Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10948
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

41

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

Ойын — шығармашылық ізденіске жол бастайды, қа-

білетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог 

Д. Б. Элкониннің айтқанын еске алсақ: «Ойын — баланы 

ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл 

нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әре-

кетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде 

балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, 

әлемді танып-білуге бағалауға үйретеді».

Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: 

өткізілу орнын, уақытын, қатысушыларды айқындаудан 

басталады. Бұл үшін тақырыптық күнтізбе жоспар құру 

кезінде әр түрлі сабақтарда ойындарды қолданудың пер-

спективалары айқындалады.

Сабақ жоспарларын қарастыру кезіндегі ойынның 

ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады. Ой-

ынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекше-

лендіреді, өйткені қызығушылық — шарттылық жағдаят 

туғызу арқасында әрекет ойын өзгешелігіне айналады. 

Сондықтанда керекті шарттарды ескере отырып, ойын-

дарды топтарға бөлуге болады.

Мысалы «Терушілер ойыны» фонетиканы өтіп біткен кезде қолданылады. Басқа жағдайларда ойындарды олардың 

мәнді ойын негізіне қарай сұрыптауға болады.

Сонымен, балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, 

олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, 

өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжет-

тік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және 

рөлдермен байыта отырып, жағдай жасалады. Ойын — 

бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. 

Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын 

рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, 

табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, 

атын — түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қа-

лыптасады.



42

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

Әдебиет:


1.  Венгер Л. А., Дьяченко О. М. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дашкольного 

возраста. — М: Просвещения, 1989. — с. 212.

2.  Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп. — 2001. — № 7. — 40–46 бб.

3.  Жайлауова М., Сексенбаева З. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану // Бастауыш мектеп. — 2004. — 

№ 6. — 28–30 бб.

4.  Қаженбаева А. Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы және балабақша. — 2002. — № 1. — 9–10 бб.

5.  Қоянбекова С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //Қазақстан мектебі. — 2002. — № 1–2. — 45–49 бб.

Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдалану

Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; 

Жусупова Эльвира Усенбаевна, оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Х

ХІ ғасыр — әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің 



дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемле-

кеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, 

әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір 

сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш 

болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына бай-

ланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбе-

гейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Еліміздің эко-

номикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, 

олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен 

анықталады.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүй-

есін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технология-

ларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім 

берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, 

іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде 

дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты 

өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам 

қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір 

сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәр-

биені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туын-

дағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәсе-

лелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары 

тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы 

байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен 

оны жетілдірудің маңызын, осыдан барып қоғамның же-

келеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қа-

нағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы 

білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп 

шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси 

жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына 

жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен 

және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі 

нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар 

әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтиже-

лері де түрліше бағаланады. Нарық экономикасының қа-

жеттіліктерін қанағаттандыру және экономиканың, өн-

діріс салаларының дамуына сай жастарды құзыретті тұлға 

ретінде қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық тех-

нологияларын пайдаланып, ғылыми — техникалық іл-

герлеуін жетілдіруді жүзеге асыра алуы қажет. Себебі, 

мемлекет дамуының негізі болып табылатын инноваци-

ялық саясат кез — келген бәсекеге қабілетті мемлекет-

тегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан 

да ғылыми — техникалық процесс бүкіл әлемде «иннова-

циялық процесс» — ұғымымен тығыз байланыста болуды 

талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 

8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқы-

тудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарат-

тандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, 

ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен 

практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптасты-

руға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім 

алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсет-

кендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып 

отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсіл-

дерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық 

технологияны меңгеру [1,5].

Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақ-

саты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу 

мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономи-

калық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, 

нақты білім беру. Инновациялық білім беру үдерісінің 

мән-маңызы, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен 

мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі 

қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тіз-

бегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық технологияларды қолдану оқу про-

цесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды ен-

гізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім меке-

месінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің 


43

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан 

қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын 

оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру — 

қоғам талабы.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби 

қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне ин-

новациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге 

асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), 

басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитар-

лығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.

Қазақстан Республикасында білім беру сала-

сындағы педагогикалық инновация мен оқытудың 

жаңа технологиясы мәселелерімен Ш. 

Т. Таубаева, 

С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, 

Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұ-

заубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румян-

цева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. 

педагог ғалымдар айналысты [2-6].

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn  (ішіне)  novus 

(жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген 

мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі 

мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым 

қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан 

келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне 

экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина 

салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар 

қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып 

келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ 

ғасырдың 70–80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. 

Мұның басты себептерінің бірі — олардың мағынасының 

түрліше түсінілуінде. Қазіргі кезеңде батыста білім беру 

саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру 

технологиясы» — ұғымы пайдаланылып жүр. Осы 

ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі 

салаларында қолданылатын кез келген технологияны 

қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» — 

терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру 

заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты 

қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин 

көп жағдайда тек мектептегі оқыту процесі төңірегін 

сипаттауда ғана қолданылып жүр [7]. Еліміздегі жоғары 

оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және 

болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары 

ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан 

оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы 

құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім 

беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін 

қолдануды атап айтуға болады.

Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру 

жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі — жаңалықтарды 

топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты 

түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан 

ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу 

қажет. Оқыту процесін жандандыру білім алушылардың 

оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі 

еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық 

іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табы-

лады.


Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әді-

стемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен 

әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне 

тікелей байланысты болады. Сондықтан білім алушы-

лардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құрал-

дардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең 

игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті 

талап етеді.

Әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

2.  Беспалько В. П. Программированное обучение. Дидактические основы. — М., 1970 (11).

3.  Бұзаубақова К. Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004, 21-бет (5).

4.  Сарбасова Қ. А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

5.  Жанпейсова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

6.  Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе 

образования. Алматы, 2001.

7.  Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002. с. 12.


44

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

Дене тәрбиесінде халықтық педагогиканың көріністері

Есіркепов Жандос Мергенбайұлы

1

, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 



Зулпыхаров Хайролла Шариатуллаұлы

2

, мұғалім



1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан); 

2

«Қаражон» шағын жинақталған мектебі (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаражон ауылы, Қазақстан)



Ә

р ұл пен халықтар өздерінің тіліне, дініне, дәстүріне, 

тіпті сол халықтардың мекендеген этникалық өмір 

сүру, орналасу жағдайларына байланысты мыңдаған 

жылдар бойы адам бойына тән асыл мұра, ізгі қасиеттерді, 

өнерді, өнегелікті өз бойларына жинақтай отырып, оны 

ұрпақтан-ұрпаққа аңыз әңгімелер, аталы сөздар, түрлі 

өнер көріністері арқылы жеткізіп отырған.

Өкінішке орай кеңес өкіметіндегі өмір сүру кезеңінде 

бұл көріністер көмескіленіп кетті. Әр ұлттың өзіне тән 

ұлттық бояу тұрғысынан насихатталмады. Ұлттардың тілі, 

салт-дәстүрлері, тәрбиесі мен өміріндегі өрнектері тоқыру 

деңгейіне дейін жетті.

Ал, қазіргі демократиялық саясат дәуірінде әр ұлттар 

өздерінің тарих беттерін қайта парақтап өз халқына тән 

тәрбиені, салт-дәстүрді, ұмытқан тілді қайта жаңғы-

ртуға мүмкіндік алып отыр. Ұлттық педагогика қазақ 

халқының өмір салтына өз алдына жеке дара оқшау-

ланып дараланбаған. Оның есесіне кіндік қаны қазақ то-

пырағына тамған әрбір қазақ өз жұртының төрінде өмір 

сүрген, тәрбие мен тәлімге сөз құдіретін шебер пайдалана 

білген, тіл, өнер зергерлерінің палуан тұлғалы батыр ба-

балардың бойында тұнып тұрған ерлікті, ақыл-алғыр-

лықты, өнегелікті, парасаттылықты айналып өте қоймас. 

Ата-баба дәстүрінен әрқашан үлкенге — ізеттіліктің, іл-

типаттылықтың, кішіге — өнегеліліктің нышанын бай-

қаймыз.

Қазақ халқының лексикондық сөз құрамы жөнінде 



дүние жүзі елдерінің алдыңғы қатарында. Тиісінше өмір 

сүру дәстүрлерініің құрылымы да әр алуан болып келеді. 

Оның үстіне жер көлеміне бірнеше Батыс елдері сиып ке-

тетін географиялық (республика территроиясы) көлемінде 

халықтардың этникалық (өңір аралық) орналасу жағдай-

лары да қазақ халқының тілі мен дәстүрінің, өнері мен 

тәрбиесінің түрлендіріліп көрсетіліп жүргізулеріне жан-

жақты мүмкіндіктер бар.

Қазірге дейін (тұсау кесу, сүндет той, келін түсіру, қыз 

ұзату, ас беру, т. б.) қазақтың «аударыспақ», «қыз қуу», 

«теңге алу», «аламан бәйге», «жаяу жарыс», «көкпар», 

«палуан күрес», «бүркіт салу», сияқты ойындары өткізіліп 

келеді [1].

Бұл ойындарда алды атан түйе, ат бәйгелерін ұсынып 

отырған. Бір ерекшелігі ойын-сауықтарға қатысып тама-

шалау жөнінде, жас ерекшелігіне шектеу болмаған. Тұсау 

жібін кескен баладан, ақ сақалды қарияға дейін ойын-сай-

ықты тамашалауға түгел қатысып отырған. Жастар жағы 

үлкендердің өнеріне қайран қалып тамсанып, солардай бо-

луға еліктесе, кішілер жағы алғырлығымен апайтөс алып-

тарды аттарынан аударып түсіріп тәнті еткен.

Міне, осы ұлан ғасыр қазақтың ұлы даласындағы 

өтілген әртүрлі деңгейдегі той думандарға қатыса жүріп, 

ондағы алған әсерлерін жадында жырдай сақтай жүріп, 

«Мен қазақпын» деген әрбір балаң жігіт сол той туман 

додасынан өзін ешқашан шеттеткен емес, ұлты қазақ ба-

баларымыздың өткен тарихы, дәстүрі, салты, үні, шері, 

мұң-зары, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген өнегесі, өнері, 

тәрбиесі деп қабылдаған абзал.

Ұлттық тәрбиенің, ұлттық педагогиканың негізгі 

мазмұн мағынасын да осы тұстардан іздестірген дұрыс-ақ.

Қазақ халқы, асырлар бойы өмір сүріп өткен өз тұрмы-

сының мазмұны, мағынасы тұрғысында кейінгі ұрпақтарға 

үлгі-өнеге боларлықтай көптеген нақыл, мәтел, тапқы-

рлық сөздерді жинақтап, тұжырымдап кейінгілерге жет-

кізіп отырған.

Олардың логикалық, философиялық мазмұны қазақ 

халқының болмысын, тұрмыстық жағдайын, мінез-құлқын, 

рухани байлығын, ұлды-қызды тәрбиелеуге, өнерлі-өне-

гелі болуға, мінез-құлыққа, туыстық-сыйластыққа, жақсы 

мен жаманды айыра білуге саяды.

Бұрынғы КСРО мемлекеттінде АҚШ-тағыдай адамдар 

қатынасы институты болмаған кезде адам тәрбиелеу мәсе-

лесі тек коммунистік идеология прниципі негізіне жи-

нақтаған ұлттық бояумен өрнектелген тәрбие құралы 

жоғалып кетті. Тіпті діннен, тілінен айырылған ұлттар 

да бар. Мектептердегі тәрбие негізінен орыс халқының 

үздік педагогтары А. С. макаренко, К. Д. Ушинский, 

В. А. Сухомлинский еңбектері тұрғысында насихатталды. 

Ол үшін көп оқу сағаттары да жоспарланды. Керісінше, 

Әл-Фараби, Қорқыт Ата, Асан қайғы, Абай Құнанбаев, 

Ыбырай Алтынсарин, Базар жырау, Мұхтар Әуезов, Ма-

хамбет Өтемісұлы, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәбит Мұ-

ханов, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы сынды 

т. б. қазақ топырағынан түлеп шыққан ағартушы-ға-

лымдардыңхалықтық педагогикаға арналған шығарма-

лары назардан тыс қалды.

Қазақ ғалымдарының кейбір еңбектеріндегі халықтық 

педагогиканың оқу бағдарламасындағы жүйесі оқушының 

тек нақты өмір сүру немесе өмір сүру дағдысына ерте ке-

зеңнен емес, тек сынып, лабораториялық (кітаптан 

оқу, бірақ көзбен көрмеу, теориялық ұғым тұрғысында) 

жағдайда дәріс алумен шектеді. Әсіресе бұл қала оқушы-

ларына тән құбылыс.

Мысалы: қала оқушылары үй жануарларының түр-

түсін кітаптан, кинодан көргенімен нақтылы жағдайда 

олардың өмір сүру, өсіп жетілу үдерісінен бейхабар екенін 

байқаймыз немесе абстракты тұжырымда болды. Ал, осы 

жануарларды баптап бағу үшін де көптеген қол еңбегінің 


45

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Education

қалай жұмсалатынын біле бермейді. Тіпті, әр өңірдің өз 

ерекшелігіне байланысты өңіраралық этникалық орна-

ласуы да кейбір оқушының еңбекке ерте араласып, ай-

налада, ортада болып жатқан барлық тіршіліктерге са-

налық пайымдаумен өарауына мүмкіндік туғызатынын 

ескере берілмеді. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы 

мақта теру, күріш ору, жеміс жинау жұмыстарына мектеп 

оқушылары (әсіресе ауылдық мектеп оқушылары) ерте 

жастан араласады.

Жасөспірімдерді неғұрлым жас кезінен еңбекте-

нуге баулып, сол арқылы дене тұлғасын қалыптастыруға, 

бұлшық ет, буын қозғалғыштарын дамытуға ықпал етіп 

қоршаған ортаның құдірет-күшін сезіну, пайымдау, дүни-

етанымын жетілдіруді қамтамасыз етуге болаады. Мұны 

Абай Құнанбаев жастарды еңбекке баулуға байланысты 

өлеңінде былай тұжырымдайды:

«Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған», — бұған қоса

талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой. Бес 

асыл іс көнсеңіз, — деген еді [2].

Қазақ халқының тарихында «Он үшінде отау иесі» 

атанғандар болғаны рас. Ал, он үшінде отау иесі болу 

оңай шаруа емес. Демек, ол ұл өзін отау иесі болғанға 

дейін асауды ауыздықтап, ересектермен үеңгі қағыстыра 

алатын, бойына жігер-қайрат, ақыл-парасат, өзгеге, өзіне 

де сын көзбен қарай алатын дәрежеде дайындауға әрекет-

тенген. Біз қазір күнделікті дене шынықтыру сабағында 

оқушыларға ана жаттығуды орында, жылдамдығың, шы-

дамдылығың, икемділігің, күшің дамиды, мына жаттығуды 

жасама — жүйкеңе жүктеме түседі деумен шектейміз. 

Оның үстіне ол жаттығуларды жас ерекшеліктеріне бөліп 

жіктеп қоямыз. Ойын түрлері де солай. Бұларды әртүрлі 

тәсілдермен жүйелейміз. Әрине, көп жылдар бойы ғылы-

ми-тәжірибе негізінде сұрыпталған әдістерді ешкім жоққа 

шығармайды. Бірақ әрбір әдіс соңы және бірінші емес 

екенін де ұмытпау керек.

Еңбекке ерте араласқан оқушы кез-келген дене шы-

нықтыру жаттығуларын ешбір қиындықсыз-ақ біз ұсынып 

жүктеме деңгейінен әлдеқайда жоғары қарқынмен, қай-

талау санымен, екпін ырғағымен жасай алады. Өйткені, 

онда бұлшық ет, буын, т. б. қимыл әрекеттері қарапайым 

еңбектену барысында дағды қалыптастыруға бейімделіп 

машықтанған. Бұл көрініс қимыл қозғалыстарына, еңбек 

әрекеттеріне неғұрлым жас кезеңнен ертерек қатысқан 

ауыл балаларының арасында кездеседі. Мұны спорт мек-

тебіндегі шұғылданатын оқушылардың бірқатарының бір-

неше жылдар бойы жаттығу жүктемесін өз дәрежесінде 

орындай алмай, керісінше сол спорт түрінде кешеңдеу 

келсе де еңбекке ерте араласқан баланың қимыл әре-

кетінің белсенді, шыдамдылық қасиетінің басымдау екенін 

байқаймыз.

Бұдан баланы (қыз балаларды) өзі атқара алатын ең-

бектің барлық түрлеріне неғұрлым жас кезінен бастап 

белсене қатыстыру керек деген тұжырым жасауға болады. 

Оның үстіне барлық адамдарды тек спорт пен дене шы-

нықтыру арқылы өзін өмірге дайындауға, күшті, епті, шы-

дамды, икемді болып баулуға мүмкіндіктері бола бермейді.

Тума таланттың өзі де өмір сүру барысында 99 пайыз 

еңбектен тұратынын ескерсек, еңбектің адамның мі-

нез-құлқын қалыптастырып, дененің сау, іскер болуын 

қамтамасыз ететін, таптырмайтын құрал екенін бай-

қаймыз.

Эмоционалдық тұрғыдан қарағанда белгілі қимыл дағ-



дыларын, әрекеттерін, жаттығу, ойын жүктемелерін бел-

гілі жастан, белгіленген жаттығу, ойын түрлерінен, топ-

тармен, сыныптармен жүргізгенге дейін әрбір сәбидің, 

баланың өз бетінше немесе ересектердің (ұстаздардың) 

ықпалымен әртүрлі еңбек түрлеріне үнемі қатысып оты-

рылуы керек. Қарапайым жағдайда (шартсыз белгіленген 

нұсқаумен емес) бала қимыл әрекеті өзінің физиологи-

ялық мүмкіндігіне қарай өз ықтиярымен тиянақты атқа-

руға тырысады. Өз жұмысының нәтижесін көріп, көңіліне 

қуаныш сезімін ұялатады.

Әдебиет:

1.  Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы, 1994.

2.  Құнанбаев А. Көптомдық шығармалары. 2 Том. — Алматы, 2009.


46

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Педагогика

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің 

ерекшеліктері

Еспенбетова Шолпан Омарқызы, техника ғылымдарының кандидаты

Орақбаева Гулжазира Әбілқызы, студент;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Тимурқызы Айжан, мұғалім

№ 212 мектеп-гимназиясы (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе 



республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, 

адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге 

жетті.

Осыған байланысты ел басының халқына жолдауы 



тарапынан облыс мектептері мен білім ошақтарына кең 

қолдау көрсетілді. Ол негізінен ХХІ ғасырда өмір сүретін 

жас ұрпақ арасында салауаттылық өмір салтын орнықты-

руға арналған. Еліміздің қазіргі экологиялық жағдай-

ларын сауықтыруды ілгерілетуге экологиялық білім 

міндеттерін шешу үшін мектеп оқушыларына эколо-

гиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне айрықша 

көңіл бөлінуде. Экологиялық білім мен тәрбие беруді кү-

шейту — қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоға-

мымыздың алдында тұрған басты мәселе. Өркениеттің 

даму үрдісінің ажырамайтын құрамды бөлігі болғанымен 

химия және химиялық өндірістер көптеген экологиялық 

проблемалар тудырып отыр. Дегенмен химия және хими-

ялық өндіріссіз адам толық мәнді тіршілік ете алмайды. 

Бірақ қоршаған ортаның негізгі ластаушылары ретінде 

олардың зиянды әсерінен адамзат пен табиғат зардап ше-

гуде. Сондықтан химияны экологияландыру адамзаттың 

адамгершілік борышы болып саналады. Химия мен эко-

логиядағы кіріктірілген үрдістердің білім беруде маңызы 

зор [1].


Экололгиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене 

түсуі азаматтардың экологиялық мәдениетінің төмендігі. 

Дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ор-

таның тазалығы мен оны қорғаудың бірден-бір жолы жас 

ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім 

беру. Елімізде мектеп бағдарламасында экологиялық пән 

ретінде енгізілмесе де, оқушыларға химия пәнінің негізінде 

экологиялық білім беруге болады. Экологиялық білімді 

мектеп қабырғасынан бойына сіңіре білген әрбір азамат 

болашақта қоршаған ортаны сақтауға, бүлдірмеуге жана-

шырлықпен қарайтыны анық.

Химияны басқа жаратылыстану пәндерімен бірге оқыту 

айналадағы қоршаған орта және оның заңдылықтары ту-

ралы біртұтас түсінік қалыптасып, сол арқылы оқушының 

жан-жақты дамуына, адамгершілік қатынасының және 

еңбекке даярлығының қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі 

заман талаптарына жауап бере алатын ұрпақ, алдағы бо-

лашақ өмірде қандай дағдарыстағы түсетіні бізге беймәлім. 

Табиғатты аялап, оның құндылықтарын тиімді пайда-

ланып, сақтауда жас ұрпақ өзінің бойындағы тәрбиесімен 

қарайтыны анық. Қоршаған ортаны — тау, орман, су, тірі 

организмдер, пайдалы қазбаларды адам баласы барлық 

қажеттілігіне пайдаланып отыр [2]. Кең байтақ Қазақстан 

еліміз ірі өндіріс орындарына өте бай, сондықтан эколо-

гиялық мәселенің маңызы зор. Өйткені өнеркәсіптен 

шығатын бейорганикалық және органикалық қалдықтар, 

автокөлік шығаратын зиянды заттардың қоршаған орта 

мен адам денсаулығына тигізетін әсері зор болғандықтан

бейорганикалық және органикалық химия пәні барысында 

өнеркәсіп өндірістерін оқытуда экологиялық аспектілерін 

қарастыру қажеттілігі туындайды. Осы қажеттіліктің не-

гізінде алға қойған мақсатқа жету жолдары көрсетіліп, 

нақты шаралар белгіленеді. Бұл шаралар негізінде:

 

— оқу жоспарлары жасалынады;



 

— жаңа буын оқулықтары жазылып, дайындалады;

 

— оқу-әдістемелік кешендері жасалынады;



 

— оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары 

белгіленеді;

 

— базалық білім берумен қатар қосымша білім беру 



бағыттарын жетілдіру жолдары қарастырылады.

Бағдарламадағы оқыту процессін жақсарту мақсаты 

да оқыту процессін технологияландыру ісіне көмектесу 

үшін мамандар біліктілігін арттыру мақсатында қайта да-

ярлау арқылы үздіксіз білімді дамытуды көздейді. Қазіргі 

кездегі қоғам мектеп бітіруші түлекке бірқатар талап-

тарды қояды. Оларға жауап беруші мектеп түлегі:

 

— проблеманы көре алатын және оны шеше алатын;



 

— барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, қажеттісін 

пайдалана алатын;

 

— өзінің көзқарасы бар;



 

— өзінің көзқарасын нақты жеткізіп дәлелдей алатын;

 

— алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда 



пайдалана алатын;

 

— қоғамдағы кез келген топпен, жұмыс істей алатын 



болуы керек.

Осындай талаптарға сай жастарды тәрбиелейтін білім 

ордаларының бірі — мектеп өзінің оқу-тәрбие проце-

стерінде оқыту технологияларын пайдаланып, жаңа ғасыр 

адамын тәрбиелеуде жаңа қадамдар жасаулары керек. 

Жалпы оқыту пароцессі- бұл шығармашылық жұмыс, 

ал әрбір мұғалім жеке шығармашылықт қызмет етуі тиіс. 

Әрбір мұғалім оқыту технологияларының түрлерін игеріп, 

өзіне қажетті, тиімдісін таңдап алуы қажет. Бұл ретте 

оқыту технолгиясын түсінбей, қажет, қажет еместігін ажы-

ратпай, кез келгенін ала беруге болмайды. Өйткені әрбір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет