байқатады.
Жалпы алғанда “Алтын сақа” пьесасы өз мақсатына толық
жеткен туынды дей аламыз. 1946 жылы балалар театрының алғашқы
репертуары болған туындының бүгінгі күнге дейін театр сахнасынан
түспеуі осының айғағы. Негізгі тартыстың өрбуіне әр түрлі ертегілік
кейіпкерлер әсер етеді. Әсіресе, мыстан кемпір мен аяр Алпамса
бейнесі пьесадағы драмалық шиеленісті өрбітіп, бас кейіпкерлерді әр
түрлі қиын жағдайларға қалдырады. Осы қиындықтарды жеңу
үстінде Нұржан мен Күнбала бейнесі айқындалады.
Қазақ балалар әдебиетінің дамуында белгілі адамдар өміріне,
олардың бастан кешкен қиындықтарын көрсетуге бағытталған
туындылардың көп кездесуі жеткіншек баланы тарихта болған ұлы
адамдар өмірінен мәлімет алып, белгілі бір дәрежеде өздерін
тәрбилеуге мүмкіндік береді. Қазақ драматургиясындағы “Абай”,
“Ақан сері – Ақтоқты”, “Шоқан Уалиханов”, “Майра”, “Біздің Ғани”
т.б. өзіндік орындары бар драмалық туындылардың балалар үшін
берері мол. Осындай ғұмырнамалық тақырыпқа жазылған
туындылардың бірі – М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”
пьесасы ғалым Р.Нұрғалиев ғұмырнамалық туындылар жасауда,
кейіпкер сомдауда жазушы үшін бірнеше қиындықтың болатынын:
“Жалпы көркемдік шарттары, идеялық талаптар үстіне тарихи
биографиялық объектіні қозғағанда, факт мен қиял, документ пен
шығарма арақатынасына байланысты қосалқы қиындықтар туады”,-
деп /17,/ дұрыс болжайды. М.Ақынжанов өзінің “Ыбырай
Алтынсарин” пьесасында белгілі ағартушы-ұстаз Ыбырай ғана емес,
сол кездегі халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайын да, қазақ әйелінің
басындағы ауыр жағдайды да жинақтап бере алған. Ыбырай жеке
тұлға ретінде халықпен, халық тарихымен тұтас бейне ретінде
талданған. Ыбырай Алтынсаринның өміріндегі драмаға арқау болар
тұсын автор дұрыс таңдап алған. Драматург ғұмырнамалық туынды
30 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
талаптарына сай алынған кейіпкерлер арқылы әлеуметтік тарихи
тартыс арнасында алынған характерді ашуды мақсат еткен. Тарихи
туындының тағы бір талабы – халық өмірін, халық мұңын, халықтың
арман-тілегін бас қаһарман мен оның айналасындағы басқа
кейіпкердің қақтығыс-тартысы үстіндегі көкейкесті мәселелерді
шешуді ұйымдастыру болып табылады. Драмадағы негізгі тартыс
Ыбырай бастаған жаңашыл топпен Найзағара бастаған билікшіл
топтың арасында өтеді. Алайда осы негізгі тартысты дамытып,
толықтыратын жанама тартыстар да оқиға өрбуіне өзек болады.
Мәселен, Хадишаны әмеңгерлік жолмен қолына түсірмек болып
жүрген Мықыбай байдың өз мақсаты бар. Ол өзінің тілегін орындау
үшін Месқарамен жеңұшынан жалғасатын әрекет істейді. Ал,
полиция адамы Медьведевтің де өзінің тікелей жұмысына
байланысты, Доброходты аңду үшін Найзағара, Шоңмұрындармен
бірігеді. Драмадағы негізгі кейіпкер Ыбырай айналасына үйірілген
Хадиша, Доброходовтарға байланысты туған тартыстар
Алтынсаринның ағартушылық бейнесін ашу үстінде өз үлесін
қосады. Осылайша өрбіген қақтығыс үстінде елі үшін, халқы үшін
қажымай-талмай еңбек еткен ағартушы бейнесі дараланады.
М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин” пьесасы тарихи-
ғұмырнамалық тақырыпқа жазылған. Бұл пьесада Ыбырай
Алтынсариннің ағарту жолында кездесетін қиындықтары мен оның
ауыр еңбегі бейнеленген. Пьесада жаңашыл күш Ыбырай мен оның
жақтастары озбыр, зұлым күш Найзағара тобына қарсы шығады.
Ыбырай үнемі халыққа сүйенеді, өзінің шәкірттері Серғали мен
Хадишаға сенеді. Белгілі зерттеуші С.Ордалиев “Ыбырай
Алтынсарин” пьесасын талдай келіп: “Пьеса сюжетке бай, әрекетке
толы, күшті тартысқа құрылған. Сондықтан да пьесадағы оқиға
желісі нанымды суреттелген, тартымды, қызғылықты. Алғашқы
көрінісінен аяғына дейін көрушіні қызықтырып, бір оқиғадан екінші
оқиғаға жетелеп, тартып отырады”,- деп баға береді /7, 225/.
Театр сахнасын алғаш ашқан осы пьесалардан кейін де көптеген
драмалық шығармалар газет, журнал беттерінен табылып жатты.
Алайда, көркемдігі төмен, тілі шұрайсыз пьесалар ретінде олардың
көбі театр репертуарларынан ұзақ орын ала алмады.
Мектеп өміріне арналып, оқушы жастардың әрекетін
сипаттайтын пьеса 1948 жылы Ш.Құсайыновтың қаламынан туды.
Пьеса “Нұрлы тас” деп аталды. Қысқаша сюжетін айтсақ: оқу
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 31
жылының аяғында оқушылар тауға серуен жасағанда нұрлы тас
тауып алып, одан портрет жасауды ойлайды. Бірақ өз ойларын
ешкімге айтпай жасырын түрде іске асырады. Пьесада кездесетін
қиындықтарды балалар өздері шешуге әрекет еткен. Шығармадағы
кейіпкерлер жете ашылмаған, олар әрекеттен гөрі көп сөзділікке
ұрынған. Әсіресе, мектеп директоры, колхоз председателі сияқты
үлкен адамдар құрғақ ақыл айтумен шектеледі. Мектеп өмірін
суреттеуге арналған пьесалардың бірі Ш.Байжановтың “Әлия
Молдағұлова” шығармасы. Пьеса Әлия Молдағұлова-ның мектеп
бітірер кезін сипаттаудан басталады. Әлияның ұстаздары, қатарлас
құрбы-қыздарының диалогтары арқылы автор Әлия бейнесін ашуға
тырысқан. Дегенмен, балаларға арналған пьесалардың
алғашқылардың болуымен де қазақ балалар драматургиясында өз
орыны бар пьеса демекпіз.
Кеңестер одағы кезінде қалыптасқан социалистік реализм
сияқты әр түрлі тыйымдар әдебиеттің аяғын еркін басқызбағаны
қазақ балалар драматургиясы-ның да құнарсыз, нәрсіз туындылармен
толуына себеп болды. Сондықтан да, сол кездерде туған пьесаларға
жаңаша бажайлау тұрғысынан қарауға тура келеді. Неліктен сол
кездерде фольклорлық, ертегілік тақырыптағы шығармалардың
көркемдік нәрі қарапайым адамды суреттейтін шығармалардан
басымырақ болды? Барлық мәселе қолбайлау болған әдіс-тәсілдерде,
цензурада. Тіпті, ертегілік, батырлық тақырыбын сөз ететін “Алтын
сақа” пьесасынан да тап тартысын іздеу көзделген. Негізгі тартыс
жақсылық пен жамандық емес, бай мен кедей тартысы болу керек
дегендей көзқарас тұрғысынан талданады.
Балаларға арналған С.Омаровтың “Портрет” пьесасы да
балалардан гөрі жоғарыда аталған идеялар үшін жазылғандай болып
шыққан. Қысқаша пьеса сюжеті былай: колхозшы Таңатар мен оның
әйелі Қарлығаш соғыс уақытында балалар үйінен орыстың баласын
асырап алып, оған Асылжан деп ат қояды. Асылжанды әкесі капитан
Агофонцев іздеп келіп алып кетеді. Автор Асылжанның дарынды,
алғыр пионер ретінде көрсеткен. Алайда, пьесада негізгі
қайырымдылық, аналық мейрім, қамқорлық идеясы көрінбей қалған.
Есесіне, Қарлығаш та, Таңатар да Агофонцев келгенде ағаш күтімі
туралы көбірек айтып кетеді. Агафонцевке Таңатар мен Қарлығаш
Асылжанды ешқандай қимастық сезімсіз бере салады. Ал, Асылжан
салып жатқан Лениннің портреті оқиға байланыстыруға ешқандай
32 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
себебін тигізбейді. Пьесадағы алғашқы мейірімділік идеясы көрінбей
схемалық шығармаға айналған.
Балалар әдебиеті дегенде ең алдымен бала тәрбиесінің мәселесі
сөз болары белгілі. Сондықтан алғашқы драмалық шығармаларда да
ерке балалар мінезі сыналып, еркелеткен ата-анада сынға түсіп
жатты. Мәселен, Ш.Құсайыновтың “Есірткен ерке” пьесасында
тәрбие мәселесіндегі олқылықтарды сөз етсе, Б.Тәжібаевтың “Әй,
Әнипа-ай” туындысында баланың арасына түскен ата-аналар мен
олардың балаларынының достық әрекеті суреттеледі. Б.Тәжібаевтың
тағы бір пьесасы “Ойлану керек екен” деп аталады. Мұнда да
еркелетіп өсірген Бөрібай деген баланың тәртібі туралы сөз болады.
Пьесада автор баланың тәртібінің жамандығы ата-ана тәрбиесінде де
жатқанын көрсетеді. Көршісі келіп алма ағаштарының бірқатарын
Бөрібайдың сындырғанын айтқанда:
Әкесі: Қой, Бөрібай емес шығар ...- деп сенбейді.
Мұқан (көршісі): О, не дегеніңіз, қолыммен ұстап алдым ғой...
Кенжебек (әкесі): Қой, көрші, Бөрібайға күнде алма әкеліп
беріп тұрамыз. Не қып әуестене қалды екен ол оған. Мейлі, сынған
бұтақтарының ақысын төлерміз, қайтеміз енді ...
Мұқан: “Мейлі ақысын төлерміз”. Ақысын айтып тұрсыз ба!
Мен балаңызға адал еңбекті қадірлеуді үйретіңіз деп тұрмын.
Кенжебек: Ойпырым-ай осы арадан көшпесек болмас. Ең ақыры
ағаш бұтақтарына дейін көлдей сөз етеді бұлар”.
Келтірілген үзіндіден байқағанымыздай әке тәртіп бұзған
баланың сөзін сөйлеп қорғап алып тұр. Автордың айтайын дегені де
осы. Яғни, тәртіпке тәрбиелеу отбасынан басталады деген ойға
әкеледі. Балалар мен ересектер байланысы туралы жазылған
Ш.Ахметовтың “Қолқанат” пьесасы да өз дегеніне жете алмаған
туындылардың қатарына жатқызылады. Негізгі тақырыбы еңбекке
баулу мәселесін көтергенімен кейіпкерлері характер жағынан
ашылмаған. Оқушылар мен мұғалімнің арасындағы диалог былай
берілген:
“Меруерт (мұғалім): Игілікті жұмыстарыңмен құттықтаймын
балалар! Барлығы да көңілдегідей шыққан. Жер сапалы жыртылып,
жақсы тырмаланған. Бұл сендердің биологиядан қыстай оқыған
сабақтарыңның іс жүзінде тәжірибеге асқаны деп білемін.
Арқаша: Рахмет апай, оныңызға !
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 33
Торлан: Апай, біз өз мектебіміздің айналасын бау-бақшамен
гүлдендіруге, ауа райын жақсартуға бар күшімізді саламыз”.
Бұдан ары оқушылар мен мұғалімнің сөздері сұрақ-жауап, есеп
алу түрінде берілген. Балалардың ағаш күтімі, бау-бақша егу
жұмыстары кезіндегі қиындықтары тым жеңілдетілген. Сондықтан да
олардың бейнесі ашылмаған. Барлық балалар үлгілі, тәртіпті
пионерлер де, үлкендер оларды бағыттаушы, нұсқаушы, ақылшылар.
Көркемдік бояу, драмалық шиеленіс дегендер атымен жоқ.
М.Гумеровтің “Базарлық” пьесасында бала мінезі, бала әрекеті аздап
болса да көрінген. Арыстан деген баланың өзіне әкелген көйлек,
қолғап, кәмпит сияқты базарлыққа емес, ағасы Кәрімге әкелген
оқулық кітапқа қызыққанын көреміз. Баланың үлкендердің заттарына
қызығып, тез есейгісі келетін ішкі психологиясын автор осылайша
береді. Бала тәрбиесінің мәселесін көтеретін Н.Ғабдуллиннің
“Немерелер”, Қ.Мұқышевтың “Аликтің әлегі”, М.Гумеровтың
“Жалғыз терек”, Б.Ысқақовтың “Түймедейден түйедей”, “Маржан
мен Сәрсен” т.б. көптеген пьесалар осы кезде дүниеге келді.
Қазақ балалар драматургиясының қалыптасуына үлкен үлес
қосқан жазушы – Бүркіт Ысқақов. Оның қаламынан туған пьесалар
бала бойындағы зеректік, еңбек сүйгіштік, адалдық сияқты асыл
қасиеттерді көрсетіп, тентектік, өтірікшілік сияқты жағымсыз
қылықтарды әшкерелейтін туындылар. “Түймедейден түйедей”
пьесасында “4” алғанын “5” деп анасын алдаған Әлім деген баланың
өтірігінің ұлғайып, артынан өзінің ұялғанын көрсетеді. Шығарма бала
ұғымына сай жеңіл жазылған. Алғашқыдағы өтірігінен кейінгі
Әлімнің монологы баланың ішкі психологиясын дәл ашқан.
“Әлім. (жалғыз). Расында бестік емес, төрттік алып едім. Төрт
болғанда жай төрт емес, қосу белгісі бар төрт (Өкініп) Анама сол
шындықты неге айтпадым екен? Жалған айтқандай жаныма не
қысым туды? (Ойланып). Жарайды, енді өкінудің қажеті жоқ. Болар
іс болды. Айтылар сөз айтылды. (Өзін-өзі жұбатып). Айтпақшы,
өтіріктің түйедейі де, түймедейі де болады екен ғой. Төрт жарым мен
бестің қандай айырмашылығы бар? Тіпті жоққа тән. Ендеше өтірігім
де жоққа тән. Түймедей өтірікті ешкім байқамайды. (Қолына табелін
алады) Табелім жаман емес көрінеді. Кілең бестік. (Қынжылып) Тек
ана тілінің ауызшасынан төрттік. Қасында қосу белгісі де бар.
(Қапаланып) Жалғыз төрттіктің кілең бестіктің ортасында одыраюын
қарашы! Табельді ашқан адамның көзіне бірінші болып осы түседі
34 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
ғой. Қой табелімді ешкімге көрсетпей тығып қояйын. Бұл қалпында
біреу көрсе ұят-тағы”.
Көріп отырғанымыздай баланың өтірікті айтып қалса да ішкі
қынжылысы, өзін-өзі ақтауы, психологиялық мінезі монологта айқын
берілген. Автор бала жан-дүниесін оның ішкі тебіренісін, қарама-
қайшы ой топшылауларын жақсы көрсете білген. Анасына бестік
алдым деп өтірік айтқаннан кейін оның ұялуы, алайда алғашқы
жалған сөзден кейінгі өтіріктердің тууын байқамай қалуы бәрі-бәрі
табиғи түрде бірінен кейін бірі туып, бір-бірін толықтыратын
сюжеттер. Шығарманың сәттілігі осы табиғилығында. Б.Ысқақовтың
“Екі оқушы” кейіннен “Маржан мен Сәрсен” деп аталған пьесасында
да бала мінезіндегі қиялшыл, арманшыл әрекеттер суреттеледі.
Сәрсен деген баланың кітап оқымай, тек армандап қана мақсатына
жетпек болғаны туралы айтылады. Сәрсен балалық қиялымен жаңа
кеме ойлап таппақшы болып ол сырын Маржанға айтады.
“Маржан: Ол қандай кеме?
Сәрсен: Кәдімгідей кеме! Ол ешбір отынсыз-ақ күн сәулесінің
күшімен суда жүзетін болады”.
Байқағанымыздай Сәрсеннің алғашқы арманы, тілегі өте
орынды. Алайда сол арманына жету үшін оған білім керек екенін ол
кейінірек түсінеді. Сәрсеннің ойлап тапқан кемесінің құрылысы да
ерекше: “кеменің ішінде су толтырылған үлкен қазан тұрады. Оның
түбіне затты үлкейтетін шыны орнатылады. Ол шыны Күн сәулесін
өзі тартады. Ал, қазанның үстіне затты кішірейтіп көрсететін шыны
орнатылады. Ол суды суытып тұрады. Демек, қазандағы су астыңғы
жағынан қайнап, буға айналып, жоғары көтеріледі. Онда барып суып,
суға айналып қайта төмен түседі”- дейді. Маржан мен Сәрсеннің
диалогы арқылы Сәрсеннің білім мен ғылымнан хабары нашар тек
құр арманшыл екеніне көз жеткізеді. Оқу мен білім кітапта екенін
автор туралап айтпай екі оқушы әңгімесі арқылы жақсы түсіндірген.
Ал, “Ағалық ақыл” (“Ұстаздық ақыл”) пьесасында мектеп
оқушылары өздері таңдаған болашақ мамандықтары туралы
дауласады. Аман деген бала қолөнер шебері болуды армандаса,
Айдар ақын болуды қалайды, Ахмет қолбасшы, яғни әскери адам
болсам деп қиялдайды. Үшеуінің дауын Мұқан мұғалім келіп
шешеді. Ол балаларға таңдаған өнерлерінің бәрі де жақсы, жұртқа
пайдасы бар екенін түсіндіреді. Б.Ысқақовтың творчествосын зерттей
келе Ш.Ахметов былай деп баға береді: “Автордың бұл
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 35
пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды
оқиғаларға құрылған. Оларда балалар бойындағы зеректік,
тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, адалдық, адамгершілік, ұйымшылдық
сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі, ал кейбір балалардың бойында
кездесетін тентектік, өтірікшілік, жалқаушылық, дөрекілік,
мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтар әшкереленеді ...” /6,197/.
Қазақ балалар драматургиясында оқушы балалардың өмірі ғана
суреттеліп қойған жоқ. Балаларға арналған шығармаларда
тақырыптағы пьесалар да көптеп жазыла бастады. Ертегі сарынымен
жазылған С.Бегалинның “Тапқыр бала” пьесасының оқиғасы
қызықты, тілі орамды болып келеді. Ж.Қалиасқаров “Қазақстан
мұғалімі” журналында аталған пьесаға тап тартысы тұрғысынан
қарап, сын айтады. Ертегілік пьесадан идеологиялық мән іздейді.
Кеңестік идеологияға сай осындай баға алған пьесаны бүгінгі заман
талабымен жаңаша бажайлау жөн деп ойлаймыз. “Әдебиетшілердің
басым көпшілігі көтеріп отырған мәселесін таптық деңгейде
қарастыруға ұмтылды. Сондықтан да ондай толғам-толғаныстар бір
жақты. Қазақ әдебиетінде болып жатқан жайларды түгелдей
қамтудың орнына, сол кездегі үстемдік етіп тұрған саясаттарың
ыңғайына қарай жығылды, сондықтан әдебиетке әділ баға беру қиын
еді”,- деген пікірге сүйене отырып жаңаша көзқараспен қарау дұрыс
/26, 27/ Пьесаның сюжеті бойынша жас бала Әппекім мен шешесі
аштан өлмес үшін амал табады. Қарапайым халық арасында белгілі
Алдар көсе, Тазша бала бейнелері сияқты Әппекім де өз ақылымен
мақсатына жетеді. Тап тартысы дейтіндей тартыс жоқ. Сондықтан да
пьесадан тап тартысын іздеу дұрыс болмас. Ертегілік тақырыпқа
жазылған пьесалардың бірі – С.Жүнісовтің “Бәсеке” деген
шығармасы. Пьеса жаңа жыл кешіне арналған. Жануарлардың жыл
басына таласуларындағы сияқты. Бірақ, мұнда құстар таласқа түседі.
Адам баласына ең пайдалы құс қайсысы деген сұрақ төңірегінен
үлкен бәсеке өрбиді. Әр құс өз жетістіктеріне тоқталып, өздерінің
ерекшеліктерін айтады. Көрермен бала үшін пьесаның құндылығы,
оны әр түрлі құстардың мінезімен, мекенімен, тіршілігімен
таныстыруында. Ең соңында Аяз ата шығып: “Қай құс билік алуға
лайықты, өздеріңіз шешіңіздер”,- дейді. Бұл да құстарға берілген
мінездемелерден кейін баланы ойландыру үшін айтылған.
Қазақ балалар драматургиясының тууын ауыз әдебиеті
мұраларымен байланыстырып, драмаға керекті негізгі элементтерді
36 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
шешендік сөздер, айтыстар, ертегілерден, мысалдардан көрдік.
Халық ауыз әдебиетінің қазіргі балалар драмасының алтын бесігі
екенін дайын монолог, диалогтарды талдап байқадық. Жалпы қазақ
драматургиясындағы үздік туындылардың барлығы ауыз әдебиетімен
байланысты болып келетінін Ә.Тәжібаев өз еңбегінде атап өткен.
Дәлел ретінде М.Әуезовтің “Еңлік - Кебек”, “Айман - Шолпан”
пьесаларын Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері - Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш -
Баян сұлу”, “Қыз Жібек” т.б. ауыз әдебиеті мұрасымен байланысты
жазылған үздік пьесаларды көптеп атауға болады. Олай болса,
тамыры терең халық ауыз әдебиеті бүгінгі қазақ драмасының негізі,
бастау көзі деп нық айта аламыз. Қазақ балалар драматургиясында да
төрт аяғын тең басқан туындылар ауыз әдебиетімен байланысты
туған дүниелер болды. Мәселен, М.Ақынжановтың “Алтын сақа”
пьесасы, С.Бегалиннің “Тапқыр бала”, Ә.Тәжібаевтың “Жомарттың
кілемі”, Б.Соқпақбаевтың “Тапқыр Қожанасыр”, С.Жүнісовтің
“Бәсеке” т.б. пьесалардың ғұмырларының ұзақ болуы асыл мұра ауыз
әдебиетімен байланыстылығында.
Қазақ балалар драматургиясындағы тың тақырыптардың бірі
балаларды мектепке тарту, оқуға шақыру болды. Бұған
І.Жансүгіровтің “Мектеп” атты пьесасын жатқызамыз. Одан кейінгі
кездердегі мектептегі бала өмірі, олардың өзара қарым-қатынасы
Б.Ысқақовтың, Б.Тәжібаевтың, М.Гумеровтің, Н.Ғабдуллинның,
С.Балғабаевтың, Ө.Боранбаевтың, М.Қабанбаевтың және т.б. балалар
жазушыларының туындыларынан көреміз 1960 жылдарда қазақ
балалар драматургиясының қалыптасу кезеңі аяқталып, оның даму
кезеңі басталды. Осы жылдардан бастап драматургияда бала мінезін,
психологиясын көрсетуге тырысқан тың тақырыптар дүниеге келе
бастады. Кеңестік идеология құрығынан, цензурадан асып кете
алмаса да бала жан-дүниесін, оның ішкі сезімін көрсету аздап болса
да дами түсті. Мәселен, Е.Елубаевтың, Ә.Табылдиевтың
пьесаларында аталған тақырыптар сөз бола бастады. Е.Елубаевтың
“Саған күшік керек пе?”, “Өжет” пьсаларында бала мінезі, бала
психологиясы сөз болса, Ә.Табылдиевтың шағын драмалық
шығармаларында балаларға адамгершілік қағидаларын сөз етіп
тәрбие мәселесін көтереді. С.Балғабаевтың “Жымбала, Мико және
қасқыр” пьесасы балаларды оқуға, білім алуға ынталандырса,
М.Қабанбайдың “Жиһанкез Ти-Ти” пьесасы бүлдіршіндерге
қайырымдылық туралы сыр шертеді. Балаларға арналған драмалық
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 37
шығармаларды жанрлық жағынан жіктесек комедиялық , драмалық
туындылар екеніне көз жеткіземіз. Трагедиялық шығармаларды
ересек балаларға арналған туындылардан байқаймыз. Ересек балалар
үшін “Күшігінен таланған”, “Сталинге хат”, “Қара торғай” сияқты
трагедиялық туындалардың берері мол.
Алайда, қазақ балалар драматургиясындағы шығармалардың
көбінің жас оқырман мен көрерменнің көңілінен шыға алмағаны рас.
Ең алдымен идеология, цензура қуғыны әсер етсе, екеншіден көп
туындылардағы ұлттық белгінің болмауы, ұлттық ерекшеліктің
болмауының себебі еді. Қ.Ергөбеков 1920-30 жылдардағы әдебиетке
баға бере келе: “Орыс әдебиетінде бар үлгіні пайдалана отырып,
кейіпкер тіліне, автор баяндауына орыс сөздерін тоғыта мол кірістіру
– қазақ ақын жазушыларының әсершіл, балаң жайының көрінісі”,-
деген /26,158/. Алдымен осындай әсершілдікпен, кейіннен ұранмен
жазылған туындылардың балалар үшін берері аз болды. Балалар
әдебиеті, әрине, тәрбиелік те мақсат көздейді. Дегенмен, болашақ
ұрпақтың рухани-эстетикалық талғамына да, әсері болар туындының
көп болғаны дұрыс.
Қазақ балалар драматургиясы зерттелмей жатқан сала
болғандықтан ең алдымен балалар үшін жазылған пьесаларды
жинақтап, кезеңге бөліп, жас ерекшелігіне байланысты саралауды
жөн көрдік. Сонымен бірге, зерттеу барысында балаларға арналған
пьесаларды тақырып бойынша жіктеп және де әр пьесаның жазылған
уақытына қарап әділ талдау жасауды мақсат еттік. Кеңестік
идеология тұсында белгілі идеяға бағынып жазылған пьесалардың
өздерінен де бала жан дүниесіне әсері болар тұстарын көрсетуге
тырыстық. Ғалым А.Сейдімбековтің жалпы әдебиет дамуы туралы:
“Жалпы өнер табиғатына тән даму, толысу жағдайы бүгінгі қазақ
әдебиетінде өзекті-өзекті екі сипатымен тұлға танытып отыр. Бірі –
бұрыннан қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, сол дәстүрді
алтын тұғыр ете отырып жаңа өрістерге шығуы. Екіншісі –
қалыптасқан дәстүрді саналы түрде орай өтіп, белгілі дәрежеде
жаңашылдық өрнектердің бой көрсетуі. Мұның екеуі де ұдайы даму,
тынымсыз іздену үстіндегі әдебиет пен өнердің бойында болатын игі
қасиет”,- деген сөзін /131, 281/ балалар драматургиясының дамуы мен
толысуына байланысты да айтуға болады.
Қорыта келе айтқанда, қазақ балалар драматургиясы бүгінгі күні
өз арнасы, өз дәстүрі мен жаңалығы бар үлкен сала дегіміз келеді.
38 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
Қазақ балалар драматургиясының туу, қалыптасу жолы дегенде,
халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінің балалар драматургиясының
алғашқы негізі екеніне тоқталып өттік. Халықтың туындылар мен
драматургиялық шығармалардың арасындағы өзара ерекше байланыс
бар екенін белгілі ғалымдар (М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев т.б.)
еңбектеріне сүйене отырып, олар айтқан ғылыми ой-тұжырымдарды
дәлелдей түсуге тырыстық. Балаларға арналған драмалық
туындылардың қазіргі таңдағы қалыптасуына негіз болған, рухани
уызы ауыз әдебиетіндегі балалар айтысы, ертегілер, ойындық
фольклоры, мақал-мәтелдері, шешендік сөздердегі диалогтар мен
монологтар екені белгілі. Қазақ балалар драматургиясының үздік
деген туындылары да халықтық үлгідегі шығармалар негізінде туған.
Мәселен, М.Ақынжановтың “Алтын сақа” пьесасы халық ертегісінің
ізімен жазылса, Ш.Құсайыновтың “Алдар Көсе”, Б.Соқпақбаевтың
“Тапқыр Қожанасыр” туындылары аңыз әңгімелер желісімен туған
пьесалар. Бүлдіршіндер үшін жазылған аңдар туралы ертегілік
сарында дүниеге келген көптеген пьесалар, ертегілердің
исценировкалары да жоғарыда айтқан пікірлерді дәлелдей түспек.
Шағын драмалық туындылардағы халықтық үрдіс туралы келесі
тарауларда айтылатындықтан көп тоқталуды жөн көрмедік. Әлем
әдебиеті дамуындағы озық дәстүрлерді игере отырып, халық
рухымен сабақтас туындылардың дүниеге келуі заңды құбылыс.
Әдебиет үнемі қозғалыста, даму үстінде күрделеніп, жаңа сапаға ие
болып отыратынын балаларға арналған драмалық туындылардың
тууы мен қалыптасуынан байқадық. Қоғам өміріндегі әр түрлі саяси,
әлеуметтік, экономикалық өзгерістер әдебиеттің дамуына әсер ететіні
белгілі. Осы ретте, ғалым Р.Нұрғалиевтың: «Әдебиет аса сезімтал
прибор тәрізді, халық өміріндегі титтей өзгерістің өзі оның айнасына
түспей қалмайды”,- /17, 305/ деген ойын балалар драматургиясы
мәселесіне де байланысты дей аламыз. Әдебиет қоғамдық сананың
Достарыңызбен бөлісу: |