Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

10

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Сельское хозяйство

1. Бие сүтін өлшеу;

2. Сүзгіден өткізу;

3. Температурасын өлшеу;

4. Сүттің қышқылдығын, тығыздығын және май-

лылығын анықтау.

Ашыту және сапыру (пісу). Сүтті қабылдап, өңдегеннен 

кейін, оны 26-28

0

С жылылықта ашытады. Сүтке өндірістік 



ашытқыыны қоспаның қышқылдығы 50-60

0

Т көтеріл-



генше құды. Сүтке қор қосылғаннан кейін пісуді бастайды. 

Қымызды 60–80 минут бойы піседі, былғауыштың ай-

налу жылдамдығы минутына 480 айналым болуы керек. 

Қышқылдығы 55–65

болып, қымыздың өзіндік бір 



жағымды иісі шыққаннан кейін пісуді тоқтатады.

Жетілуі мен газдануы. Қымызды құйып, тығындағаннан 

кейін жетіліп пісуі үшін және өз-өзінен газдануы үшін оны 

2–3 сағатқа бөлме температурасына қойып, содан соң 

6

0

С жылылықтағы тоңазытқышқа салады. Қымыздың газ-



дануының аяқталғандығын оның тығыздығын алғаннан 

кейін шөлмекті жеңіл сілкігенде пайда болатын көпіршік-

терден біледі.

Қымыздың жетіліп пісу уақыты деп сүтті ашытқан 

кезден бастап, мекемеден сатылуға шыққанға дейінгі 

уақыты айтылады.

Қымыз категориясы. Жетіліп пісу уақытына, күштілі-

гіне (ащылығына) байланысты қымыз үш категорияға 

бөлінеді:

1. Әлсіз (жетілуі 5–6 сағат);

2. Орташа (жетілуі 1тәулік);

3. Ащы, күшті (жетілуі 2 тәулік).

Әдебиет:

1.  Кәрімбеков Ж., Төреханов А., Дәменов Ш., Жазылбеков Н. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру техноло-

гиясы. — Алматы, 2005.

2.  Бегімбеков Қ., Төреханов А., Байжұманов Ә. Мал өсіру және селекция. — Алматы: Бастау, 2006.

3.  Өтесінов Ж., Ділімбетов М., Садуақасов М. Мал өсіру және селекция. — ІІ том. Қызылорда, 2013.

4.  Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б. Мал шаруашылығы. — Астана, 2010.



11

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Economics and Management

Э КО Н О М И КА   И   У П РА В Л Е Н И Е

Өнім сапасының экономикалық категориясы және менеджмент объектісі ретіндегі 

теориялық проблемалары

Мұратбаева Гүлмира Алмабекқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; 

Смайлов Мұрат Өмірзақұлы, экономика магистрі, аға оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

С

апа проблемалары — халықтың өмір сүру деңгейін 



арттырудың, экономикалық, әлеуметтік және эколо-

гиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы 

болып табылады. Сапа — қызметтің барлық жақтарының 

(стратегия жасау, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және 

басқалар) тиімділігін сипаттайтын кешенді түсінік. Сапа 

жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі өнімнің сапасы 

болып табылады. Әдебиеттерде және практикада сапа 

түсінігіне әртүрлі анықтамалар берілген [1].

Сапа бұл ең алдымен философиялық категория екенін 

атап өткеніміз жөн. Ең алғаш рет біздің эрамызға дей-

інгі ІІІ ғасырда Аристотель сапа түсінігіне талдау жасаған. 

Мысалы, сапаға Гегельдің (ХІХ ғ.) берген философи-

ялық анықтамасы бар: «Сапа бұл ең алдымен болмыспен 

теңестірілген айғақтық, яғни бұл қандай да бір нәрсе 

өзінің сапасын жоғалтқанда, өзі де жоқ болады деген сөз.» 

Осыған ұқсас көптеген философиялық анықтамаларды 

атауға болады. Сапа категориясы — объектінің объек-

тивті болмысының маңызды жағы айғақтықты қарасты-

рады. Объект сапасы — оның белгілі бір қасиеттерін ғана 

қарастырмайды, ол объектіні толық қамти отырып, бөлін-

бейтін біртұтас сипатта қарастырады. Сондықтан да сапа 

түсінігі зат болмысымен байланыстырылады.

Басқарудың жаңа әдістерін алғашқы рет іс жүзінде та-

бысты қолданған жапондықтар болды. Олар ірі фир-

маларды дезинтеграциялау саясатын белсенді жүргізе 

бастады. Басқару иерархиясын қарапайымдандыру оларға 

инновациялық процестерді тездетуге және тиімділікті арт-

тыруға мүмкіндік туғызды. Ал жоғарғы аталғандардың 

барлығы өнім сапасының жақсаруына, өндіріс және экс-

плуатациялық шығындардың төмендеуіне, жапон фирма-

ларының дүние жүзілік нарықта позицияларының күше-

юіне әкелді [2].

Адамзат тәжірибесінде қоршаған өмірдің болмыстық 

шынайлылығының құбылыстары мен объектілерінің сан 

түрлілігіне байланысты күнделікті сапа түсінігі толық 

емес, көп түрлі, нақты емес, бірақ соған қарамастан әрбір 

жағдайда нақты қарым — қатынас талаптарына жауап 

береді. Қазіргі әлемдік өндірістің басым бөлігі тауар өн-

дірісімен айналысады. Сондықтан да, қандай да дай-

ындалатын өнімнің тұтыну құны да, өзіндік құны да бо-

лады. Бұдан сапа фирма қызметінің барлық жақтарының 

тиімділігін бейнелейтін кешенді түсінік деген пікір туын-

дайды. Өнімнің сапасы экономикалық категория ретінде 

кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері — 

өзіндік құнмен, бағамен, пайдамен, рентабельділікпен 

және тағы басқаларымен тығыз байланысты және белгілі 

бір шамада оларды қалыптастыруға ықпал етеді. Өнім са-

пасын арттырудың мәнін макродеңгейде және микро дең-

гейде, яғни кәсіпорын деңгейінде қарастыру қажет. Өткізу 

нарықтары үшін күресте сапа тауардың бәсекеге қабілет-

тілігін қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Ол 

өнімнің техникалық деңгейі мен тауардың тұтынушы үшін 

пайдалы функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эрго-

номикалық және экологиялық қасиеттері арқылы қалып-

тасады. Сонымен, бәсекеге қабілеттілік тұтынушының 

қажеттілігін қанағаттандыратын тауардың сапалық 

және құндық ерекшеліктерінің жиынтығын анықтайды. 

Егер осындай ұқсас тауарлар көп болса, тұтынушының 

шығарған шығындары бойынша ең пайдылысы бәсе-

кеге қабілетті болады. Сапаны арттыру әрине қосымша 

шығындарға әкеледі, бірақ бұл тауарды өткізген уақытта 

түскен пайдамен өзін ақтайды [3]. Нарықта лидер болу 

үшін жаңа (жетілдірілген, жақсартылған) тауар жасап, 

игермесе болмайды. Сапаны арттырудың маңызы әр алуан 

деп айтуға болады. Бұл пробелманы макродеңгейде шешу 

жалпы экономика үшін маңызды, өйткені салалар мен са-

лалар арсында жаңа және прогрессивті пропорциялар ор-

натуға мүмкіндік туғызады. Мысалы, ондай пропорция 

металлургия өндірісі мен машина жасау арасында болуы 

мүмкін. Бұл пропорцияларға машина жасау құрылысы са-

ласының өнімін өндірудің технологиясын жетілдіру және 

оның үнемділігін арттыру жолымен қол жеткізуге болады. 

Машина жасау құрылысы саласының өнімінің сапасын 

арттыруға басқа салалардағы өндірістік процестерді авто-

маттандыру үшін маңызды. Өнімнің сапасы әрқилы меншік 


12

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Экономика и управление

түріндегі кәсіпорынның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі 

болып табылады. Нарықтық жағдайда жұмыс істеп тұрған 

кәсіпорын үшін тұрақты түрде сапалы өнім шығару аса 

маңызды болып табылады. Ең алдымен бұл кәсіпорын 

мәртебесін қалыптастырады. Кәсіпорынның мәртебесі 

жоғары болса, бұл атақтылық, даңқтылық, әйгілік, таны-

малдылық, тұтынушылардың фирмаға, оның тауарларына, 

фирмалық белгілеріне, жарнама құралдарына және т. б. 

жағымды қатынасы. Тұтынушы сатып алған құрал-жаб-

дықтың сенімділігінің жоғары болуы өндіріс процесінің 

қалыпты жұмыс істеуіне әкеледі, ал бұл жабдықтардың 

ақаулық және жоспардан тыс істен шығуын, «тар» орын-

дардың туындауын болдырмайды. Егер сапаға дұрыс мән 

берілмесе, ақауларды жөндеуге әжептәуір қаражат керек 

болады. Ақауларды болдырмау туралы ұзақ мерзімдік 

бағдарлама жасау арқылы үлкен жетістікке жетуге болады. 

Кешегі күнге дейін, сапа мәселесімен арнайы ұйымдар ай-

налысуы керек деген пікір қалыптасқан еді. Нарықтық эка-

номикаға көшу жоғары сапаға жету үшін әлемнің жетекші 

компанияларының тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігін 

көрсетті. Сапаны арттыруда тұтынушылар талаптары мен 

бағалауына және есептеулерге зор мән беріледі. Әлемнің 

бірқатар елдерінде жүргізілген зерттеулер, сапаға дұрыс 

мән бермеген кәсіпорындардың уақытының 60 % астамы 

ақауларды жөндеуге кететіндігін анықтаған. Сапа жүйесі 

ұйымды басқару жүйесінің мақсатты бір тармағы болып 

табылады. ИСО халықаралық стандарттары бойынша, 

сапа жүйесі дегеніміз — жалпы сапаны басқаруды жүзеге 

асыру үшін қажет ұйымдық құрылымдардың, әдістердің 

процестер мен ресурстардың жиынтығы. ИСО халықа-

ралық стандарттары бойынша, сапаны жалпы басқару де-

геніміз — сапа саласындағы мақсаттар мен жауапкершілік 

деңгейін анықтайды және осы құралдардың көмегімен 

сапа жүйесі шегінде сапаны жоспарлау, сапаны басқару, 

сапаны қамтамасыз ету және сапаны арттыруды жүзеге 

асырады. Сапаны оперативті басқару ИСО халықаралық 

стандартында «сапаны басқару» терминімен анықталады. 

«Сапаны басқару» — бұл сапаға қойылатын талаптарды 

орындау үшін қолданылатын, оперативті сипаттағы қы-

змет әдістері мен түрлері. Сапаны ұзақ мерзімдік басқару 

және оны жалпы ұйымдастыру ИСО халықаралық стан-

дарттарында «сапаны жалпылама басқару» терминімен 

анықталған. Бұл сапаны жақсартуға ұйымның барлық 

мүшелерінің атсалысуына бағытталған және тұтынушы-

лардың талаптарын қанағаттандыру арқылы ұзақ мерзімді 

жетістікке жетуге және ұйым мүшелері мен қоғам үшін 

пайда алуға бағытталған басқару болып табылады [4].

Аталған процестердің әрқайсысы көптеген операци-

яларға, процестерге және орындаушылардың қызметіне 

бөлінеді. Сонымен бірге сапаны басқару процесіне қа-

тысты процестер мен қызметтердің нақты бекітілген мақ-

саттары, бақылау (стандарттар) критерийлері, кері бай-

ланыс каналдары, талдау процедуралары және әсер ету 

әдістері нақты белгіленген. Сондықтан, сапаны басқару 

жүйесі мен нақты процесс басқарудың өзара байланысты 

күрделі жиынтығын құрайды. Қазіргі кезде сапаны басқару 

бойынша жұмыстар өнім өндірілгеннен кейін жүргізілген 

жағдайда ол тиімді деп саналмайды; бұл қызмет өнім өн-

дірумен қатар жүргізіліп отыруы қажет. Сонымен қатар 

сапаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда маңызды 

болып саналады, ол өнім өндіру процесінің алғы шарты 

болып табылады. Сапаны басқару төмендегі түсінік-

термен тығыз байланысты: жүйе, орта, мақсат, бағдарлама 

және т. б. Сапа менеджментінің басқа да концепциялары 

бар. Біз олардың сапаның басқару объектісі ретіндегі ең 

маңызды бөлігін ғана бердік. Аталған концепциялар TQM 

әдістемесінде әртүрлі сапа мәселелерін шешу үшін қолда-

нылатын әдістердің негізі болып табылады. Қазіргі фирма-

ларды басқаруда TQM — нің зор маңызы бар.

Басқарушы жүйе жоғарғы буынды басқарудан баста-

лады. Жоғарғы буынды басқарғанда фирма өткенімен са-

лыстырғанда үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігі 

бар деген стратегияны жетекшілікке алуы қажет. Фир-

маның ұйымдастырушылық құрылымда сапаны басқару 

бойынша жұмыстарды координациялаумен айналысатын 

арнайы бөлімдері бар. Сапаны басқарудың арнайы функ-

цияларын бөлімдердің арасында бөліп беру фирма қыз-

метінің көлемі мен сипатына тәуелді жүргізіледі.

Менеджмент объектісі ретінде сапа үшін менед-

жменттің барлық құрамдық бөлімдері тән: жоспарлау, 

талдау, бақылау [5].

Сапаны басқарудың қазіргі тәжірибесінде келесі бес 

кезеңді атап көрсетеді:

1. «Не өндіру туралы» шешім қабылдау және техни-

калық жағдайларды жасау;

2. Өндірістің дайындық деңгейін тексеру және ұйымда-

стырущылардың жауапкершіліктерін бөлу;

3. Өнімді жасау немесе қызмет көрсету процесі;

4. Ақауларды жою және анықталған ақауларды бола-

шақта болдырмау мақсатында өндіріс және бақылау про-

цесін кері байланыс арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету;

5. Сапа бойынша ұзақ мерзімді жоспар жасау.

Аталған кезеңдерді жүзеге асыру фирманың барлық 

бөлімдері мен басқару орындарының өзара әрекетестігін 

қамтамасыз етпей мүмкін болмайды. Мұндай өзара әрекет-

тістікті сапаны басқарудың біртұтас жүйесі деп атайды. Бұл 

сапаны басқарудың жүйелік тұрғысын қамтамасыз етеді.

Бірінші кезеңде сапа фирманың тауарлары немесе қы-

зметтері оның ішкі техникалық жағдайына сәйкес келетін 

деңгейді білдіреді. Бұл сапа аспектісі сапаның техникалық 

жағдайларға сәйкестенуі деп аталады.

Екінші кезеңде құрастырудың сапасы бағаланады. Са-

паны фирманың бұйымды құрастыру бойынша техни-

калық талаптарға жауап береді, бірақ құрастырудың өзі 

жоғарғы немесе төменгі сапалы болуы мүмкін.

Үшінші кезеңде сапа фирманың өнімін тұтынушы-

лардың нақты қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейде 

болады.

Фирма тауарлары ішкі техникалық жағдайларға сәйкес 



келуі мүмкін (бірінші кезең); бұйымның құрастырылуының 

өзі тамаша болуы мүмкін (екінші кезең); қызмет немесе 

бұйым тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттанды-


13

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Economics and Management

рмауы мүмкін (үшінші кезең). Сапаны басқару тәжіри-

бесінде осы үш кезеңді қарастырудың маңызы бірдей және 

осылардың кез — келген біреуі бойынша дұрыс жұмыс 

жүргізілмесе жұмыс алға баспауы мүмкін.

Өнімнің сапасы экономикалық категория ретінде 

кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері — 

өзіндік құнмен, бағамен, пайдамен, рентабельділікпен т. б. 

тығыз байланысты және белгілі бір шамада оларды қалып-

тастыруға ықпал етеді. Өнім сапасын арттырудың мәнін 

макродеңгейде және микро деңгейде, яғни кәсіпорын дең-

гейінде қарастыру қажет. Макродеңгейде өнім сапасын 

арттыру төмендегі жағдайларға мүмкіндік береді:

 

— тауарлар мен қызметтердің экспортын көбейтуге;



 

— экспорт құрылымын жақсартуға;

 

— ғылыми — техникалық жетістікті үдетуді жүзеге 



асыруға;

 

— қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға (өйткені 



өнім сапасын жақсартудың нәтижесінде еңбек құралдары 

мен заттарын, жұмыс күшін және қаржы ресурстарын 

пайдалану жақсы жолға қойылады);

 

— халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға (өйткені, 



өнім сапасын жақсартудың нәтижесінде нақы еңбекақы 

көбейеді);

 

— жоғарыда аталған жағдайлардың әсерінен мемле-



кеттің мәртебесі артады;

 

— халықты жақсы рухта тәрбиелеуге және т. б. жағдай 



жасайды [6].

Қорытындылай келе айтарымыз, өнім сапасының 

жоғары болуы мемлекет үшін ғылыми-техникалық 

жетістіктің дамығандығын, қоғамдық өндіріс пен экс-

порттық тиімділіктің артқандығын, бір сөзбен айтқанда 

қуаттылық пен гүлденуді білдіреді. Сондықтан да мем-

лекет шығарылатын өнім сапасын арттыру және сол дең-

гейде ұстап тұру саясатын жүргізу қажет, ал ол үшін оның 

барлық мемлекеттік тетіктері, ең алдымен құқықтық не-

гіздері іске қосылуы қажет.

Әдебиет:

1.  Ильенкова С. Д. Управление качеством: Учебник. — Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. — 69 с.

2.  Виханский О. С. Наумов А. И. Менеджмент: Учебник. — Москва: Фирма Гардарика, 1996. — 416 с.

3.  Сигарев М. И., Курьяков И. А., Кантуреев М. Т. Совершенствование экономичекого механизма хозяйствования 

современных сельхозформирований. Проблема агрорынка. — Алматы, 2000. — Т. 1. — с. 35–40.

4.  Казанцев А. К., Кабаков В. С., Николенко А. А. и др. Общий менеджмент: Дайджест учебного курса. — Москва: 

ИНФРА-М, 1999. — 252 с.

5.  Кравченко А. И. Социология менеджмента: Учебное пособие. — Москва: ЮНИТИ, 1999. — 366 с.

6.  Пикулькин А. В. Система государственного управления: Учебник. — Москва: Закон и право, Юнити, 1997. — 

352 с.


Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау

Сулейменова Заида Камаловна, аға оқытушы, экономика магистрі; 

Байменова Гүлнұр Айдарбековна, аға оқытушы, экономика магистрі

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азақстан өзiнiң көлемiнiң кеңдiгiмен, табиғатымен 



байлығымен және тарихи мұрасымен, қызықты мә-

дениетiмен және де осы күнге дейiн сақталған салт-

дәстүрiмен, өзiнiң үлкен туризмдiк потенциалымен 

мақтана алуына барлық негiз бар.

Бiздiң мемлекетiмiздiң туризмдiк жоспары қызықты-

рарлықтай. Сондықтан, өзiнiң «Қазақстан-2030» Ұлттық 

жоспарының басты бағытттарының бiрi туризмдi дамыту 

болып табылады, бұл ұлттық экономиканың маңызды сек-

торы болуы керек, халыктың әлеуметкiк жағдайын жоға-

рылатуға себеп болатындай, жаңа жұмыс орындарын 

ашып және ауыл аймақ көтеретiн, мемлекеттер мен ұлт-

тардың бiрлiгiн қолдайтын жоспар.

Егер де біз туризм арқылы елімізге кіріс кіргізгіміз 

келсе, ЖІӨ ге туризмнен түсетін пайданы арттырғымыз 

келсе, туризмді экономиканың бір саласы ретінде да-

мытқымыз келсе, мынадай ұсыныстар айтар едім:

Әлемдік стандартқа сай етіп дамытуымыз қажет. Тури-

стік фирмалардың жұмысын жақсы жолға қойып, қаржы-

ландыру мәселесін оңтайлы шешуіміз қажет. Сонда ғана 

мемлекеттің саяси саясаты, туризм дамуының жаңа стра-

тегиясы еліміздің экономикалық өсуімен өркендеуінің ке-

пілі болып табылатын еді. Сонымен қатар, туристік қызмет 

көрсету мәселесін жақсартар болсақ, (яғни қызметкерлер 

білімді, әлемдік стандартқа сай қызмет көрсетсе) шетелдік 

туристер ағылып келетін тағы бір мүмкіндік туатын еді.

Негізінен елімізде табиғаты тамаша, көрікті, өте сұлу 

жерлер көп. Ол жағынан біз кейбір елдерді шаң қап-

тырып кетуіміз ғажап емес. Сол сұлу жерлеріміздің көбісі 

игерілмеген, яғни көпшілік біле бермейтін жерлеріміз 


14

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Экономика и управление

өте көп. Сол жерлерімізді игеріп, туристік қызмет көрсе-

тетін орындарды мейлінше көп етіп салып, (яғни табиғат 

аясына) ұсынатын болсақ туристерді қызықтыратын едік. 

Елімізде туризмге өз — өзінен ұсынылып тұрған аймақта-

рымыз жетерлік. Сол аймақтарымыз жайлы әлемдік дең-

гейде жарнама жасалса екен деймін. Яғни жақсы танытар 

болсақ, біздің елге туристер көптеп келетін еді.

Бұл ұсынысым елімізде туризмді тез қарқынмен дамыту 

жолы деп ойлаймын. Ол үшін елімізді 4 ірі аймаққа бөліп, 

яғни Орталық және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қа-

зақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан деп бөліп 

алып, осы арқылы туристік кластерді құру керек.

Туризмдегi iскерлiктің маңызды мәселесi — ол туристiк 

фирманың шығынына, кiрiсiне, жалпы пайдасы мен табы-

сының шегiне талдаулар жасау. Шығынның шегi мен та-

быстың шегiн бiлу фирманың туристiк нарықгағы тәртiбi 

мен орнын шешуге мүмкiндiк бередi.

Туризм экономикасының маңыздысы — табыс фак-

торларына талдау жасау: жұмыс ақысы меп еңбектiң 

бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристiк рента 

(пайыз түрiнде түсетiн табыс). Туристiк рента мәселесi мен 

өнiмдер шегiне ерекше көңiл аудару керек. Бұл туризмді 

өзiндiк қаржылаудың iшкi көздерiн анықтауға мүмкiндiк 

бередi және туризм сферасындағы өндiру факторларының 

өнiмдiлiк шекарасын белгiлейдi.

Туризм экономикасы өзiне қаржы мәселесiн де енгi-

зедi: турфирмалардың өзiнің қаржы ресурстары, кредит 

алу мүмкiндiктерi, банкiмен және банк жүйелерiмен өзара 

қатынасы, барлық деңгейдегi бюджетпен қатынас және 

салық салу.

Туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер 

Президентіміздің дәстүрлі Жолдауына сәйкес — 

әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ретінде қаралуы 

керек. Бұл корпорациялар алынған пайданы сол өңірдегі 

халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени 

мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды. Олардың қызметі 

жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, 

кооперациялануды күшейтуге бағытталады. Сөйтіп, 

корпорациялар ірі жұмыс берушілерге, әрі ел дамуының 

жол-басшысына айналады. Сонымен, осы қабылданған 

саясатқа жан-жақтағы кәсіпкерлер, ірі туристік фирмалар 

мен шетелдегі инвесторлар сенім білдіріп, осы құрылып 

жатқан ұйымға қосылатыны айқын.

Аймақтық туризм қалыптасу үрдісіндегі жас салалардың 

бірі болғанына қарамай жақын күндерде оның қарқынды 

дамуын күтуге болады. ДТҰ мамандарының бірауыздан 

берген бағасы бойынша туризм XXI ғасырдың басында 

Қазақстан аймақтық экономикасының басты саласына 

айналады, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік 

жағдайын жақсарту жұмысында және Қазақстанның 

ұлттық экономикасын дамытуда негізгі факторлардың бірі 

болады.

Туристік қызметтердің өзіндік ерекшеліктерімен түсін-



дірілетін туристік қызметтер индустриясында түтыну ба-

стамасының болуы, сонымен қатар, табиғи, әлеуметтік-э-

кономикалық, адам және ақпараттық ресурстарының 

шешуші орын ашуы, аталмыш ресурстардың туристік қы-

зметте тікелей пайдалану мумкіндігі мен туристік саланы 

дамыту мақсатында трансформациялануы көрсетті.

Қызметтер аясы бейзатты игіліктер өндірісін аумақтық 

ұйымдастырудың маңызды факторы ретінде көрініп, өңірлі 

ішкі жүйенің функциялануының мәнді сипаттамаларын 

біріктіреді. Өңірлі туристік қызметтер нарығына жүр-

гізілген талдау, диссертациялық зерттеуде көрсетілетін 

қызметтердің мезодеңгейін реформалау мазмұны мен не-

гізгі үрдістері жайлы түжырымдама жасауға мүмкіндік 

берді, мүның өзі туристік қызметтер аясының қалып-

тасу процесін үлгілендіруде әдістемелік негіз құрды. Тури-

стік қызметтер индустриясындагы мемлекеттік реттеудің 

тиімді жүйесін құру үшін адекватты ақпараттық-анали-

тикалық базасы, қызмет ету секторының жағдайы мен 

даму үрдісіне өңірлі және мемлекеттік мониторинг жүйесі 

қажет. Әлеуметік ая жөнінде нақты және үнемі жаңар-

тылып отыратын ақпараттың болмауы, ізденушінін ой-

ынша, реформалау процесінің негізгі кателігі мен келеңсіз 

жағдайы болды.

Қаражаттық қолдауды негіздеу, салынған қаржының 

бағыты, қазақстандық қызметтер аясының, соның ішінде 

туристік қызметтер секторының, оның өңірлі ішкі жүй-

есінің ғылыми-аналитикалык бағалануы, әлеуметтік 

қоғамды калыптастыру контекстінде даму үрдісін бол-

жамдау теория мен тәжірибесiнiң өзекті сұрақтары болып 

қалып отыр.

Қызметтер аясының қалыптасу процесін институтцио-

налды реттеудің белсендетілуіне деген қажеттілік, туристік 

бизнесті мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттілігі әлеу-

меттік-экономикалық саясаттың көріністері мен бағыт-

тарын түбегейлі өзгертеді. Қазақстанда туристік ызметті 

дамыту саясатына талдау жасай келе, мемлекет норма-

тивті-құқықтық базаны, салық және қаражаттық реттеуді 

қамтамасыз етіп, өндіріс пен тұтынудың рационалды мо-

тивациялық жүйесінің қалыптасуына септігін тігізуі қажет 

екендігіне көз жеткіземіз.

Туристік қызметтердің теориялық және тәжірибелік 

аспектілерін зерттеу және Қазақстанда оны дамыту әлу-

етінің тәжірибелік нәтижелерін талдау негізінде кең және 

тар, атаулы мағынадағы «әлеуметтік бағдарланған» тури-

стік бизнесті жүргізу үлгісі ұсынылды.

Өңірлік бағдарлама қазіргі заманғы тиімділігі жоғары 

және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және 

экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамта-

масыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту сала-

сындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі 

бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру 

тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын 

дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолда-

удың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, 

елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шару-

ашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың не-

гізгі аспектілерін қамтиды.

Туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсе-

тулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірі-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет