Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш Тоқ ішектің шырышты қабатының жедел қабыну аурулары және эрозиялы-жаралары, іш қуысының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит, асқазан-ішектен қан кету, іш қуысындағы мүшелерге операция жасағаннан кейінгі бірінші күні, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі) тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады.
Тазалау клизмасын қою Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.
Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1—1,5 л жылы су қажет (25—35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12—20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37—42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.
Дайындық Эсмарх кружкасына су құйып, шүмегін ашып түтіктегі ауаны шығарып суға толтырады. Шүмекті қайта жауып, кружканы кушеткадан жоғары биіктікке іледі. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізе буынынан ішіне қарай бүккізіп жатқызады (бұндай қалыпта науқастың аналь тесігіне ұштық оңай енеді). Науқастың астына шеті шараға дейін түсіп тұратындай етіп клеенканы төсейді.
Тазалау клизмасын қою техникасы Сол қолдың екінші, үшінші саусақтарымен науқастың құйрығын ашып, ал оң қолмен майланған ұштықты айналдыра отырып тік ішекке 10-12 см тереңдікке енгізеді. Алдымен (алғашқы 3—4 см) ұштықты науқастың кіндігіне қарай бағыттап, одан соң тік ікектің өзегіне қарай бұрып, сегізкөзге қатарластыра отырып енгізуді жалғастырады. Одан соң шүмекті ашып кружканы 1 метр биіктікке көтеру арқалы суды енгізеді. Егер су ішекке бармай қалса ұштықты тереңірек енгізіп, судың ағысын күшейтіңіз. Керісінше, тоқ ішектің бойымен ауырсыну сезімі байқалса, судың ағысын бәсеңдетеді. Суды енгізуді аяқтаған соң науқасқа 5-10 минут бойы үлкен дәретке отырмауын сұраңыз. Тоқ ішектің перистальтикасының күшеюінен оның төменгі бөлімі нәжіс массасынан тазартылады. Қолданған ұштықтарды сабынды суға жуып, қайнатады.