алмайды. Мұндай 
жағдайларда әртүрлі стратегиялар 
қолданылады және олардың кей-
біреулері клеткаға қауіпті болуы 
мүмкін. Аса нақты ДНҚ-полиме-
разалар ДНҚ зақымына тап болған 
жағдайда тоқтайды. Осындай 
жағдайда клетка көпжақты, бірақ өте нақты емес құтқару механизмдерін қолданады. 
Клетка төтенше жағдайда транслизиялық полимеразалар атты ферменттерді тартады. 
Олар, ДНҚ-ның зақымына қарамастан, репликацияны жалғастырады.
Адам клеткаларында жеті транслизиялық полимеразалар болады және олар зақым-
ның белгілі бір түрін танып, қажетті нуклеотидті бастапқы тізбекке жалғай алады. 
Басқалары, ДНҚ-ның ауқымды зақымдары жағдайында, тек «жақсы болжау» жасай 
алады. Бұл ферменттер қалыпты ДНҚ полимеразасы сияқты аса нақты емес. Сондықтан 
транслизиялық полимеразаларда экзонуклеотидтік түзету қасиеті болмайды; бұған 
қоса, осындай полимеразалар қандай нуклеотидтің қосылу қажеттігін аңғара алмайды. 
Сондықтан транслизиялық полимеразаға бір немесе бірнеше нуклеотид қосу мүмкін-
шілігі беріледі және кейін табиғи ДНҚ-полимераза өз жұмысын жалғастырады. 
Өзінің зақымданған ДНҚ-ны репликациялаудағы маңыздылығына қарамастан
транслизиялық полимеразалар клеткаға қауіп төндіреді. Мүмкін олар геномдағы негіз-
дердің алмасулары мен жалғыз нуклеотидтік өзгерістердің көпшілігіне жауапты шығар. 
Олар негізінде ДНҚ-ны көшірген кезде мутацияларды тудырады және зақымданбаған 
ДНҚ-да да мутацияларды төмен деңгейде тудыратын сияқты. Сондықтан клеткалар
полимеразалардың осындай түрлерін өте қатаң түрде реттеуі қажет және оларды тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет