Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет73/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Хабарлау.  Балалардың  алғашқы  әңгімелері  дайын  болған  кезде-ақ,  балаларды 
әңгімені  тыңдауға  отырғызуға  керек.  Бұл  әңгімені  балардың  бір-біріне  үйрету 
варианты  деп  қарастыруға  болады.  Әңгімелеуші  ақпараттарды  құрылымдық 


 
182 
талдау  жасап,  ең  бастысын,  маңыздысын  мәлімдейді.  Балалардың  әңгімесінің 
мазмұны қарапайым болуы мүмкін, ең маңыздысы бала да шығармашылықпен 
әрекет  ету  сапалары  қалыптасады.  Тәрбиешінің  сөзіне  қарағанда  балалар 
әңгімелеушінің сөздеріне сын көзбен қарайды. 
    Біздің  зерттеулеріміз  көрсеткендей,  балалар  бұл  жағдайда  әңгімелеушінің 
сөзіне түзету жасайды, таласқа жеңіл шынайы түрде қосылады, сұрақтар қояды. 
Осы  сәттер  өте  маңызды,  біз  балалардың  назарын  ерекше  аударуға 
талаптанғанбыз.  Сыни  ойдың  дамуына  бұдан  басқа  сын  көзбен  қарауға  бұдан 
өткен  тиімді  тәсіл  жоқ.  Барлық  әңгімелерді  бір  сабақта  тыңдау  өте  қиын, 
өйткені  баланың  әңгімені  айтып  беруі  ғана  емес  сонымен  қатар  сұрақтарға 
жауап беруі керек. Сондықтан, біріншіден балаларды қысқа да, нұсқа сөйлеуге 
үйрету қажет, екіншіден, уақытты үнемді пайдалануға үйрету. 
Тәрбиешілерге  әдістемелік  нұсқау.  Біздің  біліміміздің  қайнар  көзі  болып 
табылатын  мектепке  дейінгі  кезеңде  зерттеу  іс-әрекетін  қалыптастыруды 
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  толық  жетілдіру  мақсатымен  жалпы  ережелер 
түрлері  анықталады.  Тәрбиеші  ережелерді  толық  зерттеу  жұмысында 
пайдаланса,  барлық  тапсырмаларды  табысты  шеше  алады.  Ең  бастысы–бұл 
жұмысты орындауға  шығармашылық, ізденіс керек. Ол үшін: 
- істі  орындауда  балалардың  өздері  дербес  әрекет  етуіне  жағдай  жасаңыз, 
тәуелсіз болуға және тікелей нұсқау беруден аулақ болыңыз; 
- баланың ынта - ықыласын жойып алмаңыз; 
- өздері жасай алатын жұмыс жасау үшін, сіз жасап беруге ұмтылмаңыз; 
- бағалау, пайымдау ойларыңызды айтуға асықпаңыз; 
- білімді меңгеру үдерісін басқаруда балаларға көмек жасаңыз: 
- оқиғалардың, құбылыстардың заттар аралығындағы байланысын бақылап 
отыру; 
- зерттеу  кезіндегі  проблемаларды  шешуде  дербес  шешім  қабылдауын 
қалыптастыру; 
- ақпараттарды  талдауда  ой  қорыту  негізінде  жинақтау,  қарама-қарсы 
логикалық ойларды топтастыра білуге назар аудару;  
    Жадыңызға  сақтаңыз,  бұл  педагогикалық  технология  барлық  пәндерде 
пайдалануымызға болады. Баланың тілін дамытуда, ой  өрісін, сыни ойлауына, 
шығармашылық дамуына әртүрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді. 
Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет. Шығармашылық, 
психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасауда өте 
пайдалы.  Бұл  жағдайдың  өзіндік  қиындықтары  бар,  бірақ  біз  тәрбиелеудің 
басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз.  
    Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  соңғы  жылдарда  жаңа  мемлекеттік  стандарқа 
сәйкес  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған:  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала», 
«Біз  мектепке  барамыз»  атты  бағдарламалар  дайындалып  оны  тәжірибеге 
енгізуде  жобалау  әдісі  пайдаланылуды.  Біз  де  өз  зерттеуімізде  жобалау  әдісін 
тәжірибеде  пайдаланудың  тиімді  жолдарын  қарастырдық.  Жобалау  әдісі  ол 
өткен  жүзжылдықтың  басында  АҚШ-та  пайда  болды.  Оны  сондай-ақ, 
мәселелердің  әдістері-деп  атады  және  оны  философиялық  білім  беруде 
ізгілендіру  идеясымен  тығыз  байланысты  қарастырған  американың  философ 


 
183 
және  педагогы  Дж.  Дьюи  мен  ғалым  В.Х.Килпатрик.  Дж.  Дьюи  баланың 
мақсатқа  бағытталған  іс–әрекеті  арқылы  оқытуды  белсенді  негізде  құруды 
ұсынды  және білім  алуға  деген  баланың  қызығушылығын  ескеруді  талап  етті. 
Мұнда  балаға  өзінің  өмірлік  дағды  ретінде  қажет  болатын  білім  алуға  деген 
жеке қызығушылығы  маңызды болмақ. «Жобалау» ұғымы білім беру саласына 
кейінгі  жылдарда  біртұтас  әдістемелік  мәселелерді  шешу  мақсатында  ендіріле 
бастады.  Жобалау  «терминологиялық  кеңістіктегі»  дәстүрлі  категорияларды 
қайта  қарауды  және  олардың  өзара  әрекеттестігін  айқындау  мәселелерін 
шешуді  көздейді.  Педагогикалық  жобалауды  кәсіби  қызмет  түрі  ретінде 
қарастырған  педагог  зерттеушілер:  В.Безруков,  В.Беспалько,  Н.Борисова, 
А.Дахин,  Г.Ильин,  Г.Лебедова  т.б.  Олардың  еңбектеріне  талдау  жасай  келе 
төмендегідей қорытындыға келдік: жоба жеке тұлғаның кәсіби бағыт алуында 
дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшеленетін құрал ретінде қарастырылады. Жобалау 
әдісі  орыс  педагогтарының  назарын  бірден  аударды.  Жобалап  оқыту  идеясы 
Ресейде американдық педагогтар мен бірге тәжірибеде қатар дайындалды. 1905 
ж орыс педагогы С. Т.Шацкидің жетекшілігімен шағын топ ұйымдастырылды. 
Олар  жобалау  әдісін  тәжірибеде  белсенді  пайдалану  жолдарын  қарастырды. 
Кейінірек  кеңестік  дәуірде  бұл  идея  кеңірек  мектеп  тәжірибесінде  енгізіліп, 
кейбір  кемшілігіне  байланысты  кеңес  өкіметінің  қаулысымен  (1931ж)  оны 
тәжірибеге  енгізуге  қажет  емес  деп  тапты.  Ресей  мектебінің  тәжірибесінде 
осыны  пайдалануда  көптеген  қиындықтарға  кездесті.  Ал,  шет  елдік 
мектептерде бұл жоба өте белсенді және жақсы дами бастады. Атап айтқанда, 
АҚШ,  Ұлыбритания,  Бельгия,  Израил,  Финляндя,  Германия,  Италия,  Бразиля, 
Нидерландия т.б елдерде Дж. Дюидің гумандық идеясы жүзеге асырылды, бұл 
идея  жобалау  әдісінде  кең  түрде  көрініс  табады  және  теориялық  білімді 
тәжірибеде пайдалануда  баламен педагогтың арасындағы бірлескен іс-әрекетті 
шешуде  маңызды  болып  табылады.  Жобалау  әдісі  туралы  айтқанда  біз, 
дидактикалық  мақсатқа  жетудің  тәсілдерін  қарастырамыз,  яғни  мәселені  жан-
жақты,  бөлшектей  қарау  және  ол  өз  кезегінде  белгілі  бір  шындыққа  жақын, 
тәжірибелік  нәтиже  беретін  белгілі  бір  деңгейде  рәсімделетін  болуы  шарт. 
Жобалау  әдісінің  негізгі  идеясы,  оның  мәні  мен  мағынасының  өзі  «жобалау» 
ұғымы  болып  табылады.  Оның  прагматикалық  бағыты  белгілі  бір  теориялық 
немесе тәжірибелік мәселелерді шешу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, 
оны  көзбен  көру,  санада  сәулелендіру,  көңілге  тоқу  және  оны  жүзеге  асыру. 
Мектепке  дейінгі  ұйымның  басшыларын,  тәрбиешілерін  дайындауда  біздің 
көзқарасымызда  бұл  жобаны  тәжірибеде  пайдалану  тиімді  болмақ,  өйткені, 
жобаны  жасау  үдерісінде  мамандар  алға  қойған  мақсат, міндеттерге  сәйкес  өз 
еңбегінің нәтижесін көре алады. Өзінің сыртқы формасына сәйкес жобалау, бір 
жағынан  жағдаяттарды  шешуді  еске  түсіреді,  оның  қажетті  атрибуттары, 
қарама-  қайшылықтары,  іс-әрекетке  бағытталу  негіздерінің  жеткіліксіздігі, 
ақпараттар,  жағдаяттар  туралы  тұтас  көзқарас,  ал  екінші  жағынан-мәселені  
шешу  арқылы  оны  жою  мақсаты  көзделеді.  Тәрбиешінің  еркіндікке  тәрбиелеу 
идеясының туындауы бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрамын қарастыруда 
кешенді  комнпонеттерден  тұратынын  қарастырады.  Оның  негізгі  мәні–
анықталған  мәселеге  байланысты  баланың  қызығушылығын,  ынта-ықыласын 


 
184 
ояту,  жобалау  әдісі  арқылы  белгіленген  білім-білік  дағдыларды  игерту,  бір 
немесе  бірнеше  мәселелердің  шешімін  бірге  табуды  қарастыру,  алған  білім, 
білік дағдыларын тәжірибде көрсете білуге үйретудің бұрынғыдай сақталуында. 
Басқаша  айтқанда,  теориядан  тәжірибеге,  алған  білімді  оқытудың  әрбір 
кезеңінде білім көлемінің сақталуын қадағалап отыру көзделеді. 
    Баланың  білім  алуға  қызығушылығын  көрсетуі  маңызды  және  ол  өмірлік 
дағды ретінде қалыптастырылуы керек. Бірақ ол не үшін, қашан, қайда? Қайда, 
қандай  мақсатпен?  Мұндағы  ең  маңызды  мәселе  берілетін  білім  баланың 
жанына  жақын  өмірден  алынуы  тиіс,  алған  білімі  оның  өмірінде  маңызды 
болуы  шарт  және  өмірлік  дағды  ретінде  қалыптастырылуы  керек.  Мұғалім 
ағымдағы жаңа ақпарат жайлы айтып бере отырып, оқушының ойын өз бетімен 
ізденіс  жасауға  бағыттайды.  Бірақ  нәтижесінде  баланы  өзіндік  ізденісте 
міндетті  түрде  берілген  тапсырманы  іздеп  жағдайды  дұрыс  шешіп,  өз  білімін 
қолдана  отырып  шындыққа  сай  нәтижеге  жетіп  отырады.  Жобалау  әдісінің 
қазіргі кезеңдегі негізгі бағыты мен нені танып білем? Не білемін? Бұл не үшін 
керек?  және  мен  бұл  білімді  қайда  пайдаланамын  ?  деген  сауалдарға  жауап 
іздейді.  Жобалау  әдісінің  негізіне  баланың  танымдық  дағдыларын  дамыту 
өзінің алған білімін пайдалана білу, ақпараттық  кеңістікте бағыт ала білу және 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту жүзеге асады. Жобалау әдісі барлық уақытта 
баланың өздігінен әрекет етуіне бағытталған: жеке, жұппен, топпен белгіленген 
уақыт  арасында  тапсырмаларды  орындайды.  Бұл  тұрғыдан  алып  қарағанда  ол 
топпен оқытуға сәйкес келеді. Жобалау әдісі кезінде белгілі бір мәселені шешу 
оны  басқа  бір  қырынан  қарау,  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  және  құралдарды 
пайдалану,  екінші  қырынан  қарағанда  білім  беру  мен  оның  технологиясын 
шығармашылық  саладағы  білімдерді  кешенді  беру.  Орындалған  жобаның 
нәтижесін  балалар  сезінетіндей  болуы  керек,  егер  ол  теориялық  мәселе  болса 
оның  нақты  шешімі  көрсетілуі  керек,  ал  тәжірибелік  болса  оның  нақты 
нәтижесі  және  оны  тәжірибеге  ендіруге  дайын  болу  керек.  Жобалау  әдісін 
пайдалану  үшін  тәрбиеші  педагогқа  жоғарғы  біліктілікті  және  дамыту  мен 
оқытудың  әдістемесін  жетік  білуі  қажет.  Бұл  технологияы  ХХІ  ғасырдың 
технологисы  деп  бекер  атамайды.  Себебі,  өзгермелі  өмірге  байланысты  және 
қоғамның дамуына байланысты бейімделуді, білуге үйренуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет