Жер-су аттарына байланысты айтылатын фразеологизмдердің кейде кісі аттарымен қоса айтылатын тұстары бар. Себебі тарихи кісілер
белгілі бір жерде туып өскендігімен жəне ұрпағына еліне үлгі етіп
қалдырған ұлы ісімен өз есімін бір географиялық аймаққа паш етеді.
Тарихшы Қ.Халид: «Менің өте таң-тамаша болатыным, қазақ оқымаған
халық деген лақап айтылады. Ал, жағрафия, астрономия сияқты арна-
улы пəн оқымай білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған
дəлме-дəл ат қойып сөйлейді» деп жазуында үлкен мəн бар. (1992:304).
Тілімізде жер аттарына қатысты жасалған тұрақты тіркес құрамында
қазақ жеріндегі ислам дінінің таралуына қатысты айтылатын: «Сайрамда сансыз бап, Түркістанда түмен бап, Арыстанбапқа түне, Қожа Ахмет- тен тіле» деп айтылатын діни тілек тіркестерінде де тарихи мəн бар.
Қазақтар арасына кең тараған, əсіресе, атақты діни адамдар есімі.
Мысалы, «Мəдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» т.б.
124
Сондай-ақ, аты аңызға айналған əулие, пір тұтқан ел есіндегі есімдер: