Монография Астана, 2010. 250 бет


Ата-аналармен жұмыстың формалары



Pdf көрінісі
бет111/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
  
Ата-аналармен жұмыстың формалары 
 
Дәстүрлі 
Дәстүрден тыс 


-  ата-аналар жиналыстары; 
-  жеке топтық және 
балабақшаның жалпы 
-  ата-аналармен тренингтер 
өткізу; 
-  пікір сайыстар жүргізу; 


 
244 
конференцияларын 
     ұйымдастыруы
-  тәрбиеші-педагогтің жеке 
кеңесі; 
-  балалардың үйінде болуы; 
-  ашық есік күндері; 
-  психологиялық  демалыс 
сәттері; (разминки) 
-  дөңгелек үстел; 
-  ауызша журнал; 
-  ата-аналар кештері; 
-  ата-аналар оқулары; 
-  ата-аналар рингі; 
-  ашық сабақтар; 
 
Ата-аналар  конференцияларына  өте  мұқият  дайындық  қажет.  Мұнда  белгілі 
ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер т.б міндетті 
түрде  қатысады.  Мұндай  конференцияларға  ата  аналар  белсенді  түрде 
қатысулары  қажет.  Олар  өз  іс-тәжірибелері  тұрғысынан  мәселеге  талдау 
жасайды.  Конференцияның  ерекшелігі  сол-  мұнда  арнайы  аталған  мәселенің 
жай- жағдайын шешудің нақты  жолдары қарастырылуында. 
Практикумдар-ата-аналардың 
бала 
тәрбиесі 
жайында, 
педагогикалық 
жағдаяттардан шығуда олардың педагогикалық ойлауларын жаттықтыру. 
Ашық 
сабақтар–ата 
–аналарды 
бағдарлама 
бойынша 
қол 
жеткен 
жетістіктермен  таныстыру,  тәрбиешінің  талаптарына  ден  қоюға  бағыт  беру. 
Мұндай  сабақтарға  ата-ананалардың  қатысуы  балабақшадағы  оқу-тәрбие 
жұмыстары  жайында  ата-аналардың  педагогикалық  сауаттылығын  арттырады, 
баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді. 
Жеке  тақырыптық  кеңестер-бұл,  ата-аналармен  өзінің  баласы  жайында, 
балабақша  тыныс-тіршілігі  туралы  ақпараттармен  қамтамасыз  етуде,  пікір 
алысуда  маңызды.  Жеке  кеңестер-тәрбиешінің  отбасымен  тығыз  байланыс 
орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан  жинақтағанда, мерекелік 
іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын-ала дайындалғаны 
абзал,  ол  үшін  ата-анаға  алдымен  қандай  сұрақтар  қою  керектігін  ойланып, 
жоспарлап алған дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-анамен 
тәриешінің  арасында  тығыз  байланыс  орнықтыратындай  бағытта  болуы  шарт. 
Тәрбиеші  ата-аналарды  өзінің  кәсіби  жұмысындағы  төмендегідей  маңызды 
мәліметтермен таныстырды: 
-  баланың денсаулығының ерекшеліктері; 
-  оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері; 
-  отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті; 
-  мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі; 
-  мінез сипатының ерекшелігі; 
-  ойын әс-әрекетіндегі белсенділігі; 
-  құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері; т.б 
Үйге  бару–мұнда  тәрбиешінің  ата-аналармен  жеке  жұмысы  және  баланың 
отбасындағы жағдайымен танысу. 
Ата-аналар  жиналысы–тәрбиелеу  мен  білім  беру  жұмыстарына  талдау  жасау 
және  тәжірибені  мектепке  дейінгі  педагогика  ғылымы  негізінде  ой  елегінен 
өткізу. 


 
245 
Жалпы  ата-аналар  жиналысы  –  жылына  екі  рет  өткізіледі.  Мақсаты: 
балабақшаның  нормативтік-құқықтық  құжаттарымен  таныстыру,  балабақша 
жұмысының  негізгі  бағыттары,  міндеттері  мен  қорытындысын  таныстыру. 
Жалпы  жиналыстың  тақырыбы  негізінен  жаңа  оқу  жылының  барысы  мен 
қорытынды  есебі  сипатында  болды.  Онда  балабақша  меңгерушісі,  әдіскер, 
тәрбиешілер,  дәрігер  және  ата-аналар  комитеті  төрағасы  сөз  сөйледі,  есебі 
тыңдалды.  Еңбек  нәтижелері  мен  жетістіктері,  кемшіліктері  айтылып,  оны 
жоюдың жолдары қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет