пайдасын түсінетін дәрежеге жетеді Кейіннен мектеп деген немене
дегенде пионер баланың айтқанын қайталап былай дейді:
Инженер болады-
Жол салады.
Агроном болады-
Егін алады.
Дәрігер болады-
Ауру жазады.
Жұмысшы болады-
Көмір қазады.
Есепші болады-
Есеп жүргізеді.
Капитан болады-
Пороходта жүреді.
Ұшқыш болады-
Аэроплан ұшырады.
Ғалым болады-
Кітап жазады.
Мұғалім болады-
Бәріне сабақ береді
Тағы, тағы талайлар
Осылай оқып кете береді ...
Пьеса тілі жеңіл, ойнақы, әрі бала түсінігіне сәйкес жазылған.
Мамандық туралы монологтың ұйқасы жаттауға ыңғайлы, әрі автор
осы бір монологты бірнеше рет қайталайды. “Мектеп” пьесасы өз
заманына сәйкес сәтті шыққан туынды деуге болады.
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 27
Жасөспірімдер театрының ашылуымен қарайлас жазылған
Қ.Бадыров пен М.Ақынжановтың “Алтын сақа” пьесасы халық
ертегісінің ізімен жазылған туынды. Драмадағы негізгі тартыс ізгілік
пен жауыздықтың күресіне құрылған. Кез келген халық ертегісіндегі
сияқты соңында әділдік жеңеді. Шоң, Сарман, Алпамса сияқты
жауыздық иелеріне қарсы батыр жігіт Нұржан мен жас қыз Күнбала
сияқты әділдік, ізгілік иелері шығады.
“Алтын сақа” жасөспірімдер мен балалар театрының
репертуарынан әлі күнге дейін түспей келе жатқан өміршең
пьесалардың бірі. Пьесаның негізгі идеясы – әділдік пен жауыздық,
ізгілік пен қатыгездік тартысын арқау еткен.
Алғашқы көріністен бастап жағымсыз кейіпкерлердің әрекеттері
өзіндік қырларымен таныла бастайды. Барлық жауыздықтың бастауы
Алпамса мен Шоңның көрсеқызар, сараң, өз мақсатына жету үшін
неден болса да тайынбайтын мінез қырларынан екені бірден
байқалады. Алпамсаның қатал да, қатыгез екенін бірінші көріністен
бастап көрсетуі арқылы автор бірден көрерменін оқиғаға тартуды
мақсат еткен. Ен далада бір жұтым су таба алмай жүрген жұртты
Алпамса бір тонаса, Шоң олардың кішкене баласы Күнбаланы суға
айырбастап екі тонайды. Шоңның да, Алпамсаның да ойлағаны өз
қара бастарының қамы. Алпамсаның: “Төлімен тоғыз етіп
қайтарамын деп, төрт тұсақ алғаныңа бес жыл өтті. Есептеші өзің.
Төрт жылда төрт-төрттен он алты, енесімен жиырма, төлінің төлі
сегізден, үш жылда жүз алты. Келесі жылы бір қора қой емес пе?
Өсімі өзіңде қалсын, өз басын неге бермейсің. Жоқ аямаймын. Әй,
аламан, алыңдар малын, талаңдар мүлкін!”- деген сөздерінен кейін
жас көрермен одан қайыр күтетін адам емес екенін бірден байқайды.
Ал, Шоң болса баланы суға айырбастап алғаннан кейін: “Бұл өскен
соң байдың қызы болады, байдың қызына кім қызықпайды. Маңырап
тұрған мал болады”,- деп өз пиғылын бірден білдіреді. Пьесада осы
екі жағымсыз кейіпкер айналасына басқа да жағымсыз бейнелер
топтаса келіп, өзіндік бір ұжым құралады. Және де бұл топ оңай топ
емес екенін көреміз. Автор жағымды кейіпкерлер Нұржан мен
Достарыңызбен бөлісу: |