С.Бақырғани, Қожа Ахмет Яссауи сияқты сопылық әдебиет негізін
۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 25
қалаған ұстаздардың мәңгілік шығармаларына қосылған кәусәр
іспеттес. Сондықтан Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің туындыларын саралай
зерттеу бүгінгі тәуелсіз әдебиетіміздің басты міндеттерінің бірі
демекпіз. Бұл дәстүрдің заңды жалғасы Б.Майлиннің “Ыбыраймыз,
Ыбыраймын”, А.Тоқмағанбетовтің “Қаңбақ пен бидай” диалог-
өлеңдерінен де байқаймыз. Жалпы айтыс табиғатының драмаға
жақын екенін Ә.Тәжібаев өз еңбегінде талдап көрсеткен. /16/
І.Жансүгіров өзінің 1931 жылы жазған “Мен қалай жаздым?”
/39,12/ деген мақаласында қазақ балалар әдебиеті мәселесін көтеріп:
“Бізде “балалар әдебиеті” – жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің
бір ойым – осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. Бұл
туралы біраз еңбектерім бар: “Балаларға тарту”, “Балаларға
базарлық”, “Малта”, “Шәутеннің шәркейі”, “Жұмбақ”, “Одақ” тағы
басқалар. Бізде, әсіресе, техника, өнер туралы шығармалар туған жоқ.
Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек деймін”,- деп айтады да,
артынша балаларға арнап пьеса жазады. Қазақ балалар
драматургиясының алғашқы қарлығашы – 1934 жылы балаларға
арналып жазылған І.Жансүгіровтің “Мектеп” атты пьесасы. “Мектеп”
пьесасының тақырыбы балаларды оқуға, білімге, мектепке шақыру
идеясына құрылған. Пьеса 1930 жылдардағы халықты сауаттандыру
мәселесін көтеріп, жас жеткіншектерге оқудың пайдасын түсіндіреді.
Белгілі зерттеуші Р.Нұрғалиев “Мектеп” пьесасы туралы былай дейді:
“Балалар әдебиетіндегі ақынның татымды бір ескерткіші – “Мектеп”
атты бір перделі өлеңмен жазылған пьеса. Автор шығарманың
сахнада қойылуын ескеріп, қажетті ремаркаларды тиянақты көрсетіп
отырған. Драматургтың бала психологиясын, баланың көркем
шығарманы қабылдау ерекшеліктерін жақсы ескергендігі пьесадағы
ситуациялардан-ақ сезіледі. Шығармада бала қиялына лайық шартты,
ертегілік сипат бар. Бала мен қуыршақ арасындағы диалог сенімді
берілген, әсіресе әрбір мамандық жайлы айтылатын монологтың
екпіні, ырғағы, ұйқасы жаттап алуға ыңғайлы өлшем тапқан.
Надандық, сауатсыздық, қараңғылық кішкентай көңілінен шығатын
фольклорда бар үлгіні драмалық формада жаңғырта қолдану
тәсілімен сыналады. Оқудың, білімнің керектігін бала өзі қажет
санайтын халге жетеді”. /25, 22/.
“Мектеп” пьесасының негізгі кейіпкері бала мен оның
қуыршағы. Қуыршақ балаға мектепке бару керектігін, мектептің
пайдасы туралы айтады. Кейінгі көріністерде қуыршақ қайта
26 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
айналып келіп мектеп туралы баланың не білгенін сұрайды. Алайда,
бала мектеп жайын апасынан да, әкесінен де, келген шалдан да,
кемпірден де біле алмайды. Мектептің не екенін бала пионер баладан
ғана естіп біледі. Ескілік өкілдері (кемпір мен шал) және
жаңашылдық өкілін (пионер бала) салыстыру арқылы тартыс туған.
Шал келіп кеткеннен кейін бала өзінше қорытынды шығарады:
Жасы алпысқа келген,
Әлі мектеп көрмеген.
Оқусыз, надан қалған.
Не сұраймын шалдан?!-
дейді.
Осылайша өзі қорытынды шығарып, бірте-бірте мектептің
Достарыңызбен бөлісу: |