20
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
Литература:
1. Скворцов Л. И. Культура русской речи: Словарь — справочник. М.: знание, 1995.
2. Ожегов С. И. Словарь русского языка. — М.: ОНИКС, Мир и образование, 2005 г.
3. Голуб И. Б., Розенталь Д. Э. Секреты хорошей речи. — М.: Международные отношения, 1993.
4. Энциклопедия для детей. Т. 10 Языкознание. Русский язык. — М.: Аванта +,1998.
Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық
технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары
Амзеева Гүльнар Әсетқызы, педагогика ғылымдарының магистры;
Дүйсекеева Нұргүль, педагогика ғылымдарының магистры
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік,
компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инно-
вациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл иннова-
циялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі
мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім
беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді.
Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадиг-
масы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының
құрылып жатқандығын растай түседі.
Жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әре-
кетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қа-
зақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді
ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, те-
ориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сарап-
тауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектеп-
тегі инновациялық білім беру үдерістерін басқаруға
қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген
көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.
Жоғары оқу орындарындағы
инновациялық білім беру
үдерісінің тиімділігін теориялық тұрғыдан қарастыру эм-
пирикалық ақпаратпен үйлесімді түрде абстрактілеуге
негізделеді. Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиет-
терде көрсетілген жоғары мектепте инновациялық білім
беру үдерісітерін басқарудағы педагогикалық шарттарды
тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қай-
шылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл — жоғары оқу
орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары
мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен
жоғары мектептегі білім беру үдерісінде оқытудың ин-
новациялық технолологиясының педагогикалық шарт-
тарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны
дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз
зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипат-
тайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономи-
калық қайта құру жағдайында жоғары мектептегі инно-
вациялық технологияларын енгізудің теориялық негізін
және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарт-
тарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда
сараптау мәселесі туындайды.
Қазақстанда Республикасында білім беру саласындағы
педагогикалық шарттар мәселесін С. Аманжолова, Сәния
Нұрланбекқызы, К. М. Нағымжанова, С. К. Омарова,
Б. Өтешова т. б. педагог ғалымдар зерттеген. Соңғы жыл-
дары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы
педагогикалық шарттардың, оның ішіндегі инновациялық
технологияға қатысты бірқатар аспектілер, шарттарын
зерттеле бастады. Шарт оқиға саласының, заттар өзгеруінің
және әлемнің объективті құрлысының жүруін анықтаушы
ретінде қарастырылады. Адам іс-әрекеті білімнің екі те-
гінің негізінде жүзеге асады: қоршаған шындық /объект/
туралы білімдер және ондағы іс-әрекет, іс-әрекет тәсілдері
жөніндегі білімдер. Педагогикалық шарттар деп, инова-
циялық іс-әрекеттердің мазмұндық сипаттамаларын құра-
стыруды және нәтижеге жетуді түсінеміз. Білім беруде ин-
новацияны енгізу мен таратудың копшілігі оны зерттеуші
және таратушы ғана емес, оны қолданушы да болып табы-
латын адамға байланысты екенін айтқан. Әр бір шешімнің
нәтижелері бірнеше көрсеткіштердің мәндері арқылы си-
патталады. Ықтимал шешімдердің қайсысының жақсы
екенін анықтау үшін оларды бірқатар көрсеткіштер бой-
ынша салыстыру қажет. Ықтимал шешімдерді бағала-
удың жүйелік әдісі шартты таңдау кезінде негізгі әдісте-
мелік қағида ретінде қабылданады. Бұл әдіс бойынша
объектіні өлшеуде оның өлшемдері арасындағы байланы-
стар мен зерттелетін объектінің құрамдас бөлігі ретінде
қамтитын жүйенің мүдделері ескеріледі. Объектіні си-
паттайтын әр түрлі көрсеткіштер мәндерінің жиынтығы
мен жүйе алдындағы мақсаттың өзара сәйкестік деңгейі
анықталып, жалпы мақсаттар қарастырылғаннан кейін
ғана нақты ұсыныстар жасалады. Жүйені құраушы фактор
ретінде нәтижелер, қол жеткізілетін деңгейдің анықта-
луын қамтамасыз ететін едәуір тұрақты әрі нақты шарт-
тардың жиынтығымен айқындалады. Дидактикалық үдері-
стерді өлшеу ерекшеліктерін қарастырайық. Зерттелетін
педагогикалық үдеріс көрсеткіштерінің нақты сапалық не-
месе сандық мәндерін алу міндеті өлшеу арқылы шешіледі.
Өлшеу — функционалдық заңдылықтарды талдауға, та-
буға және негіздеуге қажетті материалмен қамтамасыз
21
“Young Scientist” . #7.1 (87.1) . April 2015
етеді. Өлшеу барысында өлшенетін шама (өлшеу объек-
тісі), шарттар мен көрсеткіштер (өлшеу әдістері мен бір-
ліктері), өлшеу құралдары және өлшеу нәтижелері секілді
компоненттер пайда болады. Проблемалық оқыту — оқы-
тудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығар-
машылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық
жүйе. Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше
ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың
таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі
оқытудың құрлымына әсер етеді. Сондықтан да, пробле-
малық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа ди-
дактикалық жүйе деп санауға әбден болады. Проблема
қойып оқытудың нетижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
— проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра
алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
— әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың
шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің те-
пе-теңдік қарым-қатынасы);
— шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
— педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік
пен силастыққа құру [1].
Ақпараттық технология — бұл студентке өзіне
тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке
даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ,
қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтез-
деуді іске асыру төмендегідей шарттарды орындағанда
ғана мүмкін болады:
— Оқыту үдерісі жүргізілетін ортаның сипат-
тарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның
мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыла-
рымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды
және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен
және формаларымен анықталады;
— Оқыту үдерісінің студент жеке тұлғасына қатысты
бейімделу принциптерінің ұсталуы; бұл принцип практи-
када студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарла-
масын жасау арқалы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы
модульдерін құрастыру);
— Студенттердің жалпы ғылымдық және арнаулы
білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген
пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы
жеке игеруін жылдамдату принципі.
Модульдік оқыту
технологиясы міндетті түрде оқушының
білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының
логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырудың не-
гізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе
пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақы-
рыптар блогына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айыр-
машылығы — модульде: тапсырма, жұмыс, студенттердің
сабаққа қатысу, студенттердің старттық, аралық және қо-
рытынды білім деңгейі бәрі-бәрі өлшеніп, бағаланып оты-
рады. Егер, модулдік технологияны қолдана отырып төмен-
дегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болады:
— егер оның қолданылуы әрбір студенттің ең таяу
даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуына
қамтамасыз етсе;
— егер оның қолдануы оқушы мен оқытушының
ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса яғни, білім
беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған
уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді
бере алса.
Ал, деңгейлеп-саралап оқытудың тиімді іске асыру
төмендегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:
— Оқыту үдерісі жүргізілетін ортаның сипат-
тарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның
мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыла-
рымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды
және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен
және формаларымен анықталады;
— Оқыту үдерісінің студент жеке тұлғасына қатысты
бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада
студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын
жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы мо-
дульдерін құрастыру);
— Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білім-
дерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің
«логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке иге-
руін жылдамдату принципі.
Осы технологиялар білімнің бүгінгі даму жағдайында
педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың
қажеттігі бірнеше шарттардан тұрады. Олар:
— әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің,
әдіснамасының және
— оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияла-
рының жаңалануы;
— білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитари-
зация) сипат алуы;
— оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп отыруы;
— оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен техно-
логияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пән-
дерінің енгізілуі;
— мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды мең-
геруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипа-
тының өзгеруі;
— жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық эконо-
микаға бет бұруы;
— жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік
емес білім ордаларының құрылуы [2].
Сонымен саралай келе, жоғары мектептегі білім беру
үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын ен-
гізудің педагогикалық шарттарын ұсынып отырмыз:
— студентке инновациялық технологияларды ендірудің
қажеттілігін ұғындыруы;
— студенттің бойына инновацияларды жүзеге асыруға
қажетті білім мен қабілетті сіңдіруі;
— инновациялық технологияны пайдаланудың әдіс-
тәсілін студенттің меңгеруі;
— инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды
жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыруы;
— жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісіне қа-
лыптастыруға инновациялық технологияларды ендірудің
қажеттілігін ұғындыру;
22
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
— оқытушының инновациялық технологияны игеруі;
— инновациялық технологияны пайдаланудың әдіс-
тәсілін оқытушының меңгеруі;
— инновациялық технологиялардың оқыту материал-
дарының мазмұнына сәйкестігі;
— инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін
оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдісте-
мелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі;
— жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресур-
старды дайындауы;
— оқу материалдарының көлемін және пәндік дайын-
дықтың қысқартылған мерзімін ескере отырып, оқыту әді-
стері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін талдауы.
Педагогикалық технологиялар кәсіби және отбасы сфе-
раларында бірдей табысты, өзімен де, өзгелермен де үй-
лесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра ала-
тындай болу қажет. Бұл инновациялық технологияларды
оқып үйрену нәтижесінде студенттерде жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеріп, оларды оқу-тәрбие процесінде
қолдану дағдыларымен шеберліктері қалыптасуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нағымжанова Қ. М. Бастауыш сынып мұғалімінң инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары. П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. — Алматы. 2002. —
30 б.
2. Көшімбетова С. А. Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагоги-
калық шарттары (гуманитарлық пәндер бойынша). П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертаци-
яның авторефераты. — Алматы, 2004. — 30 б.
Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға
қызығушылығын арттыру әдістемесі
Байкенжеева Айнур Турдыбайқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Абдукамалова Гүлназ Оразбаевна, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
№ 4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі
туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушы-
лардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын
шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әді-
стемесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерт-
телінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды.
Биологиялық шығармашылық есептерінің оқушылардың
шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен да-
мытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры
ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс
уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдісте-
месінің басым болуы; биология сабақтарында оқушы-
лардың білімін шығармашылық есептер арқылы дамытуға
арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарасты-
рылуы байқалады.
Жалпы, «шығармашылық қабілетке» берілген нақты
анықтама жоқ, әр зерттеуші оны өз түсінігінше жеткізеді.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығар-
машылық деңгейге жеткізілуі неге байланысты деген
сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық
әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығар-
машылық — адам іс-әрекетінің түрі.
Шығармашылық — жаңа нәрсе ойлап табуға бағыт-
талған қабілет деңгейі. “Шығармашылық” сөзінің төркіні
(этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге
келіп сояды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа
нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз [1].
Осы айтылғандарды негізінде биологиялық шығар-
машылық есептердің мазмұнын құрастыруда келесі кри-
терийлер басшылыққа алынды [2]:
— шығармашылық есептер мазмұнының оқу үдерісінде
проблемалық, дамыта оқыту принциптерін жүзеге асыра-
тындай болып құрылуы;
— шығармашылық есептер мазмұнының оқу бағдар-
ламасында берілген оқу материалынан асып кетпеуі;
— шығармашылық есептерді шығару үшін оқу бағдар-
ламасынан тыс жатқан ұғымдардың және заңдылықтардың
қажет болмауы;
— шығармашылық есептер мазмұнының бағдарлы
болуы, яғни биологиялық білімнің өндірістегі, өнеркәсіп-
тегі, техникадағы, табиғат құбылыстарындағы, үй-тұрмы-
сындағы орнын көрсету мен айқындау мақсатын көздеуі;
— шығармашылық есептер мазмұнының оқу материа-
лының бірыңғай мазмұнымен тұтас байланыста болуы әрі
оқушының дара-тұлғалық, психологиялық және іс-әре-
кеттік құрылымының ерекшеліктерін есепке алып іріктелуі;
— шығармашылық есептерді құрастыруда ғылым
мен техника жетістіктері және алдыңғы қатарлы озық
тәжірибе нәтижелерінің ескерілуі;
23
“Young Scientist” . #7.1 (87.1) . April 2015
— шығармашылық есептер мазмұнының ақыл-ой мен
іс-әрекеттің түрлі амалдарын меңгеруге мүмкіндік беруі.
Ұсынып отырған шығармашылық есептердің класси-
фикациялануы төмендегідей [2]:
Логикалық-ізденушілік: Белгілі салдарлар бойынша
себепті табу; белгілі себептер бойынша салдарды жо-
балау; қайсыбір биологиялық заңдылықты, құбылысты
алуға жетелейтін шарттарды көрсету; өзгермелі шарт-
тарда құбылыстың өту барысын болжау; құбылысты түсін-
діруге арналған есептер; дәлелдеуге арналған есептер.
Зерттеушілік: сандық есептер; сапалық есептер ;
эксперименттік есептер
Құрастыру: құрастыру идеясын ойлап табу; берілген
схеманы жетілдіру; тәжірибені ойластыру және орындау;
тәжірибенің жаңа нұсқасын ойлап табу.
Шығармашылық есептердің мұнан басқа да класси-
фикациясы бар. Бірнеше авторлар шығармашылық есеп-
терді төмендегідей типтерге бөлуді ұсынады:
Проблемалық тапсырмаларды шартты түрде екі класқа
бөлуге болады: 1) конструктивті тип (тікелей есептер),
2) түсіндірме тип (кері есептер). Тікелей есептер былай
құрастырылады: проблемалық ситуация беріледі, сырттай
ықпал жасау арқылы бірнеше өз шешімін табу талап
етіледі; не жөнінде айтылып тұрғандығын айқындау керек.
Кейін қарай берілетін тапсырмаларда қандай да бір құ-
былыстың себебін ашып көрсетеді (түсіндіреді). Ойлау көзқа-
расы тұрғысынан конструктивті типті есептер синтездік, ал
түсіндірме типті есептерге аналитикалық талдау басым.
Конструктивті есептердің өзін үш түрге бөлуге болады:
жалпы жобалық есептер, конструктивті есептер
және ойлап шығару (өнертапқыштық).
Жалпы жобалау есептерінің мақсаты — адамның қандай
да бір қажеттілігін қанағаттандыратын таңдаулы үздік әдісті
табу. Оларға тән сипат шешімін іздеу аясының айқын еместігі,
ақпараттың жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайда шешімін кез-
дейсоқ табу әдісі қолданылады, мысалы миға шабул.
Жалпы шартты түрде шығармашылық есептерді: ло-
гикалық-ізденушілік есептер; зерттеу есептері; құрастыру
есептері; болжау есептер
Шартты аяқтау есептері деп жіктеуге болады.
Психологияда ойлауды екі типі бар: конвергенті
(жабық, шығармашылық емес) және ашық дивергентті
(ашық, шығармашылық). Конвергентті ойлауы бар
тұлғалар «интеллектуальды», ал дивергенттілер «креа-
тивті» деп аталады. Интеллектуальдылар оған дейін шешу
технологиясы анықталған кез-келген күрделі есептерді
шығара алады. Ал креатив қойылған шарттан өзі шығуға
ұмтылады, өзіне мақсатты қоя алады (сурет).
Негізінде барлық адамда «интеллектуальды» және «кре-
ативті» ойлау болады, бірақ әртүрлі деңгейде. Салыстыр-
малы түрде ересек адамдарда «креативті» ойлау баяулайды.
Ал жоғары сынып оқушылары мен студенттерде ақпарат
бойынша өзбетінше шешім шығаруға қорқақтық таныту жиі
байқалады. Суреттегі сызбаға қарап шығармашылық тапсы-
рмалардың бірнеше жауабы болатынын байқауға болады.
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІ Жүріп жатқан немесе жүрген құ-
былыстарды бақылып қорытынды шығару. Оның себебін
анықтап, түсіндіру керек. Негізгі түйінді сұрағы: Қалай
жүреді? Неге? — деген сұрақтарға жауап іздейді. Зерттеу
есептерін шартты түрде үшке бөлуге болады: сандық, са-
палық, эксперименттік.
Сандық және сапалық есептер:
Мысалы белгілі бір өзен аймағындағы құндыздардың
кездесу жілігін анықтау сандық талдауға жатады, ал оны
түсіне, салмағына, терісіне қарай бөліп қарастыру сапалық
талдауға жатады. Нәтижесі кестедегіде болады (1-кесте):
1-кесте
500 құндыздың түсіне қарай бөлінуі
Құндыз түрлері
Жануарлар саны
Пайыздық көрсеткіші
Стандартты сұр
120
24
Күмістүсті-көгілдір
160
32
Сапфир түсті
180
36
Скандинавиялық қара
40
8
Барлығы:
500
100
24
«Молодой учёный» . № 7.1 (87.1) . Апрель, 2015 г.
Эксперименттік есептер:
1. Бөлме өсімдігінің бір өркеніне колба кигіземіз.
Колбаның мойнын мақтамен нығыздап жабамыз. Бірнеше
күннен кейін колба ішінде қандай өзгеріс болады. Экспе-
римент нәтижесін сипаттап жаз.
2. Екі традесканция өсімдігін шыны банкаға са-
лыңдар. Оның біруін ашық күн сәулесіне, ал екіншісін қа-
раңғы жерге қоямыз. 2–3 күннен кейін банка ішіне жа-
лыны бар балауыз шамды саламыз. Ашық күн сәулесінде
тұрған банкада және қараңғы жерде тұратын банкада
қандай құбылыстар байқалады. Түсіндіріп беріңдер.
ЛОГИКАЛЫҚ-ІЗДЕНУШІЛІК ЕСЕПТЕР: Логика-
лық-ізденушілік есептерге қойлатын шарт жауаптың
айқын еместігі, бірнеше ұшты жауаптың болуы. Арнай
формуланың болуы міндетті емес.
1. Шалғындықты еске алыңдар, ғажайып әсем
гүлдер. Адам тіршілік етпейтін жерлерде мұндай әсем
гүлдер кімдерге қажет? Бұл жөнінде не ойлайтындарыңды
сипаттап жазыңдар.
2. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсетін сек-
сеуілдердің жапырақтары құрғақшылыққа байланысты
қабыршаққа айналған. Транспирация және фотосинтез
процесі қалай жүреді. Сексеуілдің хлорофилл және лек-
тесігі қайда орналасады?
3. 3.Ауасы құрғақ және температурасы жоғары бөл-
мелердегі өсімдіктерді неліктен жиі суару ұсынылады?
4. Адамға тәулігіне 430 г оттегі қажет, ал тыныс
шығарғанда 800–900 г көмір қышқыл газын шығарады.,
1 гектар орман қанша көмір кышқыл газын сіңіре алады,
200 адам қанша көмір кышқыл газын шығарады. Жалпы
Қазақстан халқын оттегімен қамтамасыз ету үшін Қа-
зақстанда қанша гектар орман болуы қажет.
БОЛЖАМ ЖАСАУ ЕСЕПТЕР.
Белгілі құбылыстардың оң және теріс жақтарын ай-
қындауға негізделіп құрастырыл, ан есептер.
Тапсырма: Үңгірге саяхат.
Пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде жер астында
үлген үңгірлер қалады. Мұның салдары қалай болады?
Адамдар жер асты қуысын қалай тайдалануға болады.
Мүмкін болатын жауаптар-гипотезалар.
Тапсырма: Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің табиғат-
тағы маңызы белгілі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктердің жа-
пырағы, сабағы, гүлі, тамыры жиналады. Гүл және тұқымы
жиналса аймақта дәрілік өсімдіктер ареалы азаяды, ал та-
мырын жинасақ ол жерде өсімдіктер мүлдем өспейді.
Өсімдіктердің түрлерін сақтап және адамзаттық қажет-
тілігін қамтамасыз ету үшін не істеуіміз керек. Мүмкін бо-
латын жасаутар-гипотезалар.
Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруына
қажетті теориялық және практикалық біліктіктерге жа-
салған талдаулар тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |