342 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
«тізбектер биіне» оралады және үзілген тізбек гомологты тізбекпен бірігеді. Алдымен
арнайы нуклеазалар үзілген тізбектің 3’-ұшындағы бірнеше нуклеотидтерін жояды да
оның жабысқақ ұшын қалдырады. Келесі қадамда
тізбектер алмасуы процесі жүреді.
Үзілген тізбек гомологты тізбекте комплементарлы аудан іздейді. Негіздер жұбын құру
орныққаннан кейін ДНҚ-полимераза ферменті үзілген тізбекті матрицалық тізбек не-
гізінде нуклеотидтермен толтырады.
Тізбектердің алмасуы RecA/Rad51 белогымен іске асырылады
Гомологты рекомбинацияның барлық қадамдарынан
тізбектер алмасуын елестету
қиын. Үзілген тізбек ДНҚ дуплексін гомологияға қалай тез арада тексереді? Гомология
анықталғанда алмасу орын ала ма? Матрицалық ДНҚ-ның тұрақтылығы қалай бұзыла-
ды?
Бұл сұрақтардың жауабы осы қадамды іске асыратын белоктың құрылымдық және
биохимиялық зерттеулерінен алынды.
E.coli-де
RecA, ал барлық эукариоттық орга-
низмдерде
Rad51 белоктары, тізбектер алмасуын іске асырады. Тізбектер алмасуын ка-
тализдеу үшін Rad51 белогы үзілген тізбекпен байланысады да, ДНҚ-белок филаментін
түзеді. Нәтижесінде осы филамент құрамындағы ДНҚ
қалыпсыз күйге ауысады: қатар орналасқан үш нукле-
отидтер ұсталады және көршілес триплеттер арасында
ДНҚ қаңқасы тарқатылады (
5.49-сурет
).
Қалыпсыз
ДНҚ-белок филаменті ДНҚ дуплексімен байланысады
да, оны тұрақсыздандырады және оның ажырауын қоз-
дырады. Осыдан кейін жұптасу процесі жүреді. Жұпта-
су триплеттер арқылы орын алады: триплет жұптасқан
кезде көршілес триплет сыннан өтеді. Осы жолмен
жұптаспайтын триплеттер
тез арада тізбектердің дис-
социациясын тудырады. Осы жолмен тек ұзын негіздер
жұптасуы (кем дегенде 15 нуклеотид) ғана үзілген тіз-
бекті тұрақтандырады және тізбек алмасуын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: