71 2.21-сурет. Активациялану энергиясының маңызды принципі. (A) Y қосылысы (реактант) салыстыр-
малы түрде тұрақты күйде және оны Х қосылысына айналдыру үшін энергия қажет (Х қосылысы
энергиялық төмен деңгейде болса да). Y қосылысы қоршаған ортадан қажетті активациялану энергия
мөлшерін (а энергиясы мен b энергиясының айырмасы) алмағанша Y қосылысының Х қосылысына
айналуы жүрмейді. Осы энергия басқа молекулалармен энергетикалық соқтығыстар арқылы алына
алады. X→Y қарама-қарсы реакциясы үшін активация энергиясы көбіірек болады (а энергиясы мен с
энергиясының айырмасы); осы реакция сирегірек орын алады. Активациялану энергиясы әрқашан-
да оң болады; дегенмен, энергия тұрғысынан тиімді Y→X реакциясының толық энергия өзгерісі (с
энергиясы мен b энергиясының айырмасы) теріс болатынына назар аударыңыз. (Ә) Спецификалық
реакциялардың энергиялық бөгеттері каталитиктер көмегімен төмендетіле алады (d әрпімен таң-
баланған сызық). Ферменттер эффективті каталитиктер болып табылады, себебі олар іске асыратын
реакцияның активациялану энергиясын күрт төмендетеді.
Тірі клетканың химия-
сы ерекше жолдармен
реттеліп отырады, себебі
ол активтену энергиясын
азайту жолымен реакция
жылдамдығын тездететін
ферменттератты белок-
тардың арнайы класымен
қадағаланады. Әр фермент
субстрат атты бір немесе
бірнеше молекуламен берік
байланысады да, байла-
нысқан субстрат жүретін
2.22-сурет. Активациялану энергиясының төмендеуі реакцияның іске асу мүмкіншілігін арттырады. Кез келген сәтте бірдей субстрат молекулаларының популяциясында энергиялардың ауқымы бола-
ды (графикте көрсетілген). Әртүрлі энергиялар қоршаған молекулалармен соқтығысу нәтижесінде
түзіледі және олар субстрат молекуласын шайқалу, тербелу мен айналуға бағыттайды. Молекула хи-
миялық реакцияға түсу үшін оның энергиясы активациялану энергиясының бөгетінен асуы тиіс (үзікті
сызық). Биологиялық реакциялардың басым бөлігі ферменттің қатысуынсыз жүрмейді. Тіпті фер-
менттік катализ арқылы реакцияға түсуі үшін де субстрат молекуласы энергетикалық соқтығыстарға
шалдығуы тиіс (қызыл түспен таңбаланған аудан). Температураның артуы да қажетті энергия мөлшері
бар молекулалар санын арттырады; бірақ ферменттік катализбен салыстырғанда осы процесс таңдал-
малы емес және барлық реакцияларды тездетеді (