16
Қорыта
келгенде, «мөлшер» – философиялық категория. Ол жаратылыстың
ең үлкен, ең өзекті категорияларының бірі. Сондай-ақ барлық заттар мен
құбылыстарда өмір сүреді. Әрі шекті, әрі шексіз, әрі үздікті, әрі үздіксіз. Ол
адамзаттық негізде шекті, үздікті, жаратылыстық негізде шексіз, үзіксіз. Мөлшер
қозғалыс күйінде де, тыныштық күйде де болады. Мөлшердің пайда болуы мен
өмір сүруі адам санасына тәуелсіз. Тек адамзат
мөлшердің формасын өзгерте
алады. Мөлшер, энергияның сақталу заңында айтылғандай, жойылмайды,
жоқтан бар болмайды, керісінше, бір формадан екінші формаға ауысады.
Мөлшер адамның рухани кеңістігінде сан, сапа, шама, жиын формасында көрініс
табады. Мөлшер адам санасына әсер етіп, онда көрініс табады. Ал адам санасы
да мөлшердің жаратылыстық дүниедегі бір формадан екінші формаға ауысуына
ықпал етіп отырады. Соның нәтижесінде «мөлшер»
ұғымының бейнелену
формасы көбейеді. Санасыз мөлшер өмір сүреді, бірақ мөлшерсіз сана өмір
сүрмейді. «Сана» мен «мөлшер» ұғымының диалектикалық байланысы осындай
айналмалы формада құрылады. Сана қай деңгейде болса, мөлшердің бейнелену
формасы мен тәсілі сол деңгейде болады. Мөлшер саналы да, санасыз да
кеңістіктерді қамтиды. Мөлшер философия, математика, тіл білімі, экономика,
физика, механика, логика, бұдан басқа да ғылымдардың
басты категориясы
саналады.
1.2 Мөлшер категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі
Мөлшер – тілдік категория. Заттар мен құбылыстарда ежелден бар және
адамзат санасынан тыс өмір сүретін
мөлшер категориясы
ең әуелі
философиялық категория саналғанымен, оның
тілдегі бейнесі оны тілдік
категорияға айналдырады. Заттар мен құбылыстардың бойындағы сан-санақсыз
мөлшерлік ұғымдар адам санасының, танымының көмегімен түрлі тілдік
тәсілдер, логикалық құрылымдар арқылы тілдік бірліктерге айналады немесе тіл
арқылы көрініс табады. Жүйесіз көрініс таппайды, белгілі заңдылық негізінде
жүйелі көрініс табады. Тілдің барлық деңгейіндегі мұндай жүйелі көрінісі оны
тұтас бір категорияға айналдырады. Мөлшер заттар мен құбылыстарда ежелден
бар қасиет болғандықтан, ол барлық халықтардың таным үдерісіне де ортақ. Әрі
адамзат тілінің барлық типтері мен түрлерінен көрініс табады.
Алайда
жалпыадамзаттық осы «мөлшер» ұғымының таным үдерісіне енуі, сол арқылы
тілдік бірлікке айналу деңгейі әр халықта әртүрлі. Бұған көптеген
интратілтанымдық
және экстратілтанымдық жағдаят әсер етеді. Кей тілдерде
мөлшер мәнді тілдік бірліктердің саны көп болса, кейбірінде салыстырмалы аз,
ал кейде тілдің белгілі деңгейінде ғана басымдық алса, кей тілдерде ол деңгей
өнімсіз, керісінше, басқа деңгейдегі берілу жолдары, формалары көп.
Мұндай
ерекшеліктер бір жағы сол халықтың тілтанымдық психологиясын, тілдің ішкі
болмысын көрсетеді. «Мөлшер» ұғымының түрліше тілдердегі тілдік бірліктерге
айналу, берілу формаларындағы мұндай өзгешеліктер бұған қатысты
тілтанымдық зерттеулерде де түрліше пікірлердің айтылуына себепші болды.
Ұқсамаған тілдер өз алдына, бір тілдік деректер бойынша жасалған
зерттеулердің өзінде де әртүрлі тұжырымдар қалыптасуда.
17
Тіл – тірі организм. Ол туу, даму, қалыптасу,
өзгеру басқыштарынан,
түрліше даму кезеңдерінен өтіп, бүгінге жетті. Сондықтан тілдегі белгілі ұғымды
зерттеу нысаны еткенде, оның тарихи даму кезеңдерін тұтастай қамтымайынша,
тілдік табиғатын толыққанды ашу қиын. Және түрліше ұстанымдар мен түрліше
кезеңдер бойынша жасалған зерттеулердің үздік тұжырымдарын басшылыққа
алу маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, ең әуелі мөлшер мәнді тілдік бірліктердің
әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайына назар аудару керек.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер әлемдік лингвистикада да зерттеу нысаны
етілген. Атап айтар болсақ, ағылшын, орыс, қытай, тағы басқа да әлемдік
тілдерде кеңінен зерттеліп келеді.
Алғашқы кезеңдерде орыс, ағылшын тіл
білімінде мөлшер семантикасы өлшем бірліктер аясында қарастырылды.
Метрологияның жалпы мәселелері мен дүниежүзіндегі әртүрлі өлшем
бірліктердің мәні жайлы Ф.И.Петрушевский [1], В.Депман [2], С.К.Кузнецов [42]
еңбектерінде қарастырылады. Ф.И.Петрушевскидің «Общая метрология» деген
екі бөлімнен тұратын еңбегінде өлшем бірліктердің әртүрлі және өте ауқымды
тілдік құбылыс екенін айта келіп, оның себебін былай деп түсіндіреді: «Меры,
как известно, чрезвычайно разнообразны, а разнообразия ихъ суть следующия
причины: 1) качество или свойство измеряемыхъ предметовъ; 2) ихъ количество,
и 3) самое существо меръ. Сюда же прибавить должно местность съ
политическими и религиозными правилами и народными привычками»
[1, с. 2].
Ғалым өлшем бірліктерді үлкен-үлкен сегіз семантикалық топқа бөліп
қарастырады. Ал Л.А.Молчанова [3] кейбір
славян халықтары мен шығыс
халықтары тілдеріндегі өлшем атауларын жинақтай келіп, оны
Достарыңызбен бөлісу: