кір жуған жер – туған жер; құлақ түру – тыңдау, назар аудару; мұрнын шүйіру – жақтырмау, менсінбеу; зықысы шығу – əбігерлену, берекесі
кету; қас пен көздің арасында – тез, жылдам;фразеологизмдеріне де
берілген жауаптар көңіл көншітпейді. Кісі күлетін жауаптар.
Мысалы:
Құлақ түру – құлақты жыртқанда өз орнына тігу; Кіндік кесіп, кір жуған жер – роддом; таза жер; кіндігі кесілген бала; /9 сынып/;
Ала ауыз болу – бұртиып алған; тілдің ұзындығы; өтірікші болу; əр тілді білу; көп сөйлемей, ауызға қақпақ болу керек; /8 сынып
оқушыларының жауаптары/.
Берілген жауаптардағы (бүйректен сирақ шығару) – милицияға
түскен кезде ұрып тастау, біреуді соғып тастау сияқты жауаптар бекер
айтылып жатқан жоқ. Қазіргі жастар өмірінде жиі кездесетін төбелес
сияқты жағымсыз оқиғалар ішінде жиі естілетін милиция ұрып тастап-
ты, біреудің бүйрегін езіп тастапты сияқты сөздер олардың құлағына
құйылып жатады. Сол ситуацияны тікелей қабылдаған санада осын-
дай суреттер қалыптасқан. Ал əліп сөзін араб əліпбиінің бірінші əрпін
оқушылар тура мағынада кісі /біреу/ деп түсінеді.