Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет19/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
26. Т-РНҚ-ның лигандпен әрекеттесуі
1) Лиганд ақуызбен байланысып, оның құрылымын тұрақтандырады, бірақ конформациясының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді. Мысалы, лизоцимнің Са ионымен байланысады.
2)Лиганд ақуыздың 3 реттік құрылымын айтарлықтай өзгертедіжәне тек осы күйінде ол белсенді болады.
3) Лиганд болмаса ақуыз еріген шумақ, яғни ешқандай үшңнші құрылымы қалыптаспағанкүйінде болады, мысалы лактальбуминнің Са ионымен байланысуы. Са ионы болмаған жағдайда лактальбуминнің 2 реттік құрылымы бұзылады.
4) Лигандсыз ақуыз 2 реттік құрылымы толық қалыптаспаған, ал 3 реттік құрылымы мүлдем болмайды. Пептидтік тізбек ішінара созылған күйінде болады.
5) Лигандсыз ақуыз молекуласы түгелдей созылған, яғни кездейсоқ шумақ күйінде болады.

27.Транскрипцияның механизмдері.
Транскрипцияның алғашқы және де маңызды кезеңі - оның инициациясы. Инициация сатысы РНҚ-полимеразаның промотормен байланысуымен басталады. Ол былай жүреді: РНҚ полимераза кооферменті 3 түрлі субъединицадан - α, β, β1 құрылған тетрамер. Олар өздігінен промотормен байланыса алмайды, сондықтан ерекше ақуыз- σ-(сигма) фактор жалғанса РНҚ-полимераза промотордың Прибнов боксын танып, онымен байланысады да транскрипция басталады. Одан кейін ДНҚ тізбектерінің 1,5-2 ширатпа ұзындығында ажырасуларын тузығызып, транскрипциялық көзше пайда болады. Келесі кезең элонгацияда синтезделуші пре-РНҚ тізбегінің жайлап ұзарып терминациялық учаскеге дейін жалғасады. Бұл кезде 1 секундта 30 нуклеотид жалғанады. Негізінен, транскрипция қатесіз жүреді. Қате жұптасқан нуклеотидтерді эндонуклеазалар жөндеп отырады. Соңғы кезеңі терминация. Терминацияда геннің аяқ жағындағы ГЦ-га бай учаскелері болады. Г-Ц байланысы (3 сутектік байланыс) берік болғандықтан ДНҚ-ның осындай учаскесінің екі жіпшесінің ажырасуы қиындай түседі. Бұл РНҚ-полимераза ферментінің жылжуын баяулатады және транскрипцияның аяқталуына алып келеді. Синтезделген пре-РНҚ –ның ДНҚ-дан босап шығуын Rho- фактор қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет