Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Талдау. Бұндай біліктікті төмендегі тектес тапсыр-

малар қалыптастыра алады: ұсынылып отырған объ-

ектілер немесе параметрлердің ішінен біреуін таңдау; 

есептің құрамындағы негізгі ойды бөліп қарау, матема-

тикалық қорытынды жасау, дәлелдеу. есептің шартын 

талдау және “оқиғаға” қатысып отырған объектілерді 

көрсету, олардың әрқайсысының қандай күйде болатынын 

суреттеу; жұмыстың анағұрлым маңызды кезеңдерін көр-

сете отырып, зерттеу жоспарын құру.

Жинақтау. Осындай біліктіктің қалыптасуына төмен-

дегідей тапсырмалар себебін тигізеді: түрлі есептерді 

шешу үшін әртүрлі оқу жағдайларын туғызу; немесе ре-

ферат жазу.



Топтау. Бұл әдіс амалын орындауға мынандай тапсыр-

малар үйретеді: түрлі ақпараттық көзден алынған мәлімет-

терді, тұжырымдалар ішінен нақты үдерістерді сипаттай-

тындарын таңдап алу керек.шығармашылық есептерді 

шығару нәтижесінде алынған биологиялық заңдардың, 

құбылыстардың, үдерістердің практикалық қолданылуын 

жан-жақты қарастыру;

Индукция. Бұл біліктік амалын мынандай тапсыр-

малар дамытады: бірнеше эксперименттер немесе бақы-

лаулардан қорытынды жасау (мысалы, қайсібір биологи-

ялық құбылыстардың немесе оның пайда болу шарттары 

туралы); бір проблема бойынша келтірілген фактілерден 

қорытынды жасау;



Дедукция. Осы біліктікті қалыптастыру үшін мынандай 

тапсырмаларды орындаған пайдалы: теорияны пайдалана 

отырып, сөйлемді толықтыру; теория негізінде оқушының 

қайсыбір қойылған мәселе бойынша өз ойын айтып, пікір 

таластыруы; шығармашылық есептердің берілу сипатына 

қарай оқушылардың түрлі болжамдар ұсынуы;

Жалпылау. Бұл біліктікті қалыптастыруға мынандай 

тапсырмаларды орындау қажет болды: теорияның не-

гізін (анықтама, ұғым, түсінік, идеалды модель және 

т. б.) ядросын (постулаттар, заңдар, тұрақтылар), сал-

дарын (формула-салдар, практикалық қолдану және 

олардың байланысы) бөліп көрсете отырып, теори-

яның құрылымдық сызбасын жасау; есепті шығарудың 

құрылымдық логикалық жүйесін құру, яғни тапсырманы 

орындауда іс-әрекеттің «тізбегін» бастапқы жағдайдан 

шығарып түзу.

Жалпы шығармашылық есептерді шешу жолдарын 

игеру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артты-

рады.

Әдебиеттер:



1.  Б. 

А. 


Cүлейменова Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктер. 

ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 2. 133–136 бет

2.  Дүйсембаев Б. М. авторлық бірлестікте. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптар //ИФМ. — 1997. — 

№ 6. — 39–41 бб.



25

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015



Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Байкенжеева Айнур Турдыбайқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ильясова Гаухар Карткожаковна, жоғары категориялы биология пәнінің мұғалімі

№ 136 мектеп-лицей (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

үргізілген зерттеулер нәтижесінде, әдебиеттерде 



«оқу-әдістемелік жинақ» [1] түсінігімен қатар 

«оқу-әдістемелік кешен» [2,3,4] түсінігінің қолданылатын-

дығы айқындалды және де бұл терминдердің қолданылуы 

көбінесе әр автордың жеке көзқарастарына және зерттеу 

пәндеріне сәйкес жүреді. Осыған байланысты көрсетілген 

түсініктердің мәндері бірдей екендігіне көз жеткіздік.

«Оқу-әдістемелік кешен» түсінігіне өткен ғасырдың 

70-ші жылдарында Д. Д. Зуев анықтама берген. Оның 

пікірі бойынша, оқу кешені нақты бір пән бойынша оқы-

тудың дидактикалық құралдар жүйесі болып табылады. 

Кешен осы пәннің бағдарламасы бойынша құрасты-

рылған, тәрбиелік және білімдік тапсырмаларды толық 

көрсету мақсатында жасалады. Оқушының жан-жақты 

жеке дамуына әсер етеді.

Оқушылар үшін жасалған оқу кешені, пәннің мұғалімі 

үшін де жасалған оқу құралдар кешендерін қамтитын 

оқу-әдістемелік кешенге сәйкес келеді [3]. Ол білім 

мазмұны деңгейлеріне сәйкес дайындалуы керек (1-сурет).

Біздің ойымызша, оқу-әдістемелік кешен білімнің не-

гізгі мазмұнын, оның таралуының құрылымын анықтайтын 

оқулық болып табылады. Ал оны толықтыратын басқа 

оқыту құралдары нақтылықты, жіктелуді және білім 

мазмұнының жекеленуі мен оларды меңгеру әдістерін 

қамтамасыз етеді [5].

Сонымен қатар жазу үлгілері, бақылау күнделіктері, 

астрономиялық күнтізбелер, сөздіктер, анықтауыштар, 

кестелер жинағы және т. с.с. Сөйтіп, оқу-әдістемелік ке-

шеннің құрамы мен бұл түсініктің нақты анықтамасын әр 

автор әртүрлі бергендігіне қарамастан, оқу-әдістемелік 

кешен оқу басылымдарының жинағы, яғни жабық жүйе 

ретінде қарастырылады.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

 

— білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;



 

— әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

 

— оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, 



оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

 

— оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьек-



тілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) — әр пән бойынша 

дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және 

бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға 

қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қамта-

масыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып 

төмендегілерді атауға болады:

Сурет 1. 

ОӘК-нің білім мазмұны деңгейлеріне сәйкес дайындалуы


26

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

 

— мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;



 

— нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық 

біліктерді қалып-тастыру;

 

— оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және 



қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшелік-

терін ескеру;

 

— оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық 



түрлерін, атап айтсақ, дербес, топтық, жұптық, және 

жаппай формаларын үйлестіру;

 

— өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талда-



улар жүргізе алу біліктерін дамыту.

Яғни оларды бірнеше блоктар бойынша жіктеуге бо-

лады:

 



Нормативті блок: стандарттан көшірме; оқу бағдар-

ламасы.

 



Теоретиялық блок: оқулық; оқу құралы; хресто-

матия; электронды оқу құралы.

 



Практикалық блок: практикумдар; оқу анықтама-

лықтары; көрнекілікті-иллюстративті материалдар.

 



Әдістемелік блок: мұғалімге арналаған әдістемелік 

нұсқаулық;

 



Оқу материалын меңгерулерін бақылау блогы 



(өзін өзі бақылау): жұмыс дәптері, практикалық немесе 

зертханалық сабаққа әдістемелік әзірленімдер, тапсы-

рмалар мен жаттығулар жинақтары, диктанттар мен 

мазмұндамалар жинақтары, сөздіктер, дидактикалық ма-

териалдар, тест материалдары, аудиовизуалды және муль-

тимедиалық құралдар, электронды оқулықтың беттері, ин-

терактивті тақтаға арналған электронды құрал, сыныптан 

тыс оқуға арналған қосымша әдебиеттер.

Сурет 2. 

ОӘК өзара байланысы

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің 

бірі — бағдарлама. Бағ-дарлама — ресми-құқықтық нор-

мативтік құжат. Бағдарлама — оқытудың мақ-саты мен 

міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стра-

тегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын 

нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе.

Білім мазмұнын оқытудағы нақты бір мақсатқа қол 

жеткізу де оқулықты жазудың практикалық іс әркет-

терінің жүйелік талдауын қолданудың тиімділігі тәжіри-

беде дәлелденген.

Мұғалімге арналаған әдістемелік құрал. Мұғалімге 

арналаған әдістемелік көмекші құрал-әрбір сынып бой-

ынша биологияны оқып үйренуге арналған оқу әдістеме 

кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол ОӘК 

құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жү-

зеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсе-

туді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналаған әдістемелікте сол сынып-

тағы биологиялық білім мазмұны және оны оқып үйретудің 

өзіндік ерекшеліктері, сондай ақ сабақ барысында сол ере-

шеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Олар:


 

— әр тарау бойынша оқу мазмұнының сипаттамасын;

 

— оқытылып үйретілуге тиіс биологиялық объек-



тілерді шолуды және дайындықтан кейінгі қойылатын та-

лаптар тізімін;

 

— биология сабақтарының басымырақ типінің 



мазмұны мен құрылымын;

 

— оқу материалының күнтізбелік-тақырыптық үлгі 



ретіндегі жобалануын;

 

— қорытынды нәтижеге және тұлғаны дамытуға 



бағдарланған оқыту технологиясының мәнді белгілері мен 

кемшіліктері жайындағы ақпаратты;

 

— диагностикалық құрал және оқыту, бақылау қыз-



меттерін атқаратын тапсырмалар жүйесін қамтиды.

Баспа негіздегі «Биология дәптері» оқулықпен тығыз 

байланысты және онымен бірлікте болады, практикалық 

білік пен дағдыларды дамыту, білім деңгейін анықтау мақ-



27

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

сатында қолданылады. Оның міндеті — әр сабақта жүйелі 

түрде ұғымдарды қолдану арқылы мысалдардың, жаттығу-

лардың, есептердің шешулерін жазуға үйрету және тек-

серу, сынақ жұмыстарды орындаудың рет тәртібін игеруді 

қамтамасыз ету.

Сараптама оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен 

құрал мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына сәйкесті-

гіне, оқытудың тиісті деңгейінде толық көлемде пәнді 

оқыту сабақтастығының сақталуына (оқулықтың пәндік 

желісінің аяқталуы), оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен 

құрал мазмұнының ғылыми негізділігін анықтауға, білім 

алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері 

ескерілген материалды мазмұндау әдістемесіне, оқулық, 

оқу-әдістемелік кешен мен құрал құрылымына және ап-

паратына қойылатын дидактикалық талаптарға сәйкесті-

гіне жүргізіледі).

Білім берудің саласында «Электрондық оқулықтарды» 

пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арт-

тырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыпта-

стыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек 

мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану 

қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан 

қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пай-

даланбай алға жылжу мүмкін емес.

Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қы-

зығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жаса-

уына кең мүмкіндік ашылды.

Біздің ұйғаруымызша, оқыту әдістемелік құрылым 

компоненттері моделін пайдалануда көзделген нақты мақ-

сатқа жету үшін мына тәсілдерді басшылыққа алу қажет:

 

— биологиялық және экологиялық білімдерді қалып-



тастыра білу қабілетін жетілдіру;

 

— қарым-қатынасты ұйымдастыру, ақпараттық, зият-



керлік, жүзеге асыра білушілік, бағалай білу қасиеттерді 

дамыту;


 

— өздігінен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту;

Бұл көрсеткіштерге қоса оқушылар бойында құнды 

бағыттарды айқындай білу, шығармашылық талпыныс, т. б. 

бөлек зерттеуді қажет ететін сипаттарды аша білу керек.

Оқыту әдістемелік құрылым педагог-ғалымдардың 

ойы мен мақсатын өзара біріктірген еңбектерінің нәти-

жесі болу керек. Осындай мақсатта құрастырылған оқу-

лықтар толық дидактикалық циклды қалыптастырып, 

әдетті, біліктілікті, білімді дамыту мақсатына қол жет-

кіздіре алады.

Жоғарыда қарастырлыған барлық пікірлер мен зертте-

улерді қорынтындылай келе, Оқыту әдістемелік құрылым 

мұғалім мен оқушы әрекетін жаңаша ұйымдастыруға 

көмектеседі, олардың белсенділігін арттырады, өзіндік са-

насын қалыптастырады, нәтижесінде стандарт бойынша 

биологияны оқыту және оқу үдерісіне қойылған талап 

біліктілік, білімділік артады.

Бұл тұжырымдама Оқыту әдістемелік құрылымды 

құрастыру барысында жүргізілген тәжірибелік сабақтар 

мен педагогикалық сынақтарды ұйымдастыру нәтиже-

сінде жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  О преподавании биологии в 1998–1999 учебному году //Биология в школе. — 1998. № 4. — С.38–43

2.  Бабанский Ю. К. Дидактические проблемы совершенствования учебных комплексов// Проблемы школьного 

учебника.Вып.8. — М.: Просвещение, 1980. — С. 17–33

3.  Зуев Д. Д. Школьный учебник. — М.: Педагогика, 1983. —240 с.

4.  Зуев Д. Д. Школьный учебник как средство обучения//Вопросы школоведения. — М.: Просвещение, 1982. — 

С.170–183

5.  Есназарова У. Дидактические основы создания УМК. — алматы.: Кітап, 2004, — б 35



Орта мектептерде табиғат мұражайын ұйымдастыру

Байкенжеева Айнур Тұрдыбайқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ильясова Гаухар Карткожаковна, жоғары категориялы биология пәнінің мұғалімі

№ 136 мектеп-лицей (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

иологиялық білім беру — жалпы орта білім беретін 



мектептерде маңызды компонеттердің бірі болып са-

налады, яғни пән бағытындағы тапсырмаларды шешіп 

ғана қоймай, оқушылардың жеке даму сапасын, қабілет-

тілігін, алған білімі негізінде ғылыми әлемдік көзқарасы 

мен экологиялық ойлауын және табиғатты тиімді пайда-

лану принциптерін анықтайды. Сондай-ақ, тәжірибие көр-

сеткендей биологиялық білімді пайдалану аясы неғұрлым 

кең болса, оқушылардың болашақ кәсіптік қабілетін арт-

тырудың мүмкіндігі кеңінен туындайды.

Оқушылардың биологияны толыққанды игеруіне қа-

жетті материальдық-техникалық базаға дәстүр бой-


28

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

ынша жатады: Биология кабинеті (мүмкіндігінше лабора-

тория жабдығымен), тірі табиғат бұрышы, мектептің оқу 

тәжірибе үлескісі (мүмкіндігінше жылы жаймен бірге). 

Өкінішке орай, тек аз ғана орта оқу орындары жоғары-

дағы тізімге әртүрлі бағыттағы жаратылыстану мұра-

жайын қоса алады.

Биология пәнінің мұғалімдеріне оқу процесін табиғи 

оқу құралдарымен қамтамасыз етудің екі жолын ұсынуға 

болады. Бірінші жолы — көрнекі құрал ретінде оқу ма-

териалдарында көрсетілген жеке дара табиғи әдістемелік 

материалдарды қолдану. Екінші жолы — мектептің та-

биғи мұражай мүмкіндіктерін пайдалану, яғни құрамына 

табиғи объектілер кіретін қосымша иллюстративтік мате-

риалдармен байланысты (муляждар және модельдер) экс-

позицияларды пайдалану. Мұндай кешенді табиғи обьек-

тілердің сабаққа пайдалану арқылы оқушыларда жалпы 

табиғатқа деген толық көзқарас пайда болып, табиғат 

пен оның құрамына кіретін барлық компоненттер көз ал-

дарына елестейді. Өкінішке орай, мектептерде оқыты-

латын жаратылыстану-географиялық циклындағы пәндер 

әрқашан оқушыларда табиғатпен өзара байланысты 

толық сипаттай алмайды, яғни олардың арасындағы бай-

ланыс жеткілікті деңгейде пайдаланылмайды, ал әртүрлі 

бағдарламамен жұмыс жасайтын пән оқытушысы жалпы 

тақырыптардың байланысын аша бермейді.

Экология мектеп жағдайында оқытылатын жеке пән 

ретінде мұндай өзекті мәселелерді шешуге көмегі тиер еді, 

бірақ пән барлық мектептерде бірдей өткізіле бермейді, 

сондықтан оқушылардың бірнеше жылдар бойы табиғат 

туралы алатын білімін топтастыру қиынға соғады. Қор-

даланған мұндай өзекті мәселелерді шешудің бірден-бір 

жолы табиғи мұражай болып табылады. 



Қазіргі жағдайда 

ғылыми-табиғи мұражайларды екі топқа бөлуге бо-

лады:  тақырыбтық және кешенді. Өз кезегінде бірінші 

топтағы мұражай былай жіктелуі мүмкін: Биологиялық 

бағыттағы мұражай (зоологиялық, анотомиялық, ботани-

калық, палеонтологиялық, және т. б.), геологиялық-ланд-

шафты (геологиялық, топрақтық және т. б.) және эколо-

гиялық немесе экомузей (табиғатты қорғау, адамның өмір 

сүру ортасы).

Мұражайдың негізгі мәліметтері табиғаттың қандай-да 

бір компонентінен немесе соған қатысты бір элемент-

терден тұратын әртүрлі тәсілдермен сипатталады (мы-

салы, табиғатты қорғау). Тақырыптық мұражайлардың 

мүмкіндігі мектептегі пайдаланатын материалдар жоспа-

рына сәйкес шектеулі, сондықтан кешенді мұражайлар 

мен табиғат мұражайларын пайдаланған ең тиімді вари-

анттардың бірі болып саналады. (1-сурет).

Сондықтан мектеп жағдайында барлық табиғат, 

өмірлік көзқарасты қалаптастыратын және оқушының 

биологияның барлық салалары бойынша

бірнеше жыл қалаптасқан білімін жинақтайтын ке-

шенді мұражай мен табиғат мұражайларын ұйымдастыру 

қажеттілігі туындайды (2 сурет).

Сурет 1.


 Мектептің жаратылыстану-ғылыми мұражайы

29

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

Оқу процесінде мұндай мұражайларды пайдалану 

кезінде мектептің басқа да мүмкіншіліктерін қарастыру 

қажет, яғни мектептің кешенді биологиялық мұражай-

ының құрамдас бөлігі болатын мектептің материаль-

дық-техникалық базасы. Мектептік табиғат мұражай-

ымен қатар биология кабинеті, әртүрлі биологиялық 

әдебиеттерден тұратын мектептің кітапхана қоры, тірі 

табиғат бұрышы, оқу-тәжірибие үлескісі және мектеп 

жылыжайы кіреді.

Мұндай кешенді құрамды байланыстыратын түйін-ол 

мектеп мұражайы, яғни биология мұғаліміне пән бой-

ынша оқу-тәрбие жұмысында жан-жақты көмек көрсету 

үшін барлық құрамдас элементтер қамтылу керек.

Мектеп табиғи мұражай экспозициясы бай нақты ма-

териал, негізінде туған өлке табиғаты мен басқа да мем-

лекеттер табиғатын салыстыруға мүмкіндік береді. Қа-

зақстан, Ресей және әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі 

флора мен фауна ерекшеліктерін зерттеу мен салысты-

руға көңіл бөлінеді.

Мектеп мұражайы экспозициясын орналастыру үшін, 

міндетті түрде арнайландырылған бөлме болуы қажет, бұл 

үшін биология кабинетін пайдалануға болмайды.

Біріншіден, мұражай ішіне әртүрлі зиянкестерден 

қауіп төнетін (бүргелер, үндеместер). биологиялық кол-

лекциялар мен объектілер орналастырылады. Сондықтан 

оларға арнайы құралдармен санитарлық өңдеу жүр-

гізіледі. Осыған байланысты балалардың бөлме ішінде 

үнемі болуы құпталмайды.

Екіншіден, табиғи экспонаттарға күндізгі жарық зиян 

келтіреді, сондықтан бөлме ішіндегі терезелерге жа-

люздер мен қалың перделер тұтылады. Сондай-ақ бөлме-

лердің терезелері болмауы да ұсынылады.

Үшіншіден, оқушылардың сабақ жүргізу кезінде үнемі 

шыны витриналар мен шкафтардың арасында болуы, ба-

лалар үшін де және витриналарды сақтау үшін де қауіп ту-

дырады.


Жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып, мектеп 

мұражайы үшін және оның жұмысын жандадыруға байла-

нысты мұражайдың экзпозицияларын жеке бөлмеге орна-

ластыру қажет екендігі туындайды.

Төртіншіден, әдістемелік көзқарас тұрғысынан 

үнемі қандай да бір ақпаратпен байланыс кезінде оның 

жаңашылдық нақтылығы жоғалады, яғни ол «фондық» 

түрге енеді де, оқушылар оны басқаша қабылдайды және 

оқытушы талап еткендей толық көлемде жаттап алмайды. 

Сынып бөлмесінде үнемі болатын биологиялық обьек-

тілер мен биологиялық коллекциялар уақыт өте келе 

оқушылар ескермей тек бөлменің бір «жиһазы» ретінде 

қабылданады. Сондықтан қандай да бір обьектіге то-

лыққанды көңіл аудару әрдайым тиімді бола бермейді, ал 

ондай табиғи обьектілерді тиімділігі төмендей береді.

Бесіншіден, уақытша көрме өткізу мен оны ұйымда-

стыру сондай — ақ витринадағы жеке композициялар мен 

экспонаттарды ауыстыру қиындай түседі.

Мұражайда тек қана әртүрлі саяхаттар өткізіліп қой-

майды онда табиғатты қорғау іс-шаралары, ғылыми кон-

Сурет 2.

 Мектеп табиғат мұражайының құрамы


30

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

ференциялар өткізіледі, олар өз кезегінде мектеп аудито-

рияларында болып жатқан сабақтарға және оқу процесіне 

зиянын тигізбеуі керек.

Оқу жұмысында пәндердің ерекшеліктеріне бай-

ланысты мектеп мұражайы мүмкіндіктерін пайдалану 

әртүрлі болып келеді: бұл мұражай қабырғасында өт-

кізілетін сабақтар, жорық жұмыстары және т. б.

Биология пәні бойынша жұмыс кезінде мұғалімнің 

мектеп табиғат мұражайы экспозициясын пайдалануы (3 

сурет).


Сурет 3. 

Мектеп табиғат мұражайының экспозицияларын пайдалану

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Создание и организация деятельности школьного музея: Из методики краеведческой работы //Музейный 

вестник. — № 5. — Челябинск: изд. ЧГПУ, 2000. — С.57–59.

2.  Зимина Т. А. Методика использования деятельности школьного музея в региональной системе дополнительного 

образования детей: Автореф. дис… канд. пед. наук: 13.00.08. / Рос. междунар. акад. туризма. — М., 2000. — 23с.



31

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015



Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу 

тәсілдерінің өнімділікке әсері

Бегалиев Қанағат Біләлұлы, а-ш.ғылымдарының кандидаты;

Байжанова Бибігүл Қуанышбекқызы, а-ш.ғылымдарының кандидаты;

Ержанова Эльмира Алтайқызы, а-ш.ғылымдарының магистрі;

Тажекеева Акерке;

Назаров Елдос, магистрант;

Шығанбаева Лаура Мухамедқызы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

К

үздік бидай — маңызды астық дақылы болып есеп-



телінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек би-

дайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан 

кем емес, тіпті кейбір дәрумендер (рибофлавин) мөлшері 

артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын 

нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған 

жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 

12,8% ақуыз, 80,9% көмірсулар болса, қалған заттар 

мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. 

Күздік бидай дәнінің қоректік құндылығы мен химиялық 

құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның ор-

ганикалық заттары жақсы қорытылады.

Күздік бидай сабаны малға қатты азық пен төсеніш, 

сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және 

құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады.Күздік 

бидай көп түптенуі мен тез өсуінің арқасында арам шөп-

терді жақсы тұншықтырып басып тастайтындықтан, көп-

теген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ең жақсы алғы 

дақылдардың бірі. Масақтануға дейін орылған қарабидай 

гектарына орташа 80–150 ц көк балауса өнімін береді. 

Дән өнімі — 18–20 ц.

Топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсартып, 

құнарлығын арттырып, қайта тұздануын азайту мақ-

сатында Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шару-

ашылығы ғылыми — зерттеу институтының тұрақты 

учаскесінде әр түрлі күріш ауыспалы егісі зерттеліп, өн-

діріске енгізу ұсынылды. Онда күздік бидай екі танапта ор-

наластырылудың тиімді екені анықталды.

Қызылорда облысы Орталық аудандарында күздік 

бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсерін 

анықтау мақсатында күздік бидайдың аудандастырылған 

Алмалы, Наз, Қарлығаш сорттарының себу мерзімдері, 

себу тәсілі, себу мөлшерлері арқылы өнімділігінің жоғары 

сорты анықталды. Күздіктердің себу материалы, басқа 

дәнді дақылдардікіндей, мемлекеттік стандарттың бірінші 

класс талаптарына сай болуы керек.

1-кесте. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет