Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет10/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
А.С.Ақтанова қазақ балалар драматургиясы

Күнбаланың бейнесін ашу үшін, олардың мінез даралықтары мен

ерекшеліктерін таныту үшін әдейі оқиғаның жағымсыз кейіпкерлерін

күшті етіп көрсеткен. Тылсым күшті жеңу үшін Нұржан олардан да

өткен ақылды, күшті болуы керек. Ертегідегі тартыстың өзі осыған

байланысты өрбиді. Қиындықты жеңу үстінде кейіпкер мінезінің

28 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞



ерекшеліктері айқындалып, дараланады. Алпамса мен Шоңның

қалыңмал туралы әңгімелері олардың ішкі жан дүниелерін айқындай

түседі. Мысалы:

Алпамса: Жоқ, қотыр лақ қосар жайым жоқ.



Шоң: Олай болса, сөйлесіп те керегі жоқ. (Тұруға ыңғайланды,

оны Алпамса тоқтатады).

Алпамса: Тоқта, бай-еке, мә, отыз жеті, енді қалай дейсің?

Шоң: Отыз жеті түгіл, қырық жетіге де ауызыңды ауыртпа!

Алпамса: Ал, қырық жеті-ақ болсын.

Шоң: Қырық жетіге қыз бер дегенше, бос бер десеңші.

Алпамса: Енді не сұрайсың? Бар малымды сенің қызыңа беріп,

қалған әйелдерімді немен асырамақпын?

Шоң: Бұл менің саған жаным ашығаны. Тек малға қызыққаным

болмаса, аюдай ақырған алты әйелдің үстіне Күнбаламды қалай қиып

тоқалдыққа берейін? Ақтық сөзім елу жеті.”

Алпамса мінезіндегі аярлық Күнбаланы мыстанды жіберіп суға

батырғызған эпизодта айқындала түседі. Өзі суға батырғызып, оны

құтқарып қалғандай етіп көрсеткісі келеді. Жеме-жемге келгенде өз

жаны үшін суға түспей қалады. Автор ремарка арқылы оның әрекетін

аша түседі.

Алпамса: (шешініп тастап, суға секіріп түседі, аяғы суға

малынар малынбаста қайта алып) Ой, қандай суық еді. (Қайта

ұмтылып) Бірақ одан өмір артығырақ. Қой қыз аламын деп жүріп

балыққа бостан босқа жем болмайын. Құрығанда қыз құрысын, ұят та

құрысын.

Пьесада Алпамса мен Шоңның ізін басып келе жатқан Шоңның

ұлы Сарман екенін байқаймыз. Нұржанмен асыққа таласқан жерінде

дүниеқоңыз болып өсіп келе жатқан бай баласын көрсек, өтірік

ауырып Нұржанды алтын сақаға жұмсатуы оның да өз мақсаты үшін

ештеңені де, ешкімді де аямайтын қара жүрек болып өсіп келе

жатқанын айқындай түседі.

Әділдік, ізгілік үшін күреске түсетін қаһарман мақсатына жету

үшін көп қиындықтан өтуі ертегілік шығармалардың бәріне ортақ.

Алтын сақа” пьесасында да Нұржан өз арман-тілегінің орындалуы



үшін ақыл-айланы да білетін, күш те көрсете алатын болып көрінеді.

Таусоғар мен Желаяққа қой апарып беру арқылы қиындықты бір

жеңілдетсе, Мыстанды Күнбала берген шашбауды жылан деп алдап

өлім тырнағынан құтылады. Автор пьесада Нұржанды жалғыз

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 29



қалдырмайды. Оны жақтайтындар өзі сияқты қарапайым халық

өкілдері. Мәселен, аңшы “құралайдың оң көзінен тиіп, сол көзінен

шығатын” садақ сыйласа, ұста “ер киімі бір киім-дұшпанның

табасына қалдырмас” деп алмас араластырып соққан көбе әкеліп

береді. Ал, Күнбала болса Тайшұбардай тұлпар сыйлайды. Халық

өкілдері ретінде алынған қыздар да Нұржанның жеңіске жетуін тілеп,

бірі арқан, бірі шақпақ, бірі бет орамалдарын береді. Бұл көріністер

Нұржанның халық арасынан шыққанын, оның халық өкілі екенін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет