Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

35

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Education

aйтyлы кезеңде, педaгогтың жылдaр бойы жинaқтaғaн 

iс-тәжрибесiн жaңa aқпaрaттық технологияғa ұштaсты-

рyын қaжеттi сaнaйды.

Бүгiнгi тaңдa педaгогикa ғылымындa негiзгi бaзaлық 

iлiмдердiң бiрi «құзыреттiлiк» болып отыр. Құзыреттiлiк 

дегенiмiз — тұлғaның бойындa бiлiм, дaғды, iскерлiк, 

ерiк, күш-жiгердiң болyы. Құзыреттiлiк жaңa әлеyмет-

тiк-экономикaлық жaғдaйдa aмaн қaлyды қaмтaмaсыз 

етедi және олaр бәсекеге қaбiлеттi мaмaнмен қaмтaмa-

сыздaндырaды. Көптеген елдерде құзыреттiлiкке жaңaшa 

мән бере отырып, бiлiмдi жоғaры дәрежеге көтергенi 

aқиқaт. Құзыреттiлiк еңбек нaрығaндa тұрaқты өсiп оты-

рғaн тaлaптaрмен, шaпшaң технологиялық өзгертyлермен, 

соның iшiнде бiлiмдiк және еңбектегi мобильдiк өсyлермен 

негiзделген. Құзыреттiлiктiң жеке компaнентiн aнықтaй 

отырып, ол aдaмның aлдынa қойғaн мaқсaттaрын орын-

дayғa көмектесетiн сипaты мен икемделiгiн aйтaды.

Қaзaқстaнның әлеyметтi-экономикaлық дaмy мaқсaтын 

жүзеге aсырyдa кәсiптiк бiлiм беретiн оқy орындaрындa 

бәсекелестiкке қaблетi бaр болaшaқ мaмaндaрғa әртүрлi 

өндiрiстiк сaлaлaрғa дaярлay деңгейi бiлiм берy жaғдaй-

лaрымен aнықтaлaды. Қaзiргi тaңдa жaн-жaқты мaмaн 

дaярлay олaрдың әлеyметтiк, кәсiптiк, өздiк жұмыс 

жaсaй aлy қaбiлеттерiн дaмытyмен белгiленедi. Себебi, 

әлеyметтiк сaлa экономикaсын дaмытy осы болaшaқ 

мaмaндaрдaн төмендегiдей шaрттaрдың орындaлyын тaлaп 

етедi [3].

Жaлпы кәсiптiк құзыреттiлiк — әр сaлa мaнының 

кәсiби мaзмұнынa сaй қaрaстырылғaн. Құзыреттi мaмaн 

дaярлay мaқсaтындa «бiлiм aлyшылaрдың бiлiмдiк бел-

сендiлiгiн aрттырy технологиясын» пaйлaнa отырып, 

бұл оқытy технологиясы бойыншa бiлiм берy мaқсaты 

стyденттерге өндiрiстiк ситyaциялaр берy aрқылы өз 

бетiнше жұмыс жaсay қaбылетiн, дұрыс шешiм қa-

былдay мүмкiндiгiн қaлыптaстырy aрқылы бәсекеге қa-

былеттi мaмaн ретiнде дaмyынa көмектесy. Құзырет-

тiлiк — кәсiби мaмaн дaярлayдың бaсты сaпaсы екенiн 

әрдaйым есте сaқтaғaн жөн. Өйткенi елемiздiң сaяси — 

экономикaлық, мәдени, қоғaмдық өмiрiндегi өзгерiстерге 

сaй өзiнiң aлдындaғы үлкен жayaпкершiлiктi сезiнiп, өз 

iсiнiң шеберi, бәсекеге қaбылеттi, кең ayқымды, жaн-

жaнты дaмығaн мaмaн дaйындayғa ұмтылy- кәсiби бiлiгi 

мол педогогты қaжет ететiн зaмaн тaлaбы екенiн тaғы дa 

жүрегiнде жaзып aлyы керектiгiн тaлaп етедi. Кәсiби құ-

зыреттiлiк — жете бiлyшiлiк ұғымын енгiзyдiң қaжет-

тiлiгiн, оның мaзмұнының кеңдiгiмен, интерaктивтiк 

сипaтымен, «кәсiптiлiк», «бiлiктiлiк», «кәсiби мүмкiн-

дiктер» деген түсiнiктердi бiлдiредi. Педaгогтың құзырет-

тiлiгi 1-шi орынғa aқпaрaттық сayaттылығын, мәселенi 

дұрыс шеше бiлy қaсиетiн қояды. Құзыреттi педaгогтaн 

өз iсiнен шеберлiктi, жaқсы оқытyшы болy үшiн мaмaн-

дығынa қaжеттi қaбылеттiлiктердi және жaлпы әлемдiк 

мәдениеттi сонымен қaтaр өз елiнiң мәдениетiн, инте-

грaлды үдерiстердi меңгерген, әлемдiк бiлiм кеңестiгiнiң 

өресiнен шығa aлaтын тaлпынысы жоғaры, шығaрмaшыл 

болyы керектiгiн тaлaп етедi [4].

Педaгог қоғaм тaлaбынa сaй өзiн-өзi үздiксiз тәрби-

елеп отырaтын, ортaмен, aдaмдaрмен, стyденттермен 

қaрым-қaтынaсқa тез түсе aлaтын, ұйымдaстырy қaбы-

летi жоғaры тәжрибесi мол және тaғы бaсқa қaсиеттердi 

жинaқтaғaндa ғaнa оның бойынaн кәсiби құзыреттiлiктi 

aнық бaйқayғa болaды. Сондықтaн осындaй мiндеттердi 

орындaй aлaтын құзырлы педaгогтың aлдындa теориялық 

бiлiммен қaрyлaнғaн, aдaмдaрмен қaрым-қaтынaс мәде-

ниетiн меңгерген, бәсекеге қaбылеттi құзыреттi мaман 

дaярлay мiндетi жүктелiп отыр.

Педaгог ретiнде өзiміздің aқпaрaттық техгологиямызды 

меңгерy оны әрбiр сaбaқтaрымызда қолдaнy, құзыреттi 

педaгог болyымызға, сaбaқ берyдегi aмaл- тәсiлдерiмзді, 

дидaктикaлық жинaқтaрымыздың түбегейлi жaңaшa iс — 

әрекеттерiн жaсayымызға керектi технология екенiн aйтa 

кеткiміз келедi.

Қорытa aйтқaндa, кәсiптiк бiлiм берy бaрысындa 

үштiлдi дaярлықтa әрбiр кәсiптiк оқy пәнiнiң бiлiм 

мaзмұны мен әдiстемелiк жүйесi негiзiнде жеке тұлғaғa 

қойылaтын кәсiби деңгейiн, нәтижеге бaғыттaлғaн сayaт-

тылық шешiмiн тaбy керек.

Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал — тіл. Ал, 

тіл — адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, со-

нымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір 

тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани бай-

лығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген 

халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін таны-

татын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын 

танып білу — бізге мұратты іс. Ұлтаралық татулық — 

мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт 

өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі болар-

лықтай екені даусыз. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, 

егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде 

тіл саясаты Мемлекет басшысы

Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы 

да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Үштілділік мем-

лекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тіліне 

және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен 

қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс 

тілін білу — біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы 

екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қа-

зақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, 

ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен ара-

ласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығар-

мауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жаса-

уымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» 

меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз 

жаңа мүмкіндіктерді ашады. Жалпы алғанда «Тілдердің 

үш тұғырлылығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше 

ғана айтылған дүние емес, Президентіміз аталмыш тілдік 

стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал, өткен 

жылы Еуродақ өздерінде үш тілді білім тәжірибесін заңды 

түрде енгізді. Бұл тарихи қажеттілік. Әрбір адам өз туған 

халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі — 

ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалып-

тасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде ха-


36

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Педагогика

лықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. 

Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет. Елбасының өткен 

жылдың 29 мамырында Ақордада бір топ қазақ тілді бұқа-

ралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғыру 

және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы ке-

лелі кездесуінде «Тілдердің үштұғырлылығы» бағдарла-

масына, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып 

қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңы-

здысы бола береді. Қазақ тілі — Қазақстан Республика-

сының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай 

дәрежеде болады» деп сендірді. Орыс және ағылшын тіл-

дерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін 

шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арт-

тыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімде-

луді, заман көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол 

жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұр-

пымызды сақтап қала аламыз — деді.

Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдар-

ламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл — қазақ 

тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін кө-

теріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең 

ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін — мемлекеттік тіл, орыс 

тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықа-

ралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — за-

мана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап 

отыр. Сондықтан да, елімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени 

бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болады. 

«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде». Мемлекеттік 

тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек. Мынандай ша-

рықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы 

болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тіл-

дерінің ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын 

тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола 

білу-бәсекеге қаблетті елдің берік іргесі мен кемел келе-

шегінің кепілі.

Әдебиет:


1.  Қaзaқстaн Респyбликaсының «Бiлiм тyрaлы «Зaңы. Aлмaты 2008 ж.

2.  Қ. Р «Бiлiм тyрaлы» Зaңы. Aстaнa 27.07. 2007 № 319 — III.

3.  Қ. Р. «Бiлiм берyдi дaмытyдың 2011–2020 жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттiк бaғдaрлaмaсы».

4.  Нaзaрбaев Н. Ә. Қaзaқстaнның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // 

Егемен Қазақстан. — 2012. — 10 шілде

Жанұя құрамы ерекшеліктеріне байланысты баланың әлеуметтенуі

Абдихайымова Гулжазира Торебековна

1

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 



Тауипбаева Айнур Торебековна

2

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 



Рысбаева Гульнара Исахановна

2

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;



1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан) 

2

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)



Қ

азіргі заманда көптеген балалар дүниеге келтірген үл-

кендерімен емес, басқа адамдармен өмір сүріп дамуда. 

Яғни ата — аналары ажырасқан, дүние салған, неке құр-

маған не белгілі бір себептермен оларды баға алмайтын 

жанұялар. Бір жынысты оның ішінде әйел адам қарауын-

дағы балалар көбеюде. Мұндай жағдайларда жаңа жанұя 

құрылса, онда оны асырайды бағады, аралас жанұя деп 

атайды. Егер жанұяда тек бір ата-анадан тұрса, онда оны 

толық емес жанұя деп атайды. Толық емес жанұяларға ай-

ырықша талаптар қойылды. Мұндай жанұялардың 3 түрін 

бөліп көрсетуге болады. Оны Вирджиния Сатир былайша 

бөлді жанұядағы ата — ананың бірі кетіп қалған екіншсі 

қайта неке құрмаған, екінші тип-жалғыз басты адам бала 

асырап алды, үшінші-тип әйел баласын не қызын жалғыз 

тәрбиелейді. Көбіне бір ата-аналы жанұялар әйел-ана мен 

оның балаларынан ғана құралады. Бір ата-анадан ғана 

тұратын жанұя баланың тұлғалық дамуына жағдай жасай 

алады ма» деген мәселе тұрады. Толық емес жанұяның 

мәселесі балаға әйел адам мен ер адам туралы толық бейне 

құру қиындығында. Жанұяда қалған ата-ана үшін ба-

лада жоқ ата-ана туралы жағымсыз бейне қалыптастыру, 

әсіресе егер не ажырасу, тастап кету не одан да басқа өте 

ауыр тиетін жағдайда болса, өте оңай. Жанұяда жарсыз 

қалған әйел адам баласы барлық ер адамдар жаман, деген 

ой қалыптасып қалмауына өте қатты тырысуы қажет. Өй-

ткені мұндайды естіген ер болса ер адам баяу жақсы де-

генге қиын сенеді. Oның жаман емес екенін сезбеген 

ер бала, қалайша өзінің жақсы екенін сезе алмақ. Әйел 

адаммен ғана тәрбиеленген бала толық жанұяда тәрби-

еленбеген балаға қарағанда тезірек жетіледі. Егер оның 

психогенетикалық қажеттіліктері толық қанағаттанды-

рылса, бала үшін шешімін таныған әлеуметтік қажеттілік 

қана қалады. Бұл жерде де, психологтардың бақылауынша, 

жалғыз ана үшін бәрі біткен жоқ. Өте жақсы психологи-

ялық тұрғыдан тәрбиеленген бала ел үшін жаңа қыйын-

дықтармен кездессе олардың алдында сасып, шашырап 


37

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Education

қалмайды, керісінше оны өз бетімен жеңуге тырысып 

көреді. Жанұяның тағы бір типі — жалғыз әке жанұясы. 

Егер әке өз балаларының қажеттіліктерінің қаннағаттан-

дыра алмайтындығын сезсе ол үй жұмысы мен бала бағуға 

көмекші әйел шақыруы мүмкін алайда ол қызметші әйел 

ана шапағаты қажеттілігін қанағаттандыра алама. Көбісі 

оның жеке сапалары мен әкенің баласына, олардың 

әкесіне деген қатынасына байланысты. Мұндай жағдай 

өте күрделі, ол екі тараптанда үлкен сабырлылық пен 

түсініспеушілікті қажет етеді. Толық емес жанұяда тәрби-

еленгендіктен балалар әйел мен ер адамдар арасындағы 

қарым-қатынасты бақылай алмайды сондықтан олар бұл 

қатынастың толықтай моделін білмей өседі. Алайда бұл 

мәселелер шешімсіз емес әйел анадан ерлерге жағымды 

ұстанымы болуы мүмкін, сол себепті баласында жағымсыз 

қалыптаспайды. Әйел ана өзінің таныс құрметтейтін ер 

адамдарымен жақында жылы қатынас орнатуда баласына 

көмектеседі. Толық емес жанұядағы ер бала күрделі мәсе-

лемен кезігеді. Әйел ана еркелетуінің ортасында болған 

қоғамды әйелдер басқаратынына көзі жеткен бала енді 

ерлердің түкке тұрмайтын нақұрыс екен деп сезінеді. Ер-

лердің жалғыз әйелді қамқорлауға ұмтылуы олардың өз-

дерінің тәуелсіз өмірінен қол үзуіне әкеледі. Нәтижесінде 

көптеген балалар өз аналарымен қалып, өздерінің өзге 

жыныстық екенін ұмытуы мүмкін немесе ер балалар ана-

сына қарсы қыз бала әйел мен ер қарым — қатынасы ту-

ралы дұрыс емес көзқарас алуы мүмкін. Оның өзінің жы-

ныстық идентификация ауытқымалы болуы мүмкін. Қыз 

бала не құл роліне дайын — бәрін береді ештеңе қай-

тарып алмайды, немесе өз бетімен барлығын жеңе аламын 

деген сезімді болады. Барлық аралас жанұялар бір-біріне 

бұрында болғанын бөліктерін біріктірумен ұқсайды. 

Жалпы мұндай жанұяларды 3-ке бөлуге болады [1].

1.  Балалы әйел баласыз ер адамға күйеуге шығады;

2.  Балалы ер адам баласыз әйелге үйленеді;

3.  Әйелде, ер адам да алдыңғы некеден балалары бар.

Бірінші жағдайда аралас жанұя әйелінен, әйелдің ба-

лаларының күйеуінен, бұрынғы күйеуінен тұрса, екінші 

жағдайда аралас жанұя құрамына күйеуі, оның балалары, 

әйелі және бұрынғы әйелі кіреді. Үшінші жағдайда жанұя 

әйелінен, оның балаларынан, әйелінің бұрынғы күйеуінен, 

қазіргі күйеуінен оның балалары мен бұрынғы әйелінен 

тұрады. Бұл айтылған адамдардың барлығы бір шаңырақта 

тұра алмаса да олар қандай болса да бір-бірінің өмірінде қа-

тынасы болады. Олардың әрқайсысының өз орны мен ролі 

бар. Аралас жанұя берекелі өсіп дами алады, егер оның әр 

мүшесі маңызды, керекті болса. Көп адамдар өздері бұрын 

байланысқан адамдары жоқ секілді өмір сүруге тырысады. 

Алайда бұл адамдар жанұяның өміріне кері әсер етеді. Жан-

жалды мәселе олар бір-біріне уақыт таппаса, үрысса, бір 

бірін жау санаса туады. Ал бала үшін қиынның қиыны. Егер 

бала алдына ата-анасы өз талабы мен міндетін қойса, егер 

олар бұл жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсінбесе, 

егер әр ата-ана бірі-бірімен сөйлеспесе туындайды [2].

Егер ата-аналар бір-біріне деген қатынасын жасыр-

маса, балада ең болмағанда өз іс-әрекетін таңдау мүм-

кіндігі болады, мұндай жағдай ажырасқан ата-аналар 

арасында жиі кездеседі. Олар бір-бірін әлі жау санап, ба-

лаларын тыңшы ретінде қолданады. Мұндай жағдай қа-

рапайым жанұяда да кездеседі егер ерлі-зайыптылар бір-

біріне қатысты шынайы болмаса олар балаларынан өздері 

күші жетпейтін мәселенің шешілуін күтеді. Әрине, оның 

оған күші жетпеуі мүмкін, сондықтан бала бұл жағдайға 

жиі тіл алмаумен, аурумен, қырсықтықпен жауап қай-

таруы мүмкін. Бала үшін оны қоршағандарының шынай-

лығы мен сезімдері мен сөздеріне деген жауапкершілігі 

пайдалы. Біреумен ашық болу үшін оны жақсы көру мін-

детті емес. Бұрынғы ерлі-зайыптылардан бір-біріне деген 

сүйспеншілікті күтудің керегі жоқ, бірақ олар өз мәселе-

лерінің шешімін балаға артып қоюына болмайды.

Аралас жанұяда пайда болатын негізгі сұрақ — қалайша 

баланы үлкендер мәселелерінің ауыртпашылығынан 

арылту болып табылады. Қайта некеге тұрған әйел-ана 

балаларын өз меншілігінде иеленіп, басқаруға бейім ке-

леді. Бұл оның жаңа жарына қиындық әкеледі. Ол әй-

ел-ана жаңа күйеуіне масыл боғысы келмейді, өйткені 

оның ойынша күйеуімен оның балалары арасында жақсы 

қатынас орнауы екі талай. Кей кездері бұрынғы зайы-

бына кенеттен сүйіспеншілігі оянады. Сонымен қатар 

жаңа күйеуі көмекші ролін жай меңгереді. Мұндай әрекет 

жанұяға жаңа келген адамның өзімен бірге жаңа көзқарас 

пен жаңа өмір стилін әкелуіне мүмкіндігін жоққа шыға-

рады.


Жаңа күйеулер мынадай қиындықтарға кезігуі мүмкін: 

әйелі күйеуінен «берік қол» мен балалры алдында күші мен 

беделін көрсетуін күтуі мүмкін. Әрине оны жаңа әке бала-

ларының алдында тез арада құрып алуы қиын. Егер анасы 

балалары шектен шықты деп ұйғарса жағдай ушығуы 

мүмкін. Жаңа әкелер әйелінің шығуға тырысады, бірақ ол 

көбіне тек зиян әкеледі. Егер жаңа әке өз міндеттеріне жа-

уапкершілікпен қарамаса, ақыр соңында ол балаларымен 

ұрысып тынады, ал бұл жағдайды болдырмауға болар еді. 

Көбіне өгей әкелер жасөспірімдермен жанжалдасады. Ба-

лалар өзге әйелге үйленіп, соның балаларын тәрбиелеп 

отырған әкесі мен қатынастарын реттеу үшін көп рухани 

күшін жұмсау керек. Әке мен бала арасында түсініспе-

ушілік көп болса, балада тойымсыздық комплексі дамып, 

көп сұрақтар, қызғаныш, т. б өрбиді. Егер бала кішкене 

болса, қиындықтар көп болмауы мүмкін, ал ересектеу ба-

лаларға бұрынғы өмір әсерін тигізеді [3].

Аралас жанұяның тағы бір түрі — бала асырап алған 

жанұя. Жанұя құрамында бір асыранды бала ғана; бір 

асыранды және бірнеше өз балаларынан; бір өз баласы 

мен бірнеше асыранды бала болуы мүмкін. Жанұя құрамы 

мен құрылысына қарай оған кезігуі мүмкін мәселелер ту-

ралы айтуға болады. Көбіне баланы кей себептермен өз 

ата-анасы бағып тәрбиелей алмаса басқаға асырауға бе-

реді. Ол баланың тәртібі нашарлап, өз үйінде тура алма-

уынан не шаңырақ иесі жанұядағы жағдай балаға кері әсер 

етеді, басқа жанұяда тұру оған жақсы болады деп шешсе 

болады. Көбіне ата-ана өз беделдерін шектен тыс пайда-

ланып баланы ұрады, жазалап ренжітеді, сол себепті өзге 


38

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Педагогика

біреу ол бейшара балаларды ол үйден алып кетуге мәжбүр 

болады. Сөйтіп балалар «балалар үйіне «түседі.

Кейде екі ата-ана да өліп, бала жетім қалады. Туыстары 

немесе қамқоршылары балалар үйіне тапсырғысы келмей 

балаға оны асырап алуға келісетін жаңа жанұя іздейді. Үй-

інде тәртібі нашар баланы асырап алған ата-аналар олар 

өз мақсаттарын-оған қатан қарап оның жаман тәртібін тү-

зету деп түсінеді. Үйінде ата-анасының қатыгездігі мен 

зорлық-зомбылығын көрген баланы жаңа ата-ана өз-

дерінің жылулығы мен сүйіспеншілігінің ортасына алады. 

Осы іс-әрекеттері мен асырап алушы ата-ана балада өз 

ата-анасына деген жағымсыз ой қалыптастырып, нәти-

жесінде баланың толық сана-сезімінің дамуы нашар-

лауы байқалады. Өйткені қылмыскер мен нақұрыс тегінен 

шыққан баланың өз-өзінің құндылығын бағалауы жоғары 

болуы мүмкін емес.

Егер баланың туған ата-аналары тірі болмаса, онда 

асырап алушы ата-ана алдында күрделі мәселе туады: ту-

маған балаға өздерін толық арнау. Көбіне асырап алушы 

ата-аналар жиі сақ болып бала өміріне көп араласа бер-

мейді, өйткені ол уақытша тұрып жатуы мүмкін. Алайда 

ата-аналар баланың көңілінен шығу үшін дегенін жасайды, 

нәтижесінде балада өз ата-анасы оны шын бақытты қыла 

алмады деген ой туады.

Бұл «жаман тұқымдаушылық» психологиясы ба-

ланың тиянақты дамуына кедергі болу-болмауы асырап 

алушы ата-аналардың эмоционадық тұрақтылығы мен 

олардың даму деңгеіне байланысты. Егер ол адамдар 

балаға тек уақыт кетіріп жүрміз деп есептемей оны со-

нымен бірге дамытуымыз десе, толық нағыз жанұя құрса, 

бұл ата-аналарда өзін-өзі жоғары бағалай алатын, са-

палы дамыған адам тәрбиелеуіне мүмкіндік бар. Мұндай 

ата-аналар қатарына ұрылар, бала қорлаушылар, кісі 

өлтіруші қылмыскерлер, нашақорлар, маскүнемдер, т. б. 

жатқызуға болады. Неліктен мұндай ата-аналарды әле-

уметтік бейімделмеген деп атаймыз. Өйткені бұл тұлға-

лардың жас даму кезеңдерінде ортамен ата-ана ықпа-

лында қателіктер кетірлуінен, тұқымқуалаушылықтың 

әсерінен де болуы мүмкін. Алайда уақытында түзетілген, 

басы қайтарылған дертті алдын алуға болады. Әсіресе 

жеке тұлғаның қалыптасуында жасөспірімдік кезең 

маңызды да жауапты кезең. Дәл осы кезеңде кеткен қа-

телік бүкіл өмірге із қалдырады. Балалық шақта қандай 

ықпал көрсе немесе ата-ана тарапынан жылу сезімін 

жеткілікті сезбесе, сүйіспеншілігіне жеткілікті бөлін-

бесе өскенде олардың барлығы өз көріністерін міндетті 

түрде береді. Ата-ананың әлеуметтік бейімделмеген-

дігі қиын сипатты және бала үшін қиын нәтежелі, өйт-

кені бала жетім қалуы мүмкін, балалар үйіне жіберілуі 

мүмкін, түзету колониялары мен тіпті ата-анасы оны 

лақтырып кетуімүмкін. Мұндай жағдайлар міндетті түрде 

баланың психикасына әсер етеді. Танымдық дамуы теже-

леді, өзін-өзі бағалауы шектен тыс төмендеше жоғар-

лайды, агрессивтілік, болашақтан қорқыныш, тұйықталу. 

Бұл балалар өз жанұясының кішкене әлемінде өмір сүріп, 

айналасындағы жағымсыз іс-әрекеттерді көріп басқа 

да адамдар дәл осылай екен деп ойлайды. Сөйтіп қор-

шаған орта туралы қате пікір пайда болады [4].

Бай әке немесе шеше барлығына қолы жетеді не жет-

пейді деген иллюзиямен өздерінің көңілін толтырады. 

Кей бай ата-аналар өз қаржыларын өте ұқыпты қол-

данса, кейбір кедей ата-аналар өздерін миллионер сияқты 

ұстайды. Алайда ата-ананың бұл ұстану әдістерін интери-

тациялау қиынға түседі, ол баланы тітіркендіреді, ал объ-

ективті деңгейде өз шындыққа қарама-қайшылығына бай-

ланысты үлкен қиындықтар әкеледі. Бірақ мұндай әке мен 

шешеге бұл жол-өз сенімдерін жеткізу жолы. Дәл осы қа-

рапайым әдіспен-өз күшінің алыптығын демонстрацияла-

умен сезімдік қатынас жағынан нашар дамыған ата-ана 

сүйспеншілікке қажеттілігі мен баласына оны беру тілегін 

бере алады. Егер бала олардың өмірін түсінбесе, ата-ана 

өз балаларына қажетсіздігін, жалғыздықты сезінеді. Бала 

өзінің қалталы әкесінің тікелей түрде көңілін қайтарса, 

онда әкесінде баласымен жаман қатынас орнап қалуы 

мүмкін деген қорқыныш пайда болады. Ол әке онда ба-

ласын сыйлықтардың астына қалдырады, ал оның бұл әре-

кеті баласында бір нәрсегеқызығушылығының оянуына 

немесе қуаныш әкелуіне емес, тек әкенің өз баласына 

деген махаббатын көрсету үшін екен. Әр осы сыйлық ба-

лада қызығушылық тудырмайды, басқа мақсатқа қызмет 

етеді: алдынғысының ерекшелігін меңгеруге, жаңаның 

қызығын байқауға кедергі келтіреді. Кедей ата-ана болса 

өздері кешкен қиындықтары, қорлықтары үшін балалары 

махаббатпен жауап қайтарса дейді. Сонымен қатар бала-

лары ата-анасының оларға құр тек ақша жұмсағаннан гөрі 

өз ыстық махаббаттары мен жылу сыйлағанын бағаласа 

дейді. Кейде ата-ана өз балаларының назарын олардың 

ата-анасы үшін қымбат екеніне, әлемдегі алтынның бар-

лығы бұл қымбат нәрсенің өмірін қамтамасыз етуге жет-

пейді дейді [5].

Әдебиет:


1.  Азоров Ю. П. Семейная педагогика. — М.: Политиздат, 1985.

2.  Анзорг Л. Дети и семейный конфликт. М.: Просвещение, 1987.

3.  Байярд Р. Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток. М.:Просвещение, 1991.

4.  Блага К., Шебек М. Я — твой ученик, ты — мой учитель. М.: Просвещение, 1991.

5.  Возрастная и педагогическая психология под ред. Гамезо и др. М.: 1984



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет