Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің табиғаты



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
1.2 Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің табиғаты 
мен мәні
Синтаксис өткен ғасырдың 50-жылдардың ортасынан бастап тіл 
білімінің маңызды зерттеу саласы болып келеді. 
Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесі синтаксисінің қалыптасу 
кезеңі елуінші жылдардан басталады. Қазақ тілінің сөз тіркесінің 
жеке категория болып қалыптасуы М.Балақаевтің есімімен тікелей 
байланысты [40]. Ал қытай тілінің сөз тіркесі «马氏文通» деген 
грамматикадан бастап, қытай тілі жөнінде жазылған еңбектерде 
айтыла бастады. Қытай тілінің сөз тіркесін зерттеуші ғалымдар бұл 
(сөз тіркесі) ұғымның мәнін әр түрлі түсіндіріп, өздерінше тұжырым 
жасап келді. Сондықтан да сөз тіркесін зерттеуде бір ізге түспеген 
даулы мәселелер болды. Соңғы кезде қытай тіліндегі сөз тіркесін 
зерттеу мен оны оқытудың әдістемесі жан-жақты қолға алына бастады. 
«Орта мектептке арналған педагогикалық грамматиканың типтік оқу 
бағдарламасы» сөз тіркесіне ерекше мән берілген. Н.Хомскийдің 
сөз тіркесінің құрылымдық заңдылықтарын өзінің грамматика 
теориясының негізі етіп, «Трансформациялы-генеративті грамматика» 
деген еңбегін жазғаны сияқты, «Бағдарламаның» үштен бір бөлігінде 
сөз тіркесінің құрылымдық заңдылықтары баяндалып, қазіргі қытай 
тілінің грамматикалық жүйесі кең масштабта қарастырылған. 
Сөз тіркесінің тіл білімінде алатын орны туралы ғалымдардың 
пікірі мынадай:
Лүй Шушяң: “Сөз тіркесі сөз бен сөйлемді байланыстыратын 
аралық бекет (басқыш) болып табылады...” [9, 64 б.].
Жаң Жыгоң қытай тіліндегі сөз тіркесінің маңыздылығы туралы: 
“...Қытай тілі сөз түрлендіруші формалары дамыған тілдердің 


19
қатарына жатпайды, сөздер бір-бірімен сөз түрлендіруші формалар 
арқылы байланыспайды. Толық мағыналы сөздер, әсіресе, зат есім, 
етістік, сын есімдердің грамматикалық қызметтері алуан түрлі, 
тіркесу қабілеті өте күшті, осы үш түрлі сөз таптары лексиканың (语

) басым бөлігін құрайды. Сөз түрлендіруші формалары дамыған 
тілдермен салыстырғанда, қытай тілінде сөздердің бір-бірімен тіркесуі 
өте еркін, сондықтан сөз тіркесінің модельдері де өте көп. Қытай 
тіліндегі сөйлемдердің басым көпшілігі сөз тіркестерінен құралған, 
сондықтан да сөз тіркесі өте маңызды. Сөз тіркесінің құрылысын, 
қызметін (性能), сөздердің бір-бірімен тіркесу барысындағы кейбір 
мәселелерін дұрыс түсінсек, онда қытай тілі синтаксисінің негізін (句
法的基础
) меңгерген боламыз...” [41, 16 б.].
Жу Дыший: “Үндіеуропа тілдерінде сөйлемнің құрылымы мен сөз 
тіркестерінің құрылымында елеулі айырмашылықтар бар, ал қытай 
тілінде сөйлем құрылымы мен сөз тіркестерінің құрылымы негізінен 
ұқсас болып келеді. Егер біз әр түрлі сөз тіркестерінің құрылысы 
мен қызметтерін анық, жан-жақты сипаттасақ, онда сөйлемнің 
құрылымдық заңдылықтарын да айқын сипаттап берген боламыз” 
[12, 193 б.] ‒, деп жазды.
Ал бұл қытай тілінің сөз тіркестері үндіеуропа тілдерінің сөз 
тіркесіне қарағанда анағұрлым маңызды екендігін көрсетсе керек. 
Е.И.Шутова «Синтаксис современного китайского языка» 
еңбегінде былай деп жазады: “На фоне постановки вызванных ходом 
развития китайского языкознания проблем усиливается внимание 
китайских ученых к такой синтаксической единице, как “cizu” (букв. 
“группа слов”, т.е. “синтаксическая группа”), что, несомненно
навеяно представлениями об иерархическом характере структуры 
предложения, получившими развитие и признание в китайской 
лингвистической литературе. Подчеркивается возможность выражения 
того иного члена предложения не только отдельным словом, но и 
синтаксической группой, и, с другой стороны, ‒ возможность для 
той или иной разновидности синтаксической группы выступать в 
функции различных членов предложения. 
Таким образом, термин “синтаксическая группа” получает 
статус самостоятельного синтаксического объекта, с одной стороны, 
связанного, а с другой ‒ независимого от такого синтаксического 
объекта, как член предложения. Для работ китайских ученых 
последнего времени характерно переименование синтаксических 
явлений, при котором то, что раньше обозначалось в терминах членов 


20
предложения, получает обозначение в терминах сочетаний слов в 
структуре “синтаксической группы” [42, 19-20 бб.].
Қазақ тілінің сөз тіркесін арнайы зерттеген Т.Сайрамбаев қазақ 
тіліндегі сөз тіркесінің құрылысын зерттеудің теориялық және 
практикалық маңызының зор екендігін былай деп түсіндіреді: 
“Сөз тіркесінің байланысу формалары арқылы сөз таптарының 
морфологиялық өзгерістері, ал олардың байланысу тәсілдері арқылы 
әрбір сөз табының мағынасы айқындалады... Жалпы алғанда сөз 
тіркесінің әрбір сыңары жеке сөз табын, оның морфологиялық 
өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін, дербес мағынасы 
бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға 
мүмкіндік туады” [43, 7 б.]. 
Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерін жан-жақты зерттеуге 
баса мән беріліп отырғанымен, кейбір мәселелер әлі де шешімін 
таппаған деп айтуға болады. Сондықтан сөз тіркесі ‒ жан-жақты 
зерттеуді күтіп отырған күрделі де көкейтесті мәселелердің бірі.
Қазақ тілі (әсіресе, қытайдағы қазақ тілі) мен қытай тілдерінде 
толық шешімін таба қоймаған даулы мәселелер көп, атап айтқанда: 
сөз тіркесінің анықтамасы; негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі еркін 
сөз тіркесінің қатарына жата ма? салаласа байланысқан тіркестер сөз 
тіркесін құрай ма? предикативті тіркес (тізбек) сөз тіркесі деп таныла 
ма? сөз тіркесінің күрделі сөз және сөйлемнен айырмашылығы; сөз 
тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? сөз тіркесінің 
байланысу тәсілдері, құрылымдық және мағыналық түрлері және 
сөз тіркесін талдаудың әдістері т.б. Біз зерттеу жұмысында осы 
мәселелерге тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет