6.4 Түркі тілдері фразеологизмдерінің лингвомəдени ерекшеліктері Салыстырмалы түркі фразеологиясын зерттеген Қ.Қалыбаева: «Қоғам
өміріндегі экстра жəне интралингвистикалық факторлардың нəтижесінде
фразеологизмдер сол кезеңдегі орын алған тілдік қарым-қатынастың,
мəдени, тарихи лингвистикалық ақпараттарын өз бойына сіңіріп, белгілі
дəрежеде сақтап қалады. Сөйтіп, тарихтағы қоғамға өзгеріс əкелетін
өтпелі кезеңдер тілдің фразеологиялық қорының қалыптасуында өз ізін
ерекше қалдырады.
Мысалы, татар жəне башқұрт халқының бастан кешкен тарихи
оқиғаларға қатысты Мамай заманында «во времена Мамая», қырым