Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Қытай және қазақ тілдеріндегі толық мағыналы сөздер мен



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Қытай және қазақ тілдеріндегі толық мағыналы сөздер мен 
көмекші сөздердің тіркесіҚытай және қазақ тілдеріндегі сабақтаса 
байланысқан толық мағыналы сөздердің тіркесі сөз тіркесін құрай 
алады. Бұл ешқандай талас тудырмайды. 
Қытай тілінде толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркесі сөз тіркесін құрай ала ма, жоқ па деген сұраққа қытай тілінің 
мамандары осы уақытқа дейін түрліше пікір білдіріп келді.
Сөз тіркесінің көлемі (аясы) туралы қытай тілі мамандарының 
көзқарастарын үш топқа бөлеміз:
1) 词组 (сөз тіркесі) тек толық мағыналы сөздер мен толық 
мағыналы сөздердің тіркесінен жасалады, толық мағыналы сөздер 
мен көмекші сөздердің тіркесі сөз тіркесін құрай алмайды;
2) 词组 (сөз тіркесі) ‒ екі толық мағыналы сөздің өзара тіркесі 
сөз тіркесі, ал толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесі ‒ 结构 
“құрылым” деп аталады;
3) 词组 (сөз тіркесі) немесе 短语 (сөз тіркесі) екі немесе одан да 
көп сөздердің тіркесі.
Бұл үш түрлі көзқарастағы басты қайшылық ‒ сөз тіркесін құрайтын 
құрылымдық мүшелерде, өйткені олар сөз тіркесінің көлемімен тығыз 
байланысты. 
Бірінші көзқарас сөз тіркесінің көлемін тек толық мағыналы 
сөздермен ғана шектейді, көмекші сөздер сөз тіркесінің құрылымдық 
сыңары бола алмайды. Мұндай көзқарасты ертеде жарық көрген 
еңбектерден кездестіруге болады. Мысалы, Ма Жянжоңның «马氏
文通
» (1898), Ли Жіңшидің «新著国语文法» (Жаңаша жазылған қытай 
тілінің грамматикасы), Уаң Лидің «Қытайдың грамматика теориясы» 
(中国现代语法) т.б. 
Екінші көзқарас сөз тіркесі толық мағыналы сөздердің тіркесі, 
ал толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесін 结构 
“құрылым” деп қарайды. Бұл көзқарас 1956 жылы жарияланған 
«Уақытша жасалған жүйеде» анық көрсетілген.
Үшінші көзқарас сөз тіркесін әрі толық мағыналы сөздердің 
тіркесі, әрі толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі 
деп қарайды. Лүй Шушяң «Қытай тіліндегі грамматикалық талдау 
мәселелері» деген еңбегінде сөз тіркесін әрі толық мағыналы 
сөздердің, әрі толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі 
деп көрсеткен [9, 10 б.]. Үшінші көзқарасты 1984 жылы жасалған 
«Уақытша жасалған жүйеде» айқын байқауға болады. Мұнда 短语 (сөз 


29
тіркесі) әрі толық мағыналы сөздердің тіркесі, әрі толық мағыналы 
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі деп берілген. Бұл көзқарас 
қытай тіл білімінде орнығып қалыптасқан. Сондай-ақ, 短语 термині 
де қазіргі кезде мектепке арналған оқулықтарда толығымен қолдау 
тауып, кең таралған. Жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде де 
кездеседі. Сөз тіркесін арнайы зерттеген ғалым Фан Шяу сөз тіркесінің 
көлемін толық мағыналы сөздермен ғана шектеу өте үлкен қате деп 
қарайды [10, 165 б.]. Біз де осы пікірді қолдаймыз.
Гау Міңкай (高名凯): “Сөз тіркесі екі немесе екіден көп толық 
мағыналы сөздерден құралады, толық мағыналы сөздер мен 
көмекші сөздердің тіркесі сөз тіркесіне жатпайды, көмекші сөздер ‒ 
аналитикалық тәсіл, олар әрдайым толық мағыналы сөздермен тіркесіп 
қолданылады... Біз оларды сөздің түрленген формасы деп қараймыз” 
[61, 223-224 бб.]. Біз бұл пікірге келісе алмаймыз. Себебі аналитикалық 
тәсіл мен сөздің түрленген формасын (яғни синтетикалық тәсіл ‒ Т.Қ) 
бір деп қарауға болмайды, қытай тілінде аналитикалық тәсіл болатын 
көмекші сөздер ‒ дербес сөз табы. Олар толық мағыналы сөздермен 
тіркескеннен кейін де дербес сөз болу қабілетінен айырылмайды. 
Екі сөздің тіркесі қалайша бір сөздің түрленген формасы болады. 
Сондай-ақ, синтетикалық тәсіл қытай тіліне тән құбылыс емес.
Жаң Жің (张静) кейбір тіл мамандарының толық мағыналы сөздер 
мен көмекші сөздердің тіркесін сөз тіркесіне жатқызбау себебін 
былай түсіндіреді: “Лексикалық мағына жағынан сөз тіркесі қайтадан 
бөлшектеуге болатын күрделі ұғымды білдіреді, көмекші сөздер 
ұғымды білдіре алмайды, грамматикалық жағынан көмекші сөздер 
сөйлем мүшесі бола алмайды, олар сөйлем мүшелері арасындағы 
грамматикалық байланыстарды білдіреді. Егер толық мағыналы сөздер 
мен көмекші сөздердің тіркесін сөз тіркесі деп есептесек, онда көмекші 
сөздердің сөйлем мүшесі бола алатындығын мойындағандық болады” 
[62, 4 б.]. Алайда қытай тіл білімінің мамандары Гау Міңкай мен 
Жаң Жіңнің пікірін қуаттамайды. Өйткені қытай тіліндегі көмекші 
сөздер күшті дамыған сөз табы, олардың табиғатына тән көптеген 
құбылыстарды үндіеуропа тілдерінің грамматикалық заңдылықтары 
бойынша түсіндіре салуға келмейді. 
Біз де Жаң Жіңнің пікірін құптамаймыз. Мұның себебі:
1) теориялық тұрғыдан айтқанда, сөз тіркесін зерттеуде олардың 
қандай ұғымды білдіруіне емес, бастысы, құрылысына баса назар аудару 
керек. Күрделі мағынаны білдіру-білдірмеуіне қарай сөз тіркесінің 


30
көлемін анықтау грамматикада мәнсіз, өйткені бұл “сөз тіркесін 
зерттеудің негізгі мақсаты ‒ оның (сөз тіркесінің) грамматикалық 
заңдылықтарын ашып көрсету” дейтін қағидаға қайшы келеді.
2) қытай тілінде көмекші сөздердің сөйлем мүшесі болу-болмауына 
қарай сөз тіркесінің табиғатын анықтау толық мағыналы сөздер 
мен көмекші сөздерді таптастыру мәселесіне келіп тіреледі. Қытай 
тілінде сөздерді таптастыру әлі толық шешімін таппай, талас тудырып 
жүрген даулы мәселелердің бірі болып саналады. Мысалы, үстеуді 
таптастыруда әлі күнге дейін бір ізділік жоқ, яғни үстеуді негізгі сөзге 
жатқызамыз ба, әлде көмекші сөздерге жатқызамыз ба деген сұраққа 
түрлі жауап алуға болады. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттеу нысаны 
‒ жеке сөздер емес, сөздердің тіркесі. Көмекші сөздер сөйлем мүшесі 
бола алмайды, бірақ толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздерден 
құралған сөз тіркестері сөйлем мүшесі бола алмай ма?
3) тілдік деректерге сүйенетін болсақ, қытай тілінде толық 
мағыналы сөздер мен көмекші сөздерден құралған сөз тіркестері өте 
көп. Егер біз оларды сөз тіркесінің қатарында қарастырмасақ, қытай 
тіліндегі сөздердің тіркесу заңдылықтарын жан-жақты ашып бере 
алмаймыз [63, 115-116 бб.].
Қытай тілінде толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркесі сөз тіркесін құрай алатындығын қытай ғалымдары тілдік 
деректер негізінде дәлелдеп отыр. Сондықтан да соңғы жылдары 
толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі қытай тілінің 
мектеп және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында еркін 
сөз тіркесінің қатарында қаралып жүр. 
Қорыта келгенде, қазақ тілінде сөз тіркесі тек толық мағыналы 
сөздердің тіркесінен жасалады. Толық мағыналы сөздер мен 
көмекші сөздердің тіркесі сөз тіркестерін құрай алмайды. Тек 
сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы ғана сөз тіркестерінің 
заңдылықтары айқындалады [18, 11 б.]. Ал қытай тілінде толық 
мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі сөз тіркесін құрай 
алады. Көмекші сөзді тіркестер синтаксистің зерттеу нысанына 
кіреді. Бұл ешқандай дау тудырмайды. Тек толық мағыналы сөздердің 
өзара тіркесін және толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркесін жан-жақты зерттегенде ғана сөз тіркестерінің заңдылықтары 
айқындалады.
Толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесі сөз тіркестері 
бола ма, жоқ па деген сауалға олардың қазақ тілінде сөз тіркестерін 


31
құрай алмайтындығы М.Балақаев [15], С.Аманжолов [13], К.Аханов 
[64], Р.Әміров [16], Т.Сайрамбаев [18], Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов 
[65], М.Серғалиев [30], Қ.Шәукенов [66] т.б. ғалымдар еңбектерінде 
көрсетілген.
Гың Шымин бұл жайында: “Сөз тіркесінің анықтамасында сөз тіркесі 
міндетті түрде толық мағыналы сөздердің өзара тіркесі болатындығы 
айтылған, бұл ‒ өте маңызды, өйткені көмекші сөздер (көмекші 
етістіктер, көмекші есімдер, септеуліктер т.б.) ‒ грамматикалық тәсілдер, 
олар тек толық мағыналы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет