4.3 Фразеологизмдерде мəдени-тілдік семантиканың қалыптасу факторлары Тілдегі концептілік құрылымдардың қамтитын ұғымдары əр алуан
жəне күрделі болуы олардың ұлттық мəдени өрістегі орны мен үлесінің
ерекше екенін байқатады. Этномəдениетке тірек болатын концептілердің
қалыптасуына əсер ететін факторлар осыған дəлел.
Бүгінгі таңда, аса қатты байқалған құбылыс: белгілі бір ұлтқа ғана
тəн өзіндік ерекшеліктердің азайып бара жатқанын адамзат өкілдерінің
мойындауы. Əрине, мұндай өзгерістер өмірдің бір саласында тым жыл-
дам көрінсе, енді бір саласында баяу орын алуда. Сондықтан ғылымда