«этникалық мəдениет» жəне «этнос мəдениеті» деген түсініктер
қалыптасқан. Қазір жер бетінде басқа халықтар мəдениетінің əсерін
сезінбеген этникалық қоғамдастықты табу мүмкін емес. Мұндай
жағдай ұлтаралық қарым-қатынастардың тереңділігінен жəне жан-
жақтылығынан байқалады. Өйткені əрбір ұлт өз бетінше жеке өмір сүре
алмайды, олардың қазіргі тіршілігі бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Əйтсе де, осындай сəтте адамзат бір-бірімен қандай керемет байланыста
болса да, өзіндік этникалық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады.
Сондықтан зерттеушілердің назарын этнос мəдениетіндегі сол этносқа
ғана тəн болатын «этникалық мəдениет» деген түсінік тұсы ерекше ны-
сан ретінде көңіл аудартады.
Кез-келген адам өз өмірінде бір əлеуметтік топтан екінші əлеуметтік
топқа, бір мемлекеттен басқа мемлекетке ауысуы мүмкін, бірақ сонда
да өзінің бойында қалыптасқан этникалық тамырларынан мүлде ажы-
рап кете алмайды. Ол қоршаған əлем суретін сол өзіне тəн көзқараспен
қабылдайды.
Ұлттық мəдениеттің қалыптасу негізі белгілі бір адамдар тобында
ортақ қызығушылықтардың пайда болуымен байланысты. Кейіннен олар
ұжымдық түрде өмір сүру үшін қалыптасқан қажеттіліктер деп таныла-
ды. Бұл жекеден жалпыға айналған ұжымдық қажеттіліктер.
Кез-келген қоғамның мəдени тəжірибесі өзінің мазмұны жағынан өте
бай, əрі алуан түрлі. Жеке адам мəдени тəжірибені қандай мол игерсе де,
ол бүкіл орта мен ұжымның игерген мəдени тəжірибесіне тең келмейді.
Сондықтан жеке тұлға қоғамдық мəдени тəжірибенің тек өмірде қажет
болатын қандай да бір бөлігін ғана игерері анық. Адамдардың күнделікті
132
қажеттіліктеріне байланысты қалыптасқан жүйелі тəсілдер мен іс-
əрекеттер нəтижесінде нақты бір этникалық қоғамдастыққа тəн əлем
суреті қалыптасады. Бұл орайда, əлем суреті қоғамдастықтағы адамдар
үшін кең тараған өзін-өзі ұстау, жүріс-тұрыс, өзара қарым-қатынас т.б.
сияқты қалыпты жүйелер жиынтығын құрайды.
Ұлттық мəдениет ұлт өмірінің барлық саласынан көрініс табады.
Ол лингвомəдени элемент ретінде мекен-тұрақ жайынан, шаруашылық
жағдайынан, ішетін тағамы, киетін киім-кешегі, бала тəрбиесінен де
байқалады. Мəдени-тілдік семантиканың қалыптасуына ұлттың табиғи
жағдайы, тілі, діні, менталитеті, тіпті, оның психикалық ерекшеліктері
де əсер етеді. Олар мынадай факторлардан тұрады.
Ø Географиялық фактор
Ø Тілдік фактор
Ø Діни фактор
Ø Этнонимдік фактор
Ø Психикалық фактор
Ұлт мəдениетінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі
ретінде саналатын географиялық орта десек, онда қоршаған ортаға
байланысты киім үлгілерінің, мекен-тұрақ жағдайының, яғни, ұлттың
мəдени-шаруашылық жағдайларының даму ерекшеліктері байқалады.
Сонымен қатар, ол ұлттың рухани мəдениетінің қалыптасуына өз
ықпалын тигізеді. Оны халық тұрмысының ерекшеліктерінен көрініс
табатын жүріс-тұрыс, салт-дəстүр, əдет-ғұрыптардан байқауға болады.
Шаруашылық дəстүрі міндетті түрде табиғат жағдайларына байланысты
қалыптасады да, ол əдетте өте тұрақты болып келеді. Мəселен, өз жерін-
де мал шаруашылығымен айналысқан адам басқа жаққа көшіп кетсе
де, мүмкіндік болса, сол мал шаруашылығымен айналысқанды тəуір
көреді.
Ал ауа райы жалпы климат, көп жағдайда киім, баспана, ауыл-
шаруашылық мəдениет түрлерінің ерекшеліктерін, соған орай көлік
түрлерін айқындайды. Географиялық ортаның (климат, топырақ, рель-
еф т.б.) ерекшеліктері этностық рухани мəдениетінің қалыптасуына да,
психикалық қалпына да қалай да бір əсерін тигізеді. Географиялық орта
этникалық этнонимде де көрініс табады.
133
Этникалық территорияның ландшафтары адамдар түсінігінде туған
жер ұғымымен ассоцацияланады. Қазақ мəдениетінде бұл ретте туған
Достарыңызбен бөлісу: |