Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

26

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Политология

электоралды мәдениеті әлеуметтік-экономикалық рефор-

малардың эволюциялық даму қағидасына негізделеді. Қа-

зақстанда электоралды мәдениеттің жоғары дамыған де-

мократиялық деңгейге өзгеру перспективасы, сайлау 

процесінің ашықтығын қамтамасыз етуде және азамат-

тардың жағдайының деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін, 

елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын құру дәрежесін 

қамтамасыз етуде көрініс табатын элитаның белсенділі-

гімен байланысты.

Сондықтан  электоралды мәдениет — бұл саяси 

мәдениеттің құрамдас бөлігі, сайлау процесінде 

азаматтардың мінез-құлқы мен ұстанымын 

анықтайтын саяси түсінік, құндылық бағдарлар 

және білімдер жүйесі.

Әдебиет:


1.  Жаңа Онжылдық — Жаңа Экономикалық Өрлеу — Қазақстанның Жаңа Мүмкіндіктері. Қазақстан Республи-

касының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. — Алматы, 2010 // www. akorda. кz.

2.  Сыроежкин К. Л. Революция в Киргизии: что это было? // Политические процессы в Кыргызстане: итоги и пер-

спективы. — Алматы, 2005. — с. 20.



Қоғам өміріндегі әлеуметтік желілердің рөлі

Насимов Мурат Орленбаевич, саяси ғылымдарының кандидаты; 

Паридинова Ботагоз Жаппаровна, философия магистрі

«Болашақ» университеті, (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

үгінде қоғам мүшелерінің көпшілігі өз өмірлерін әле-



уметтік желілерсіз елестете алмайтыны анық. Әле-

уметтік желілер толықтай бүкіл әлемді қамтып, таны-

малдылығы жоғарылап жатыр және оның нақты жас 

ерекшелік немесе кәсіби шектеулері жоқ. Сонымен 

бірге, әлеуметтік желілер қазіргі заман азаматтарының 

тұлғалық әлеуметтенуіне ерекше ықпал жасайды. Әлеу-

меттендіру үдерісі барысында білім берудің технология-

лары, әдіс-тәсілдері қолданылатындығын ескерсек, өзекті 

мәселелер берілген тақырыппен ұштасады.

Адамзат өмір сүріп жатқан жоғары технологиялар ға-

сыры қоғам дамуындағы жаңа әрі өзгеше деңгейге әкелді. 

Ақпаратпен алмасу, адамдар арасындағы тілдесу, қа-

рым-қатынас орнату әдістері, жұмыс беру ұсыныстары 

мен іздеу жолдары, демалыс түрлері шын өмірден вирту-

алды әлемге өтті. Миллиондаған адамдар күнделікті түрде 

әлеуметтік желілер қызметтерін пайдаланады, жаңа до-

стар мен клиенттер, қызметкерлер іздейді, кейбіреулері 

уақыттарын бос өткізуге арнайды. Білім деңгейін жоғары-

лату мақсатында ғаламтор ресурстарын пайдаланғанымен, 

көбінесе әлеуметтік желілерді виртуалды тілдесу үшін ғана 

пайдаланушылар жеткілікті екендігі жасырын емес. Со-

нымен қатар, ХХІ ғасырдағы азаматтарды тәрбиелеу теле-

дидардан Интернетке көшті. Сондықтан оның қоғамдағы 

рөлінің жағымды және жағымсыз жақтарын ажырату 

ақпараттандыру ғасырында қиынға соғары анық.

Жалпы әлеуметтік желілерде жазылған заңдылықтар 

жоқ. Десек те, әлеуметтік желілер отбасы, мектеп, до-

с-жарандар секілді әлеуметтендірудің классикалық ин-

ституттарын қарқынды түрде ығыстыру қаупін туындатып 

отыр. Виртуалды қауым қалыптастыру шын мәнісінде әле-

уметтендірудің дәстүрлі уәкілдерін ауыстыруға ықпалы 

мол. Бірақ, пайдаланушылардың виртуалды әлемде иге-

ретін жағымсыз қасиеттері шын өмірге келгенде әлеу-

меттендірудің нақты процесін күрделендіріп, қалыптасқан 

қоғамдық ережелерді күйретуі мүмкіндігін ұмытпауымыз 

қажет. Өйткені, әлеуметтік желілерде ішкі тәртіптерге 

негізделген нормалар мен ережелер қоғамдық стандарт-

тармен сәйкес келе бермейді және оны бұзғаны үшін шын 

жауапкершілікке тартылатындығын кеш түсініп жатамыз.

Бүгінде әлеуметтік желілердің даму тенденцияларына 

байланысты түрлі көзқарастар бар. Әрине, оның даму ба-

сымдықтары әлеуметтік желі бағыт алып отырған мақ-

сатты аудиториямен тікелей байланысты. Негізінен әле-

уметтік желілерді белсенді әлеуметтік күш саналатын 

жастар кеңінен пайдаланады. Қазіргі заманғы қоғамның 

күнделікті өзгерістері жағдайында жастарға әлеуметтік 

желі сайттары жол сілтегіш құралы саналады. Сондықтан 

әлеуметтік желілерде берілетін кез келген ақпарат сөздері 

мен көздеріне мұқият қарағанымыз жөн.

Психология ғылымы әлеуметтік желілерді пайдала-

нудың жоғарғы өсімі әрбір пайдаланушылардың маңызды 

өмірлік қажеттіліктеріне әсер ететіндігі жөнінде айтады. 

Әсіресе, шын өмірдегі барлық кемшіліктерді виртуалды 

кеңістік көмегімен орнын толтыруда көмегін береді. Бірақ, 

виртуалды байланысты шамадан тыс пайдалану нақты 

кеңістіктегі қарым-қатынастарға қызығушылығын төмен-

детуі мүмкін. Десек те, социомедиалық революция оның 

жағымсыз жақтарына қарамайтыны анық.

Әлемнің әр аймағында түрлі әлеуметтік желілірдің 

танымалдылығы әртүрлі. Мәселен, Солтүстік Амери-

када MySpace, Facebook, Twitter, Nexopia және LinkedIn 

кеңінен таралса; Еуропада Facebook, Bebo, dol2day, 

Tagged.com, XING, Skyrock; Оңтүстік және Орталық 


27

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Political Science

Америкада Public Broadcasting Service, Orkut, Facebook; 

Азияның Филиппины, Малайзия, Индонезия, Сингапур 

секілді елдерінде Friendstar, Multiply, Orkut, Renren және 

Cyworld әлеуметтік желілері танымал.

Посткеңестік елдердегі әлеуметтік желілер тобы мы-

надай: Арменияда — Meet Friends, Hayland. am, Haysite. 

am, Kuku. am, EsHayem. am; Белоруссияда — ВСети. 

by, Takepin.com; Қырғызстанда — laytlux.tm.kg; Мол-

довада — Onspace.net, People. md; Украинада — 

Connect.ua; Өзбекстанда — muloqot. uz, youface. uz, 

sinfdosh. uz. Википедияның орыс тілді материалда-

рында Қазақстанның әлеуметтік желілері төмендегідей: 

on. kz, vseti. kz, my.nur.kz, 

www.newkaz.kz, pautina. kz, 

nsc. kz, liveinternet. kz, namba. kz, 

www.birge.kz [1]. Уи-

кепедияның қазақ тілді нұсқасында тек Zhelide. kz және 

www.kazlife.com көрсетілген. Сонымен қатар, Ресейлік 

әлеуметтік желілер қатарына В Контакте, Мой Круг, Мой 

Мир@mail.ru, Одноклассники. ru, Живой Журнал жөнінде 

атап көрсеткен [1, 2].

Сонымен бірге, WEB 2.0 форматында белгілі бір 

бағытты ұстанған арнайы ресурстар да бар. Мәселен, 

ғылыми мақалалардан құралған сілтемелер базасының 

әлеуметтік каталогтары, кітаптар топтамасын ұсынатын 

әлеуметтік кітапханалар, ойындар тізімін ұсынатын 

желілік ойындар әлемі, алысты жақындастыратын геоәле-

уметтік желілер, кәсіби тәжірибемен бөлісетін кәсіптік 

әлеуметтік желілер, жас және гендерлік ерекшелік-

терге тән әлеуметтік желілер, қайырымдылық көмек бе-

руге бағытталған әлеуметтік-қаржылық желілерін ға-

ламтордан табуға болады [1, 2].

«Internet World Stats» агенттігінің кезекті зерттеу нәти-

жесіне мән берсек. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Қа-

зақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күн-

делікті пайдаланады. Ең танымал әлеуметтік желілердің 

қатарында күніне 1 млн 125 мың рет қаралатын «Мой 

мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 525 

мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын 

«Facebook» — ті жатқызуға болады.

Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен 

«mail.ru agent» — ке кіреді. Өйткені, бұл ақпарат ал-

масудың тиімді әрі арзан жолы. Агенттік ұсынған тағы 

бір қызықты дерек, әлеуметтік желілердегі әрбір екінші 

адам өзі жайында өтірік мәлімет жазады. Тарқатып ай-

тсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы 

отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қы-

зығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмы-

сына қатысты өтірік айтатын болып шыққан [3]. Әрине, 

бұл нәтижелер көпшілікті ойландыруы қажет деген пікір-

деміз.


Бүгінгі таңда еліміздегі қызмет атқаратын кез келген 

мекемелер ғаламторға өз сайттарын орналастырумен 

қатар, кері байланысты қалыптастыруда әлеуметтік 

желілер көмегіне сүйенеді. Әрине, әлеуметтік желілер 

арқылы өз қызметтерін насихаттау немесе сілтемелер 

беру арқылы жағымды жақтарын көрсетуде оның беретін 

көмегі орасан зор. Сонымен бірге, кез келген азаматтың 

электронды жәшігі болғандықтан оның ішкі сезімі өз-

гелер секілді виртуалды әлемге енуді қалайды. Әлеуметтік 

желілердің электронды шақыру хаттары да қызығушылық 

туындатады.

Қоғамдық дамудың қазіргі заманғы ерекшеліктеріне 

байланысты, бүгінде ғылымда адамды киберәлеуметтен-

діру [4] мәселесін тереңірек қарастырған жөн. Бұл ұғымға 

мынадай түсініктеме беріледі: «Өмірлік іс-әрекет кон-

текстінде қазіргі заманғы ақпараттық және комьютерлік 

технологияларды пайдаланудан орын алатын ықпал ету 

нәтижелеріндегі тұлғаның өзіндік сана құрылымындағы 

өзгеріс процесі, тұлғаның киберкеңістікте әлеуметтенуі». 

Бұл процесте жаңа мүдделер, себеп-салдар мен мақсаттар 

қоғам мүшелерінің психологиялық және әлеуметтік бел-

сенділігіне ықпал жасайды

Бұл ғылымның түрлі салаларындағы желілік, әсіресе, 

әлеуметтік желі ықпалына назар аудартып жатқандығын 

көрсетеді. Себебі, аталмыш ұғым кейбір қауымдастық 

мүшелері арасындағы кешенді өзара қатынастарды рет-

теуде қолданылады. Бүгінгі ғылымда әлеуметтік желілер 

әдістемесінің адам мінез-құлқына ықпалын зерттеумен 

қатар, ғылым салаларындағы инновациялық және мәдени 

ықпалдастығы қарастырылған жөн.

Қазіргі әлемдегі саяси және қоғамдық өмірдегі әле-

уметтік желілердің рөлін анықтау мақсатында SWOT-



талдау жасалды және оның нәтижелері төмендегідей:

Әлеуметтік желілердің жағымды жақтары: ком-

пьютерлік сауаттылықтың жоғарылығына байланысты 

ақпарат алу, алмасу жылдамдығы артады; халықтың билік 

органдары блогтарына хабарласуы арқылы кері және 

өзара байланыс орнатуға жол ашылады; іздестіру жүйе-

лері арқылы кез келген тақырыпта ақпарат алу және пай-

далану; тиімді пайдаланған жағдайда білімін толықтыру; 

сыныптастар мен курстастарын, ескі достарын табу және 

хабарласу; тек компьютер арқылы ғана емес, ұялы теле-

фондар арқылы да желіге ену; өз мүддеңе сай келетін аза-

матпен виртуалды тілдесу.

Әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары: бос 

уақыттың жұмсалуы; оппоненттің манипуляциялық тәсіл-

деріне мән бермей, алдауына түсу; ақпараттың ақиқаты 

мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың 

ұсынылуы; қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөз-

дерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін 

жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің болуы; ақпаратты кез 

келген тұлғаның өз мүддесі үшін пайдалануы; толықтай 

электронды бағыныштылық.

Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері: ақпарат алма-

суда сурет, бейне, блогтар мен микроблогтар, қауымда-

стық, чат және т. б. көздер арқылы қажетті мәліметтерді 

кеңінен пайдалану; өз профиліңді құру және автор туралы 

мәлімет ұсыну; мүдделері бойынша ортақ виртуалды до-

стармен қатар, өмірдегі достар, туысқандар, әріптестер, 

сыныптастар мен курстастар бірлестігін құру; халық пен 

мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты 

блогтар арқылы күшейтеді; кез келген жерде қажетті 

ақпаратты өз уақытында алу және пайдалану.


28

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Политология

Әлеуметтік желілердің қатерлері: орналастырылған 

ақпаратты кез келген азамат оңай тауып және өз қажетіне 

пайдалана алады; ұсынылған ақпаратты жұмыс берушілер, 

ата-ана, балалары, қылмыскерлер, құқық қорғау орган-

дары кез келген шараларға қолдана алады; әлеуметтік 

желілерге тәуелділік; ауызша, жазылмаған заңдар бас-

шылыққа алынады; заңнамалық базаның әлсіздігі; вирту-

алды тілдесуге байланысты сөйлеу, ақпараттың жылдам 

алынуы және жеке ізденістің жоқтығына байланысты 

ойлау қабілеті кемиді, дүниетанымы төмендейді; компью-

терлік тролльдер қақпанынна түсу.

Әлеуметтік желілердің кеңес берушілік қасиеттерін 

ғылыми зерттеуде төмендегідей мәселелер қарасты-

рылуы тиіс деп ойлаймыз: қоғам мүшелері бос уақыт-

тарын қалай өткізетіндігін анықтау; жаһандық Интернет 

желісін қолданушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 

өзгешеліктерін анықтау; пайдаланушылардың әлеу-

меттік желі ұғымы бойынша түсініктерін зерттеу; аза-

маттар қандай мақсаттармен әлеуметтік желілерді пай-

даланатындығын сараптау; пайдаланушылардың демалыс 

уақытын ұйымдастырудағы әлеуметтік желілердің беретін 

көмегін айқындау; желідегі қарым-қатынас шын тілде-

суге лайықты өзгерістері мүмкіндіктерін анықтау; әлеу-

меттік желілерде кеңінен таралатын әлеуметтік нормалар 

мен құндылықтарды зерттеу; әлеуметтік желілерде тара-

тылып жатқан нормалар мен құндылықтардың ықпалын 

айқындау.

Зерттеу жұмысы көрсеткендей, бүгінгі күнде Интернет 

жаһандық өрмегі адамзаттың қоғамдық-саяси, әлеумет-

тік-экономикалық өмірінде ерекше орын алады. Алдағы 

уақытта зерттелуі қажет мәселелері де жетерлік. Әсіресе, 

жасанды қоғам құру заманының жағымды жақтары мен 

жағымсыз жақтары, мүмкіндіктері мен туғызатын қатер-

лері пысықталып, зерделенуі керек. Қашып құтыла ал-

майтын ақпараттандыру ғасырындағы әлемдік білімді 

қалыптастыру барысында әлеуметтік желілерді пайдала-

нудағы білім қоғамын құру мақсатының тиімді тұстарын 

айқындау қажет.

Әдебиет:


1.  Социальная сеть // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://ru.wikipedia.org / wiki / Социальная_сеть

2.  Әлеуметтік желілер // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kk.wikipedia.org / wiki / Әлеуметтік_желілер

3.  Әлеуметтік желілерді күніне 5,6 миллион қазақстандық пайдаланады // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: 

http://www.baq.kz / news / 18917

4.  Плешаков В. А. Виртуальная социализация как современный аспект квазисоциализации личности // Проблемы 

педагогического образования. Сборник научных статей. Вып. 21. — М., 2005. — с. 48–49.



29

“Young Scientist”   #7.2 (87.2)   April 2015



Psychology

П С И ХОЛ О Г И Я

Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі 

психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

Ибрагимова Ғалия Ермағанбетқызы, магистрант; 

Қадырова Гүлнұр Мақсатханқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

аңа формацияда білім беру саласындағы барлық 



процесте, пән оқытушылары мен топ тәлімгер-

леріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда 

білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және 

тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды 

қажет етеді.

Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теори-

ялық және практикалық негізде психолгиялық қызмет 

көрсету қажеттілігі туындады.

Психология мамандығы Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне 

педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты 

негізінде, еңбек ақы қорынан жалақысы бекітілген, Қа-

зақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан 

Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына 

сүйеніп жұмыс атқарады.

Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш мил-

лиондай оқушы бар десек, ол саладағы психолог ма-

мандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте 

Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде психолог маманы бо-

луға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай психологты қажет ететін, 

елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.

Кез — келген білім беру жүйесінде білім алушы адам 

үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі 

басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, 

ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, 

барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қыр-

лармен сипатталады [1].

Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүй-

есінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек 

оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. 

Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі 

бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние 

жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды 

(алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, 

сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендер де кіреді).

Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күр-

делі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың 

бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, 

П. П. Блонский, Л. С. Выготский және т. б.). Яғни психо-

логтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшелігіне 

қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, 

оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л. С. Выгот-

ский бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп 

оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.

Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы ке-

зеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті 

оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде 

ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми 

білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойла-

удың дамуын қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті 

өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыпта-

сады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды 

ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап 

ететін» психологиялық қайта құру жүреді. [2].

Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала 

бақшадан мектепке ауысуымен байланысты бастауыш 

мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. 

Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. 

«Ал мұғалім былай айтты,» — деп бала шешесінің ай-

тқанына қарсы шығады. Осындай балалардың жаңа ке-

зеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу кезең-

дерінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, 

кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің 

соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейім-

делу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің 

ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекет-

тесудің де субъекті бола бастайды, оның өзі өте маңызды. 

Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.

Орта мектеп жасында (10-11-ден 14–15 дейін) жет-

кіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастармен қа-

рым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы 

балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық-ұйымда-

стырушылық, спорттық, көркемдік, еңбек сияқты түр-

лерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орын-

дауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, 


30

«Молодой учёный»  .  № 7.2 (87.2)   .  Апрель, 2015  г.



Психология

қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Ол 

түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала 

отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүм-

кіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді [3]. Бұл бала-

лықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл 

кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа 

құрылымдары — «ересектік сезімі» пайда болады.

Егер кіші мектеп жасы үшін оқу іс-әрекеті жетекші 

болса, онда орта жас оқушысы үшін жетекші ретінде сан 

алуан формалардағы қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады, 

оның арнасында құрдастарымен интимдік — тұлғалық қа-

рым-қатынаста, басқа жыныс өкілімен өте маңызды қа-

рым-қатынас та жатыр. Бұл жерде оқу іс-әрекеті іске 

асырылып жатқан белсенділік бола бастайды — ол 

жасөспірімнің даралануын «қамтамасыз» етеді. Әсіресе, 

оқу іс-әрекетінің құралдарын, тәсілдерін таңдауда ол өзін 

мақұлдап, бекітеді.

Жеткіншек жас үшін беделге деген қатынас та тән. 

Егер кіші мектеп жасында мұғалім беделі отбасы бе-

делінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен адам бе-

делі проблемасы білімбейді. Бір жағынан, жеткіншектің 

«мен — ересек адам» позициясы оны үлкендерге қара-

ма-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан — олардың бе-

делі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. 

Үлкен адам беделінің сақталуына ықпал ететін жағдайлар: 

«1. жеткіншек қоғамдық жағдайының өзгеріссіздігі, ол 

оқушы болды және болып қалады; 2. оның ата-анадан то-

лықтай материалдық тәуелсіздігі, олар мұғаліммен қатар 

тәрбиелеуші рөлінде болады; 3. жеткіншекте өз бетімен 

әрекеттену іскерлігінің болмауы» [4].

Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек қана 

өз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, 

«Мен» — тұжырымдамасымен өзгеше емес, сондай-ақ 

үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы өмірдегі 

орнымен өзгеше. Ол өзі үшін осы білім берудіжалғастыру 

формасын болжайды, шешеді және осыған байланысты 

не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналысу, 

тұлға аралық өзара әрекеттесу құндылығына бағдарла-

нады, осы уақыттарда педагог-психологтардың кеңесі ау-

адай қажет. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектеп 

оқушысы мәртебесіне өтеді. Жоғары мектеп оқушысы 

оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде — бұл оқуды жалғасты-

руды таңдаған адам. Жоғары сынып оқушысы (ерте жа-

стық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буынан 

жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына — гимна-

зияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден 

дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Таңдау жа-

сауға өмірлік ситуациялар мәжбүр етеді, ата-аналар тара-

пынан ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы 

кезеңде құндылық бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие бо-

лады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылу мен байланысты-

рылады. И. С. Кон атап көрсеткендей, «Қазіргі күнгі пси-

хология нақты, мінез‑құлықтық автономияны (жас 

өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше 

шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық авто‑



номия (ата-аналарынан тәуелсіз таңдалған, өзінің соған 

деген қызығушылығының, қажеттілігі мен құқығының 

болуы), мораль және құндылытық автономияны (іс 

жүзінде өз көзқарасының болуы қажеттілігі мен құқығы) 

ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономиялау 

мәселесін қояды» [5]. Осы жаста достық сенімді қатына-

стар өте маңызды. «Жоғары сыныпта оқушылардың фор-

малды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие 

болады», — дейді М. Ю. Кондратьев, олар «қандай да бір 

зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар 

мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің страте-

гиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан 

өткізіліп, сенімділікке тексеріледі. Осы кезеңде жоғары 

сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық 

таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау 

тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар 

үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында 

бейімділікке, өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес

сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық да-

муының нақты ситуациясындағы конъюктурасынан, пай-

дасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек 

қана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 

15–17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалып-

тасуы, тұлғалық өзін-өзі анықталу жолында табиғи бей-

імділікке адалдығын сақтап қалады. Жеткіншектік және 

жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау 

қажеттілігі жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің 

сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды [6].

Жоғары сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа 

түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы 

көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъ-

екті ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын 

анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін 

неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай: болашақ 

кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу 

іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықта-

удың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек 

білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым 

мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым 

көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар әр түрлі ке-

зеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын про-

блемаларды шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, со-

нымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, 

қиын балаларды анықтап әрқайсысымен жеке сұқпатаса 

отырып кеңес беруі қажет.

Білім мен тәрбие — егіз ұғым. Бұл екеуі әрдайым бірге 

жүргенде ғана адамның рухани байлығы кең болмақ. Ел 

болу үшін де ең алдымен тәртіп керек. Қазақ халқында «ел 

боламын десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтылмаса керек. 

Әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең 

бірінші білім емес, рухани білім керек, тәрбиесіз берілген 

білім — адамзаттың қас жауы» деген. Демек, тәрбиесіз 

берілген білім апат әкеледі.

Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен 

өлшеп болмайтын асыл қасиет — адамгершілік нәрін 

адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің бола-

шағы — жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жа-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет