39
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының
алатын орны
Досмамбетова Шолпан Базарбайқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
Ақышова Нұргүл Махсұтқызы — педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
«Болашақ университеті» (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Т
әрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның
арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие
процесінің негізгі мақсаты — жеке тұлғаны әлеуметтен-
діріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ор-
тадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға
ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы
тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес
сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орын-
дарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық
қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әре-
кетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде от-
басының да алатын ролі ерекше. Ұлы педагог В. А. Сухом-
линскийдің айтуы бойынша «Егер баланы тәрбиеленген
дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке
адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға
қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола
алады».
Дүние жүзінде, оның ішінде біздің отанымыз
Қазақстанда, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші
фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғалық қасиеттерді
қалыптастыру барысында адамгершілік тәрбиесі —
үзідіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның өмірге келген
күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұнын
оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы мен
мектептің орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап
ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса
бастайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен
бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тэлім-тәрбие
жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын
алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту
мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының
көмегі т. с. с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды
түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.
Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін
айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын
аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда
болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен
әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне
кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-
ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне,
тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің
күші осында.
Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам
баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін
әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы
тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен
ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды
тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі.
Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты.
Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын
орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы
байланыстарға тоқталамыз.
Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері
көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын
отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық
сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік,
әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға
негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-
шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты,
кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән
кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты
да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде
күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері
мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал
көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы
алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық
қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы,
әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты,
олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп
болады.
Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы
қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен
бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын
толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде
миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын
дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды.
Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге
тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға
мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер,
негізінен, солар.
А. С. Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай
деген: «Сіздің мінез-құлқыңыз — жеткіншек тәрбиедегі
бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ
немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы
ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен
қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз,
достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас
жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы
қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін
маңызы ерекше». Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі
40
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің
алатын орнын көрсеткен.
Әрине отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше
сыйлықтар беру сияқты дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ
жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар ұсыну
мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам
игілігі үшін емес, ата-анасынан сыйлық алу үшін деп
ұғып, үлкен сыйлық алу мақсатында олар саудаласуды
үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен
мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейтін
болып өсуі мүмкін. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі
үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін
ұмытпағаны абзал.
Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін
сынып ішінде оқушылардың қарым-қатынасын, қоғамдық
жүктемені орындауын, мектептегі сабаққа ынта-жігерін
айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескеру.
Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды
әртүрлі қабылдап жатады. Бірі ерекше ілтипат көрсетсе
кейбіреулері жақтырмайды. Сынып жетекшісі, психолог
екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып
отыруы керек. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын
жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық
жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының
мақсат міндеттері бір екенін ата-аналар жақсы түсіністе
болуы қажет.
Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы
қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен
бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын
толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде
миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс
таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы
мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін
пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін
де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның
ең асыл қасиетінің бірі — оның жұртқа ұнамды мінез-
құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму
процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі
негізгі өзгерістердің бәрі үйрету барысында меңгерілетін
психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.
Н.
К. Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды
педагогикалық минимуммен үйретіп, оларды ғылыми
тұрғыда қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет
айтқан болатын. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке
адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және
педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан
педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-
аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған басты
міндеттердің бірі.
Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға
беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бүге білмейтін
отбасыларында ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі.
Ең жаман нәрсе жекелеген ата-аналардың өзімшілдігі,
жеке басын күтіп кетуі. Кейде мұндай жаман нәрсе өз
баласына деген инстингтілігі, соқыр сүйіспеншілікке
айналады. Егер әке мен шеше өз жүрегінің барлық күнін
басқаларға беріп олардың тасасынан басқа адамдарды
көрмейтін болса, бұл дөрекі сүйіспеншілік ақыр аяғында
бақытсыздыққа айналады.
Бала отбасының айнасы, бір тамшы суда күн сәулесі
қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік
тазалығы да балаларда солай бейнеленеді. Мектеп пен
ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан
қырлы. Ол адамдардың өз қабілетін ашып, еңбекті сүйіп,
жасампаз бала білуінде де және қоршаған дүниенің
кеңдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасаулар
да, басқа адамды сүйіп өзі де біреудің сүйіктісі болып,
балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде.
Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты
қасиеттері мен ақыл сөздері, жастардың оларға деген сый-
құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-
оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-
психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің
ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай үйде өскен
балалар бақытты, олардың өмірінен алатыны да, өмірге
беретіні де көп болады.
Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал
азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен, олардың
өздері кіршіксіз таза адам болуы керек және баланың
бойындағы теріс қылықтардың пайда болу себебі
отбасыдағы үлкендердің жеке басындағы кемістіктермен
байланыстылығын түсінгені қажет. Сондықтан балаларды
тәрбиелеуде олардың ата-аналарына тәрбиелік ықпал
жасаудың ролі өте үлкен.
Мектепте оқушыларды оқыту барысында мектеп пен
отбасының ортақ күшімен балалардың барлық таным
процестері дамып, интеллектуалдық қабілеті көрініс
береді. Ата-аналармен жүргізілген кездесулер барысында
оларға балалардың интеллектуалдық даму негізінде
таным процестері жататыны, үйренудің түрлері және
үйге берілген тапсырмаларды орындау барысында, жүре
үйрену барысында ата-аналар үлкен роль атқаратыны
көрсетіледі.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше
формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының
басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген
мәселелер мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс,
оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және
тәрбие жұмысы, т. б. талқыланады және оларды одан әрі
жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Байланыс
формаларының екінші түрі — педагогтардың оқушылар
үйлеріне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен,
күнделікті өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және
тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-
аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. Мектеп пен отбасы
ынтымақтастығының үшінші формасы — педагогикалық-
психологиялық білімдерді насихаттай, яғни ата-аналарға
педагогикалық-психологиялық білім беру. Қазір ата-
аналар мен қалың бұқара халық арасында психологиялық
және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы
өте зор. Насихаттау барысында оқушыны тәрбиелеу
41
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
міндеттерін шешу жолдары талқыланып, отбасында
шешетін көптеген проблемалардың мән-мағынасы
анықталып, оны шешудің тиімді жолдарын табуға
мүмкіндік туады.
Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие
ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы:
әр адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін
сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген
адамдарға байланысты екендігін сезінеді.
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруда отбасының ролі, ата-анасының
қарым-қатынасқа балаларын үйретуі, барлық адами
қасиеттерді қалыптастыруда жетекші орын алатыны
анық. Отбасы — адамгершілік тәрбиесінің негізі
болғандықтан психологиялық қызмет көрсетуде ата-
аналарға балалардың теріс деп бағаланатын қасиеттерін
диагностикалау нәтижелерімен таныстырып, оларға бұл
проблеманы шешу жолдарын анықтаудың ролін көрсету
қажет. Тәлім-тәрбие процесі тиімді болуына халық
педагогикасының элементтерін пайдалану халық ағарту
саласындағы кейбір теріс жағдайлардың орын алуы,
мектеп, гимназия, лицейлердің оқу-тәрбие жұмысының
мазмұнында халықтың ежелгі тәрбиесінің ескерілмеуінде
екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.
Әдебиет:
1. Сухомлинский А. В. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.
2. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. — Алматы, 1977.
3. Макаренко А. С. Шығармалар. 5-том. — М., 1958.
4. Балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. — Алматы, 1991. — 162 б.
5. Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. — Алматы,
1993.
Студент жастарға дене және ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызы
Есіркепов Жандос Мергенбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Әлімхан Сымбат Әріпханқызы, студент;
Кенесары Сәуле Ғалымжанқызы, студент.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Т
әрбие — сан алуан, көпқырлы жұмыс. Оған та-
пжылмай атқарылатын ыждағатты көп еңбек керек.
Бұл мақалада күрделі де ауқымды оқу-тәрбие жұмысы
барысында қалыптасатын дене және ізгілік қасиеттердің
өзара сабақтастығы тұрғысында тұжырым, ұсыныс, пікір
айтуға талпынамыз.
Сөз болғалы отырған бұл екі қасиет жастардың (сту-
денттердің) бойында жоғарғы интеллектуалды деңгейде
мінездің, дене тұлғасын, рухани, мәдени деңгейін, адамгер-
шілік ар-ожданын, тіпті саяси көзқарастарын қалыпта-
стырады, шешуші рөл атқарады. Рас, мұнда дене, ізгілік
қасиеттерін үйретіп, оқытудың әдістемесі, жүйесі жеке
дара қаралып сөз болмайды, ол арнайы оқулықтарда (күш,
төзімділік шапшаңдық, ептілік, икемділік) тұжырымдалып
ұсынылады. Мұнда екі қасиеттің өзара сабақтастық тұста-
рына тоқталамыз. Өйткені, оқу-тәрбие немесе педагоги-
калық қызметтегі жетекші, басшыны, оқытушыны, ұс-
таз-тәрбиешіні, қазіргі студент- болашақ мұғалімдердің
адами болмысында аталған қасиеттердің өз дәрежесінде
қалыптасуы ешкімді бейтарап қалдырмауға тиіс.
Өмірде өз мамандығын жақсы меңгерген, білімді де
білгір (мысалы, физик, химик, тарихшы, әдебиетші, ин-
женер, т. б.) мамандар бар. Өмір әркімге өз қуанышы
мен ренішін қабат әкеледі, — деген қағиданы ескерсек,
сол білгір мамандардың кейбірінің өзі денесінің шы-
ныққан-шымыр, шапшаң да, жүйрік, күшті де епті болып
өскендігіне кінәлі емес шығар. Оны оларға неғұрлым
жас кездерінен бастап оқу-тәрбие саласында қызмет жа-
сайтын ұстаздар, тәрбиешілер, дене тәрбиесінің мұғалім-
дері, спорт жаттықтырушылары жүзеге асырулары керек.
Бұл оқытушы, мұғалім, тәрбиешілер үлесіне жатады. Бұл
жұмыстардың о баста жүйесіз, тиянақсыз, бақылаусыз,
дәрменсіз, нәтижесіз жүргізілуі болашақ әлжуаз, еңбек,
іскерлік қабілеті төмен, өмір тауқыметіне мойығыш, үнемі
өзін меңзеген ауруды жеңу үшін бүкіл уақытын сарып етуге
жұмсайтын мамандардың қатарының көбейуіне әсер етер
еді. Керісінше дене қасиеттерін бойына қалыптастырған
әрбір жас маман өмірде кездесетін сансыз тауқыметті оңай
нәтижелі шешуге, жұмысын жүйелі, саналы, тиянақты дер
кезінде атқаруға бейім тұрады. Оларда ой мен күш-қуат
сергектігі басым болады. Өмір сүруге құштарлығы артып,
кыруар жұмысты атқарып тастауға дайын тұрады.
Әрине, адам бойындағы күш-қайратты, шыдам-
дылықты, ептілікті, икемділікті тек спорт түрлері дене
жаттығулары, жаппай студенттерді қимыл-қозғалыс ой-
ындарына қатыстыру арқылы қалыптастыру керек десек
әбестік болар еді. Бұл тапсырмалар студенттерге шартты
түрде (белгілі бір уақытта, мерзімде, көлемде, деңгейде)
42
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
берілетін жүктемелер. Олардың бірқатары шұғылданушы-
лардың жеке мүмкіндігіне (жас, жыныс) қарай жетілетінін
ескерсек, көп жағжайда жастар бойына дене қасиеттерін
қалыптастыруда мұның өзі жеткіліксіз.
Кез-келген жаттығу, ойын, еңбек қимылдан туады.
Атақты шығыс философы, дәрігер, ғұлама ғалым Ибн Сина
«Ешқандай дәрі-қимылды алмастыра алмайды, ал көп қи-
мылдау — денсаулық кепілі», — деген еді. Өкінішке орай,
күнделікті тұрмысымыздағы сан алуан қимылдарға оның
денсаулыққа, дене қасиеттерін қалыптастыруға нақты
ықпал ететініне мән бере бермейміз.
«Бес жасар сәбиді автокөлік ішінде өздігінше тұруға
бейімдеу»; «Иін ағашпен су тасу»; «Шалғы орақпен
шөп шабу»; «Жер аударып егін егу»;«Ағаш жарып, отын
бұтау» т. б. сияқты жаттығулардың атаулары жоқ. Бірақ
осы еңбектерде қаншама дене шынықтыру сабақтарында,
спорт жаттығуларында кездесе бермейтін буын, бұлшық
ет, жүйке-қимыл әрекеттері жатыр. Мұның дене қасиет-
терін қалыптастыруда сабақ, жаттығу құрылымындақа-
рала бермейтін кейбір элементтері (кей тұста бұлшық
еттердің, буындардың барынша созылып, жиырылуы,
орындалу қарқыны, ұзақтығы, жұмыс деңгейінің жоға-
рылығы, т. б.) жиі кездеседі.
Тұрмысымыздағы кез-келген қимыл әрекеттерінен
бойымызды аулақ ұстауға тырысушылық бар. Әйтпесе,
5–6 жасар өзін-өзі ұстап тұруға мүмкіндігі бар бүлдір-
шінді автокөлік ішінде жапа тармағай қарияларша ор-
нынан тұрып, орын берудің қандай реті бар? Керісінше, ол
сәбиді өзін «қолайсыз» қалыпта- қимыл дағдысына әре-
кетіне баулу, машықтану мүмкіндігінен айырып отырмыз.
Жаяу жүрем дегенше — ұзақ өмір сүрем де», «Таза
ауаны жұтқаның — көп нәрсені ұтқаның», — деген халық
даналығы бекер айтылмаса керек. Ал, қазіргі адамдар
арасында көп тараған «Остреохандроз», «Гиподинамия»,
«Гипертония» аурулары осы аз қимылдың нәтижесі деуген
толық негіз бар.
Дені сау адам — еңбек етуге қабілетті іскер болып ке-
леді. Ондай адамда қиыншылықты жеңе алмаймын деген
үрей болмайды. Өмір сүруге құштарлығы артып, үнемі шат
көңілде жүреді. Ерік-жігері мойымайды. Бос сөзділікпен
қуыс кеуделіктен алшақ жүріп, өзіне-өзінің сенімі мол бо-
лады. Ия, бұл қайталап айтсаң, тек дені сау, көңілі ояу, са-
насы сергек адамдарға тән қасиет.
Спорт өнерінде (ойын жаттығу жарыс құралдарында)
жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастырудың таптыр-
майтын тұстары көп. Міне, спорт өнерінің құдіреті осында.
Спортшы үлкен нәтижеге жету үшін мыңдаған батпан зіл
темірді көтереді, шектен тыс күш-қуатын сарқып жұмсайды.
Ал, әрбір жауапты жарысқа дейінгі, жарыстан кейінгі эмо-
цияналдық толқулар, психикалықтепе-теңсіздік, әбі-
гер-әбіржушілік спортшымінез-құлқына, оның спортшы
болып қана емес, жүйкемен сезінген адамға (спортшыға)
тән ғана құбылыс. Ең бастысы бұл қимылдар ықтиярмен
табиғи жағдайда орындалады (команда арқылы емес).
Демек, дене қасиеттерінің өзі спорт өнері арқылы
спортшының жан-жақты күрделі еңбегінің нәтижесінде
қалыптасатыны ешкімге құпия емес. Ал, оны студент
жастарға еге білу білікті де білгір ұстаздардыңміндеті. Бұл
тәртіптенешуақытта алшақ тұратын мәселе емес. Қайта
күнделікті жауапкершілікпен қаруды қажет етеді. Өйткені
тұрмыстық мамандық өмір мұқтаждығы.
Басқа факультет студенттерін былай қойғандаДене мә-
дениеті факультеті студенттері жүйелі спортпен 4 жыл
мерзімінде тұрақты шұғылданғанның өзінде институтты
бітірген 4 жыл мерзімнен кейін маман-мұғалімдердің
жылдамдық және жылдамдық-күш қасиеті, 6–10 жас
аралығында күш қабілеті, дайындығы, одан әрі 11–16 жас
аралығында жылдамдық күші, ал 16 жас мерзімнен әрі
барлық дене қасиеттерінің төмендей бастайтынын ғылыми
тұрғыда дәлелденіп отыр.
Демек, дене қасиет, қабілеттері неғұрлым ұзақ сақталып,
жұмыс қабілетінің жоғары болуы үшін аталған қасиет-
тердің тыңғылықты өз дәрежесінде, студенттік жас ке-
зеңінде қалыптастырудың мәні зор. Дегенмен, дені саудың
жаны сау дей тұра, тек тұлғалы үздік қасиеттерін жақсы
меңгерген маман-ұстаз ғана педагогикалық тәлім-тәрби-
енің сан қилы өзекті мәселелерін шешуге лайықты немесе
дайын десек, әбестік болар еді. Бұл тұста дене мәдениеті ма-
мандарының өзіндік мамандықерекшеліктері бар деп айту
орынды. Бойын күш-қуат билеген (әрине бәріне ортақ пікір
емес) алғыр да, тіпті ширақ қимыл иесі ұшқыр ақыл ойдан
гөрі өзінің өзгелермен қарым-қатынасын жоғары эмоцио-
налдық деңгейде танытуға әректтеніп жатады. Мұның өзі
сырт көзге қас-қағым сәтте жіті әрекет танытудың көрінісі
деп ойлағанымыз пайымсыздық, ізетсіздік, тіпті кейде, өр-
шіл-өрескелдік туыстары белең алып жатады.
Сондықтан да болашақ ұстаздардың интеллектуалды,
ізгілік қасиеттерін қалыптастыру міндеті қатар жүргізілу
керек. «Күш барда, ақыл керек емес», — деген қағиданы
жоққа шығару міндеті тұруға тиіс. Спорт, дене мәдениеті
тарихында спорттық этикаға сай емес, жоғары дәрежелі
спортшылардың кері әрекет қылықтары тіркелген сәттер
бар. Олар өздерінің чемпиондық тұғырын үстем етіп не-
месе әлсіздер алдында алпауыттық танытқанымен дара-
ланған.
Әрине, үлкен жарыстарда чемпион болу үлкен мәртебе.
Ондай көрсеткіштерге кез-келген спортшы жете бермейді.
Ол көп тер төгіп еңбектенудің нәтижесі. Бірақ қол жеткен
табыстың қайсыбіріне болмасын мәз-мейрам болып, өз
өктемдігін өзгелерге орынсыз, нарықсыз өнегесіздікпен
таныту-ізеттілік нышаны емес. Күш-қайрат иелерін осы
жат мінезден арылтқанымыз абзал болар. Дене қасиет-
тері мен ізгілік қасиеттер ұштасып жатса, бұл қайсібір ма-
манның мәртебесін биік етпек.
Ізгілік қасиеті студент санасында өздігінен барып қа-
лыптаса қалатын дайын ереже емес. Бұл да көп қырлы
жұмыс, көп біліп, көріп, ақырында жадына тоқуды қажет
етеді.
Әрине, бұл тұста студенттерге оқытушының, жат-
тықтырушының білімдарлығы, интеллектуалдылығы, із-
денімпаздығы, нақтылығы, тұлғасы, тіпті сөз сақтауы
да ықпал етеді.
|