Монография «Елтаным баспасы»


«Өлдің Мамай, қор болдың», «Өлдің, Мамай — өштің, Мамай»



Pdf көрінісі
бет180/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   193
«Өлдің Мамай, қор болдың», «Өлдің, Мамай — өштің, Мамай» 
деген 
тіркестер «ешнəрсеге жарамсыз, қажетсіз, қадірі жоқ» деген мағынада 
қазір де жиі қолданыста бар. 
Сондай-ақ,  кейбір  қазақ  мақал-мəтелдерінің  шығу  тарихы  кезін-
де алтынордалықтардың билік құрған кезеңдеріне байланысты. «Нар 
мойыны Бердібекте кесілді», «Біздің ел Тоқтамысты жамандағанын 
да қоймайды, көрсе бас ұрып тоңқайғанын да қоймайды»
 деген тір-
кестер сол кезеңдердің тілдік дерегі іспеттес. [4.www.centrasia.ru/newsA.
php?st=1311933480]. Сөйтіп, халық қай кезде болса да, бастан кешкен 
оқиғаларын əркез бейнелі сөзбен түйіндеп, тұрақты айтылымға жеткізіп 
отырған. 
Тілдік қолданыста болған мəдени лексикалық бірліктер де түркілердің 
тіршілік тынысындағы ортақтықты көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінде 
торсык – су, кымыз, сұйық зат құюға арналған ыдыс. Турсык – татар, 
турһык – башқұрт, турсик – өзбек, торсук – кырғыз тілдерінде. «Жа-
ман атқа жал бітсе, жанына торсык байлатпас» мақалы қазақ жəне татар 
тілдерінде бар.
Саба – лексемасы да қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, ойрат, тува тіл-
деріне ортақ ыдыс атауы. «Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іс-


230
кегі» (қазақ), «Ялгыз бияден саба тулмас» (татар) мақалдарда сақталған. 
Бұлардың қатарында «қапшық, дорба» сөздері кездеседі. Ал басқа да зат, 
бұйымдар салатын атаулар, мысалы, киле, чуман, котыйчык, тубал 
татар, башқұрт тілдерінде бұлардың көбінесе ағаштан, ағаш қабығынан 
жасалатын сауыт түрлері деп түсіндіріледі. [Мөгътəсимова, 2005, 61-
62].
Саятшылық, аңшылық, яғни ит жүгіртіп, құс салу – түркі халықтарына 
жат емес. Алайда қазақтың ежелден келе жатқан ата кəсібі десесек артық 
айтпағандығымыз.  Аңшылық  пен  саятшылық  күн  көріс  мақсатында 
туындап, уақыт өте келе бұл өнерге ұласты. 
Мəселен,  бүркіт  жасына  қатысты  атаулардың  семантикалық, 
этимологиялық ерекшеліктерін тек қазақ тілі түгендей алады: 1-жас Ба-
лапан, 2-Тірнек, 3-Тас түлек, 4-Ана; 5-Қана; 6-Көк түбіт, 7-Қам түлек, 
8-Жана, 9-Май түбіт, 10-Барқын, 11-Баршын, 12-Шөгел деген бүркіт 
атауларын тек құсбегілер ажыратады. 
Құс төресі – бидайық, Ит төресі – құмайық, Бүркіт қартайса – 
тышқаншы т.б. деген мақалдар саятшылық пен аңшылық мəдениетінен 
қалған мақалдар. «Қырғауыл (фазан)» құсын қазақтар күні бүгінге дейін 
көп аулайды. Əдемілігіне қарай «қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық 
жүні ұзын екен» деп ертегілерде тақпақтаған. Ал татар тіліндегі «Кы-
зым баласы – кыргавыл баласы, үз итеп торган анасы, Улым баласы 
– узəгем баласы, ят итеп торган анасы» мақалдың «Кызым баласы – 
кыргавыл баласы» деген бірінші тағанын фразеологиялық сөздікте сұлу 
мағынасында [Осмонова Ж., 2001:109] бар. Алайда толық түрі қазақ 
жəне қырғыз тілдерінде ұшырасады. Жалпы мақал мағынасына үңілсек, 
онда қазақтардағы «жиен ел болмайды» деп, қыздың баласын əзілдеп, 
алыстатыны жəне «жиенге» қатысты басқа да мақалдар тізбегіндегі ай-
тылатын ойдан ұлттық ерекшелік байқалады.
Этникалық мəдениет – ұлттық мəдениеттің ең ежелгі қабаты, бастапқы 
базисі.  Осы  қабаттағы  салт  пен  дəстүрлерде  түркілер  мəдениетінің 
ортақтығы мен ұқсастығының көрінісі жақсы сақталған. 
Түркі тілдестердің мəдени салтында кызға қатысты ырым-тыйымдар 
жиі кездеседі. «Кыз абруе кыл өстенде, кылдан төшсə – юл өстенде»; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет