Молодой учёный


Білім беру процесіндегі инновациялық технологияларды дамыту



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10948
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Білім беру процесіндегі инновациялық технологияларды дамыту

Тауипбаева Айнур Торебековна

1

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 



Абдихайымова Гулжазира Торебековна

2

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы



1

 «Болашак» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан); 

2

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті



Ғ

ылыми — педагогикалық әдебиеттерде теория жүзінде 

анықталып, практикада қолданыс тапқан әрі оқыту 

үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс — амалдарды 

инновациялық тәсілдер деп атайды. «Инновация» ұғымы 

білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни 

жаңа әдіс — тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа 

концепцияларды жасап, оларды қолдану дегенді білдіреді.

Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның 

кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерт-

теудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына 

айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми 

ізденстің, жекелеген оқытушы мен тұтас ұжымның озық пе-

дагогикалық тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өзді-

гінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді [1].

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стра-

тегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апа-

рушылар ретінде оқытушылар үлкен роль атқарады. Оқыту 

процесінің көп түрлілігіне қарамастан дидактикалық, ком-

пьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа да же-

текші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының 

еншісінде болады. Оқытушының кәсіптік қызметі ар-

наулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика 

және психологияны оқыту мен тәрбие технологиясының 

салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын 

болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық — пе-

дагогикалық дайындық талап етіледі. Осының негізінде 

ғана педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және 

іске асыруға дайындық қалыптасады.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәні — пе-

дагогикалық маңызы бар екі проблемадан тұрады:

 

— озық педагогикалық тәжірибені зерттеу жинақтау;



 

— инновациялық процестердің мазмұны мен меха-

низмін анықтау.

Осы кезге дейін бір — бірінен оқшау қарастырылып 

келген бұл екі проблема өзара тығыз байланысқан екі 

процестің тұтастығына айналуға тиіс.

Әлемдік өркениетте жинақталған барлық игіліктердің 

негізінде қоғамның интеллектуалдық — рухани қуатын 

экономикалық — қаржылық әлеуетін әрі қарай дамытуы 

мақсатында білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешу 

үшін жоғары оқу орындарының оқытушы — профессорлар 

құрамы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен 

өзгерістер батыл жол ашарлық қарекет жасаулары керек. 

Оқыту түрлерін, оның әдістері мен құралдарын одан әрі 

жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жол-

дарын іздестірулері қажет.

Қазаргі заманда нақты педагогикалық қызметті іске 

асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жи-

нақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, 

өйткені көптеген оқытушыларда ол тәжірибені зерттеу 

және қолдану қажеттілігі қалыптасып үлгермеген, сол си-

яқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдарысы 

мен іскерлігі жетісе бермейді. Оқытушы қызметінің ин-

новациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі пси-

хологиялық — педагогикалық зерттеулердің нәтижесін 

педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендірумен тығыз 

байланысты.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім 

беруді дамыту тужырымдамасының жобасында жоғары 

білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау са-

пасын арттыру, қарқынды ғылыми — зерттеу қызметімен 

ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары 

оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен эконо-

миканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру 

және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табы-

лады» деп көрсетілген [2].



57

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеу-

меттік — педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім 

мазмұнын оңтайлы анықтаудың тиімді жаңа әдістерін із-

дестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ маман-

дарды даярлау болып отыр.

Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологи-

ялық өзгерістер сияқты көріністермен бөлене алады. Сон-

дықтан сол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары 

дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру — мемлекеттік 

сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен 

бөлене алады. Сондықтан сол кезеңге сай интеллекту-

алды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыпта-

стыру — мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.

Бүгінгі студент, оқушы — ертеңгі маман. Жоғары оқу 

орнында білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау, ол — 

экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жұмыстардың 

қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Білім 

беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытта-

лады. Сондықтан, оны басқарудың студенттің ой-өрісін 

дамытуға, өз өмірінің нысаны болуы үшін жағдай туғызуға 

негізделеді.

Қысқаша айтатын болсақ, өмірлік тәжірибе ойды 

қозғайды, ойғылымды туғызады, ғылымның дамуы зерт-

теуді талап етеді. Қазіргі нарық кезінде озат тәжірибені 

дұрыс басқару үшін — орнымен бақылау, жоспарлау, бо-

лашақты болжау дұрыс бағдарлама жасауға жол сілтейді. 

Осының бәрі сайып келгенде болашақта жақсы маман да-

ярлауға мүмкіншілік береді [3].

Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық дең-

гейдегі білімге негізделген. Білімге негізделген салалар-

дағы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде 

асып отырады. Осы орайда, ақпарат легінің артуы және 

оның одан әрі шектеусіз өсу перспективасы, адамзат жи-

нақтаған білімді жай игеріп қоюдың нәтижесіз мақсат 

екенін көрсетеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы ел-

дерінің білім беру жүйесі — білім берудің құрылымын, 

мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өз-

гертулер енгізумен іске асырылады. Білім, білік, дағды-

ларды бұрынғыша механикалық түрде беру емес, ақпа-

раттық — зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, 

талдап және пайдалана білетін идеялардың қуат көзі бо-

латын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын 

және өзін-өзі ашық көрсете алатын жеке тұлғаны қалып-

тастыру — қазіргі басымдық болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру процесін дамы-

тудың 2005–2010ж. ж. арналған мемлекеттік бағдарла-

масында білім беру процесін дамытудың мынадай негізгі 

басым бағыттары көзделген:

1. Оқыту 6 жастан басталатын, одан әрі жоғары сынып 

оқушыларын бейінді және кәсіпке бакғытталған жүйеде 

оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу;

2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру процесінің 

жаңа деңгейін құру;

3. Кредитті технологиямен оқыту жүйесіне негізделген 

кәсіби мамандарды даярлаудың 3 сатылдық жүйесін (ба-

калавриат — магистратура — докторантура) құру;

4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесі тиімді қызмет 

істейтін білім беру жүйесін қалыптастырып, Қазақстанның 

қазіргі әлемде лайықты орын алуына мүмкіндік беретін 

оқыту және мамандар даярлаудың сапалы білім деңгейіне 

қол жеткізеді [4].

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы.

2.  Бұзаубақова Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. — Алматы, 2006.

3.  Әйтімова Б. Уақыт талабы — ізденіс // Егемен Қазақстан. 2006. 1 қыркүйек.

4.  Бұзаубақова К. Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практи-

касы. — Алматы: Жазушы, 2009.

Орта мектептегі технология сабағында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану 

ерекшеліктері

Тауипбаева Айнур Торебековна

1

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 



Абдихайымова Гулжазира Торебековна

2

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы



1

 «Болашак» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан); 

2

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті



Қ

азақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға ар-

налған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдар-

ламасында орта білім берудің мақсаты — алған білімнің 

кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі өмір жағдай-

ында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, 

адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға 

қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару көрсетілген. Жалпы 

білім беретін мектептің мақсаты — жас ұрпақты ұлттық 

игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай 

отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, 


58

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып та-

былады. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін технология са-

бағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет 

пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және 

туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүм-

кіншілігі мол.

Мектепте технология сабағын халықтық педагоги-

камен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең 

бірінші өмірлік қажетті айналу үшін еңбек ету талабын қа-

лыптастырудың зор маңызы бар. Бұл міндет адам өзі ынта 

қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүд-

десіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін 

беретін іспен шұғылданып жағдайда ғана жүзеге асы-

рылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу — еңбекті 

дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты. Еңбекке шығар-

малышық тұрғысынан қарау ғана еңбекті тек жасау мен 

материалдық игілік алудың құралынан, ортақ рухани және 

ең алдымен адамның адамгершілік дамуының құралына 

айналдыра алады [1].

Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үй-

рету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбилеудің ар-

тықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен 

ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар 

ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу 

қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез 

келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын 

ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар 

берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу тех-

нологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен 

іске кіріседі. Технология сабағының мақсаты: қолөнердің 

барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагоги-

каның негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие бе-

рудің тиімділігің көрсету тиіс.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 

халқының қолөнері ішінде киіз үй сүйегін, ағаш төсек 

жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу 

кең өріс алды. Бұл кезде ер адамдарға арнап ер-тұрман 

мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, 

білезік, сырға жасап, оларды түрлі-түсті өрнектермен 

әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Халықтың мәдени дәре-

жесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың 

сапасына жоғары талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі 

сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық із-

денудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа 

неше алуан түрлері жасалып отырды. Халық қолөнерінің 

бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға 

сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта 

беру ісін кейбір шеберлер қолға ала бастады. Бұл — өте 

игілікті іс. Оны ары қарай жаппай дамыту қажет.

Көпшелі өмір салты мен өнеркәсібі тудырған негізгі 

дүниенің бірі –киіз үй. Бәрі де — өнеркәсіптік құрал-

жабдықтар да, олар шығаратын бұйымдар да, осы бұй-

ымдардың әсемдігі де киіз үйдің айналасына жинақтылғын. 

Міне, осылай киіз үйдің жиһаздары, кілемдер, тұскиіздер, 

текеметтер, сырмақтар, аяққаптар, баубасқұрлар, қайта-

ланбастай болып әсем бұйымдар пайда болған. Жүн өң-

деумен әйелдер ғана айналысқан. Қазан төңкерісіне дейін 

осының бәрі мүлтіксіз сақталып отырды. Нағыз көркем 

еңбек болып табылатын әсем сазды әуенге толы ою-өр-

некпен көмкерілген халықтық шығармашылық бүкіл елге 

тән болатын [2].

Төрт түлік малдың жүні халықтың өмір тіршілігінде 

үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды бұдан мыңдаған 

жылдар бұрын білген. Жүннен ең қажетті мүліктер жа-

салған. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең 

асылы, бұйымдар жасуға ең көп пайданылатын түйе және 

қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, жылқының жал-құй-

рығы, түйенің жүні, шудасы. Халқымыздың дәстүрінде 

киім-кешек пен төсек орын жабдықтары, қалыңдық пен 

күйеудің баскиімі, белбеуі киімнің жең-жағалары мен ба-

лақтары әр түрлі жамылғыштар мен киімдер және басқа 

да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте өрне-

гімен жиі безендірілген.

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасын-

дағы еңбек тәрбиесіне негізделген. Кәсіп пен өнердің түр-

лері олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік 

тәрбие құралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі 

екі түрлі мақсатқа: баланы еңбек етуге қабілет-икем дағ-

дысын дамытуға немесе, сол негізінде оның бойында ха-

лықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Бала-

лардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуда 

елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәр-

биеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған.

Ұлы Абайдың қара сөздерінде (Жетінші сөз) 

«Жас 

бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — 

ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен 

демекілік. Не көрсе соған талпынып, «ол немене?», «бұл 

немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, 

көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық 

көрмейді. Мұның бәрі — білсем екен, көрсем екен, үй-

ренсем екен дегені» деп жазған тәлімі бар.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған за-

манында оқушылардың жалпы білімін көтеру, біліктілігі 

мен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы, ертеңгі 

жас маман екенін ескере отырып, оларға кәсіби білім 

беріп, қабілетін, дарынын аша білу, шығармашылыққа 

бағыт-бағдар беру әр мұғалімнің мақсаты болып табы-

лады.

Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбек пен 



мамандықтар әлемін ашады. Бұл мүмкіндік әсіресе техно-

логия пәнінде жүзеге асырылады. Технология — шеберлік, 

іскерлік, білгірлік мектебі. Технология сабақтарында 

оқушылар жан-жақты дүниетанымын қалыптастыра 

отырып, болашақта өмірге, өндіріске қажетті мамандық 

алып шығады, саналы, сұлулық сезімін түсінетін, шебер, 

заман талабына сай өмірге бейімделген, еңбекті баға-

лайтын, үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді. Еңбек сабағында іс 

жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі [3].

Шығармашылық- бұл жекелеген мотивациялық 

құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол жеке 

тұлғаның бойында білім мен ептілік, қажырлы еңбек-

тену мен қызығушылық қабілеттерінің әсерімен қоғамдық 


59

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

маңызды нәтиже. Жазушы Л. Н. Толстой, суретші Репин, 

композитор Глинка өздерінің ұлы шығармаларын «1пайыз 

талант, 99 пайыз еңбектің күшімен жасадық» деген екен. 

Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін да-

мыту да үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Осы шығар-

машылық қасиеттерді дамытудың негізгі тәсілдері:

•  оқушы білімінің өмірмен байланысы;

•  ғылыми негіздердің зертханалық-сарамандық жұ-

мыстармен байланысы;

•  алған білімін сапалы, жүйелі меңгеру;

•  теория мен сарамандық әдістердің өзара байланысы;

•  іздену жұмыстарының ғылыми тұрғыда орындалуы;

•  нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру.

Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі — 

шығармашылыққа баулу. Ал қолөнерге қызықтыру 

үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпи-

ясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден 

мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы 

жасалу технологиясымен таныстырсақ, оқушы шығар-

машылықпен іске кіріседі. Еңбек үстінде шығармашылық 

ізденудің нәтижесінде алуан қолөнер туындылары дүниеге 

келеді.

Әр ұлттың өзіне тән тарихы, рухани сән-салтанаты, 



қолөнері бары анық. Халық қолөнерінің түп тамыры ха-

лықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен 

тығыз байланысты. Қолөнердің тәрбиелік мәні арқылы 

оқыту кезеңінде өнерге, өзіне деген көзқарасын, білімін, 

біліктілігін арттырып, шығармашылыққа баулыймыз. 

Ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраның ең 

асыл құнды қазынасы. Қолөнер- өресі биік, өрісі кең өнер. 

Қазақ халқы –кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мә-

дениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, 

жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін 

атадан балаға мұра етуші. Ысырапқорлық — қазақтарға 

жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл 

болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың 

да кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. 

Олай болса, ізденімпаздықпен атқарған әр жұмыс ысы-

рапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді. Қазір ұлттық 

салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп 

енгендіктен, қазақтың ұлттық қолөнері қайтадан дамып 

отыр.

Ұлттық қолөнердің негізгі салалары:



•  Өрнек, тоқыма тоқу

•  Сырмақ сыру

•  Жүн өңдеу, киіз басу

•  Мата өңдеу, киім тігу

•  Кесте тігу

•  Тері өңдеу

•  Ою-өрнек өнері

•  Ағаш өңдеу

•  Металл өңдеу

•  Қалдық материалдардан бұйым жасау

Қолөнер бұйымдарын дайындау барысында оқушы-

лардың жұмысына жүргізілген бақылау- іс-әрекеттің түрлі 

дәрежесімен ерекшеленетін бірнеше топты анықтауға 

мүмкіндік береді.



І топ: Бұлшық еті, қимыл координациясы онша дамы-

маған оқушыларды жатқызамыз. Бұл оқушылардың қи-

мылдары мен қозғалыстары бөгеліп, жұмыста шиеленісуі 

және шапшаңдықтың баяуланғаны байқалады. Іс жүзінде 

олар жұмысты басқа оқушылардан баяу, өте сенімсіз 

орындайды. Оқушылардың бұл тобына жұмыс амалдарын 

қайталап көрсету қажет. Бұл топ 3–5 адамнан құралады.

ІІ топ: Іс жүзінде тапсырманы орындау кезінде артық, 

тиімсіз қимылдардың көп мөлшерін жіберетін, жұмысты 

бәрінен бұрын бітіруге асығатын оқушылар тобын жатқы-

замыз. Әдетте, бұл топтың бұйымдары сапасыз болады, 

технологиялық жұмыстарда көптеген қателіктер мен 

кемшіліктер кездеседі.



ІІІ топ: Көркем шығармашылық және технологиялық 

жұмыстарды тез және салыстырмалы түрде жеңіл орын-

дайтын оқушыларды топтастырамыз. Бұл оқушылардың 

қозғалыстары мен қимылдары сенімділікпен, ұқып-

тылықпен, тиянақтылықпен ерекшеленеді, орындаған 

барлық жұмыстары жақсы сапамаен, атқарудың үлкен 

дәлдігімен айрықшыланады [4].

Сыныптарда оқушылардың мұндай топтарының болуы- 

білімді қалыптасытыру кезінде шеберлікті, шығар-

машылықты дамыту үшін дифференциалды көзқарасты 

керек етеді. Мектеп шеберханаларының құрал-сайман-

дарын, станоктарын және басқа жабдықтарын қолдануда 

қол қызметінің көркемдік-қолданбалы түрі оқушының 

сенсорлық-қозғалыс қабілетіне жоғары талап қояды. Қи-

мыл-қозғалыс жұмыс барысында бірден пайда болмайды, 

сол себепті ең алдымен қолөнермен айналысу техникасы 

мен орындау технологиясын оқытып, үйрету қажет. Бұйым 

жасаудың барлық кезеңдерінде оқушылардың орындайтын 

әрекеттері:

•  Алға қойған жұмыстың нақты тапсырмасын ойлау

•  Ақырғы нәтижені ой елегінен өткізу, болжап көру

•  Түрлі нұсқауларды оқу (эскиз, жоба, сурет, техноло-

гиялық карта, т. б)

•  Нұсқауларды талдау

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, ғылым жо-

лына жетелеудің алғашқы баспалдағы оларды ғылыми 

зерттеу жұмыстарымен айналысуға баулу. Сол себепті қа-

білетті оқушыларды іріктеу әртүрлі зерттеулер жүргізу 

арқылы жүзеге асады [5].

Әдебиет:


1.  Тәжімұратов Ә.. Шебердің қолы ортақ. Алматы. Қазақстан, 2005.

2.  Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Өнер, 2009.

3.  Қасиманов С. Қазақ ұлттық қолөнері. Алматы. Рауан, 2012.


60

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

4.  Большая советская энциклопедия, т. 8, стр. 132

5.  Қазақстан шеберлері. — Алматы, 2013.

Орта мектеп оқушыларын пaтриoтттық рухтa тәрбиелеудiң  

ғылыми-теoриялық негiздерi

Тауипбаева Айнур Торебековна, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;

«Болашак» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Нуралиева Меруерт Хамитовна, мұғалім

Шиелі ауданы № 219 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі

Қ

aзiргi зaмaндa елiмiздегi бoлып жaтқaн caяcи-экoнo-



микaлық, ғылыми -техникaлық, мәдени өзгерic-

терге бaйлaныcты жacөcпiрiмдердiң тәрбиеciне жaңaшa 

қaрaуды тaлaп етiп oтыр. Coндықтaн бүгiнгi тәриенiң 

бacты мaқcaты — денi caу, ұлттық caнa-cезiмi oянғaн, мә-

дениеттi, oтaнcүйгiштiк cезiмi жoғaры, бәcекеге қaбiлеттi, 

жaн-жaқты дaмығaн тұлғaны қaлыптacтыру болып отыр.

Елбacы биылғы 2015 жылғы жoлдaуындa: «Пaтриoтизм 

Қaзaқcтaндық қoғaмның шешушi құндылықтaрын бекi-

тетiн жaңa құжaт — «Мәңгiлiк Ел» пaтриoттық aктici 

әзiрленiп, қaбылдaнaтын бoлaды» делiнген. Coндықтaн 

қaзiргi тәрбиенiң ең бacты ұcтaнымдaры — oл хaлықтың 

caлт-дәcтүрлерi, ұлттық өнердi дaмытaтын aнa тiлiн, дiнiн 

қaдiрлеп ұcтaнaтын, өз Oтaнын шекciз cүйетiн, жaн-жaқты 

қaлыптaсқaн aзaмaт тәрбиелеу бoлып тaбылaды [1].

Aнa тiлiн, туғaн жерiн cүю, aтa-aнaны, үлкендердi құр-

меттеу, инaбaтты, әдептi бoлу — хaлқымызғa тән acыл 

қacиеттер. Қaзaқ хaлқының ғacырлaр бoйы дaму тaрихындa 

тәлiм-тәрбие мәcелеci әciреcе хaлықтың aуыз әдебиетi 

туындылaрындa жaн-жaқты қaмтылaды. Мыcaлы: «Бaты-

рлaр жырының» мән-мaзмұны өcкелең буынды oтaншыл-

дықпен елi мен хaлқын қoрғaуғa бaулитын бoлғaн.

Пaтриoттық тәрбиенiң күре тaмыры Күлтегiн елiмен 

туғaн, жерi үшiн жaн aлмacып күреcкен Жaлaңтөc, Қaрacaй, 

Бөгенбaй, Жaнқoжa, Бұқaрбaй тaғы дa бacқa бaтырлaр 

iciнен бacтaу aлaды. Coнымен қaтaр жac ұрпaқ бoйын-

дaғы ерлiк cезiмiн oятып, туғaн жерiне деген cүйicпен-

шiлiгiн қaлыптacтырудa қaзaқ oйшылдaры мен aқын-жы-

рaулaрының мұрacындa тәлiм-тәрбиелiк oй-пiкiрлерi ocы 

күнге дейiн өзiнiң тәрбиелiк мәнiн жoйғaн жoқ деп aртық 

aйтқaндық бoлмac.

Бiлiм мен жac ұрпaққa тәрбие беру тaрихыдa түрлi ке-

зеңдерге бaйлaныcты пaтриoттық тәрбие беру мәcелеci 

жaн-жaқты зерттелген. «Қaзaқcтaн ұлттық энциклoпеди-

яcынaн: «Oтaншылдық, oтaнcүйгiштiк, пaтриoтизм, (грек, 

patris — Oтaн) — aдaмның Oтaнынa, туғaн елiне, oның 

тiлiне, caлт-дәcтүрi мен мәдениетiне деген cүйicпеншiлiк 

cезiм деген aнықтaмa берiлген.

Қaзaқ хaлық педaгoгикacындa «Oтaнды cүю oт бacынaн 

бacтaлaды» деген ұғым бaр. Aтa-бaбaлaрымыз өз ұр-

пaғынa: «Туғaн жер — aлтын беciгiм», «Шет жерде cұлтaн 

бoлғaншa, өз елiңде ұлтaн бoл», «Кiндiк қaның тaмғaн 

жер», «Oтaн — oттaн дa ыcтық», «Туғaн жерiңдi қacық 

қaның қaлғaншa қoрғa», «Ел нaмыcын aяққa бacпa!» 

деген өcиеттердi aйтып oтырғaн. Coнымен қaзaқ хaлқы 

Oтaнғa деген cүйicпеншiлiк, өз бoйындaғы күш-жiгер, бaр 

бiлгенiн, елiнiң нaмыcын қoрғaуды өз ұрпaғының бaрыншa 

пaрызы етiп ұғындырудaн жaлықпaғaн.

«Қaзaқcтaдық пaтриoтизм» ұғымы тәуелciздiкке қoл 

жетккiзгеннен берi ғылыми aйнaлыcқa ене бacтaғaны 

белгiлi. Қaзiр елiмiзде жүзден aca ұлттaр мен ұлыcтaрдың 

өкiлдерi ынтымaқтacтық жaғдaйдa өмiр cүруде. Әртүрлi 

ұлт өкiлдерi Қaзaқcтaнды туғaн oтaнмыз деп еcептеп, мәңгi 

мекен етiп, еңбек етiп жaтыр. Бұл oрaйдa Қaзaқcтaнның 

Президентi Н. 

Ә. Нaзaрбaев кейiнгi жoлдaуындa: 

«Қaзaқcтaн жoлы — 2050; Бiр мaқcaт, бiр мүдде, бiр 

бoлaшaқ… Ұлттық идеямыз — Мәңгiлiк Ел! Бaйлығымыз 

дa бaқытымыз дa бoлғaн мәңгiлiк Тәуелciздiгiмiздi көздiң 

қaрaшығындaй caқтaй бiлуiмiз керек» — деген [2].

Coндықтaн Қaзaқcтaн хaлқы бүгiнгi oтaнымыздың әрбiр 

жетicтiктерi — «Әрбiр aзaмaттың ұлттық мaқтaнышы» 

бoлып oтыр. Қaзaқ елiнiң ғacырлaр бoйы қaлыптacқaн 

пaтриoттық тәлiм — тәрбие дәcтүрлерiн, әдicтер мен 

құрaлдaрын мыcқaлдaп жинaп, oны oқушылaр тұлғacын 

тәрбиелеуде тиiмдi пaйдaлaнып oтыр.

Ұлы Дaлa тaрихынa үңiлcек ғacырлaр бойы хaлқымыз 

туғaн жердiң ұлтaрaқтaй жерiн жaуғa бермей, қacық 

қaны қaлғaншa қoрғaғaн. Oртa ғacырлaр oйшылдaры 

(Мaхмұт Қaшқaри, Жүciп Бaлacaғұн, Aхмет Яccaуи), 

жыршы — жырaулaр, aқындaр — Acaн Қaйғы, Шaл-

киiз, Aқтaмбердi, Бұқaр жырaу, Мaхaмбет тaғы бacқa 

қaзaқтың aғaртушылaры (Ш. Уәлихaнoв, Ы. Aлтынcaрин, 

A. Құнaнбaев, Ш. Құдaйбердiұлы т. б) және қoғaм қaй-

рaткерлерi, aқын-жaзушылaры (A. Бaйтурcынoв, C. Cей-

фуллин, Ж. Aймaуытoв, М. Дулaтoв, М. Жұмaбaев т. б) 

oй-пiкiрлерiнде көрiнic тaпты. Oтaнcүйгiштiк cезiм-

aдaмғa туa бiткен қacиет емеc, cебебi oл aдaмның caнaлы 

өмiрiмен, еңбекпен, тaбиғaтпен қaтынacтaры негiзiнде 

қaлыптacaтын, пcихoлoгиялық, caяcи-әлеуметтiк құ-

былыc. Пaтриoттық cезiм aдaмды елiне туғaн жерiне, aнa 

тiлiне, мәдениетiне, caлт-дәcтүрiне, әдет-ғұрыптaрынa, 

жеке қaрым-қaтынacын, өзiндiк бaғacын түciнуiн, қуaттaп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет