Монография Астана, 2010. 250 бет


Білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану



Pdf көрінісі
бет107/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану 
 
Зерттелетін мәселе: Көктемгі табиғат аясындағы еңбек. 
Зерттеу ісәрекетінің  мақсаты: Табиғат туралы балалардың ұғымын кеңейту. 
Туған  өлкенің  табиғатының  әдемілігін  көре  білуге  және  оған  деген 
сүйіспеншілігін  арттыру,  көктемгі  табиғат  аясында  еңбек  ету  арқылы 
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Тәжірибелік зерттеу іс әрекетін қалыптастыру. 
Тәжірибелік  зерттеу  іс-әрекеті:  Дербес  ойлану.  Балалардың  назарын  табиғат 
көркіне,  аулада  өсіп  тұрған  биік  ағаштарға,  гүлге,  арық  жағасындағы  шөптер 
мен сылдырап аққан суға, құстарға аудара отырып өз ойларын ортаға салады. 
-  айтыңдаршы қазір қай жыл мезгілі? Көктем. 
-  көктемде жер бетінен қандай өзгерістер байқасыңдар? 
-  балалар,  ағаштың  берер  пайдасы    көп,  ағашты  сындырмай  күтуіміз  керек. 
Біздің  ауладағы  ағаштармен  қатар  гүлдіктер  мен  гүлзарлар  бар.  Бүгін  біз 
бірнеше түрлі гүлдердің көшеттерін отырғызамыз. Еңбек әрекеті. Енді  балалар 
біз  ауламыз  әдемі  болып  тұру  үшін  өз  үлесімізді  қосайық.  Ол  үшін  өзіміз 


 
239 
отырғызатын көшетіміздің орнын белгілеп, бәріміз бірігіп көшет отырғызамыз. 
Еңбекке  қажет  қажет  құралдармен  танысайық  (күрек,  шелек,  су,  тырма). 
Көшеттің орнын қазып аламыз, балалар оған бақылау жасай отырып, өздерінің 
құралдарымен  көмектеседі,  көшетті  отырғызуды  тәрбиеші  көрсетеді, 
балалармен  бірге  көшетті  орнықты  етіп  отырғызып,  айналасын  топырақпен 
жабамыз,    қопсытамыз,  енді  су  құямыз  деп  түсіндіреді.  Бұл  жерде  балалар 
топырақтың  құрамына  назар  аударады,  көшеттерді  күтіп  баптап,  оның  өсіуіне 
бақылау жасайды.  
Еңбек туралы мақал – мәтелдер айту. 
1. Еңбек түбі береке 
     Көптің түбі мереке 
2. Еңбек  етсең ерінбей, 
    Тояды қарның тіленбей 
Қорытынды.  Балалар  бүгінгі  табиғат  аясындағы  еңбек  ұнады  ма?  Қандай 
тәжірибелік зерттеу іс- әрекетін  жасадық? Өте жақсы еңбек еттіңдер, енді осы  
отырған көшеттерімізді күнделікті серуен кезінде күтетін боламыз. 
        Зерттелетін мәселеКүз неліктен «Алтын күз» деп аталады? 
Зерттеу  іс–әрекетінің  мақсаты:  Табиғаттың  күз  мезгіліндегі  өзгерістері 
жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы 
түсінік  беру.  Ағаштарды-бұталары,  жапырақтары  мен  жемістеріне  қарай  бір–
бірінен ажырата білуге үйрету. Бақылау жасай білу дағдыларын  дамыту. Күзгі 
табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. 
І. Тәжірибелік зерттеу іс-әрекеті:  
1. Зерттеу әдісі: Өз бетіңмен дербес ойлан.  
Ағаштардың  діңіне,  жапырағының  пішініне,  жемісіне  қарап  ағаштар  мен 
бұталарды салыстыру, аттарын ойлану, бір-бірінен айырмашылығы қандай?  
1-2 минөт ойлануға уақыт беріледі. Балалар өз ойларын ортаға салады.  
2.Басқа  адамнан  сұрау:  Үйге  барғанда  ата-аналарыңнан,  ағаларыңнан, 
апайларыңнан  сұрадыңдар  ма?  Не  себептен  «Алтын  күз»  деп  айтылатынын. 
Ағаштардың  жапырақтары  қандай?  Қай  ағашта  тек  сары  түсті  жапырақтар 
(аққайыңда,  жөкеде),  қай  ағашта  сары,  қызыл  жапырақтар  (үйеңкіде),  қай 
ағашта қоңырқай түсті (емен), басқа да түстерді іздейді. Жапырақтарда қандай 
түс басым көп деп ойлайсыңдар?! Күз туралы өз ойларын ортаға салу. Балалар 
қазір  күздің  қай  кезеңі:  «Ерте»  күзді  ме,  «Кеш»  күзді  ме?  Өздерінің  жинаған 
жапырақтары, бұталарынан әдемі бұтақтар, жапырақтар шоғын жасайды. 
2.Тәжірибелік зерттеу іс-әрекеті:  
Бақылау  әдісі:  Күзгі  жапырақтарды  бақылау.  Әр  балада  кептірілген  сары, 
қоңыр,  қызыл  түсті  жапырақтарды  таратып  береді.  Балалар  олардың  түсіне, 
пішініне  назар  аударып  қарап  көреді.  Жапырақтар  не  себептен  сары  түске 
боялды? Балалар жауаптарынан соң тәрбиеші өзінің пікірін айтады. 
3Кітапта  қарау әдісі:  Күзгі жапырақтардың суретін көрсете отырып көркем 
шығарманы  тәрбиеші  мәнерлеп  оқиды.  «Күзгі  жапырақтар»  Қ.  Шаңғытбаев. 
Шығарманы түсіндіреді, сұрақ сауалдар арқылы таладау жасайды. 
а)  кітаптағы  суретте  берілген  жапырақтар  бойынша  ағаштарды  тауып, 
аттарын атайды; 


 
240 
ә) Күзгі жапырақтарды бояу түстерін үйлестіре отырып бояйды. 
4. Қорытынды. 1. Балалар бүгінгі зерттеу жұмысынан қандай қорытынды  
шығаруға болады? 2. Өздеріңе қандай жаңалық аштыңдар?  
Ей, адамзат, алдыменен досыңды ұқ, 
Досың жер, су, ауа, өсімдік. 
Ала отырып олардың сыйлығын, 
    Осыларды қорғамау деген не сұмдық!-деп зерттеу жұмысының мәнін 
түсіндіру. Балалардың пікірін тыңдау, тәрбиешінің қорытынды пікірі. 
Зерттелетін мәселеСудың пайдасы. 
Зерттеу іс–әрекетінің мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін кеңейте 
түсу, судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Суды үнемдеп 
пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Зерттеу іс- әрекеттерін қалыптастыру. 
Ұйымдастыру сәті. Тәрбиеші жұмбақ  жасырады, оның шешуі бүгінгі зерттеу 
мәселеміз болады.  
Аяғы жоқ, қолы жоқ 
Бірақ тыныш тұрмайды. 
Сақтамасаң қорын тек, 
Барша тіршілік құрайды (Су) 
 Дербес ойлану: Балалар судың қасиеті туралы өз ойларын ортаға салады. 
а) су – түссіз - бояғыш қоссақ - түс пайда болады 
б) су-дәмсіз, иіссіз-дәмін келтіруші қоспалар қоса-дәм пайда балады.(Қант, тұз) 
Іші суға толтырылған екі стақан: біреуінде тұзды су, екіншісінде  тұзсыз су. 
Балалардың әрқайсысы судың дәмін татып, тұзды су ішуге жарамсыз деген 
қорытынды жасайды. 
Тәжірибелік зерттеу іс- әрекеті: Үнтаспадан судың сылдырын есту. Су 
туралы тақпақ айту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет