Монография Шымкент, 2016 жыл


Қазығҧрт феномені: Қазығҧрт – прецеденттік топоним



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10302
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 
Қазығҧрт феномені: Қазығҧрт – прецеденттік топоним 
 
Қазақтың ұлттық мәдени кеңістігінде белгілі бір рухани құндылықтар 
перцеденттік 
феномендер 
арқылы 
да 
беріледі. 
Прецеденттік 
феномендерге:  прецеденттік  есімдер,  прецеденттік  жағдаяттар, 
прецеденттік мәтіндер, прецеденттік айтылымдар жатады [103, 17 б.]. 
Прецеденттік  жалқы  есімдерді  Д.Б.  Гудков,  В.В.  Красных, 
Е.Л.Березович,  Г.Б.  Мадиева,  Қ.Қ.  Рысберген  т.б.  ғалымдар  зерттеген. 
А.В.Красных прецеденттік феномендерге мыналарды жатқызады:  
1)  ұлттық-лингвомәдени  қауым  ӛкілдерінің  барлығына  жақсы  таныс, 
яғни  тұлғадан  жоғары  тұратын  сипаттағы  феномендік  ұғымдарды 
(түсініктерді); 
2)  когнитивтік  (танымдық  және  эмоционалдық  тұрғыдан)  ӛзекті 
болып табылатын құрылымдарды (бірліктерді); 
3)  қандай  да  бір  ұлттық  лингвомәдени  қауым  ӛкілінің  тілінде  үнемі 
қайталанып, жаңғырып отыратын қаратпа үндеу сӛздерді [104, 170 б.]. 
Зерттеуші  Қ.Қ.Рысбергеннің  мәлімдеуінше:  «Ұлтымыздың  сандаған 
ғасырлар бойы қалыптасқан этномәдени, тілдік кеңістігінде ерекше орын 
алатын  прецеденттік  ономастикалық  атаулар.  Мысалы,  топонимдер: 
Жерұйық, Қазығұрт, Жетісу, Сарыарқа, Кӛкше, Отырар, Түркістан т.б. 
антропонимдер  (эпостық,  мифологиялық,  фольклорлық,  т.б.):  Қозы 
Кӛрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек – Тӛлеген, Қожанасыр, Асан қайғы, әдеби 
(Мырқымбай) т.б. Осы қатардағы қазақ ономастикасының ӛзге топтарына 
қатысты әрі қарай жалғастыра беруге болады» [105, 49 б.]. 
«Қазақ ономастикасында прецеденттік есімдер: топонимдермен қатар 
антротопонимдер  және  ӛзге  онимдік  топтағы  атаулар  әлі  күнге  арнайы 
зерттеу  нысаны  бола  қойған  жоқ»,  –  дей  келе  Қ.Қ.  Рысберген  ӛзінің 
диссертациялық  еңбегінде  Түркістан,  Ақ  Еділ,  Қаратау,  Ұлытау  сынды 

112 
 
қазақ  топонимдерін  прецеденттік  географиялық  есімдерге  жатқызып, 
оларды  прецеденттік  мәтін,  прецеденттік  жағдаяттар,  прецеденттік 
айтылымдар  аясында  қарастырады:  «Мысалы,  тек  Тҥркістан  атауын 
алсақ,  ол  топонимдік  концепт  ретінде  де  ұлттық  прецеденттік 
ономастиканың ӛзегінен орын алады. 
Түркістанда  түмен  бап,  –  деп  басталатын  танымал  прецеденттік 
мәтін құрамында, сондай-ақ, Мағжан Жұмабаевтың тӛмендегі поэтикалық 
жолдарында: 
Түрік кіндігі – Түркістан 
Түркістан –  
Ертеде Түркістанды Тұран дескен 
Тұранда Ер Түрігім туып-ӛскен; 
Түркістан –  екі дүние есігі ғой,  
Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой, 
Тамаша Түркістандай жерде туған 
Түріктің тәңір берген несібесі ғой! 
Меккеміз біздің – Түркістан [105, 58 б.]. 
Қаратау  прецеденттік  топонимді  Қ.Қ.Рысберген  прецеденттік 
жағдаят  аясында  (тұрғысынан)  қарастырып  талдайды:  «Прецеденттік 
жағдаятқа  ақиқат  ӛмірде  бір  кезде  шынымен  орын  алған  ұлттық 
лингвомәдени  қауымдастық  түсінігінде  инвариант  түрінде  қалыптасқан 
«идеалды»  жағдай  арқау  болады.  Олардың  прецеденттілік  мәртебеге  ие 
болуы  үшін  түрлі  дискурстарда,  мәтіндерде  т.б.  жиі  қайталанып  тұруы 
шарт.  Мысалы,  Қазақтың  мҧңы  –  Қаратау...  Қазақ  халқының  басынан 
ӛткен  1723  ж.  зұлмат  ұлттық  когнитивтік  базада  берік  орныққандығы 
белгілі. Сондай-ақ ол тарихи оқиға зар мен шерге толы: 
Қаратаудың басынан кӛш келеді, 
Кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді... 
прецеденттік  мәтіні  арқылы  ӛзектеледі.  Жеке  авторлық  мәтінде  мұндай 
прецеденттік  жағдай  интертекстуалдық  сипатқа  ие  болып,  ассоциация 
арқылы ӛзге ұқсас жағдаятқа қатысты қолданылады, мысалы: 
Еске түсті «шҧбырынды ақ табан», 
Отыз екінші жылдар ел-жұрт қақсаған» [105, 59 б.]. 
Міне, 
Қ.Рысберген 
Тҥркістан 
мен 
Қаратау 
прецеденттік 
топонимдерді  прецеденттік  мәтін  мен  прецеденттік  жағдаятқа  қатысты 
талдағандай, Қазығұрт прецеденттік атауын да талдауға болады. 
Кӛріп  отырғанымыздай,  прецеденттік  топоним  прецеденттік 
жағдаятпен  байланысты,  яғни  прецеденттік  географиялық  атаудың 
лингвокогнитивтік  (концепттік)  мазмұны  прецеденттік  жағдаятқа 
қатысты. Прецеденттік жағдаят, әдетте, бүкіл этномәдени қауымға таныс, 
белгілі  тарихи  оқиға  немесе  этнотарихи  (этноәлеуметтік)  жағдай,  ахуал. 

113 
 
Прецеденттік  жағдаятқа  қатысты  ұғымдар,  түсініктер,  танымдар 
(коннотациялар)  сол  прецеденттік  топониммен  аталған  нысанмен 
(топообъектпен) байланысады, яғни прецеденттік топонимнің когнитивтік 
құрылымына  енеді.  Прецеденттік  жағдаятсыз  прецеденттік  топоним  де 
жоқ,  пайда  бола  алмайды.  Қ.Рысбергеннің  мысалынан  кӛріп 
отырғанымыздай,  Түркістан  прецеденттік  топониміне  арқау  болған 
прецеденттік  жағдаят  Түркістанның  түркі  елінің  қасиетті,  киелі  орыны  – 
қаласы  болуы.  Түркістанның  киелі  болуына  кешенді  діни-әлеуметтік, 
тарихи  жағдайлар  себеп  болды.  Прецеденттік  жағдаят  ол  себептерді 
түсіндірмейді, тек факт – прецеденттік ахуалды кӛрсетеді. 
Прецеденттік  жағдаят  (ахуал)  үнемі  түрлі  дискурстарда,  мәтіндерде, 
прецеденттік 
айтылымдарда 
қайталанып 
тұрады. 
Түркістанға 
(прецеденттік  топонимге)  қатысты  дискурстық  қайталамаларды  Қ.Қ. 
Рысберген  «Түркістанда  түмен  бап»  дейтін  прецеденттік  мәтін  арқылы 
және М.Жұмабаевтың Түркістанға арналған поэтикалық жолдары арқылы 
береді. 
Прецеденттік  жағдаяттың  ерекшелігі,  жалпы  сипаты  «Русское 
культурное  пространство:  Лингвокультурологический  словарь»  деген 
еңбекте мынандай анықтамада аталған: «Прецедентная ситуация – некая 
«эталонная»,  «идеальная»  ситуация,  связанная  с  набором  определенных 
коннотаций, дифференциальные признаки которой входят в когнитивную 
базу;  означающим  прецедентной  ситуации  могут  быть  прецедентное 
высказывание или прецедентное имя» [103, 52 б.]. 
Қазығұрт  феноменін  анықтау  және  сипаттау  үшін  осы  прецеденттік 
феноменге  қатысты  прецеденттік  жағдаяттарды  (ахуалды),  прецеденттік 
мәтіндерді,  бар  болса  прецеденттік  айтылымдарды  (тұрақты  сӛз 
тіркестері) түгендеп, сұрыптап алуымыз керек. Прецеденттік феноменнің 
басты  ерекшелігі  мен  сипаты  мынадай  болып  келеді:  «Прецеденттік 
феномен  –  ұлттық-лингвомәдени  кешен  тұтынушылардың  барлығына 
етене таныс, олар оның бар екендігінен хабардар және оны қабылдаудың 
жалпылама,  ұлттық  детерминденген,  ықшамдалған  инварианты  болып 
табылады»  [104,  170  б.].  В.Красных  прецеденттік  феноменнің  басты 
айырымдық  сипаты  ретінде  оның:  1)  мәдениет  эталонының  рӛлін 
орындауы; 2) сығымдалған метафора ретінде қызмет етуі; 3) қандай да бір 
феномен, жағдаяттың символы болу қабілетін атайды [104, 170 б.]. 
Қазығұрт  феноменінің  қазақ  лингвомәдени  қауымына  етене  таныс 
ықшамдалған  инварианты  –  «Қазығұрт  –  киелі,  қасиетті  тау».  Қазығұрт 
феноменін  қазақ  рухани  мәдениетінің  эталондарының  бірі  деп 
қабылдауымызға  да  болады.  Қазығұртты  киеліліктің,  қасиеттіліктің 
(әулиеліктің) бір метафорасы ретінде де түсінуімізге болады. Басқа сӛзбен 
айтқанда, Қазығұрт қазақ үшін киеліліктің бірегей бір символы.  

114 
 
Қазығұрт  тауы  феномендік  сипатқа,  яғни  қасиетті,  киелі  деген 
сипатқа  қай  дәуірлерде  ие  болды  деген  сауалға  біржақты  жауап  беруге 
болмайды.  Қазақ  халқының  қазіргі  (бүгінгі  таңдағы)  этно  (дүние) 
танымдық түсініктері бойынша, Қазығұрт тауының киелілігі тау басында 
Нұхтың кемесі тоқтағандығымен байланыстырылады: 
Қазығұрттың басында кеме қалған, 
Ол әулие болмаса неге қалған... 
Әрине,  топан  су  Нұх  кемесімен  байланыстырылған  осындай 
түсініктер  мен  ұғымдар  талай  ғасыр  бұрын  қалыптасқаны  белгілі.  Бірақ 
осы мұсылмандық астары бар аңыздық түсініктерден де бұрын Қазығұрт 
тауының  феномендік  (киелілік)  сипаты  болған  деп  жорамалдаумызға 
болады. Солай топшылауымызға бірнеше дәлел бар. 
Әлем  халықтарының  бәрінде  деп  айтуымызға  болады,  ӛте,  кӛне 
ежелгі  замандардан  бері  келе  жатқан  «ғаламдық  тау»  мифологиясы  бар. 
«Ғаламдық  тау»  мифологиясы  монотеистік  діндерден  (христиан,  ислам) 
әлдеқайда бұрын қалыптасқан.  
Ежелгі  мифологиялық  «ғаламдық  тау»  ұғымының  аясы  кең,  яғни 
«...осы ұғым нақты бір түсінікпен шектеліп қалмайды. 
«Ғаламдық тау» ұғымы мынадай түрлерге бӛлінеді: 
–  Ғаламдық  тау  –  бүкіл  ғаламның  телімесі,  іле-тәріздемесі 
(ассоциация-сы). 
– Ғаламдық тау – ғаламды қоршап жатқан тау жотасы. 
– Ғаламдық тау – ғалам кіндігінде орналасқан тау.  
– Ғаламдық тау – ғалам ӛзегі (ӛсі)» [81, 495 б.]. 
С.Қондыбайдың жорамалдауынша: «Бүкіл ғалам – тау (шеңбер), оның 
ортасында, кіндігінде, қойнауында протокосмос (тіршілік тумағы), космос 
тумағы,  яғни  «нүкте»  бар»  келтірімді,  бастапқы  архетипті,  мәселен, 
зороастризм абыздары мен дей-түркі абыздары екі түрлі бағытта дамытты.  
Зороастризм  абыздары  бұл  архетипті  (қоршаған  тау  ортасындағы 
аңғар  немесе  үңгір)  кеңейтіп,  бүкіл  ғаламды  қоршап  жатқан  «ғалами 
(космостық)  таулар»  деген  ұғымға  айналдырса,  дей  түркі  абыздары, 
керісінше,  оны  кішірейтіп,  «баба  жер  құрсағы  немесе  аңғарына» 
айналдырды.  Сӛйтіп  бір  архетип  базасында,  бір-біріне  ұқсамайтын  екі 
түрлі түсінік қалыптасты» [81, 496 б.]. 
Осы  келтірімдерге  қарағанда,  дейтүркілік  (пра  –  прототүркі) 
замандарында  Қазығұрт  тауы  «ғаламдық  тау»  ретіндегі  «баба  жер 
құрсағы» түсінігін берген деп топшылауымызға болады. Тау ортасындағы, 
яғни  шыңындағы  үңгір  (және  де  таудағы  басқа  үңгірлер)  «тіршілік 
тумағы» ретінде қастерленген. Бұл үңгірлер Қазығұртта күні бүгінге дейін 
бар.  Ілкі  замандардағы  тау  үңгірі  культінің  сарқыншақтары  кейінгі 
замандарда  да  байқалады.  Мәселен,  тегі  бір  түркі  халықтарына  ортақ, 

115 
 
Қорқыт  бабаның  замандасы  Салор  Қазанға  арнап  шығарған  сарын 
жырында: 
Қазығұрт тауындағы үңгір тасты 
Салор Қазан барып кӛркейтті. 
Онда ата-бабасына садақа таратты... – деген жолдар бар.  
Қазығұрттың  басындағы  киелі  үңгірге  қарасты  белгілі  бір  ырым-
жоралғылар,  ритуалдар  болған  болуы  мүмкін.  «Қорқыт  Ата  кітабынан» 
келтірілген  жоғарыдағы  мәліметтер  сол  ойымызды  деректеп  растайды. 
«Ұлы баба жер құрсағы» мифтік танымға Қазығұрт тауының етегінде Ата 
тас,  Ана  тас  және  бастарын  қосып  тұрған  Жастық  тас  атты  киелі 
культтік орындар (тастар) орналасқан. Ата тас пен Ана тас ортасындағы 
Тесіктастан  ӛту  –  Адамның  пайда  болуы,  яғни  дүниеге  келуін 
суреттейтін ежелгі мифтік ритуал еместігіне кім кепіл! 
«Ғаламдық  тау»,  «ғаламдық  таудың  киелі  шыңы»,  таудағы  үңгір 
«баба құрсағы» арқылы адам баласы Аспанмен және Тәңірмен байланыса 
алады,  яғни  жасампаздық  акт  (адамның  жаратылуы,  ӛсуі,  ӛркендеуі)  осы 
Ғаламдық  ӛзектің  (ӛсінің)  тұрпаттары  нақтыланған  табиғи  нысандары 
арқылы ӛткеріледі. Осындай мифтік танымдар мен түсініктердің негізінде, 
арқауында таудың  
«киелілігі», «қасиеттілігі» пайда болады.  
«Киелі тау» мифтік архетиптің кӛріністері сақ, үйсін замандарында да 
орын алған. Олай болса, сақ, үйсін дәуірлерінде де Қазығұрт «Киелі тау» 
түсінігінде белгілі болған.  
Археолог  ғалымдардың  пайымдауынша:  «Сакские  и  усуньские 
святилища  являлись,  в  представлении  их  устроителей,  вместе  с 
культовыми 
предметами 
и 
прежде 
всего 
со 
светильниками, 
поддерживающими  огонь,  своебразными  каналами  космической  связи 
людей  с  верховными  божествами,  обитавшими  на  вершинах  гор, 
соединявшихся  с  верхним  миром.  И  правы  исследователи,  которые 
подчеркивают,  что  сама  окружающая  природа  и  ландшафт  Семиречья  с 
белоснежными  вершинами  «золотых  гор  мира»,  реалии  жизни, 
детерминирующие кочевание из степи к подножию гор и их вершинам, от 
зимовые  к  летовкам,  способствовали  сложению  мифологических 
традиций,  представлявших  Вселенную  в  виде  грандиозной  горы  или 
камня» [106, 168 б.]. 
«Қасиетті тау», «Қасиетті тау шыңы», «Әулие тау», «Ғаламдық тау», 
сынды түсініктер дей-түркілік, сақ-үйсін және одан кейінгі кӛктүрік (кӛне 
түркі);  ортағасырлық,  Қазақ  хандықтары  тұсындағы,  тіпті  кешегі  мен 
бүгінгі заман-тарихи кезеңдерінде де жоғалған  жоқ. Мыңжылдықтар мен 
ғасырлар бойы сақталған осы мифтік түсініктердің астарында ежелгі ортақ 
архетиптер,  ғаламды  танудағы  бастапқы  мифологиялық   ғалам   моделі  

116 
 
жатыр.  
Осы тұрғыдан алғанда, Қазығұрттың және кӛктүркілік Ӛтүкен атты 
қасиетті таудың арасында типологиялық ұқсастықтар мен параллельдерді 
табуға  болады.  Осындай  сәйкестіктер  дей-түркілік,  кӛне-түркілік, 
ортағасырлық  және  қазақ  замандарында  жалғасын  тапқан,  сабақтаса 
ұрпақтан-ұрпаққа  ӛтіп  отырған  бүкіл  түрік  (қазақ)  қауымдастықтарына 
орта архетиптік мифтік ұғымдардың ӛміршеңдігімен түсіндіріледі. 
Ӛтүкен  –  тау  аты,  түркілердің  қасиетті  атамекені,  отаны,  Ӛтүкен: 
Ыдуқ-Қанғ  (Ыдуқ  –  «қасиетті,  киелі»,  қаңғ  –  «кеңістік»)  –  «Қасиетті 
кеңістік» (тау) маңынасын білдіреді.  
Ӛтүкен  феномені  мифтік-танымдық  тұрғыдан  реконструкциялаған. 
С.Қондыбай  осы  киелі  тауға  қатысты  мынадай  мифтік  келтірімдерді 
ұсынады: «Ӛтүкен – бастапқы отты тумақ (протокосмос). 
Ӛтүкен – ғаламның бастапқы күйі. 
Ӛтүкен  –  адамзат  кеңістігі  (ғалам  моделі):  орта  дүние  және  жер 
ортасы, кіндігі, координаттар тоғысы. 
Ӛтүкен – жер ана, Ұлы Құдай ана, құрсақ. 
Ӛтүкен – ӛлілер дүниесі, о дүние, тӛменгі дүние. Мифтік – эпос мен 
шежіреде: 
Ӛтүкен – ата-баба елі.  
Ӛтүкен – арғы ата-бабалар ұрпағы. Батырлар ұрпағы. 
Ӛтүкен – аңыздық, квазитарихи ел, жер атауы» [107, 513 б.]. 
Жоғарыда кӛрсетілген Ӛтүкен мифологиясына қатысты ұғымдар мен 
түсініктердің  басым  кӛпшілігін  Қазығұрт  мифологиясына  да  телуге 
болады. Бірақ Қазығұртқа қатысты осындай мифтік келтірімдердің біразы 
мыңжылдықтар  мен  ұзақ  ғасырлар  ӛтінде  не  ұмыт  болған  немесе 
солардың тек сарқыншақтары мен жұрнақтары ғана қалған.  
Аңыздық  сарын  бойынша,  Ӛтүкеннен  кӛне  түркілер  (кӛктүркілер) 
ӛрбіп  шыққан:  Ӛтүкен  –  түркілердің  қасиетті  атамекені,  отаны,  басқа 
сӛзбен айтсақ, «Жер анасы» «баба құрсағы». Осы мифтік келтірім (түсінік, 
ұғым)  аңыздық  нұсқада  былай  тарқатылады:  «Жаугершілік  заманда,  бір 
қанды шайқастан соң аяқ-қолы шабылған бір бала батпақта қалады. Оны 
бір  қаншық  қасқыр  тауып  алып,  асырап  ӛсіріпті.  Бірақ  артынан  жаулар 
жігітті тауып алып ӛлтіреді, ал сол жігіттен жүкті болған қаншық қасқыр 
жаудан аман-есен құтылып, Алтай тауына (Гаочан-Турфанның терістігіне) 
қашып  барып  үңгірге  тығылады.  Сол  үңгірде  қасқыр  он  баланы  дүниеге 
келтіреді, он бала ӛсіп-ӛніп, ұрпақ кӛбейтеді, он баланың ішінен «Ашина» 
дегені сол жаңа қауымның кӛсемі болады. Ал оның  ұрпағы – Асянь-шад 
халықты   үңгірден   шығарып,   олар   «Кӛктүрік»   деген   атпен   Алтайға  
таралыпты» [107, 512 б.]. 
Осы аңыздың мифологиялық астарын С.Қондыбай былай түсіндіреді:  

117 
 
«Бұл  үңгір  тарихи-географиялық  нысан  емес,  ежелгі  мифтегі 
«атамекен»,  «космос»  пен  «протокосмос»,  яғни  алдыңғы  әңгімелерде 
айтылғандардың нақты түріктік мысалдарының бірі. 
Үңгір  –  «Ӛтүкен»  ежелгі  түрктер  мифологиясындағы  протокосмос 
(ғаламның  бастапқы,  жӛргектегі  күйі),  космос  (әлдебір  жұрттың, 
адамзаттың жаудан, хаостан қорғалған «ӛз» кеңістігі), эпостық «атажұрт», 
мифтік  «о  дүниедегі  ел»  дегенді  білдіретін  кӛпқабатты  ұғымның  белгілі 
бір  тарихи  оқиға  мен  белгілі  бір  тарихи  әулеттің  қажеттілігіне  орай 
жаңартылған мифтік кеңістік моделі» [107, 512 б.]. 
Ал  Қазығұртпен  байланысатын  «бастапқы  протокосмос»,  «атажұрт», 
«Жер ана»,  «баба  құрсағы» мифтік келтірімдерде елдің (этностың) пайда 
болуы-тууы  аңыздық  сарында  тарқатылмайды,  жоғарыдағы  мифтік 
ұғымдар  «бірінші  (алғашқы)  адаммен  байланысады.  Ӛтүкен  түрктердің 
«баба құрсағы», «протокосмосы» – атамекені болса, Қазығұрт – алғашқы 
адамның (пайғамбардың) «баба құрсағы», «прокосмосы», яғни белгілі бір 
ел емес, бүкіл адамзат алғашқы адамның (пайғамбардың) ұрпағы ретінде 
осы киелі таудан тарайды. 
Қазығұрттың феномені, яғни киелілігі, қасиеттілігі алғашқы адаммен 
(Ману)  және  алғашқы  адамның  басқа  бір  тұрпаты  –  пайғамбармен  (Нұх) 
байланысты  болып  келеді.  Осы  мифтік  таным  «топан  су»  сюжетіне 
қатысты баяндалады. 
С.Қондыбай мен А.Балқыбектің болжауынша, Қазығұрт пен топан су 
мифінің  бастапқы  нұсқасы  үндіарийлік  «алғашқы  адам»  Манумен 
байланысты.  А.Балқыбектің  пікірінше,  Қазығұрт  ӛте  кӛне  замандарда 
«Манкур»  деп  аталған  (Бирунидің  ХІ  ғ.  жазбаларында  бұл  топоним 
кездеседі), ал сол атауға жақын Қазығұртта Мансары және Мансары әулие 
деген  топонимдер  сақталған.  Сонда  Манкур  «Ман  тауы»  дегенге  саяды 
дейді А.Балқыбек [98]. 
Ману  –  үндіарийлік  мифтеріндегі  алғашқы  адамның  (первочеловек) 
есімі. Манудың топан суға қатысты мифінде мынадай оқиға баян етіледі: 
«Бір  күні  Ману  ғұрыптық  мақсатта  қолын  жуып  отырғанда  қолына 
кішкентай  балық  ілінеді.  Балық  Манудан  ӛзін  бағып-қағуын  ӛтініп,  сол 
үшін  болар  шақта  болатын  топан  судан  құтқаруға  уәде  етеді.  Кішкене 
балық  ӛсе  келе  алып  балыққа  айналғанда  Ману  оны  теңізге  жіберіп, 
балықтың  ақылымен  кеме  жасайды.  Біраздан  кейін  топан  басталады  да, 
Ману  ӛзінің  кемесінің  арқанын  әлгі  балықтың  «мүйізіне»  байлайды,  әлгі 
балық  оның  кемесін  су  бетіне  қалқып  тұрған  солтүстік  тауға  сүйреп 
әкеледі. Енді біраз уақыттан соң су қайтып, ӛзімен бірге барлық тірі пенде 
атаулыны да ала кетеді. Ману жер бетінде жалғыз ӛзі қалады. Ол суға май 
мен  ірімшік  тастап,  тәңірлерге  құрбандық  береді,  сол  садақасынан  Ила 
(Ида) есімді қыз шығады. Ила Манудың әйелі болып, екеуінен туған ұрпақ 

118 
 
топан  судан  кейінгі  адамзатты  қалыптастырады.  Сондықтан  да  бүгінгі 
адамзат  атаулы  «Манудың  ұрпағы»  деп  аталады,  бұл  санскрит  тілінде 
«Мануджа»  немесе  «Манушья»  (сӛзбе-сӛз:  «Манудан  туған»)  деп 
жазылады» [108, 106 б.]. 
Ал  енді  үндіирандық  (арийлік)  Мануды  дейтүркілік  Қазығұртпен 
байланыстыруға  бола  ма?  –  деген  сауалға  С.Қондыбай  болжалға 
негізделген  мынадай  жауап  береді:  «Үндіирандықтардың  Қазақстан 
жеріне  келе  бастауы  мен  олардың  Орта  Азия  арқылы  Үндістанға  ӛту 
уақыты  ретінде  дәл  дерек  жоқ  болғандықтан,  б.з.д.  ХVI-XX  ғасырлар 
аралығы  ұсынылады.  «Ману»  есімінің  бүкіл  үндіевропалық  мифте 
кездеспегеніне  қарағанда,  оның  образының  қалыптасу  ортасын 
кеңейтіріңкіреп  алғанда,  үндіирандық  орта,  тар  шеңберде  алғанда  – 
арийлік  (үндіарийлік)  орта  деп  алуға  болады.  Яғни  Ману  мен  топан  су 
туралы,  Манудың  бірінші  адамдығы  туралы  миф  үндіирандықтар  қазақ 
жеріне  келгесін,  біздің  ойымызша,  жергілікті  дейтүркілік  ортаның 
ықпалымен  пайда  болған  сияқты.  Яғни  Ману  бейнесінің  жасы  –  б.з.д.  2 
мың  жылдық.  Міне,  осыған  байланысты  қазақ  жеріндегі  «топан  су» 
оқиғасымен  байланыстырылған  киелі  координат  –  Қазығұрт  тауына 
арнайы  тоқталып  ӛтудің  қажеттілігі  туындайды.  Ӛйткені  Қазығұрт  тауы 
үндіарийлердің  Еділден  Үндістанға  дейінгі  ықтимал  маршрутының 
бойында жатыр және үнділік Ману «топан су» – сюжетінің қалыптасуы да 
үндіарийлердің  Қазақстанда  тұрған  шағына  тұспа-тұс  келеді.  Сондай-ақ 
осы  тұста  үнділік  Ману  мен  түрктік  Манас  (пен  Ману)  есімдерінің 
ұштасуы әбден мүмкін» [108, 260-261 бб.]. 
С.Қондыбайдың  гипотезасы  бойынша,  інжілдік,  христиандық, 
мұсылмандық және шумерлік топан су аңыздарының түпнұсқасы біреу-ақ, 
ол – гиперборейлік топан су аңызы. Гиперборейлік топан су аңызының бір 
версиясы  дейтүрктер  фольклоры  арқылы  б.з.д.  5-3  мыңжылдықтарда 
Қазығұрт жеріне жеткен, ал б.з.д. 2 мың жылдықта Қазығұрт ӛңіріне ене 
бастаған үндіарийліктер (үндіирандықтар) ортасында дейтүркілік топан су 
аңызы  ӛңдеуден  ӛткен,  нәтижесінде  Манулық  нұсқа  қалыптасқан.  Бұл  – 
С.Қондыбайдың болжамы.  
Қалай  болғанда  да,  мұсылмандық  «Нұх  және  топан  су»  аңызының 
Қазығұрт тауына қатысы кездейсоқ емес – жоқ жерде ештеңе бірден пайда 
бола қоймайды. Қазығұрт тауы топан судың гиперборейлік түпнұсқасында 
да,  сол  негізгі  аңыздық  версияның  дейтүркілік  версиясында  да, 
соңғысынан  ӛнделген  үндіирандық  Ману  нұсқасында  да,  мұсылмандық 
дәуірдегі  «Нұх,  топан  су  және  Қазығұрт»  аңызы  версиясында  да  киелі, 
қасиетті  тау  болып  саналған.  Бұл  феноменнің  пайда  болуы,  қалыптасуы 
және  орнығуы  6-7  мыңжылдықтарды  қамтиды  деп  болжалды  түрде 
айтуымызға  болады.  Қазығұрт  феноменінің  6-7  мыңжылдықтай  тарихы, 

119 
 
әрине,  адам  таңқаларлықтай  орасан  ұзақ  мерзімді  қамтып  отыр. 
Феноменнің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  талай  дәуірлер  ӛтсе  де, 
рухани  негізін,  рухани  ортаны  жоғалттырмайтын  сансыз  ұрпақтар 
сабақтастығы  орын  алған.Ұрпақтар  сабақтастығына  арқау  мен  негіз 
болатын тек биологиялық (генетикалық) түрде кӛрінетін табиғи заңдылық 
емес,  сонымен  бірге  ұрпақтардың  рухани  жалғастығын  қамтамасыз  етіп, 
мәңгі  ӛлмейтін  халық  рухы.  Сол  Қазығұрт  тауын,  ӛңірін  мекендеген 
халықтың  рухы  Қазығұрттың  киелілігін,  қасиеттілігін  мыңжылдықтар 
бойы сақтай білді, бізге мирас етіп тапсырды.  
Қазығұрт  сынды  рухани  феномендер  ұлттық  мәдени  кеңістігіндегі 
когнитивтік  база  құрылымына  (кешеніне)  міндетті  түрде  енеді  және  де 
сол  ұлттық  санадағы  рухани  феномендер  жиынтығының  белгілі  бір 
репрезентенті  ретінде  танылады.  Орыс  ғалымы  В.Красных  когнитивтік 
база,  ұжымдық  когнитивтік  кеңістік,  жеке  когнитивтік  кеңістік  деп 
аталатын  ғылыми  терминологиялық  ұғымдарға  тӛмендегідей  анықтама 
береді: 
Когнитивтік  база  –  қандай  да  бір  ұлттық-лингвомәдени 
қауымдастық  ӛкілі  мен  мәдени  менталитет  иелерінің  барлығына  бірдей 
тән, санасында нақты бір ретпен құрылымдалған, міндетті түрде болатын 
білімдер  мен  ұлттық  деп  терминденген  және  ықшамдалған  түсініктер 
жиынтығы;  ҧжымдық  когнитивтік  кеңістік  –  қандай  да  бір 
қауымдастыққа кіретін тұлғалардың барлығына қажетті және тән болатын 
белгілі бір ретпен құрылымдалған білім – түсініктер жиынтығы;  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет