31
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Psychology
стың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай
тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай
етіп даярлау, т. б. Бұлардың бәрі — педагог-психологтың
қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін
арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үй-
ренеміз және өзгеге үйретеміз.
Тек бұл тұрғыдан емес, көзімізді ашып, айналамызға
зер салып қарасақ, көптеген қателіктерге толы прце-
стер болып жатады. Біреуі — арақ пен темекінің соңынан
жүріп, түнгі клубтарға барып, нашақорлықпен айналысып,
өмірдің мағынасы мен мәнін түсінбейді. Осындай кереғар
қылықтармен айналысып, жастайынан түрме азабын көр-
гендер қаншама? Жаңа туған, өмірге шыр етіп келген бө-
бектерін тастап кеткен аналар қаншама? Неге олар мұндай
жолға түсіп кеткен? Осындай өмірдің тар жолдарына түсіп
қалған, қара түнекте өмір сүретін жандардың көзін ашуда
осы педагог-психологтар бірінші орында тұрады. Олардың
көзін ашып, өмірге қайта әкеліп, алдына мақсат қойдырып,
оны да елінің кірпіші болып қаланатын психологтардың
қазіргі таңда саны жетпейді. Ал өмірде жолы болмай, тек
басы қиыншылықтар мен зардаптардан таусылмайтын
жандар қаншама? Осы тұрғыдан да қарасақ, педагог-пси-
хологтар оларға күш-жігер, бағыт-бағдар берсе, оларға
сүйеніш болып әрдайым қолдап отыратын жан — ол пси-
холог [7].
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өрке-
ниетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас
ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыпта-
стырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арт-
тырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолдан-
балы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер
қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажет-
тіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық
жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүр-
гізе алатын — күрескер болуы керек. Өйткені ол ха-
лықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол
үшін еңбек ететін тұлға.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». — 2008.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру» тұжырымда-
масы. — 2008.
3. «Білім мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамасы.
4. Балғымбаева З. М., Ахтаева Н. С. Мектептегі психологиялық қызмет. Оқу-әдістемелік құрал. — Алматы, 2006.
5. Исследование рефлексии и речемысли. — Алматы, 1979.
6. Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология. — Алматы, 1982.
Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың
теориялық мәселесі
Рысбаева Гулнара Исаханқызы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Байболова Динара Тұрмағанбетқызы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Пірмахан Мархабат Нұрлыбекқызы, студент
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
О
тбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып
табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетін-
діктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қы-
змет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер
ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің
көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы;
әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отба-
сылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда
өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық екенін атап өтуге
болады.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала.
Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әр-
дайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет
етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы
кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі
зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға да-
муының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерт-
теген ғалымдар Фельдштейн Д. Л, Кондратьев және т. б.
тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы ше-
телдік ғалымдардан Кон И. С. Дубровина зерттеді, ол жас
ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гав-
рилова Г. П., Драгунова Т. В. және т. б, ал танымдық эмо-
циялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін
Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен
қызметі туралы Баруалкина В. В. тұлғаның анамальды
даму механизмдері туралы Дозорцева Е. Г сияқты ға-
лымдар зерттеді [1].
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеу-
леріне үңілсек, Елубаева С. Б. «қазіргі қазақ жеткіншек-
тердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестік пен
32
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Психология
өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері
зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы
жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек ал-
дыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен са-
лыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді
түрде азаяатыны анықталды, өзіндік бағалаудың жалпы
құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық»
сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың
кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы бай-
ланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы тұлғалық
жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының ізде-
стіру мен үлгісін жасау болып табылады, ал жеткіншек-
терді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге
өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншек-
терде осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдай-
лары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген от-
басылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға
алынып отыратын бағыт болып табылады [2].
Шалғынбаев Т.
М. «мінез –құлқы дезадаптивтік
жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қа-
тынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты жұмы-
сында» мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік
қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісіа-
ралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде
психологиялық зерделеу, сондай-ақ психологиянық көмек
көрсету мазмұнын жасау болып табылды. Зерттелу бары-
сында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиет-
терінің даму ерекшеліктері анықталған.
Ж. Намазбаеваның жетекшілігімен С.
Ж. Өмірбе-
кованың «жас өспірімдік және ерте балауса жас кезін-
дегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері» мектептегі оқыту
жағдайындағы әр түрлі факторлардың жас өспірімдік
және ерте жастық кездегі өзіндік бағалауға әсер ету ерек-
шеліктерін анықтауға болатынын атап көрсеткен бо-
латын. Өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық
бөліктерінің ерекшеліктері айқындалды. Өзін-өзі баға-
лаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жас өспірім
кезден ерте жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет
етуі, жас өспірімдер мен ерте жастық шақтағылардың
қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына байла-
нысты өзін-өзі бағалауының танымдық және эмоциялық
бөліктерін зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы
жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму ерек-
шеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықта-
удан тұрады. Сонымен қатар, тұжырымдай келе: қала
мен ауылдың жас өспірімдер мен балаң жас кездегілердің
өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі
бағалаудың эмоциялық, сондай-ақ танымдық бөліктерінде
көрінеді деп көрсетті [3].
Солардың ішінде Шолпанқұлова Г. К. «гумандық қа-
рым-қатынас» адам бойындағы адамгершілік, түсінік,
сезім. және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен
анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақ-
саты бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту
үрдісіндегі қарым-қатынас стилінің тәрбиелік негізін
дәлелдеді [4].
Шужебаева А. И. «отбасы тәрбиесі жағдайында бала-
лардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын психоло-
гиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында: бала-
ларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі
қарым-қатынас проблемасы. Тұлға аралық қарым-қа-
тынас сферасындағы сәйкессіздіктер психологиялық-пе-
дагогикалық бағытта болады, ондай балалар тобын про-
блемалары бар балалар деп анықтауға болады. Мектепке
дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тұлға-
аралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау,
психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті дең-
гейде.
Сонымен қатар, Отбасы тәрбиесі жағдайында бала-
лардың ересектермен өзара қарым-қатынасының пси-
хологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана
қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мі-
незіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып,
балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес
бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсіл-
дері анықтауға болады.
Әдебиет:
1. Абдракова А. Б. Роль общения в воспитании трудных подростков. — Алматы, 2004.
2. Айдарбеков Қ. А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных вза-
имодействии. — Алматы, 2003.
3. Атоян А. Д. Конфликтология. — М.: Смысл, 2006.
4. Әбдумүтәліп К. Д. Тәртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп жағдайында тәрбиелеудің және қайта тәрбиеле-
удің педагогикалық жолдары. — Алматы, 2004.
33
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Psychology
Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын
қалыптастыру ерекшеліктері
Рысбаева Гулнара Исаханқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Қожабаева Гаухар Қожабайқызы, студент
«Болашақ» университеті, (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
О
тбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда
пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мі-
нез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар
сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып
табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне
тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы
ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым
жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе
болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетін-
діктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қы-
змет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер
ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің
көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы;
әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отба-
сылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда
өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [1].
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе
болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетін-
діктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қы-
змет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер
ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің
көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы;
әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отба-
сылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда
өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [2].
Жасөспірімдік кезеңі адам тұлғасының қалыптасы-
уында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде
бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын
кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде
жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер ке-
шеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде
және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көз-
дері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұта-
стай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға
негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік
жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен ма-
териалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды
психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның
жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына
ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына,
дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда
әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы
қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10–11
жастан 14–15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы,
балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес ке-
леді.
Біз жасөспірімдік «мен» деген қасиетін жете түсіну
үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе
екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қай-
шылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің
оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал
қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды
білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жа-
сындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әл-
деқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы
қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын біл-
меуді білдіреді.
Жасөспірімдік кезеңде үлкендерден өзінің есейгенімен,
өзбетілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қы-
здар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндет-
терді өз еркімен, орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде
туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы
шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен
емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүл-
діріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей
«мені бала деп сенбей отыр», — дейді. Егер осындай қа-
тынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар ара-
сында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге,
не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орын-
дамауға тырысады.
Жалпы алғанда жасөспірімдік кезеңде үлкендерге қо-
ятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үл-
кендер өзінің өмір баяанын мысал ретнде келтіріп, «біз
жас кезімізде мынадай болып едік..» деп, өзі сол кезде
қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателе-
скен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткін-
шектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір
емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген, не қиыншылықты
жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық
жағдайда сіңе бермейді [3].
Жасөспірімдік кезеңде балалар сырт пішінің жағынан
да, мінез-құлықы жағынан да ересектерге ұқсамйды, олар
әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентек-
тіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу
да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ,
ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қа-
тынасы да тұрақсыз басқаның ықпалына оңай көнгіш ке-
леді болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрі-
нетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында
жаңаның қалыптасуының маңызды үрдістері жүріп жа-
тады. Жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп,
елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу үрдісі көзге бірден
түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатта және
сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған
34
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Психология
формаларынан өте-мөте айрықша болып, кейде жеткін-
шектің мінез-құлқын ересек адамға жағымсыз жаңа сәт-
терді салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының
нақ өзі дамитын болады және жеткіншектегі дамудың жаңа
бағдарларын білмесе және олар ескерілмесе тәрбиелеудің
пәрменділігі аз болып шығады. ал жеке адамның қалып-
тасуы оның дамуының қалыптасуы оның дамуының осы
жауапты кезеңінде стихиялы түрде өтуі мүмкін.
Жасөспірімдік кезеңде аяқ басқан баланың жеке ба-
сының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер са-
на-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықта-
лады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы
бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басын-
дағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі ту-
ралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы бо-
лады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға
және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ере-
сектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән бел-
гісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп са-
найды, бірақ төңірегінділер менің ересек болғанымды
таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы,
толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі
сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке
адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы бо-
лады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге
деген жаңа өмірлік көзқарасын білдіреді, оның әлеуметтік
белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффек-
тивтік ықпалдардың жүйесін анықтайды [4].
Жасөспірімдік кезеңде өзіне тән әлеуметтік белсенділігі
ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынаста-
рындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық
тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңде жаңа құқыққа ие болмақ тілегі
ең алдымен ересектер мен қарым-қатынастың бүкіл са-
насын қамтиды.
Жасөспірімдік кезеңде бұрын ынталана орындайтын
талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін те-
жегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді»
қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, тіл алуды талап
етіп, жазалағанға оның мүделерімен, көзқарастарымен,
пікірімен санаспағанға, т. б. ренжіп, қарсылық көрсетеді.
Жасөспірімдік кезеңде өзінің қадір-қасиетін анық сезіну
шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқығынан
айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен
қарым-қатынатың балалық кезде болған типі жеткіншек
үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі ту-
ралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің
құқықтарын шектейді де, өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің
жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді, сенім
білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын тең
құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындатты-
руға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынба-
уының әр түрлі формалары ересектермен қарым-қатына-
старына тән типіне өзгерту амалы. Жасөспірімдік кезеңде
сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажет-
сінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен
қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа
мәселені туғызады. Жасөспірімдік кезеңнің маңыздылығы
мен ерекше орын баланың қарым-қатынасына тән, са-
налық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады.
Әдебиет:
1. Елубаева С. Б. Психологические особенности этнической и идентичности и самооценки современных казахских
подростков. — Алматы, 2004.
2. Жақыпов С. М., Бизақова Ф. Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. — Тараз:
Қорғау, 2007.
3. Күнсләмова Т. К. //Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агресси-
ялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу. Алматы, 2002.
4. Мұқанов М. М. //Жас және педагогикалық психология А.: Білім, 2002.
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-
психологиялық мүмкіндіктері
Тауипбаева Айнур Торебековна
1
, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Абдихайымова Гулжазира Торебековна
2
, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
1
«Болашак» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан);
2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Т
ұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекет түрлерінің ішінде
ақыл-ой және соған байланысты тұлғаның дамуындағы
өзін-өзі бағалау сұрақтары маңызды орын алады. Кез келген
ақыл-ой іс-әрекеті белгілі бір талаптармен мотивтер не-
гізінде жүзеге асады. Ақыл-ой іс-әрекеттің тиімді, жемісті
нәтижесіне жетуге жеке бастың қасиеттердің дамуы мәнді
сипат алады. Жеке адамның қалыптасуында өзіндік са-
на-сезім оның құрамдыс бөлігі болып табылады. Студенттер
35
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Psychology
өзінің даралық ерекшелігін сезіну ретінде өзгелер мен қа-
тынас жүйесіндегі өз орнын табу үшін ұзақ уақыт өзгері-
стерден өтеді. Олардың ақыл-ойының қалыптасуы негізгі
оның өмір жолындағы оқиғалармен, белгілі бір кезеңдер
мен жаңа құрылымдар мен байланысты болып келеді.
Тұлғаның болашақ мамандыққа қатысты психологи-
ялық дайындықтары мен ақыл-ой қалыптастыру меха-
низмдеріне өзін-өзі бағалау әсер ете ме? Осы сұрақтар
әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Өзін-өзі бағалау
бұл әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін,
өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік қасиет
іс-әрекетпен адамның айнала мен қарым-қатынас жасауы
барысында қалыптасып отырады [1].
Көптеген қатынас объектілерінен кейін ғана сана
өзіндік сананың және зейіннің объектісіне айналады. Өзін
қылықтың субъектісі ретінде сезініп, өзіне қатынасы зей-
інділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналуына көп-
теген тәжірибе жинақталу тиіс. Тұлғаның құрылымын
және оның тұтастығын қамтамасыз етіп жетілдіретін
нақты осы аталған қасиет. Олар өмірдің максатымен және
іс-әрекетімен, құнды бағдарлығымен, нұсқаулармен тығыз
байланыста, яғни өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
басқару және өзін-өзі уйымдастыру міндеттерін атқарады.
Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қаты-
насы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоцио-
налдық кұрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі
бағалау — бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегра-
тивті жұмыстың нэтижесі болса, екіншіден өзіне эмоци-
оналды-кұндылық жағынан қатынасы. Өзін бағалау —
тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді.
Өзін-өзі бағалау бастапқы кезде басқалардың өзін
бағалауының интериоризациясының нәтижесі — соңынан
эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан
қылықты ішінен басқару үрдісіне айналады.
Рухани өсу баланың алғашқы өсу дәуірінен қалып-
тасады, оның «Мен» деген сөзі қалыптасады. Мысалы:
«Мен өлең айта аламын», «Мен сурет сала аламын»,
«Мен анамды жақсы көремін», «Мен айтайыншы!» т. б.
«Мендік» көп айтуға тырысады. Мысалы: бір жасында
бала өз дене бітімін қабылдап игере бастайды, ал үш жа-
сында іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін «Мен»
ретінде ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра
отырып, өзіне деген жеке даралық және дербес субъектілік
қатынас пайда болады. Жеті жаста эмоционалды ұғыну,
өзін-өзі бағалау туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде
ұғынылады. Ата-ананың біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір
мінез-құлық түрлері мен психикалық жағдайларының бел-
гілі бағдарламасын қалыптастыру жүреді. «Мен» обра-
зында «шынай-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда
болады. Жасөспірімдік және бозбала мен бойжеткендік
кезеңде «Мен» — тұжырымдамасы нығайып, «Мен» си-
патын, образын ұғыну тереңірек сипатта болады. Өзін-өзі
бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және өзіндік сана
жоғары даму деңгеіне жетеді [2].
Тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі ол адамның өз
«Менін» айыра алуы. «Меніне» өзіндік дене бітімін,
жақындарын, өзіне тиісті заттарды т. б. жатқызады. Ал
психологиялық саладан алғанда тұлғаның мінез-құлқын
айқындайтын өзіндік қасиеттеріне темперамент, мінез,
қабілетті жатқызады. Сондықтан «Мен» тұжырымда-
масы дегеніміз адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі,
ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге не-
гіздеп құрады және өзіне-өзі сол тұрғыдан қарайды.
Өзіндік сананы дамытатын козғаушы күштерді ин-
дивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағыла-
рымен ара-қатынасын өзгерте алуынан іздеу кажет. Сана,
өзіндік санадан өз «Мен» — інен туындамайды, керісінше
тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола
бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және те-
ориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, «мен» — нің өзі
сол іс-әрекетте қалыптасады.
Өзіндік сананың даму тарихы тұлғаның шынайы да-
муымен, оның негізгі өмірлік жолындағы уақиғаларымен
үздіксіз тығыз байланыста. Қоршаған ортадан өзін бөле
алатын субъект ретінде тұлға дамуының алғашқы кезеңінде,
ол өз тәнін (денесін) игеріп, ырықты қимыл-қозғалыстарды
жасайды. Соңғысы бірінші заттық әрекеттер үрдісінде қа-
лыптасады. Дамудың келесі сатысы, өз бетімен қозғалы-
стар жасай алуында көрініс береді. Мұндай жағдайда сол
әрекеттердің техникасы емес, айналадағы адамдармен ин-
дивидтің ара қатынасының өзгерісі, ұстай алатын қимыл-
дарды өздігінше игере алу мүмкіндігінің мәні зор. Адам әр
түрлі әрекеттердің шынайы субъектісі ретінде айналасын-
дағылардан бөліне бастайды. Осындай объективті фак-
тіні ұғыну негізінде өзіндік сананың және өзінің «мен» —
і туралы алғашқы елестер туындай бастайды. Мұнда адам
өзінің дербестілігін, қоршаған ортадағылардан ерек-
шелігін басқалармен ара қатынасы арқылы өзіндік санасы
жетіледі, яғни басқа адамдарды танудың арқасында өзінің
«Мен» — ін таниды. «Мен» — нің «саған» деген қатына-
сынсыз болуы мүмкін емес, өзіндік сананың дербес басқа
адамды субъект ретінде түсіну негізінде ғана қалыптасады.
Өзіндік сана салыстырмалы түрде сананың кешеуілдеп
дамуының жемісі, баланың практикалық субьект ретінде
айналадағылардан өзінің ерекшелігін саналы бөле алатын
сапалық негізі. Өзіндік сананың даму тарихында негізгі
жәйт сөйлеуді игеру, ойлау мен сананың тұтастай бар
екенін көрсетеді. Сөйлеу бала санасының дамуында ма-
нызды рөл атқара отырып, оны қоршаған ортадағылармен
арақатынасын өзгертіп, әрекеттену мүмкіндіктерін өрбі-
теді. Қоршаған ортадағы ересектерге оған бағытталушы
объект болудың орнына, сөйлеуді игерген бала олардың
әрекеттерін өзінің тілегіне сәйкес бағдарлайтын мүм-
кiндiктepгe ие болып, әлемге өздігінше ықпал ете алады.
Бала қылығындағы осындай және басқалармен қатына-
старындағы өзгерістер, оның санасына да әсер етіп, оның
басқа адамдарға деген ішкі өзгерулеріне алып келеді [3].
Субъектінің дербестігі қандайда болмасын тапсыр-
маларды орындауымен шектелмей, одан да маңызды өз
іс-әрекетін саналы түрде алдындағы түрлі міндеттер, мүд-
делер арқылы бағытын анықтай алуға жетелейді. Бұл ішкі
дүниесінің үлкен жұмыстар жасауын талап етіп, тұта-
|