Науқаспен сенімді қатынас орнатып, емшараның мақсатын түсіндіру, асқазанды жууға кері көрсеткіш жоқтығын айту, (өңеш стриктурасы, өңештен немесе асқазаннан қан кету)
Пациенттің оң жағына шығып, одан аузын ашуды өтіну
Зондтың бітеу ұшынын 10 см қашықтықта оң қолға ұстап, зондтың бітеу ұшын тіл түбіріне қою, зондтың алғашқы белгісі алдыңғы тісінің деңгейінде тұру керек
Зондты өңешке абайлап енгізуді бастау
Пациенттен зондты енгізген сайын жұтыну қозғалысын жасап мұрын арқылы терең дем алуын сұрау
Жөтел немесе шашалу байқалса дереу зондты шығарып алу керек, себебі бұл зондтың кеңірдекке түсу белгісі болуы мүмкін, қайта енгізуді науқаста тыныштандырып бірнеше минуттан кейін ғана бастау керек
Зондтың ауыз қуысындағы проксимальді бөлігінің жағдайын бақылай отырып, зондты баяу жылжыту
Үнемі пациенттің жағдайын бақылау
Егер зондтағы екінші белгі пациенттің тісінің деңгейіне келгенде зондты 1-2 см алға қарай жылжыту
Зондтың сыртқы ұшына воронканы жалғау
Асқазандағы сұйықтық сыртқа шығу үшін воронканы пациенттің тізесінен төмен түсіреді
Воронкаға су құю
Воронкадағы су түбіне дейін түсу үшін воронканы баяу жоғары көтереді
Воронканы пациенттің тізесінен төмен қарай түсіріп воронкадағы сұйықтықты шараға төгу
Есте сақтау! Егер жуынды суда қан байқалса манипуляцияны дереу тоқтатып 50 мл суық суды аминокапрон қышқылы ерітіндісімен араластырып Жане шприці арқылы енгізу. Жуан зондты шығару. Қан кету тоқтамаған жағдайда пациентті хирургиялық бөлімшеге немесе интенсивті терапия бөліміне тасымалдау қажет.
Асқыныстар болмаған жағдайда жуынды су тазарған соң зондты орамалмен ұстап асқазан және өңештен шығару
Зонд және воронканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салу
Пациентке бірнеше жұтым жылы су беріп, ауыз қуысын шаюды сұрау
Пациенттің аузын таза салфеткамен сүрту
Пациентті палатаға шығарып салып, физикалық және эмоциональді күш түсірмейді қамтамасыз ету
Жуынды суды зерттеуге лабораторияға жіберу
Жуынды суды 5% хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялау немесе құрғақ хлорлы әкті себу
Дезинфекциялық ерітінділермен алжапқышты және қолданылған заттарды өңдеу
Ауру тарихына және манипуляция журналына тіркеу
Жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу
Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі
Катетердің бүйір тесігі бар дистальді ұшынан 4-6 см қашықтықтан пинцетпен ұстау
Катетердің сыртқы ұшын оң қолдың саусақтарының сыртқы жағынан айналдыра 4-5ші саусақпен зондтың бос ұшынан ұстау
Сол қолмен үлкен жыныс еріндерін ашу (ер адамдарда салфеткамен жыныс мүшесін ұстау)
Катетерді уретраның сыртқы тесігіне енгізу (әйел адамдарда клитордан төмен, ер адамдарда жыныс мүшесінің ұшында орналасқан)
Катетерді уретраның бойымен баяу 4-6 см-ге дейін жылжып, бос ұшын астауға түсіру. Ер адамдарды жыныс мүшесін ұстап катетерді зәр шығатын түтікшеге баяу енгізіп, физиологиялық тарылулардан өту
Катетердің сыртқы ұшынан зәр ақса, осы ұшын зәр қабылдайтын ыдысқа салу
Қажет болған жағдайда қуықты Жане шприцінің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу
Қуықтан катетерді шығарып алу
Қажет болған жағдайда катетерді ұзақ уақытқа қалдыру (бірнеше сағат, сөтке), катетердің ішкі каналына стерильді ерітінді немесе антисептикалық ерітіндіні енгізіп Фалея катетерін қолдану
Зәр құйылған ыдысты алу
Науқасқа тұруына көмектесіп, жағдайын сұрау
Қолғап және масканы шешу
Пациентті палатасының есігіне дейін шығарып салу немесе кресло-каталкамен тасымалдау
Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшеу Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі
Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы
Сипаттамасы
Тонометр
Механикалық шкаласы бар, 300 мм сн.бғ. дейін градуирленген
Фонендоскоп
Стандартты
Дәкелі тампон-шариктер
Диаметрі 1,5 см
Антисептик ерітіндісі
Көлемі 50 мл флакон
Жазу үстелі
Стандартты
Кір сабын
50 грамм
Орамал
70х40 см,
Қолды сүтруге арналған салфеткалар
40х40 см
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска
Көпқабатты дәкелі
Артериялық қысымды өлшеу алгоритмі
Пациентпен сенімді қатынас орнатып бірнеше уақыттан соң оның артериялық қан қысымы (АҚҚ)өлшенетіндігін айту
Науқастан жағдайын және қабылдаған емнің нәтижесі туралы сұрау
Пациентті орындыққа отырғызу
Қолды гигиеналық тәсілмен жуып, таза орамалмен кептіру
Егер науқас тыныс алу жолдарының ауыруына шағымданса маска кию
Қан қысымын өлшеуді пациент бөлмеге кіргеннен соң 15 синуттан кейін бастайды (егер гипотониялық және гипертониялық криз жағдайы болмаса)
Қолынан сырғымайтындай және манжет пен терісінің арасынан сұқ саусақ өтетіндей етіп манжетті пациенттің иығына орау
Дәрігерге алғаш рет келген науқастан қан қысымының қандай деңгейде болатындығын сұрау
Пациенттен систолалық және диастолалық қысымың қандай деңгейінде өзін жақсы сезінетітін және қан қысымын соңғы рет қашан өлшегендігі тжайлы сұрау
Пациенттен өзін еркін және дене бұлшық еттерін бос ұстауын өтіну
Манометрді металлды ілгіші арқылы манжетке ілу
Білезік артериясынан пульсті анықтау
Фонендоскоптың басын пациенттің шынтақ шұңқырының терісіне қою
Шынтақ артериясынан тамыр тондарын есту
Манометр шкаласындағы тілдің жағдайын анықтау, ол «0» белгісінде тұру керек
Оң қолдың саусақтарымен резеңкелі баллонның бұрандысын (сағат тілі бойынша) жабу
Манометрдің тілі «30 мм сн.бғ» деңгейіне жеткенше ауаны тез үрлеу
Пульс және артериядағы тамыр тондары естілмегенше ауаны баяу үрлеу, следя за тем, чтобы стрелка остановилась на цифрах, соответствующих значениям АД, на 20-30 мм рт.ст., превышающим предполагаемое АД пациента
Манжеттегі ауаны баяу шығару, секундына 2-3 мм сн.бғ. асырмау
Шкаладан пульс толқынының алғашқы соққысын анықтау, ол пациенттің систолалық қан қысымының деңгейіне сәйкес келеді