Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет112/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   258
Байланысты:
sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау – жыныс хромосомаларында орналасқан гендердің тұқым қуалауы

Наследование, сцепленное с полом - наследование генов, расположенных в половых хромосомах

Sex - linked inheritance - inheritance of genes, located in sex chromosome

Кроссинговер, хромосомалардың учаскелерімен (гендерімен) мейозе I алмасуы

Кроссинговер, обмен участками хромосом (генами) в мейозе I

Crossingover - exchange of parts of chromosomes (genes) during meiosis I



Құрастырушы: Қ.С.Нұртаева
3 сабақ



  1. Тақырыбы: Тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық белгілерінің пайда болуының генетикалық механизмдері



2. Мақсаты: ситуациялық есептерді шығара отырып, тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық белгілерінің көрінуінің генетикалық механизмдерін түсіну үшін тәжірибиелік дағдыны дамыту


3. Оқытудың міндеттері:
- аурудың пайда болуы мен ағымын түсіну үшін ауру адамның генотипіндегі гендер әсерінің рөлі жайлы түсінікті студенттерде қалыптастыру және түсіндіру
- студенттерде тұқым қуалайтын ауру кезінде аса жоғары доминанттылық, кодоминанттылық, комплементарлық, эпистаз түсінігін қалыптастыру және олардың пенетранттылықта, эпистазда, плеотропияда және гетерозиготтардың таңдамалы артықшылықтарының маңызын түсіндіру


4. Жүргізілу формасы: типтік және ситуациялық есептерді шығару


5. Тақырып бойынша тапсырма:
5.1. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, 112-115 б. № 1 – 20 аралығындағы типтік және ситуациялық есептерді шығару
5.2. Қосымша тапсырмалар:
5.2.1. А1 және А2 аллельді емес гендер адамның терісінде меланин түзілуін және теріде қара түсінің қалыптасуын бақылайды. а1 және а2 рецессивті аллельдердің ондай қабілеттілігі жоқ. Рецессивті аллельдерін тасымалдаушылардың терісінің түсі ақ болады. Белгінің көріну деңгейі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты.
Аллельді емес гендер әсерінің түрін анықтаңыз.

5.2.2. һ гені бойынша рецессивті гомозиготалы адамдардың эритроциттерінде А және В антигендері түзілмейді. Генотипінде І А және І В гендері болса да адамның қан тобы І топ болады. І А және І В гендерінің әсері байқалу үшін адамның генотипінде доминантты Н гені болу керек.


а. Аллельді емес гендер әсерінің түрін анықтаңыз.


б. Генотиптері ІА ІА hh, IA IB hh, IA iHH, IB IB Hh, iiHh, IAIBHh адамдардың фенотипін (қан топтарын) көрсетіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет