Монография «Елтаным баспасы»


жоғары эмоциялы фразеоло-



Pdf көрінісі
бет14/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162
жоғары эмоциялы фразеоло-
гизмдер 
деп аталады. Аталған терминдер «Мағыналас фразеологизм-
дердің ұлттық-мəдени аспектілері» монографиясынан алынды 
[Смағұлова, 1998, 41 б.]. 
Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық танымдық сипаттарының ерек-
шеліктері соңғы жылдары фразеологизмдердің лингвомəдени ремалары, 
фреймдері, схемалары т.б. с.с. орыс тілі арқылы енген сөздермен талда-
нып жүр. Зерттеу бағыттарына байланысты мұндай сөздер əрі қарай да 
молая түсуі мүмкін. Оларды да сұрыптап, ең жиі қолданылатындарын 
елеп, екшеп отыру қажет. Фразеология дербес ғылым саласы ретінде 
əлі де зерттеле беретіндіктен, басқа да көптеген терминдердің енуі
қалыптасуы заңдылық.
2. Қазақ фразеологиясы пəнінің тарихы мен даму бағыттары
Бұл еңбектің мақсаты – қазақ ұлтының баға жетпес рухани 
құндылықтарының бірі тұрақты тіркестер – фразеологизмдердің қазіргі 
ғылыми зерттеу нысанындағы парадигмаларын анықтау жəне ғылыми 
нəтижелерін талдау. 
«Ғылыми парадигма» ұғымының семантикалық диапазоны 
лингвистикалық зерттеулер мен қазіргі тілдің ғылыми сипатын да 
қамтиды. «Ғылыми парадигма» ұғымын ғылыми айналымға американдық 
тарихшы Томас Кун енгізген. Ол өзінің «Ғылыми революция құрылымы» 
[The Structure of Scientific Refolutions.1962.Chicago., ауд. И.Налетов. 


16
M.,1975, 2009] деген еңбегінде ғылым мен қоғамның тарихи дамуындағы 
өзара терең байланысын қарастырады. Т.Кун «ғылыми бірлестік» деген 
түсінікті ғылыми қызметтің логикалық субъектісі деп тұжырым жасаған. 
Т.Кун айтқан «ғылыми бірлестік» зерттеуші дəлелсіз қабылдайтын 
бірыңғай стандарттар жүйесі
– 
парадигмалардан
тұрады. 
Парадигма дегеніміз – ғылыми бірлестіктердің мүшелері 
мақұлдаған ғылыми жетістіктері жəне ғылыми проблеманың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет