Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе



бет20/22
Дата31.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#64216
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Сифонды клизманы қоюға көрсеткіш
Сифонды клизманы емдеу мақсатында улану, зат алмасу өнімдерімен улану кезінде
(мысалы,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), динамикалық және механикалық ішек өтімсіздігі кезінде (кей жағдайда операция алдындағы дайындық ретінде), сонымен қатар тазалау клизмасы нәтижесіз болған жағдайларда қолданылады. Сифонды клизманы ішек өтімісіздігін диагностикалау мақсатында (жуынды суда ауа көпіршіктерінің және нәжіс қалдықтарының болмауы оның симптомдарының бірі) жүргізіледі. Ішек өтімісіздігі кезінде шажырқай тамырларының тромбозы немесе эмболиясына күдік туса сифонды клизманы жүргізуге болмайды.


Сифонды клизманы қоюдың ерекшеліктері
Сифонды клизманы қою үшін сыйымдылығы 0,5-2 л воронка, резеңкелі иілгіш ұштық немесе ұзындығы 20-30 см резеңкелі ішек түтігі жалғанған, диаметрі 1 см-ден кем емес, ұзындығы 1-1,5 м резеңкелі ұзын түтікті қолданады. Ұзын ішек түтік және резеңкелі ұштықтың орнына жуан асқазан зондын қолдануға болады.


Сифонды клизманы қою техникасы
Резеңкелі ішек түтігінің немесе жуан асқазан зондының вазелинмен майланған ұшын тік ішекке 20-30 см тереңдікке енгізеді.Сифонды клизманы жүргізу іс-әрекеті асқазанды жуумен бірдей. Воронканы түтікшенің ұшына жалғап, пациенттің жамбасынан шамалы жоғары деңгейде еңкейте ұстап, жууға арналған сұйықтықтарды - таза қайнаған су, перманганат калиийдің әлсіз ертіндісін, 2 % гидрокарбонат натрий ерітіндісін құяды. Воронканы науқастың денесінен 50 см биіктікке көтереді, сол кезде су ішекке қарай ағады. Воронкадағы су оның тарылған бөлігіне келгенде оны науқастың денесінен төмен деңгейге түсіреді, осы кезде воронка ауа көпіршіктері және нәжіс қалдықтары араласқан, ішектен шыққан жуынды суға толады. Воронканы төңкеріп, ішіндегі суды төгеді, осы жуу процедурасын воронкадағы жуынды су тазарғанша бірнеше рет қайталайды.
Бір сифонды клизмаға 10-12 л су қажет болады.
Әр түрлі манипуляцияларды орындау алгоритмі.
Дәрілік заттарды көк тамыр ішіне енгізу

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі





Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы

Сипаттамасы

Бір рет қолданылатын шприц

Көлемі 5 және 2 мл

Алынып-салынатын инъекциялық инелер

Диаметрі 2 мм-ден кем емес

Дәкелі тампон, шариктер

Диаметрі 1,5 см

Этил спирті ерітіндісі

Флакон көлемі 50 мл

Резеңкелі бұрау (жгут)

Ұзындығы 70 см

Дистилденген суы бар ампула

Көлемі 5,0 мл

Ампуланы кесуге арналған кескіш

Металлды немесе керамикалы

Медициналық қолғаптар

Латекс

Медициналық үстел

Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған

Медициналық астау

Металлды, сыйымдылығы 300 мл

Қолданған шприц және инелерді тастауға арналағн контейнер

Пластмассты стандартты, сыйымдылығы – 5 литр

Медициналық пинцет

Металлды стандартты

Медициналық салфеткалар

Маталы, көлемі 50х50 см

Бикс

Металлический хромированный

Кір сабын

50 грамм

Орамал

70х40 см,

Қолды сүтруге арналған салфеткалар

40х40 см

Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска

Көпқабатты дәкелі

Қолдың астына салуға арналған жастықша

Поролон салынған




  1. Егу бөлмесіне кірген пациентпен сәлемдесу

  2. Оның хал-жағдайын сұрау

  3. Пациенттен тағайындалған дәрінің бұрын қолданғандығы туралы сұрап анықтау

  4. Пациенттен аллергологиялық анамнезін сұрау

  5. Пациенттен көк тамыр ішіне егу жүргізуге келісімін алу

  6. Пациентке егілетін дәрінің ампуласының қорабын көрсету

  7. Қолды кір сабынмен жуу (гигиеналық әдіспен)

  8. Кранның шүмегін шынтақпен жабу

  9. Қолды салфеткамен немесе таза орамалмен құрғату

  10. Маска кию

  11. Қолғап кию

  12. Дәрілік зат бар ампуланы алып, сыртындағы жазуды оқу, дәрігердің тағайындаған дәрісімен салыстыру

  13. Дәрісі бар ампуланы медициналық үстелге қою

  14. Шприц салынған қағазды поршень жағынан ашу

  15. Иненің ұшындағы тесігін шприцтің шкаласына қарай бағыттап шприцтің конусына кигізу

  16. Иненің қалпағын шешпей шприцті қайта қорабына кигізіп медициналық үстелге қою

  17. Ампуланың сыртындағы жазуды тағы бір рет оқу

  18. Стерильді қапшықтан пинцетпен бірнеше дәкелі шариктерді алып, оларды таза астауға салу

  19. Спиртке малынған шарикпен ампуланың жіңішке мойынын сүртіп, шарикті астауға тастау

  20. Бір қолға ампуланы, екінші қолға ампула кесетін кескішті алып ампуланың жіңішке мойын бөлігінен кескіштің қырымен ампуланы айналдыра бір рет сызып өту

  21. Сызылған бөлікті және ампуланың мойынын спиртті шарикпен сүртіп, шарикті астауға тастау

  22. Құрғақ шарикті алып, оны жайып, ампуланың мойынын толық жабу

  23. Ампуланың мойынын бірінші және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап сындыру

  24. Ампуланы үстелге қойып, шприцті алып инесіндегі қалпақты шешу

  25. Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарының арасымен ампуланың түбін жоғары қаратып алу

  26. Шприцті оң қолмен ұстап, инесін ампуланың сыртына тигізбей, ішіне енгізу

  27. Шприцтің поршенін баяу төмен тарта отырып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинау

  28. Ампуланы қолданған шариктер салынған астауға салу

  29. Егер шприцтің цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің порненін өзіңе қарай тарты шприцтегі ауаны баяу итеріп шығару

  30. Есте сақтау! Ауа көпіршіктерін бір-біріне қосу үшін шприцтің корпусын саусақпен соққыламаңыз, ампуланың ішіндегі дәріне ауаға шашпаңыз. Иненің ұшынан тамшы ерітіндіні шығарыңыз

  31. Шприцтің инесін ауыстырыңыз, иненің ұшындағы тесікті шприцтің шкаласына қарай бағыттау

  32. Дәрісі бар шприцті пакетке салу

  33. Пациентті орындыққа отырғызып, алақанын жоғары қаратып қолын жастықшаға қолды сұрау

  34. Инъекция жасайтын орынды қарау, көктамырды анықтап оны пальпациялау

  35. Пациенттің ашық иық сүййегінің ортасын салфетка немесе орамалмен жауып екі ұшын жоғары қаратып бұрауды байлау

  36. Білезік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса бұрауды шешу. Қысқа уақытқа үзіліс жасап, манипуляцияны қайталау

  37. Пациентке саусақтарын бірнеше рет ашып-жұмып, соңынан жұдырығын түюін айту

  38. Инъекция жасайтын орынды спиртке малынған шарикпен 10х10см көлемде сүрту

  39. Басқа шарикпен тек инъекция жасайтын орынды сүрту

  40. Бұл шарикті пациенттің қолында немесе өзіңіздің сол қолыңыздың 4 және5-ші саусақтары арасында қалдыру

  41. Шприцті қорабынан алып, инесінің қалпағын шешу

  42. Иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың саусақтарымен шприцті қоршай ұстап, сұқ саусқпен иненің муфтасын бекітіп ұстау

  43. Инъекция жасауға таңдалған көк тамырға параллельді етіп инемен теріні тесу, иненің тесігін толығымен терінің астына енгізу

  44. Иненің қозғалу бағытын 45˚-қа өзгерту, иненің ұшын тамырдың қабырғасына жақындату

  45. Көк тамырға пункция жасау, иненің қуысқа енгенін сезу

  46. Инені тамырдың бойымен жылжыту

  47. Иненің тамыр ішінде тұрғанын анықтау үшін шприцтің поршеньін өзіңе қарай тарту

  48. Цилиндрде қан пайда болғанда иықтағы бұрауды тартып шешу

  49. Тамырға дәріні баяу енгізуді бастау

  50. Инъекция жасау кезінде инъекця жасаған орында және пациенттің реакциясын бақылау

  51. Инъекция орнында үрлену пайда болса дәріні енгізуді дереу тоқтатып инені тамырдан шығару

  52. Дәрі енгізудің бұрыс белгілері байқалмаса және пациенттің жағдайы өзгермесе инъекцияны аяқтау

  53. Тамырдан инені шығармай тұрып саусақ арасына қалдырған шарикті алып инъекция жасаған орындағы иненің дистальді бөлігіне қою

  54. Сол қолмен мақтаны инъекция жасалған орында басып тұрып, тамырдан шприцпен бірге инені шығарып

  55. Пациенттен шынтағын бірнеше минутқа бүгіп ұстауын сұрау

  56. Инеге қалпағын кигізбей шприцті арнайы шприцтерді утилизациялауға арналған контейнерге тастау

  57. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған шарикпен сүрту

  58. Инъекция орынын қарау. Егер қан ақпаса шарикті қолданған шприцтер салынған контейнерге тастау

  59. Пациенттің жағдайын сұрап, оны палаталық мейірбикенің бекітіне дейін шығарып салу

  60. Медициналық үстелден шприцтердің қораптарын және бос ампуланы қалдықтар салатын қорапқа тастау

  61. Медициналық үстелді сүрту

  62. Қолғапты шешіп, контейнерге тастау

  63. Инъекцияның орындалғаны туралы журналға белгілеу

Асқазанды жөндпен жуу

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі





Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы

Сипаттамасы

Жане шприці

Көлемі 150 мл

Зондқа жалғанатын воронка

Полихлорвинильді, сыйымдылығы 1000 мл

Жуан асқазан зонды

Резеңкелі, ұзындығы 1 м

Резеңкелі түтікше-ұзартатын

Резеңкелі, 80 см

Түтікше-жалғайтын

Полихлорвинильді, ұзындығы - 20 см

Лубрикант, жылы қайнаған суы бар

Флакон көлемі 50 мл

Медициналық қолғап

Латекс

Медициналық үстел

Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған

Медициналық астау

Металлды, сыйымдылығы 300 мл

Қолданған заттарды тастауға арналған контейнер

Пластмассалы, стандартты, сыйымдылығы 3 литр

Жуынды суды төгуге арналған шара немесе шелек

Металлды, сыйымдылығы 10 л

Медициналық пинцет

Металлды стандартты

Медициналық салфеткалар

Маталы, көлемі 50х50 см

Кір сабын

50 грамм

Орамал

70х40 см,

Қолды сүтруге арналған салфеткалар

40х40 см

Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска

Көпқабатты дәкелі

Алжапқыш

Клеенкалы

Зондты сүртуге арналған орамал немесе салфетка

Шыт мата, ұзындығы 70 см

Дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс

Металлды, сыйымдылығы 10 л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет