Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері


Рибосоманың құрылысы, рибосомалық кешен, рибосомалық РНҚ



бет18/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша

24. Рибосоманың құрылысы, рибосомалық кешен, рибосомалық РНҚ
Әр жасушада шамамен 1000- 10 000 рибосомалар болады. Шамамен диаметрі – 20 нм-дей. Рибосома 2 класқа бөлінеді: 70S және 80S. 70S рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S эукариот цитоплазмасында болады. 70S рибосоманың 60-65%-РНҚ және 30-35% –ын ақуыздар алып жатады. Ал 80S рибосоманың 50% РНҚ, 50% ақуызды бөліктерден құралады. Құрылымы жағынан рибосомалар кіші және үлкен суббөліктерден құралады. Рибосомалар цтьоплазмада топтасып, 5-70-тен полисомалар түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған рибосомалар жасушада базофильді күйде болады., олардың құрамында ферменттерде кездеседі.
Рибосмалық РНҚ-лар рибосоманың кіші және үлкен суббөліктьерінің құрамына енеді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р-РНҚ, 5,8S-р-РНҚ, 18S-р-РНҚ, 28S-р-РНҚ. Рибосоманы кіші бөлшегі 18S-р-РНҚ-дан және 30ақуыз молекулаларынан құралса, үлкен суббөлігі – 3 әртүрлі 5S-р-РНҚ, 5,8S-р-РНҚ, 28S-р-РНҚ және 45 ақуыз молекуласынан құралады.
Р-РНҚ молекуласыныңи бір ерекшелігі, оның құрамында Гуанин және Цитозин сияқты азоттық негіздердің басқаларына қарағанда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтерде жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеотидтерді жатқыза аламыз. Р-РНҚ екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер мен ілмекшелер де көптеп кездеседі.
25. Транскрипцияның жалпы сипаттамасы
Транскрипция – ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың РНҚ молекуласына көшіріліп жазылуы, яғни РНҚ синтезделу процесі.
Егер ДНҚ репликациясы жасушаның бөлінуіне байланысты болатын болса, яғни тек жасушаларда байқалатын болса, транскрипция үдерісі барлық ядролық жасушаларда, бөлінетін және бөлінбейтін болып байқала береді.
Бөлінетін жасушаларда ол митоздың кез-келген уақытында жүреді және ДНҚ-ның белгілі бір учаскесінің транскрипциялануыны бірнеше рет қайталанып жүруі мүмкін.
Транскрипция кезінде немесе РНҚ синтезі үшін негізгі құрылыс материалдары қызметін – рибонуклеозидтрифосфаттар сналады. РНҚ тізбегіне қосылған кезде олар 2 фосфат қалдығын пирофосфат күйінде бөліп шығарып, босаған энергияны нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланыстың түзілуіне жұмсайды.
Еркін Рнтф Р-РНҚ тізбегіндегі қалдығы + пирофосфат
РНҚ синтезі 5' ұшынан 3' үшына қарай жүреді. РНҚ синтезі промоторлық учаскеден басталып терминаторлық учапскемен аяқталады. РНҚ синтезі жүруі үшін, ДНҚ молекуласының кем дегенде 2 өрімінде ДНҚ жіпшелері бір-бірінен ажырасуы қажет, ширатылған түрде транскрипция жүрмейді.
РНҚ синтезі ассиметриялық құбылыс, яғни бір-бірінен ажырасқан ДНҚ жіпшелерінің тек біреуі ғана РНҚ синтезі үшін матрица қызметін атқарады.
РНҚ синтезі консервативтік құбылыс, яғни транскрипция аяқталғаннан кейін ДНҚ молекуласы ширатылып, бастапқы күйге келеді.
РНҚ синтезін РНҚ-полимераза – ферменті өз бетінше жүргізеді. Яғни ешқандай ұйытқының қажеті жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет