Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет13/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162
параллельді 
фразеологизмдер 
деп атаған. [Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. 
1977, 617 б.]. 
Мұндай фразеологизмдердің түрлерін тұлғалық бірлік, дыбыстық 
сəйкестік жəне мағыналық үйлесімдік жағынан кешенді зерттеу 
нəтижесінде оларды С.Сəтенова 
қос тағанды фразеологизмдер
деп атау-
ды ұсынады. «Қос таған деп отырғанымыз, шынында да қос сөздердің қос 
сыңарына тым ұқсас, фразеологиялық оралымдардың тіркес түріндегі та-
бан тірер, арқа сүйер екі тірегі – тағаны. Фразеологиялық тіркес олардың 
екеуіне бірдей сүйенгенде ғана тіркес болып, белгілі бір фразалық тұтас 
мағына беріп, басын құрай алады. Таған құрап тұрған мүшелерді 
таған 
компоненттері, таған мүшесі 
деп атадық, – дейді автор. [Қазақ тілін-
дегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық табиғаты. 
1997, 22 б.]. 


15
Фразеоло
гизмдердің сөйлем ішінде мағынасының толық түсінікті 
болуына қызмет ететін сөздер болады. Мысалы, 
жел аяқ, табаны жерге 
тимейтін, алдына жан салмайтын 
деген тікестер соңынан 
жүйрік
сөзі тұрады. Мəтін ішінде кейде түсіріліп қолданылса да мəнмəтінде 
жүйрік адам туралы екендігі түсінікті болады. Мұндай сөздерді 
сүйемел 
сөздер
(орыс тіліндегі нұсқасы «слова сопроводители») деп атадық. 
(Фразеологизмдердің синтагматикалық қатынастары туралы осы кітап-
та арнайы сөз етіледі). 
Фразеологизмдерге əдетте эмоциялылық пен экспрессивтілік тəн. 
Дегенмен де адамның түрлі сезімдік əрекеттерін бейнелеуде, əсіресе 
күрделі эмоцияны білдіретін, ашулану, ұрсу, ұру, қорқу т.б. ерекше 
эмоциялық реңкті фразеологизмдер тобы бар. Тұрақты тіркестердің 
мағыналық топтарының арасында бұлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет