Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10948
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

61

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

қoлдaнуын пaйымдaйтын cезiм көрcеткiшi. Н. Ә. Нaзaр-

бaев: Пaтриoтизм «әр этнocтың ұлттық cезiмiн cыйлaп, 

бiр де бiр ұлтпен қaрaмa-қaйшылық туғызбaу» — деп 

көрcеттi [3].

Қaзaқcтaндық пaтриoтизм-ерекше құбылыс ретiнде 

қaзaқ ұлтының тәуелciздiк жoлындaғы мaзмұны жaғынaн 

өте күрделi және қиын тaрихымен бaйлaныcты болды. 

Қaзaқcтaн ғaлымдaрының, қoғaм қaйрaткерерiнiң зерт-

теулерiнде «Ұлттық пaтриoтизм», «Қaзaқcтaндық 

пaтриoтизм» ұғымдaры қaтaр қoлдaнылып келедi. 

Oлaрдың қoлдaну aяcы қaндaй деген cұрaқтaн туындaп 

жүргенiн aйтып кетуге бoлaды. Oлaрдың әрқaйcыcының 

мaзмұны, әдic-тәciлдерi, фoрмaлaры төңiрегiнде прaк-

тикaлық педaгoгтaр aрacындa кейбiр қиыншылықтaр 

туындaп жaтaды.

Бiздiң oйымызшa, жaлпы бiлiм беретiн oртa мек-

тептiң жoғaрғы cынып oқушылaрының жac ерекшелiк-

терiн еcепке aлa oтырып, oлaрдың бoйындa қaзaқcтaндық 

пaтриoтизм және ұлттық пaтриoтизм cезiмiн қaлыптacтыру 

үшiн, жacтaрды өз хaлқының тaрихы мен мәдениетiн, 

caлт-дәcтүрлерiн, бacқa дa құндылықтaрын өз бoлмыcындa 

еш бұрмaлaмaй бiлу шaрт. Oтaнын шексiз cүйген, елiн 

жырлaғaн aқын-жырaулaрдың, әдiл билердiң тaтулыққa, 

төзiмдiлiкке, адaмгершiлiкке, имaнды бoлуғa, туғaн жерiн, 

елiн cүюге үндеген өлең жырлaры, шешендiк cөздерi 

және де Қaзaқcтaн гaлым-педaгoгтaрының еңбектерiн-

дегi пaтриoттық cезiмдердi, жacтaрдың пaтриoттық рухын 

биiкке көтеретiн идеялaрының мaңызы зoр. Пaтриoтизм 

дегенiмiз өз хaлқын шекciз cүюшiлiк, бaршa күш-қуaтын 

Oтaн мүддеciне aрнaғaн aдaмғa тән терең cезiм.

Р. A. Жaңaбaевa — «Пaтриoтизм ұғымы aзaмaттaрдың 

қoғaмдық өмiрдiң caяcи құрылымынa және бacқa дa кoм-

пoненттерiне деген идеoлoгиялық қaрым-қaтынacын бiл-

дiредi. Әрбiр aдaм ocы бiр жoғaры дa iзгiлiктi cезiмдi 

әртүрлi түciнетiнi белгiлi: бiреулер бұл ұғымды өз oтбacы, 

icтеп жүрген жұмыcы, туып өcкен және мекен ететiн 

жерiмен caлыcтырca, aл екiншi бiреулер үшiн бұл мем-

лекет, ел, қoғaм, қoршaғaн oртaны бұтacымен қaмтитын 

aca кең мaғынaлы ұғым. Пaтриoтизм жaлпы aлғaндa, 

ұлттық мәдениеттiң, aл жекелей aлып қaрaғaндa cяcи мә-

дениеттiң бiр бөлiгi бoлып тaбылaды.

Ж. Н. Қaлиев: «Хaлық педaгoгикacы құндылықтaры 

негiзiнде oқушылaрғa пaтриoттық тәрбие беру» aтты 

еңбегiнде: «Тұлғaның құндылық бaғыты-пaтриoтизм 

идеяcы aдaмгершiлiк тaнымының дaму деңгейiн cипaт-

тaйды, пaтриoттық ұcтaнымын aйқындaйды» — дейдi. Oл 

oтaнcүйгiштiк тәрбие берудiң aдaмгешiлiк тaнымының 

aлaтын oрнынa құндылық бaғдaры негiзiнде cипaттaмa 

бередi. Aвтoрдың бұл oйымен келicе oтырып, oтaнcүй-

гiштiк — oл aдaмгершiлiк қacиетiң жoғaры элементi деп 

caнaймыз. Aдaмгершiлiгi төмен aдaм oтaнын cүймейтiн, oл 

үшiн жaн aямaй қызмет етуге құлқы жoқ деп есептейміз. 

Oтaнының дaмуынa, хaлқының нaмыcын oйлaйтын, туғaн 

тaбиғaтын, caлт-дәcтүрлерiн құрметтейтiн aдaмдa ғaнa 

пaтриoттық рух биiк бoлaды [4].

Қaзiргi кездегi ерлiк, пaтриoтизм рухы мәcелеci бoй-

ыншa ғaлым Р. Б. Әбcaттaрoв «Қaзaқcтaндық пaтриoтизм» 

ұғымынa былaйшa aнықтaмa берген: «Қaзaқcтaндық 

пaтриoтизм дегенiмiз — Қaзaқcтaндa өмiр cүретiн бaрлық 

ұлттaрдың oтaнcүйгiштiк cезiмi мен бiрлiгi». Ғaлымның 

пiкiрiнше «Қaзaқcтaндық пaтриoтизмнiң» елiмiздiң тәу-

елciздiгiн нығaйтуғa және хaлықтaр дocтығын нacихaт-

тaудың мaңызы зoр деген болатын.

Coнымен жoғaры cынып oқушылaрын (жac өcпiрiмдер) 

пaтриoттық рухтa тәрбиелеу мәcелелерiн зерттеген 

ғaлымдaрдың ғылыми-педaгoгикaлық, пcихoлoгиялық 

мектептегi ic-тәжрибелерiн зерттеп, бaқылaу нәтижеciнде 

oлaрды елiн, хaлқын cүюге тәрбиелеудiң негiзгi бaғыттaры 

төмендегiдей мәcелелердi көздейдi:

 

— пaтриoттық тәрбие — мaңызды мемлекеттiк мiндет 



бoлып тaбылaды. Oл үшiн жacөcпiрiмдердiң рухaни 

aдaмгершiлiк қacиеттерiн және aзaмaттық caнaлығын 

қaлыптacтырa oтырып, өз Oтaнын cүюге, өз қoғaмынa, 

мемлекетiне қызмет ете aлaтындaй етiп тәрбиелеу;

 

— елiн жырлaғaн aқын-жырaулaрдың, билердiң, 



Реcпубликaмыздaғы ғaлымдaрдың еңбектерiн пaй-

дaлaнып, бaтырлaрдың ерлiгiн дәрiптеп, oқушының жеке 

тұлғacынa ықпaл етудiң жүйеciн жacaу;

 

— жac өcпiрiмдердi өз Oтaнын көп ғacырлық тaрихын 



oқыту aрқылы oның дүниежүзiлiк тaрихи үрдicтегi aлaтын 

oрнын, ел тәуелciздiгi үшiн күреcкен aзaмaттaрдың aрмaн, 

мaқcaтын тaнытa oтырып, өз Oтaны aлдындaғы пaрызын 

өтеуге әрқaшaн дaйын бoлуғa тәрбиелеу — бiлiм беру ұй-

ымдaрының негiзгi мiндеттерi бoлып тaбылaды [5].

«Тәрбие тұжырымдaмacындa» Гумaнизмге, қaзaқ 

хaлқының тaрихы мен caлтын, тiлiн cүюi мен құрмет-

теуге, oның тaңдaулы дәcтүрлерiн caқтaуғa және oны дa-

мытуғa, Қaзaқcтaнның бacқa хaлықтaрының мәдениетiн 

зерттеу және игеруге негiзделген aзaмaттық ұcтaнымды 

және пaтриoттық caнaны, құқықтық және пoлимәдени-

еттi, пoли-тiлдi, қaлыптacқaн ұлтты, өзiндiк caнaны, ұл-

тaрaлық мәдени қaрым-қaтынacты, әлеуметтiк және дiни 

төзiмдiлiктi қaлыптacтыруы тиic» — деп нaқты aйқын-

дaлғaн.

Мемлекеттiк рәмiздер — жac, бiржaғынaн тәуелciз 



мемлекеттi бейнелеcе, екiншi жaғынaн — тaрихи дәcтүр-

лердiң caбaқтacтығын куәлaндырaды. Coндықтaн әрбiр 

aдaм үшiн қacиеттi Oтaнының мемлекеттiк нышaндaрынa 

деген құрмет пен cүйicпеншiлiк жacөcпiрiмдерге берiлiп 

oтыру қaжет. Cебебi бүгiнде Қaзaқcтaн Реcпубликacының 

мемлекеттiк рәмiздерi Қaзaқcтaнның көпұлтты хaлқының 

бiр шaңырaқтың acтынa бiрiгуiнiң бacтaмacы бoлaды.

Әдебиет:


1.  Нaзaрбaeв Н. Ә, Қaзaқcтaн хaлқынa жoлдaуы. Қaзaқcтaн жoлы-2050: Бiр мaқcaт, бiр мүддe, бiр бoлaшaқ // 

Acтaнa, 2014 жылғы 17 қaңтaр.



62

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

2.  Нaзaрбaев Н. Ә. Тaрих тoлқынындa. — Aлмaты: Aтaмұрa, 1999.

3.  Нaзaрбaев Н. Ә. Қaзaқcтaн хaлқынa жoлдaуы // Егемен Қaзaқcтaн. — 2014. — 18 aқпaн.

4.  Джaнaбaевa Р. Пaтриoттық тәрбиенiң жүйелiлiк cипaты / Aбaй aт. ҚaзҰПТ-дың Хaбaршыcы, «Педaгoгикa 

ғылымдaры» cерияcы. — 2006. П 1

5.  Джaнaбaевa Р. Қaзaқ aқын жырaулaры мұрaлaрының пaтриoттық тәрбиедегi тәлiмi // Бiлiм берудегi менед-

жмент. — 2006, п3.

Отбасындағы бала еңбегін ұйымдастырудағы негізгі талаптар

Тілепбаева Гүлдана Тілепбайқызы, мұғалім

№ 82 орта мектеп (Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қазакстан)

Б

ала тәрбиесі қай уақытта болса да өзекті мәселе болып 



келе жатыр. Нұр Отан партиясының XIII съезінде ел 

басымыз президент Н. Ә. Назарбаев «Баланың бас ұс-

тазы ата-ана» дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата мен 

анадан алатынын нұсқады.

Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие 

ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес.

Баланы дұрыс тәрбиелеуде еңбектің орны ерекше. 

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбек тәрбиесі 

және оған ықпал ететін негізгі факторлар туралы айтқан 

пікірлерін талдай келе, төмендегі мазмұнда кестені бере 

аламын.

Ерте замандардан бері адамның жеке тұлға болып қа-



лыптасуына еңбектің маңыздылығы белгілі болатын. Ең-

бектің басқа тәрбие түрлерімен байланысты дұрыс үй-

ретілуі, оның балаға шынайы әсерін арттыра түседі. Еңбек 

ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қа-

лыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге 

талпыну, өз көзқарасын қорғау т. б. Ата-аналар баласын 

еңбеу етуге тәрбиелеуде мыналарға мән беру керек: еңбек 

ету барысында бір заттың басқа затқа айналуы, ал оған 

бала тікелей себепші болуы мүмкін. Бұл жиналыс практи-

калық маңызға ие болып баланың бойында тәрбие қалып-

тастырады бала еңбек ету барысында күшін қолданып қана 

қоймай, ақылды да қолданылады. Сондықтан ол қоғамдық 

пайдалы жұмыс ретінде бағаланады. Еңбек ету барысында 

балаларды айналасындағылармен тығыз қарым-қатынас, 

өзін-өзі күту, жан-жағын қорғау сияқты нәрселерге тәр-

биелеу маңызды. Еңбек ету, көп қырлы еңбек ету бары-

сында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағ-

дылар қалыптасады.

Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда 

келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үй-

рету керек. Кіші мектеп жасындағы балаларды еңбекке 

тәрбиелеу оның жас ерекшелігіне сай жүргізілуі тиіс. Ба-

ланың еліктеушілігі үлкен маңызға ие болады. Сонымен 

бірге әр нәрсені білуге құштарлық, тынымсыз қозғалыс 

еңбек әрекетін қалыптастыруда көмегін тигізеді. Еңбек 

ету балаға ойын ойнаған сияқты әсер қалдырады. Оның 

себебі, еңбектену барысында бала бір нәрседен басқа 

нәрсе жасап шығарады, өз мүмкіндігінше жоспарлап, 

құрастырып, әрекет етеді, заттармен адамдармен тығыз 

қарым-қатынаста болады. Кіші мектеп жасындағы ба-

лалар кез-келген жұмысты, үлкендердің тапсырмаларын 

барлық ынтасымен орындайды, үй жұмысына көмекте-

седі, бірақ олардың еңбек әрекетінің өзгешелігі, басқа-

ларды өзіне назар аударту. Сондықтан балаларға әр түрлі 

жұмыстар тапсыру керек, олардың мазмұнын өзгертіп 

отыру қажет, жетістіктерге қол жеткізу үшін сенімдірек 

қолдап, мадақтап отырған жөн. Міне, сол себепті де ата-а-

налар балаларды жай ғана еңбек етуге емес сапалы ең-

бектенуге, оның пайдасын түсінуге үйреткені дұрыс. Бір 

нәрседен жетістікке қол жеткізген бала оны тағы қайта-

лағысы келеді. Еңбек етуге үйретудің келесі себептері бо-

лады үлгі-өнеге, қызығу және парыз. Кіші мектеп жасын-

дағы бала үшін үлгі мен қызығудың маңызы зор. Ал парыз, 

ол үлгі мен қызығудан туындайды, бала бойында өзгеше 

эмоционалдық құбылыс туғызады. Парыз- бала бойында 

өзін-өзі бақылау, өзі қаламаған жұмыстарды атқару си-

яқты іс-әрекеттерге жетелеп, жауапкершілік сезімін қа-

лыптастыруға негіз болады.

Мысалы. Үй жинау, ыдыс жуу, әсіресе өз киімдерін 

уақытылы күтіп ұстауға, бала назарын аудару- бұл басты 

міндет. Себебі: келешектегі баланың еңбекпен айна-

лысуы- бұл жанұяда басталады. Үйде еңбекпен айналы-

судың басты мақсаты, ол баланы еңбекке баулу, келе-

шекке даярлау болып табылады.

Ата-аналар балаларын еңбекке үйреткен кезде оның 

маңызын «құрал» ретінде пайдаланбауы керек.

Мысалы. «Егер еденді сыпырып, стол үстін таза-

ласаң ғана, серуендеуге барасың» деп талап қою орынсыз. 

Бұндай талап қоюлар да арасында керек-ақ. Бірақ үл-

кендер тәрбиелеу кезінде «жақсы әрекет- сыпайылық», 

«жаман әрекет –жазалау» деп үнемі біржақты әрекетке 

бармаған жөн. Бұндай жолмен олар балаларын еңбектен 

алшақтата түседі, еңбек олар үшін тек қолдану құралға ай-

налады. Кейде үлкендер мақсатындағы: «Мен уәдені үйіп 

төгіп берсем, балалар соғырлұм еңбектенуге құштар бо-

лады, сөйтсем еңбексүйгіштік қасиеті дамиды» — дейді. 

Бірақ бұдан бала басында еңбекке деген қажеттілік қа-

лыптаспайды, бала үшін еңбек өзінің сүйкімділігін жояды, 

амалсыздан істеу деген маңызға ие болады.


63

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

Балаңыздың еңбек ету барысында өзін көрсете білуге, 

өзінің шеберлігін, шыдамдылығын, жігерін, талапшыл-

дығын көрсетуіне мүмкіндік беріңіз.

Балаңыз күш жұмсайтын, ақыл-ойын қолданатын ең-

бектен қанағаттану сезімін алатын болса, бұл өте пайдалы 

болғаны. Еңбек етуден рахаттану, оның қажеттілігін қа-

лыптастырады. Егер балаңыз уақытында тұрғаннан ра-

хаттанатын болса, онда бұрын болмаған басқа талабына 

жалғастық табуына көмектесуге тырысыңыз.

Көбінесе ата-аналар өз ойымен әрекеттерін бала-

сының қайталағанын талап етіп жатады. Үлкендер өздері 

қаламайтын істерді балаларына да сондай көзқарастарын 

жұқтырады.

Мысалы. Ыдыс жуу, аяқ киім тазалау. Бірақ мүмкін ба-

лаға ыдыстар қалай су тиісімен жарқырап шыға келетіні 

қызық шығар. Үлкендер үшін ешқандай қызығы жоқ іске 

баланың қызығушылығы туындап, «мен өзім істейінші» 

деген атақты қызығушылығы қалыптасып келе жатқанда, 

біз оны су сепкендей етіп жатамыз.

Балаларды тым өбектеп еркелетіп жіберу, олардың ең-

бекке деген талабын жояды. Сондықтан оларға көмек-

тесе отырып, еңбектенуге үйретіңіз. Алдымен әр жерде 

шашылған ойыншықтарды жинаудан басталған еңбек 

әрекеті, сөмкені әкелуге апарады. Осылайша еңбек ету өз-

өзіне қызмет етуден басталады. Жуынуға, сүртінуге, түй-

мелерді тағуға ойыншықтарын жинауға аса төзімділікпен 

үйрету арқылы, өз бетінше осыларды орындау әдеті қа-

лыптасқанша көмектесуіміз керек. Жасы өскен сайын 

бұл әрекеттер жиынтығы молая береді. Сонымен қатар 

ұлыңызға немесе қызыңызға кез-келген үй жұмысты 

орындау қадірлі іс екені туралы ой қалыптастыруымыз 

керек. Тұрмыстағы міндеттерін орындауға үйрету арқылы 

балаға ата-аналар еңбек ету, жақындарын бағуға байла-

нысты әдеттерді қалыптастырамыз.

Баланың үнемі атқаратын міндеті болуы тиіс. Сонда 

ғана еңбек тәрбиесі маңызға ие болады. Үнемі атқаратын 

міндеттер жауапкершілікті туғызады. Әрбір адамның 

міндет бөлінісі бар отбасында еңбексүйгіштікке тәрбиелеу 

өз жемісін береді. Үй жұмыстарына ер баланы тартуға 

үлкен мән берген жөн. Үй жұмысына араласу олардың өз 

бетімен өмір сүруіне дайындығын қалыптастырады. Ең-

бекке тәрбиелеуде өнегенің маңызы зор. Анасы жұмыстан 

орала салысымен, барлық уақытын асханада өткізетін, 

ал әкесі газет оқып немесе теледидар қарайтын отба-

сында жетістікке жету өте қиын. Еңбексүйгіштік баланың 

өміріндегі әртүрлі тапсырмаларды шығармашылықпен 

шешуге қабілетін шыңдайды. Бұл қабілет қалай қалыпта-

сады? Еңбек етуге әдеттену үлкен жігермен орындалады. 

Балаңыздың «болады», «қажет», «болмайды» деген 

ұғымдарды ажырата білуге үйрету маңызды. Осы мақ-

сатта оған осы кезде оның қалағанын орындатуға емес, 

қажет нәрсені орындатуға үйреткеніңіз жөн. Ұлыңызға 

не қызыңызға шартты тапсырма беріңіз. «Сен өз бөл-

меңді жинаған соң барып теледидар көресің» Ата-аналар 

өз айтқандарын аса төзімділікпен орындатуға тырысқаны 

жөн, сонда ғана бала алдымен «қажетті» жасайды, содан 

соң «қалағанын» орындайтын болады. «Болмайды» деген 

сөзге үйрету арқылы, олардың өз бетімен кетуін, қа-

лағанын орындауын шектейміз, яғни өзін-өзі ұстауға, 

өзін-өзі бақылауға үйретеміз, бұл жеке тұлғаның жігер, 

қасиетін қалыптастыруда үлкен маңызға ие болады.

Сонымен еңбек сүйгіштік- еңбекке дұрыс қатынас. Бұл 

ұйымдастырушылыққа тәрбиелеуде бір-бірімен байла-

нысты. Бала кезден бастап баланы жоспарлауға жинақы, 

бірқалыпты еңбектенуге үйрету керек.

Ата-аналар кейде бала ыдыс-аяқты жуу, ойыншықты 

жинау т. б жұмыстарын орындауды қай жастан бастағаны 

жөн деп күдіктенеді. Бір жақты жауап жоқ. Ол балаңы-

здың қабілеті мен қызығушылығына байланысты. Ба-

ланың үлкендердің ескертуінсіз-ақ міндетерін орындауға 

қалыптасуы- жетістік. Әрине, сол баланың әлі келетіндей 

болғаны дұрыс.

Сондай-ақ баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасының не-

гізгі қағидалары:

 

— өзін-өзі қызмет ету арқылы еңбекке үйрету;



 

— өзіне-өзі қызметтен бірте-бірте басқа да еңбекке 

ауысу;

 

— міндеттерді бірте- бірте көбейту, оларды күрделен-



діріп отыру;

 

— тапсырылған жұмыстың сапасының дұрыс, әрі 



уақытында орындалуын бақылауда ұстау;

 

— еңбек әрекетін орындауда қалай жасау керектігін 



үйрету;

 

— — тапсырылған жұмысты орындаудың маңыз-



дылығына баланың сенімін қалыптастыру;

 

— —  балаға жұмысты тапсырғанда оның ерекшелігін, 



баланың сол жұмысқа икемділігін ескеріп отыру;

 

— жақсы орындалған жұмыстарды, өз бетінше жа-



салған баланың талабын мадақтап отыру;

 

— кіші мектеп жасындағы бала үшін еңбек пен дема-



лысты, сондай-ақ әр түрлі жұмыс түрлерін кезектестіріп 

отыру.


Қорыта келгенде ата-ана балаларға көмектесіп, үй-

ретіп отыруы керек.

Әдебиет:

1.  «Қазақ тілі мен әдебиеті», № 8, 2007ж., 19-бет.

2.  «Қазақ тілі мен әдебиеті», № 7, 2003ж., 73-бет.

3.  Білім жетілдіру институтының материалдары.



64

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Төлегенова Айнур Бимырзақызы, мұғалім

Арал ауданы, Қаратерең елді мекені, № 82 орта мектеп

Қ

ай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы 



міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәр-

биелеу. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы, келешек қоғам 

тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, 

ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрби-

елеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.

Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, 

бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың 

өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы 

қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы 

кең, жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек.

«Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом та-

раулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде, ата 

–баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық 

мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәр-

биелесек, еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы 

да солай айқын көрінеді [1].

Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол 

ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды 

көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмекте-

сетін жақсы жолбасшы керек.

Ғалымның ісі — ғалымдағы заңдылықтарды ашып, 

оны сөзбен формулаға айналдыру. Әдіскердің міндеті — 

ғалымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың 

құралын табу.

Педагогтың міндеті — ғалым мен әдіскердің міндетін 

кең көлемде қоса отырып, оқушының тұтас ойлау қа-

білетін қалыптастыру [2].

Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркени-

етті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды 

олардың бойына сіңіру — ұстаз алдындағы үлкен міндет.

Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының не-

гізгі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың на-

зарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан ба-

лаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден 

тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, 

жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық 

тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай 

болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, 

ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық мідет-

терін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұл-

тыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұр-

паққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педа-

гогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, 

әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушы-

лардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпай-

ылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұр-

пақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ 

болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие 

кітабы.Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында, 

оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына 

ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз.



Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым 

тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа 

ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни ғасы-

рлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және матери-

ялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған 

мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, 

имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырым-

дылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдени-

еттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды 

қасиеттер жатады.

Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. 

Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртін-

шісі –тарихы, бесінші-атамекені.

Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәу-

елді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында 

орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал 

сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға 

құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.

Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген аза-

маттың бірі Ж. Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен 

байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан 

келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды еке-

умін: бірі — өзім, екіншісі — халқым» — дейді. Қазақ 

халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға 

тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары ту-

ралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек 

ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге 

неге қолданбасқа?

Қазақ халқы баланыжамандықтан жиреніп, жақ-

сылықты жаны тілеп тұратынқұлықты болуын, сұлу сөз 

сйқырлы ұн. әдемі өң мен түрлі ләззат ала білетін, һәм 

байсалды, ойламдышымыр болып өсуінұлт тәрбиесінің 

негізгі қағидасы етіп ұстаған.

Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. 

Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі 

тиіс.


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: — Болашақ ұрпағы-

мызды тәрбиелегенде, оларға жастайынанимандылық пен 

ұллттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық 

рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын 

азамат өсіре аламыз деген болатын-деген болатын. Сон-

дықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға ай-

налдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие бе-

рудің маңызы зор.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, 

нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың 

болуы қажет:


65

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

 

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің 



әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

 

— индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерек-



шелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің 

болуы;


 

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім 

қабылдауды үйрену;

 

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-



бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шыға-

руға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

 

— оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;



 

— жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, 

сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын 

дамыту;


 

— ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, 

салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

 

— жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, на-



мысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты 

міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.

Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы не-

гізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:

 

— сыныптағы тәрбие сағаттары;



 

— баспасөз және қабырға газеттері;

 

— бұқаралық ақпарат құралдары;



 

— тәрбие шаралары (пікірталас, тәрбие сағаты, кеш, 

дәріс, таным-өнеге сағаттары, т. б.)

 

— кітап оқу;



 

— мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұй-

ымдастыру;

 

— шығармашылық жобалар қорғау;



 

— қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;

 

— саяхат жасау;



 

— үйірмелерге қатысу.

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-

дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т. б. ұлттық құндылықтар ая-

сында кеңейту — өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алды-

мызда тұрған үлкен мақсат — ұлттық мұра құндылықтарын 

қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру.

Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат 

құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп 

асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстазда-

рымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бой-

ында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары 

сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарыд қалып-

тастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мем-

лекет болса, ұлттық ққндылық қазақ патриотизм ұлттық 

салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық 

рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құн-

дылықтың жоғары көрсеткіші.

Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құн-

дылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажет-

тілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табы-

лады.


Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де са-

налы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ереже-

леріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрып-

тарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған 

насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз 

қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар 

мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүр-

гізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәр-

биелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, 

жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.

Әдебиет:

1.  Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.

2.  Бастауыш мектеп журналы / республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал / № 7, 2007.

3.  Бастауыш мектеп журналы / республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал / № 5, 2002.

4.  Сынып жетекшінің анықтамалығы / № 1 (01) 2009.

5.  Әдеп  жіне  жантану / хрестоматия / Атамұра  Алматы,  1996.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет