Қамыстыбас көлінің туристік мүмкіндіктері
Айдаров Оразхан Турсункожаевич, география ғылымдарының кандидаты;
Ажмолдаева Клара Баймырзаевна, магистр
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
О
блысымыздың аумағында кездесетін рекреациялық
аймаққа ұсынып отырған нысанның бірі Қамы-
стыбас көліне тоқталып өтейік.
Қамыстыбас көлінің туристік мүмкіндіктерін анықтау
мақсатында біз алдымен сол көлдің су құрамындағы
перманганат қышқылы мөлшері, гидрокарбонаттар
10
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
мөлшері титриметрлік әдіс қолдану арқылы анықтадық
[1].
Су құрамында рН шамасы электрометрлік әдіс пайда-
лану арқылы анықталды. Хлоридтер мөлшерін анықтау
үшін, хлоридтердің салмақтық концентрациясын — ар-
гентометриялық әдісті пайдалану қолданылды.
Су құрамындағы құрғақ заттардың мөлшерін және
сульфаттардың мөлшерін гравиметрлік әдісті қолдану
арқылы анықталды. Су талдауы Арал ауданының санитар-
лы-эпидемиологиялық және облыстық санитарлы-эпиде-
миологиялық сараптама орталығының зертханаларында
жүргізілді. Алынған су сынамаларының гидрохимиялық
Сурет 1.
Қамыстыбас көлдер жүйесі
талдауларының 70-ке жуығы жүзеге асырылды. Алынған
мәліметтер математикалық әдістерді пайдалану арқылы
өңделді.
Жүргізілген зерттеулер су құрамының рН шамасының
тәуелділігі Қамбаш көлінің қай аймағында орналасуына
байланысты болатынын көрсетті.
Жылдың барлық маусымы бойынша жүргізілген зерт-
теулер Қамбаш көлінің осы аталған аймақтарында рН
деңгейі батыс жағалауда ең жоғары шаманың тіркелгенін
анықтады, бірақ белгіленген ПДК-дан (6,8–8,2) төмен
болғанын көрсетті.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарында сонымен қатар,
судың гидрохимиялық құрамындағы перманганат
қышқылы мөлшерін анықтадық.
Алынған мәліметтер көрсеткендей, су құрамындағы
перманганат қышқылы мөлшері жылдың мезгіліне белгілі
байланыста болатыны анықталды (сурет 2).
Жүргізілген зерттеулер жылдың әртүрлі маусымы бой-
ынша су құрамының тұтқырлық шамасы белгілі тәуел-
діліктің бар екенін дәлелдеді: барлық зерттелінген жер-
лердің бұл көрсеткіштерінің максималды шамасы көктем
мезгілінде, ал минималды шамасы жаз мезгілінде тіркелді.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Қамбаш көлінің
су құрамындағы магний мөлшерінің тәуелділігі маусымға
байланысты болатыны айқындалды: максималды көр-
сеткіш көктемде тіркелді, ал минималды — жаз айында
тіркелгенін дәлелдейді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қамбаш
көлінің гидрохимиялық көрсеткіштері: рН, минералдығы
(құрғақ қалдық), иондық құрамы (CO
2
, HCO
3
, Cl, SO
4
,
Ca, Mg, Na, K, NO
2
, NO
3
), олардың маусымдық өзгеруі,
судың адам денсаулығына (теріге) әсері туралы нақты
екі жылдық мәліметтер алынды. Судың сапасын медици-
налық тұрғыдан сараптағанда, соңғы 1,5 жылда көл жаға-
сындағы елді мекендердің тұрғындарынан бірде бір адам
тері ауруымен емдеу мекемесінде тіркелмегені белгілі
болды. Сонымен қатар, Қамбаш көлінің гидрохимиялық
көрсеткіштерінің қазіргі кезеңдегі экологиялық жағдайы
санитарлы-эпидемиологиялық талаптарға сай екені
анықталды [2].
Қорыта айтқанда Қызылорда облысында туристік —
экскурсиялық мақсатта пайдаланатын табиғи және әле-
умметтік — экономикалық рекреациялық ресурстар
көптеп саналады.
Мақсат, тек осы қолда бар материалдарды көрсете
білу және ел арасына жариялай білу қажет. Бірақ, кейбір
шешілмей отырған мәселелерге байланысты олардың
кейбіреулері туристік бағыттарда қолданылмай келеді.
11
“Young Scientist” . #7.1 (87.1) . April 2015
Сондықтан, республикамызда туризмді одан әрі
тиімді дамытудың негізгі проблемасы әлеумметтік ин-
фрақұлымды халықаралық деңгейдегі қызмет көрсету
дәрежесіне жеткізу.
Басты мақсат — туристік индустрияның бәсекеле-
стік қабілетін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету
және оны экономиканың жоғары табысты секторына ай-
налдыру. Ең бастысы нақты бағдарлама жасау қажет. Ол
Қазақстанның беделін тартымды туристік нысан ретінде
қалыптастыруға, туризм индустриясын дамыту үшін қо-
лайлы инвестициялық жағдай жасауға, ұлттық тур өнім-
дерді қалыптастыруға және оның сапасын әлемдік дең-
гейге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиіс.
Туризмді дамытудың болжамды факторларының бірі
туристер үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, турларды
ұйымдастыру кезінде туроператорлар және турагенттер
қабылдайтын шараларға тікелей қатысты. Террористік
актілердің, індеттердің және техногендік сипаттағы сал-
дардың өсу жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселесі аса маңызды. Олар:
— туристік кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыру
және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлардың
және турагенттердің қызметіндегі техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі нормаларды, ережелерді сақтауды бақылау:
— туристік ортаны сақтау және қорғау:
— туризмнің сақтандыру рыногын дамыту:
— халық пен туристерді қорғау және қауіпсіздік мәсе-
лелері жөнінде ақпараттандыруды қамтамасыз ету:
— ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және адам сау-
дасына, туризмдегі әйелдер мен балаларды еңбекке және
сексуалдық пайдалануға қарсы күрес жүргізу;
Қамыстыбас көлінің аумағын туристік нысанға айнал-
дыру үшін басты міндеттер мыналар:
1) облыста Қазақстандық және шетелдік азаматтарға
туристік қызмет көрсетуде халықтың қажеттілігін өтеуге
кең мүмкіндіктер ашатын қазіргі заманғы туристік кешен
құру;
2) аймақ экономикасын дамытуға, оның ішінде бюд-
жетке салық түсімдерінің, шетел валютасының келуінің
есебінен үлес қосу;
3) жұмыс орындарын сақтау және санын көбейту;
4) облыстың табиғи — рекреациялық, мәдени-та-
рихи әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;
5) туризмнің инфрақұрылымын дамыту: жолдарды, су
жабдықтау және арна жургізу жүйесін жаңарту, көркейту
және электр жарығымен жабдықтау;
6) туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа
объектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөнін-
дегі шаралар кешенін әзірлеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г. Б. Тоқтағанова, А. Шырманбаева, О. Т. Айдаров — Қызылорда облысында туризмді дамыту мүмкіндіктері.
«ГЕОГРАФИЯ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы.
11–12 желтоқсан 2008 ж. Алматы. әль-Фараби ат. ҚазҰУ
2. Ажмолдаева К. Б. Ибадуллаева С. Ж., Берденкулова А. Ж., Абдраманова Г. Б. Мониторинг содержания хими-
ческих элементов в водных источниках региона Приаралья. Мат.междунар.научно-практ.конф. Прага, Чехия,
2010. С. 35–38
12
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
Қызылорда облысы геокешендердің табиғи даму тенденциясы
Айдаров Оразхан Турсункожаевич, география ғылымдарының кандидаты;
Байзулдаева Гүлсім Опабековна, жаратылыстану магистрі;
Жусупова Эльвира Усенбаевна, лаборант
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Т
абиғи кешендердің тарихи даму ерекшелігіне шолу
жасау олардың болашақтағы өзгерісіне баға беру үшін
қажет. Л. С. Бергтің «Табиғи ландшафтарды танып —
білу үшін оның қашан қалай пайда болғанын, уақыт өте
келе неге айналатынын анықтау керек» — деген тұжы-
рымы осы ойдың бірден-бір дәлелі болып табылады.
Алуан түрлі табиғи факторлар мен процестер комплек-
стердің дамуына бірдей әсер етсе де әрқайсысының
қарқыны мен бағыты әрқалай. Әсіресе, «Древняя дельта
Сыр-Дарьи и Северные Кызылкумы» еңбегінде А. М. Бо-
ровский, М. А. Погребинский сияқты ғалымдар, әсіресе
климатқа негізгі фактор ретінде табиғи факторларға көп
көңіл бөлген [1]. Климаттағы жылу мен ылғалдың қа-
рым-қатынасы, ылғалдану коэффициенті сияқты көрсет-
кіштерінің рөлі ерекше. Сонымен қатар, климаттың көп
жылдық көрсеткіштерінің ауытқуы, кеңістік пен уақыт
арасында өзгеруіне көп көңіл бөлу қажет. Жалпы ылғал-
дану теориясы бойынша солтүстік жарты шарға әр түрлі
ұзақтықтағы ритмикалық ауытқулар тән. Ең ұзақ ритмнің
мезгілі — 2000 жыл. Ол ірі екі фазаға және өтпелі фа-
заға бөлінеді:
1) салқын-ылғалды — 300–500 жыл;
2) жылы және құрғақ — 600–800 жыл;
3) бірінші мен екінші фаза аралығындағы өтпелі
фаза — 700–800жыл.
Дегенмен, қазіргі климаттың өзгеруі ылғалданудың
бірде артып, бірде төмендеп ауысып отыруына сәйкес.
Шнитников бойынша, мұндай кезендердің ұзақтығы —
45 жыл. Ылғалданудың соңғы өсу фазасы Қазақстан тер-
риториясында өткен ғасырдың 40- жылы болған [2].
Сонымен өткен геологиялық даму кезеңінде де кли-
маттық көрсеткіштер өзгеріп отырған. Мерзімі бойынша
климаттық көрсеткіштердің өзгеруі соңғы геологиялық
кезеңде пайда болған: 70 млн. жыл бұрын жылы климат
оның қайта суылып, мұздықтарды пайда етуімен ауысып
отырған. Мұздықты кезендер плейстоценде (ұзақтығы
100000 ж.) мұзаралық жылынумен (ұзақтығы 20000
ж.), соңғысы осы күнге дейін созылуда. Плейстоцен мен
голоцен аралығындағы климаттың өзгеруі қазіргі та-
биғи зоналардың шекараларының қалыптасуына ықпал
етті. Алғаш рет М. Х. Байдал Қазақстан территориясы
үшін апатты қуаңшылықтың калыптасуын күннің ак-
тивтігімен байланысты екенін дәлелдеді: күн активтілі-
гінің (белсенділігінің) 11 жылдық цикл максимумында
қуаңшылық сирек, ал керісінше болған жағдайда көп,
яғни жиі қайталанып отырды. Ал ауа температурасының
көп жылдық өзгеру циклы — 30 жыл. Сонымен, жоға-
рыда айтылған авторлардың еңбектерінен ылғалдану
режимінің, температура мен жауын-шашын мөлшерінің
өзгеруі күннің активтілігімен байланысты екенін түсі-
неміз. Циклдық өзгерістер жылы және суық кезеңдердің
бір-бірімен ауысып отыратынынан байқалады. Бұл ке-
зеңдердің ұзақтығы әрқалай: 2-ден 11–22 және 30
жылға дейін [3].
Сонымен, Қызылорда облысындағы қазіргі климаттық
жағдайының өзгеруі, мысалы, теңіздердің деңгейлерінің
тартылуы мен өзен суларының азаюы жағымсыз табиғи
процестердің қалыптасуына әсер етті. Егер де өткен ға-
сырдың 60 — жылдарына дейін облыс аумағында су эро-
зиясы, тұздану, дефляция сияқты процестер басым болса,
қазір теңіз деңгейінің төмендеуінен жер асты суларының
деңгейінің де төмендеуі көп кездеседі. Аридті климат
үдеді, батпақтардың, қамысты кешендер мен тоғай-
лардың ауданы азайды. Кейбір жерлерде өзен — көлдер
құрғап, сортаң және сор шұңқырлар пайда болды. Осы
процестердің нәтижесінде табиғи кешендердің ауысуы,
тұз шоғырлану, өсімдік пен топырақтың нашарлауы,
жалпы алғанда, эолдық процестер ұлғайды. Мұндай про-
цестер бүкіл Қазақстан территориясына тән. Осы проце-
стердің тарихи кезеңде дамуы мен кеңістік бойынша ал-
масып отыруы бірнеше факторға байланысты. Әсіресе
территорияның морфоқұрылымдық және морформүсіндік
құрлымын, неотектоникалық қозғалыстардың режимін,
климат және антропогендік факторларды ерекше атап
кетуге болады. Осы процестерге байланысты аккуму-
ляция мен денудация, экзогендік процестердің қарым-қа-
тынасы кеңістік бойынша әр түрлі. Бағыты мен қарқыны
әр түрлі эолдық процестер бүкіл Қазақстан территория-
сында дамыған.
Дефляция процестері климаттың континенталь-
дығымен, жиі-жиі соғатын қатты желдермен байланысты,
көтеріңкі рельеф формаларына жақын орналасқан де-
прессиялардың дамуында маңызды рөл атқарады. Тұйық
депрессиялар қатты қызатындықтан, құмдар мен шаң-то-
заңдар олардан тымық ауа райы кезінде де ұшатыны бел-
гілі. Қарқындылығы жоғары дефляциялық процестер
теңіз түбінен босаған жерлерде де басым. Осының нәти-
жесінде теңіз, көл түбінен босаған шаң — тозаң, хими-
ялық құрамы әр түрлі тұздар басқа территорияға ұшы-
рылады. Теңіз, көл түбінен босаған тау жыныстарының
құрамына, механикалық құрылымына байланысты олар
әр түрлі қашықтыққа жетеді, сөйтіп пайда болған орта-
лығынан алыс аймақтарға шоғырланады. Мысалы, ға-
лымдардың мәліметі бойынша Арал теңізі табанынан
ұшқан тұздар Тянь — Шань тауының мұздықтарының
еруіне әсер етуде деген мәлімет бар. Тәулік пен жыл мез-
13
“Young Scientist” . #7.1 (87.1) . April 2015
гілдері бойынша температураның күрт өзгеруі химиялық
және физикалық үгілуге негіз болады. Мұндай үгілу про-
цестері бүкіл территорияда кеңінен тараған. Олар белгілі
бір рельеф формасын құрамайды, дегенмен басқа аридті
процестерге материал жинақтайды. Шөлдену, құрғақтану
процестерінің нәтижесінде топырақ пен өсімдік жамылғы-
сының сандық және сапалық қасиеттері нашарлайды.
Әсіресе топырақ жамылғысының тұздануы, бірақ тұздану
қарқындылығы территория бойынша әрқалай. Өйткені,
өзен аңғарлары мен теңіз деңгейінен және жер асты су-
ларынан қаншалықты алыс, жақын орналасқанына бай-
ланысты өзгермелі сипатқа ие болады. Сондықтан бір та-
биғи комплекстерде тұздану қарқынды болса, екіншісінде
керісінше. Оның салдары: тұздану мөлшері алуан түрлі
тақырлар мен шалғынды, батпақты, сортаң топырақ түр-
лерінің дамуы. Топырақ жамылғысының, ауа қабатының
тұздалуының негізгі көзі — палеоген және неоген дәуір-
лерінің құмды-саздақты тау жыныстары. Территорияға,
жалпы хлоридті-сульфатты тұздану тән. Қарқынды тұз
шоғырлану Қазақстанның жазық аймақтары мен қазан-
шұнқырлы территорияларында кездеседі. Мысалы, Сыр-
дария сияқты ірі өзен суының азаюы оның жағалауында
орналасқан өзен, көлдердің, батпақтардың су және ги-
дрохимиялық режиміне де ықпал етеді. Ол судың мине-
ралдануының көбеюінен, өзен, көлдердің тартылуынан,
батпақтардың құрғауынан айқын көрінеді. Шайылу про-
цестері рельеф формасының көтеріңкі аймақтарында да-
мыған. Олардың төменгі етегінде орналасқан ойпаттарда
делювий, пролювий процестері басымырақ. Беткей де-
нудациясының құрамдас бөлігі гравитациялық проце-
стер болып табылады. Тау жыныстарының литологиялык
құрамы, климаттық, топырақ пен өсімдік жамылғысының
ерекшеліктері ірі беткейлерде ысырынды, шайылу, эрозия
сияқты процестердің жақсы дамуына әсер етеді. Олардың
ұзындығы 0,5 км-ден 2 км дейін, ені — 0,1–1 км. Грави-
тациялық процестердің нәтижесінде борпылдақ тау жы-
ныстары қалыптасады да, эолдық процеске дайын мате-
риал пайда болады.
Құрғақтану процесінің үдеуіне байланысты топы-
рақтың беткі қабатында жарықтар пайда болады. Әсіресе
осындай жарықтар айқын байқалатын тақырлы жерлер
құрғаған қазаншұңқырларда кеңінен өріс алған.
Батпақтану процесі 60-жылдармен салыстырғанда
нашар дамыған, көптеген батпақты ойыстар құрғап,
тақырға, сор қазаншұңқырларға айналып отыр. Бірақ то-
лығымен жойылып кетеді деп айтуға болмайды, кішігірім
батпақтар өзен аңғарларында кездеседі. Сонымен та-
биғи ортаның қазіргі жағдайында территорияның барлық
компоненттері тұрақсыз. Әсіресе, биота тұрақсыздығын
ерекше атап өткен жөн. Ол топырақ жамылғысының ме-
ханикалық құрамына, ылғалдану денгейіне ирригаци-
ялық жүйелерге және мал жайылымына тікелей бай-
ланысты. Топыраққа қарағанда өсімдік жамылғысы аз
уақытта шөлді типтерге ауысады. Сондықтан өсімдік жа-
мылғысы — табиғи компоненттердің даму сатысын көрсе-
тетін негізгі индикатор. Өсімдіктің динамикалық өзгерісі
негізгі жайылымды жерлердің өнімділігінің өзгеруінен,
яғни күрт төмендеуінен айқын көрінеді. Өсімдік транс-
формациясы олардың бір топтарының екіншісімен ауы-
суынан, ылғал сүйгіш өсімдіктердің орнына қуаншылыққа
төзімді, тұз сүйгіш өсімдіктердің қалыптасуынан байқа-
лады. Дегенмен, табиғи жағдайлардың нашарлауы (шөл-
дену бағытында) жалпы өсімдік топтарының зоналық
ауысуына әсерін тигізбейді. Өйткені зоналық өсімдік жа-
мылғысы да аридті территорияларға тән галофитті ксеро-
фитті формациялардан тұрады [4].
Сонымен қазіргі ландшафт құрушы процестер зоналық
және азональдық геологиялық, геоморфологиялық ерек-
шеліктермен айқындалады. Өз кезегімен табиғи зона
шеңберіндегі ландшафт құрушы процестердің таралуы
литогендік негізге рельефтің морфометриялық және мор-
фологиялық ерекшеліктеріне де тікелей бағынышты.
Қазіргі табиғи кешендердің дамуына, эволюциялық
ерекшелігіне антропогендік факторлардың тигізер әсеріне
ерте кезден-ақ назар аударылған. Ал соңғы уақытта ғылы-
ми-техникалық революция жетістіктерне байланысты
оның әсері кейде табиғи процестер әсерінен он есе артық
больп отыр. Сондықтан қазіргі ландшафтардың шығу тегі
мен болашақтағы даму бағытын анықтауда тек табиғи
факторларды есепке алу жеткіліксіз. Табиғи кешендердің
қуаңшылыққа ұшырауының әр түрлі деңгейде болу се-
бебі — табиғи факторлармен қатар, антропогендік фак-
торлардың әсерінен.
Шөлдену, тұздану т. б. процестердің нақты көрсет-
кішінен — ең алдымен топырақ құнарлылығының және
өсімдік жамылғыларының азғындауы, егіс өнімділігінің
кемуі. Тіпті, ну тоғайлардың мүлдем жойылып кету мүм-
кіншілігі байқалады. Нәтижеде — ауыл шаруашылық ай-
налымынан шығып қалған жерлердің көлемі артады және
айналымдағы жерлердің биологиялық өнімділігі төмен-
дейді. Ондай жерлерді Сырдария бойындағы тоғайлықтар
мен егістік алқаптарда жеткілікті кездестіруге болады.
Қызылорда облысында суармалы егістік жерлерінің
басым бөлігі ағынсыз шұңқырларда орналасқандықтан,
қайта тұздануға қолайлы. Екіншіден, егістік аймақтарда
суару нормасы дұрыс жүргізілмесе топырақ құрамының
құнарлығы да өзгеріске ұшырайды, сөйтіп құнарлы жер-
лердің ауданы кемиді, топырақтың екінші қайтара тұздануы
жүреді. Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайында на-
шарлауы қайта тұздануға, тұзды жер асты суларының
жоғары көтерілуіне себеп болады. Кейде қайта тұздану су-
армалы егістікке су каналдары арқылы жіберілген тұзды
су қосылуы арқылы да пайда болады.
Өзен суларының әр түрлі пестициттер мен минерал-
дары тыңайтқыштармен ластануы да қосымша фактор
болып табылады. Бұл процесс тіпті «химиялық ластану»
деген атқа ие болған. Олар өзен аңғарында орналасқан
өнеркәсіп қалдықтары мен мал фермаларынан жина-
латын органикалық ағын сулар.
Соңғы 20–30 жылда Қызылорда облысының геоке-
шендерінің табиғи даму тенденциясы антропогендік фак-
тордың әсерінен қарқынды жүруде.
14
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Боровский А. М., Погребинский М. А. Древняя дельта Сыр-Дарьи и Северные Кызылкумы. — Алма-Ата,
1958. — Т. 1. — С. 515.
2. Сауытбаева Г. З., Айдаров О. Т., Дүйсенбаева А. Қ. Қызылорда облысының физикалық және әлеуметтік-эконо-
микалық географиясы. — Қызылорда: Тұмар, 2004. — 16 б.
3. Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғи ортаның антропогендік бұзылуы және оның әлеуметтік-экономи-
калық зардаптары // Ғылыми-зерттеу экспедициясының есебі / ҚМУ. — Қызылорда, 2002. — 95 б.
4. Нұрғызаринов А. М., Шапшанов Қ. Арал өңірінде өндірісті экологияландыру. — Алматы: НЦПФЗОЖ, 2001. —
35–40 бб.
Қызылорда облысындағы мүмкіндігі бар туристік маршруттар
Айдаров Оразхан Турсункожаевич, география ғылымдарының кандидаты;
Байзулдаева Гулсим Опабековна, жаратылыстану магистрі
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі кезде туризмнің, туристік миграцияның 30–
40%-ы танымдық бағытта өтуде. Сонымен қатар
емдік, спорттық, ағарту бағытында да жүріп жатыр. Бү-
гінгі таңда туристерді қызықтыратын Қазақстан Респу-
бликасының территориясында 9000-нан астам тари-
хи-табиғи ескерткіштер бар: Қарахан батыр, Айша-бибі,
Қожа-Ахмет-Яссауи кесенесі т. б.
Оңтүстік облыстардың ішінде Қызылорда облы-
сында да туристік мүмкіндіктер жоғары. Бүгінгі таңда об-
лыста туризм инфраструктурасы 15 қонақ үй, 36 жеке
кәсіпкер — орналастырушылар, 2 сауықтыру орында-
рымен, 8 балалар сауықтыру — демалыс лагерлерімен,
8 мұражай және 559 тарихи — архитектуралық ескерт-
кіштер мен табиғат ресурстарымен қамтылған.
Сонымен қоса туристерді жіберуге болатын аймақтар
анықталған. Олар: Қармақшы ауданы бойынша Бай-
қоңыр ғарыш айлағы, Қорқыт Ата мемориалдық кешені;
Жаңақорған аудыны — емдік батпақ пен сумен емдеу
«Жаңақорған» санаториі мен Қаратаудағы Қатынқамал,
Ақүйік, Бесарық өзендерінің шатқалдары; Шиелі ау-
даны — Телікөл көлдер жүйесіндегі Қанқожа көлі, Қарғалы
қорғалымы; Қазалы қаласындағы ІХ–ХХ ғ. ғ. тарихи қала
құрылыстары, Арал ауданы — Кіші Арал теңізі, Көкарал
бөгеті, Ақлақ су тоспасы, Қамыстыбас (Қамбаш) көлі.
Ел басы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауы мен
Қазақстан-2020 бағдарламасында туризмді дамыту жайлы
айтқан болатын.
Туризмді дамыта отырып ел экономикасына кіріс кел-
тіретін салаға айналдыру қажет. Ол үшін республикамы-
здағы туристік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану және ту-
ристік инфроқұрылымды халықаралық стандартқа сай
жасау.
Біздің Сыр өлкесінде табиғаттың көркем жерлеріне са-
яхат жасап, серуендеу үшін мүмкіндіктер жеткілікті.
Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің немесе
Солтүстік Түрік бөлігі деп аталатын жол бөлігінің облыс
аумағынан өтуі ерекше мән береді. Қазақстан Республи-
касының “Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын
қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени
мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм ин-
фрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарлама
концепциясына сүйене отырып облыстағы тарихи-мәдени
мұралардың туристік рекреациялық ресурстарын халықа-
ралық және республикалық маңызы бар ресурстар деп
екіге бөлуге болады [1].
Облысымыздың аумағында кездесетін тарихи және мә-
дени ескерткіштердің көптігі (қырықтан астам қорған-қа-
лалар), жол қатынастарының тораптары, Батыс Европа —
Батыс Қытай, әуе магистральдары, Байқоңыр ғарыш
айлағы, Қамыстыбас көлі (жағажай, емдік) т. б. жағдай са-
яхатшылардың назарын өзіне қызықтырады. 2014 жылдан
бастап Қызылорда әуе жолы халықаралық жолға қосылды.
Қызылода облысы Республикамыздың басқа аймақта-
рынан табиғаты, әлеуметтік-экономикалық және тарихи
жағдайларымен ерекшеленеді. Бұл өңір физико-геогра-
фиялық тұрғыдан Тұран ойпатының шегінде, Қаратаудың
батыс баурайында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында
орналасқан.
Облыс аумағымен Ұлы Жібек жолының солтүстік тар-
мағы өтіп жатты. Ол арқылы Қытайдың жібегі мен Үн-
дістаннның бағалы тастары Еуропаға, Ұлы Сібір елдеріне
жеткізіліп отырды.
Қоныстанған аумақтың қолайлығы, өлкенің Қазақстан
мемлекеттік құрылымына, туризмді дамытуға үлкен ықпал
етеді.
Ерте орта ғасырда Сыр өңірінде неше бір ұлы мемле-
кеттер үстемдік етті. Солардың ішінде экономикасы да-
мыған Оғыз, Дешті-Қыпшақ мемлекеттері болды. Облыс
аумағында Оғыздар тұсындағы Жанкент, Баршынкент,
Сауран, Өзгент, Аққорған, Қыпшақ мемлекетінің үлкен
сауда-саттық және саяси орталығы болған — Сығанақ
сияқты қалалардың орындары бар [2].
|