Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологизмдер жəне мақал-мəтелдердің



Pdf көрінісі
бет93/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   193
3.5 Фразеологизмдер жəне мақал-мəтелдердің 
дискурстық ерекшеліктері
Тұрақты тіркес түрлерінің ішінде бірден ерекшеленетін мақал мен 
мəтелдер. Сондықтан да мақал-мəтелдер қазақ тілінде ауыз əдебиетінің 
үлгілері ретінде фразеологизмдерге қарағанда ертерек жинастырылып, 
хатқа түскен. Қазақ ауыз əдебиеті үшін мақал-мəтелдер халықтық мəдени 
мұраның қайнар көздерінің бірі болып танылады. Мақал-мəтелдер тіл-
дік тұрғыдан гөрі фольклорлық əдебиетте көбірек сөз етілген. Алай-
да халықтың танымдық-əлеуметтік деңгейінен хабардар ететін мақал-
мəтелдер  сөйлеу  кезінде  фразеологизмдер  сияқты  даяр  қалпында 
қолданылады. 
Мақал-мəтелдердің  тұлға  жағынан  жəне  қолдану  тұрақтылығы 
жағынан фразеологизмдерге ұқсас. Алайда əрқайсысының жеке ғылыми 
нақты терминдік атаулары болса да бұл екі тілдік бірлік те тұрақты тіркес-
тер қатарынан саналады. Осы күнге дейін айтыс-тартыспен келе жатқан 
жəне нүкте қойылмаған дау – мақал-мəтелдерді тұрақты тіркестер, яғни 
фразеология аясында қарастыру керек пе, жоқ па деген мəселе. Бұл рет-
те қазақ фразеологтарының бұл туралы айтқан пікірлері де бірізділікке 
келмеген жайлары бар. 
Оқулық  авторлары  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев,  Ə.Болғанбаев,  қазақ-
стандық кейбір фразеолог мақал-мəтелдерді тұрақты тіркестер құрамында 
қарастырмауды ұсынған. Сөйтіп, фразеологизмдерді мақал-мəтелдерсіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет