Әйел адамдарды төсекте жуындыру. Жабдықтар (стерильді): лоток, корнцанг, салфеткалар, қолғап; клеенка, сабын, жаялық, дәрет алатын ыдыс (судно), су құйылған ыдыс (судың температурасы 37-38оС) немесе Эсмарх суқұйғышы.
Пациентпен сенімді қатынас орнату.
Қолды жуып, кептіру.
Қолғап кию.
Науқастың төсегіне сегізкөз аймағының астына клеенка жайып оның үстіне дәрет алатын ыдысты қою.
Екі аяғын тізесіне бүгіп, арасын шамалы ашуды өтіну.
Пациенттің оң жағында тұру.
Эсмарх суқұйғышының резеңкелі түтігін сол қолға, ал оң қолға дәкелі салфетканы алу.
Суды құйып, сабындап сыртқы жыныс жолдарын және шап аралықты жуады: алдымен шап аралығын, сыртқы жыныс мүшелерінен аналь тесігіне бағыттау арқылы, салфеткаларды ауыстырып отыру.
Осы реттілік және бағыт бойынша теріні құрғатып сүрту.
Дәрет алатын ыдысты, клеенканы, қоғапты алып дезинфекциялау.
Ер адамды төсекте жуындыру. Ер адамдарды жуындыру әлдеқайда жеңілірек. Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын тізе буынына бүгеді: жамбасының астына дәрет алатын ыдысты қойып суды құю арқылы жыныс мүшесін және шап қатпарларына су құйып мақта тампондарымен жуады. Одан кейін теріні құрғатып сүртеді.
Клизмалар. Клизма деп диагоностикалау және емдеу мақсатында әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізуді айтады.
Диагностикалық клизманы мысалы, ішек өтімсіздігін анықтау үшін қолданады. Тоқ ішекті рентген арқылы зерттеу үшін (ирригоскопия) рентгеноконтрасты препараттың қоспасынан тұратын контрасты клизма жүргізеді. Емдеу мақсатында тазалау, сифонды және дәрілік клизма жүргізіледі.
Тазалау клизмасын жүргізуге көрсеткіш Тоқ ішектің төменгі бөліміндегі кідіріп қалған нәжісті жібіту және шығару үшін қолданатын тазалау клизмасын іш қату кезінде, улану кезінде токсикалық заттарды шығару үшін, операция және босанар алдында, ас қорыту жолдарын рентгендік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында, дәрілік клизманы жүргізер алдында қолданады.