көрмедім – бір сөз; Шегірткеден қорыққан егін екпес. ² Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір
фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу – қорқу; Қыпша бел – жіңішке бел; Мұрнына су жетпеу – қолы тимеу, уақыты жетпеу, ² Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын
үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар: мағына тұтастығы; тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы. Ал мақал-мəтелдерде тек
тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы байқалады.
² Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кіта-
би, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын
стильдік қабаттарға жіктеледі.
² Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір
оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.
² Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне
қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды.
Мысалы: Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі жұғар. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар. Мəтелде айтылатын
ой тұспалдап жеткізіледі: Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; Жығылсаң нардан жығыл. Ұ қ с а с т ы қ т а р ы:
² Тұрақты тіркестер ретінде мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің
құрылымдық ерекшеліктері сөз тіркесі, сөйлем құрылымдас, ұқсас бо-
лып келеді.
² Екеуі де ұлт менталдығы мен ұлт рухын сипаттайды.
² Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің мағыналық қалыптасу
үрдісіне қарай прагматикалық мəніне этнолингвистикалық талдау жа-
салынады.
² Фразеологизмдерге қойылатын кртеритерийлердің қолдану
тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы мақал-мəтелдерге де ортақ.