ұмыту, құдай сүйер қылығы жоқ, құдайдың зарын қылу т.б.) алла
– 20 рет (алланың жазуы, аллаға мақұл болу, бір алла деу, алла жар
болу т.б.) қайталанады. Бұл қатарлар əлі де толыға түсу керек. Ал діни
фразеологизмдердің басқа да компонент түрлері, жасалу жолдарына негіз
болған уəждер (мотивтер) туралы да, біздіңше, айтылар ой баршылық.
Мысалы:
жанын жаһаннамаға жіберу, қадір түні, жеті қабат жердің асты,
ғайып ерен, қырық шілтен, періштенің құлағына шалыну, періштесі қағу
т.б. тұрақты тіркестер, олардың о баста қалыптасқан тура мағыналарының
астары бертін келе ұмыт бола бастады.
Ø Этнонимдік фактор.
Этникалық мəдениеттің басты элементі ұлт этнонимі болып табы-
лады. Этноним – ру, тайпа, халық аттары. Бұлардың өзі таксономиялық
жіктеумен сараланып кетеді. Ұлт этнонимі жайдан-жай алынбайды.
Оның белгілі бір өзіндік негіздері болады. Бұл жөнінде қазақ этнонимі-
137
не қатысты Т.Жанұзақов: «Этноантропонимика терминіне тереңірек мəн
беріп, оның тарихи негізіне көз жіберіп, саралап, анықтау барысында
байұағанымыз: бастапқы кезде ру аттары адам аттарынан жасалмаған,
ал кейінгі этаптардағы ру аттары адам аттарынан алынып отырған. Бұл
құбылысты шежіре материалдарынан айқын көреміз. Этникалық негізгі
басты тұлға тайпа болғанымен, тайпалық одан жоғары сатыда тұрады,
яғни ол халық болып қалыптасудың алдындағы саты» дейді. (2007, 458
б.).
Осы орайда айта кететін жайт, əрбір халық өзін басқаша, ал көршісі
оны мүлде басқаша атауы мүмкін. Мəселен, орыстар өзін орыс десе
(Шеткі Қиыр) солтүстікте мекендейтін саам халқы оларды «карьеле»,
латыштар – «криеви», фин мен эстондар – «вене», түріктер – «казак» деп
атаған. Олай атаудың өзіндік себептері болады. Мəселен, саам халқының
орыстарды осылай атауы оларға көршілес халық карьелдерге байланыс-
ты қалыптасса, латыштар өздерінің ежелгі славян көршілері – криеви
тайпаларына байланысты аталған. Ал түріктер үшін Ресейдің тарихи
өкілдері қашанда казактар болған еді. Сол сияқты кейде этнонимдер
географиялық ортамен байланысты болатынды, мəселен, жағалауды ме-
кендейтін чукчалар өздерін «теңіз тұрғындары» деп атайды.
Этнонимдердің қалыптасу жолы алуан түрлі. Олар бірде жерге, бір-
де ұлы көсемдерге қатысты қалыптасса, кейде, тіпті, киімнің бір бөлігі
де халық атауына себепкер болуы мүмкін. Мысалы, қазір ұмыт болған
«дреговичтер» деген славян тайпасының атауы олар тұратын сазды жер-
ге байланысты қалыптасқан. Өйткені «дрегва» көне славян тілінде саз
(болота) деген мағынаны білдіреді. Ал қарақалпақ деген атау олардың
киім кию үлгісіне қарай берілген. Сондай-ақ, кейде халықтың бір бөлігі
ұлт көсемдерінің есімдерін де халықтың атауы ретінде қабылдаған.
Мысалы, Х111 ғасырда Дунайдан Кавказға дейін билеген татар-монғол
ханы Ноғайдың 40 жылғы əскери жетістіктері келе-келе тұтастай бір
халықтың Ноғайлар аталуына себепкер болған. Қалай болғанда да, этнос
атауының пайда болуы белгілі бір этностың этникалық мəдениетінің
қалыптасуының белгісі. Сол халық қабылдаған атау қалыпты, жай сөз
болудан қалып, символға айналады. Этнонмидер о баста атау сөз ретінде
қалыптасады, сөзік құрамға енеді, сондықтан лингвистика үшін олардың
шығу төркіні, мағынасы, грамматикалық ерекшеліктері де назардан тыс
қалмайды.
138
Қазақ тілінде ру-тайпа атауларынан қалыптасқан фразеологизмдер
мен паремиялардың танымдық, лингвомəдени жəне этнолингвистикалық
ерекшеліктері антропоцентрлік парадигмалар арқылы талданады. Жал-
пы этнонимдердің тілдік табиғаты этнос танымының ақпараттық-мəдени
кодқа айналғандығымен назар аудартады. Мұнда ауызша жеткен
шежіре
сол ұлттың рухани мұраларының бірінен саналады. Бұл
лингвомəдениетану мен этнолингвистика үшін таптырмайтын тілдік
байлық. Қазақ тіл білімінде этнонимдік фактордың тұрақты тіркес-
тер жасаудағы рөлі туралы жазылған зерттеу еңбектері бар. Солардың
бірі – Ш.Сейітованың «Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомəдени
жүйесі» атты зерттеуі.(2009). Автор тек бір аймақ, мəселен, Шығыс
Қазақстан аймағы материалдары бойынша этнонимдерге лингвомəдени
жəне этнолингвистикалық талдау арқылы этнонимдік тілдік фактілер-
ді саралап, рухани мұра ретінде жүйелеген. Этнонимдік бірліктердің
символдық, коннотациялық белгілерін мысалдармен дəйектеген.
Этнолингвистикалық сөздіктен кейбір мысалдарды келтіре кетсек:
«Қарадан хан болған Құнанбай», «сөз маржаны тобықтыдан табыла-
ды, бөз арзаны Бұқардан табылады», «қазақ болсаң – керей бол, алты
алашқа мерей бол», «арғынның араулары ашаң келеді, ұнатқанына
босаң келеді», «атқа мінер қыз арғыннан табылар, аттанарда жа-
нынан табылар», «аспандай арғын, жұлдыздай қыпшақ», «найманның
қызына шыдағанға тозақ жұмақтай көрінеді», «найманның қызын
алған жұмаққа барады», «арғыннан əн таңда, қызайдан қыз таңда»,
«арғын-найман аталас, найман-керей енелес», «енелестер еніп сөйлесер,
аталастар ат үстінде сөйлесер» т.б.
Ø Психикалық фактор.
Ұлттық мəдениеттің негізгі бір факторы –этностың «психикалық
қалпы».
Тарихтағы ірі оқиғалардың ешқайсысы халықтың психологиясынан
ізсіз-түзсіз жоғалып кетпейді. Əлемдегі кез-келген ұлттың басынан небір
қилы өзгерістер өтетіні рас. Кейбір ел табиғат апаттарынан зардап шексе,
кейбірі біреулерге бағынышты болып, қырғынға, аштыққа ұшырады.
Осының бəрі ұлт санасынан берік орын алады.
Ұлттың психологиялық ерекшеліктері табиғи материалдық
жағдайлардың нақты көрінісімен адам санасында қалыптасады. Ол
139
өзінің түп тамырымен халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып,
оның пайда болған мезгілінен бастап дамуда. ұлттық психологияның
ерекшеліктері адамдардың əлеуметтік, табиғи-географиялық, заттық
жəне рухани мəдени жағдайлардың шаттарына лайық қалыптасады.
«Национальные своеобразие условий жизни отражается в культуре не
непосредственно, а через национальную психику того или иного народа.
Таким образом, и национальная своеобразие культуры и национальные
особенности психики народа в конечном счете – это отражение нацио-
нальных условий жизни, и между всеми указанными факторами сущес-
твует сложная и многообразная связь» (Канапин, 1977, 15).
Ұлттық психологияны өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды.
Оның қалыптасуына негіз болатын тарихи жағдай мен географиялық
орта мəңгілік болмағандықтан, ол қоғамдық дамуға, əлеуметтік-
экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, жаңаланып отырады.
Əйтсе де, белгілі бір кезең мен ірі тарихи оқиғалар бір үзік фрагмент
есебінде əлдеқандай тұрақты тіркестер мазмұнында сақталып, өткен
күндер елесін жаңғыртып отырады.
Бұл ретте, қазіргі тілдік қолданыстағы Барар жерің Балқан тау, ол
да біздің барған тау, Күлтөбенің басында күнде жиын, қайда барсаң
қорқыттың көрі, Абылай аспас асу бел, Абылайдың асында шаппағанда
атаңның басында шабасың ба, Тар жол тайғақ кешу т.б. тіркестердің
тарихи фразеологизм ретінде тілдік қордың ең бір сүбелі тұстарының
бірінен саналады.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қазақ халқының басынан өткен ірі-ірі оқиғалар
болды. Соның бірі – жоңғар шапқыншылығы. Осындай ел басына туған
қиыншылық оның сезіміне, мінезіне үлкен əсер етті. Бұл ауыр оқиға
қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен
қалды.
Оның мəні: жаудан қашып, жаяу шұбырған қалың қауым əрі бол-
дырып, əрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл көлінің жағасына келіп
сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы
өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың ешқайсысын ұмытпау ке-
рек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сон-
да тағы бір қария тұрып: Мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» болсын депті. Мұның мəнісі: атамекен, мал-мүлкінен айрылып,
жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып,
140
азып-тозды деген сөз. Осындай қиын шақта еркіндікті аңсап, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған тыныш күнді арман еткен халық сезімін,
қайғы-қасіретін Қожаберген жырау «Елім-ай» əнімен зарлы, мұңды етіп,
біздің заманымызға жеткізді.
Тілдік-мəдени семантиканы қалыптастыратын факторларға қатысты
талданған мысалдар тілдік білімді емес, дүниелік білімді көрсетеді. Бұл
өмір тəжірибесінен жинақталған ұжымдық білім. Дүниелік білім ког-
нитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Дүниелік білім арқылы
тілдік-мəдени семантиканың қалыптасу негізі жан-жақты бола бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |