Монография Шымкент, 2016 жыл


Қазығҧрт  топонимінің  этимологиясы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10302
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазығҧрт  топонимінің  этимологиясы.  Аңызға  айналған  Қазығұрт 
атауы  ғасырлар  бойы  ауыздан-ауызға    кӛшіп,  ұлтымыздың  мәдениетінен 
ӛзіндік  орны бар  феномендік  атауға  айналып,  прецеденттік  оним  ретінде 
танылады.  Ол  тек  қазақ  халқына  ғана  емес,  жалпы  түркілік  сипатқа  ие 
киелі  атауға  айналған  ортақ  тарихи,  мәдени  тілдік  маңызы  бар  құбылыс. 
Кең  еуразиялық  кеңістікте,  оның  онамастикалық  жүйесіндегі  ұлттық 
ономастикадағы танымал онимдік бірлік.  
Қазіргі таңда қазақ топонимикасында Қазығұрт атауына қатысты, ӛзге 
осы  сынды  тарихи  онимдерге  қатысты  тарихи-тілдік  деректер  мен 

39 
 
білімдер жүйесін саралау қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Осы ретте 
Қазығұрт 
туралы 
бұрын-соңды 
айтылған 
деректерді, 
оның 
этимологиясына қатысты зерттеулерге тоқталмақпыз. 
Сонау  қадым  заманнан  бергі  тегі  бір  түркі  халықтың,  яғни 
бабаларымыздың  артықша  әзіз  тұтып,  ақ  адал  пейілдерімен  тәуап  етіп, 
ғибадат жасап келген қасиетті орындарының бірі – Қазығұрт тауы болып 
саналған.Бұл киелі тау Оңтүстік Алатаудың батыс қапталынан оқшауырақ 
жерде  орын  тепкен.  Алыстан  бақылап  қарағанда  Қазығұрттың  ӛзінің 
шығысында  жатқан  таулардан  шарт  үзіліп  кетпегенін  байқауға  болады. 
Мұның  мәнісі,  Оңтүстік  Алатаудың  батыс  жағы  бірнеше  бӛлік  мұрын 
жон-жотаға  тармақтанып,  бұтақтанып  кеткен.  Сондай  үлкен  жоталардың 
қат-қабаттасып, бір-бірімен сіңісіп жатуынан алынбас асуға ұқсас биіктеу 
бір  бел  түзілген.  Қазығұрт  –  Оңтүстік  Алатаудың  сілемдерінде  нақ  осы 
бел арқылы жалғасып, ұласып жатқан тау. 
Қазақ  жұртының  әуел  бастан  тұтынып  келе  жатқан  тарихи 
жәдігерлерінің  бірі  –  аңыздарға  сүйенсек,  қасиетті  Қазығұрт  тауына 
байланысты алуан түрлі оқиғалардың сырына қанық боламыз. Қазығұртқа 
қатысты  айтылып,  сан  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе 
жатқан  сондай  аңыздардың  бір  тобы  Қазығұрт  тауы  мен  Нұһ 
пайғамбардың    кемесі  жайында  сыр  шертеді.  Аңыз  бойынша  әлемдегі 
жаңа ӛмірдің нышанын жаңғыртқан Нұһ пайғамбардың кемесі осы таудың 
басында  қайырылған.  Адамзаттың  қазіргі    ұрпағы  осы  тау  бауырынан 
ӛркендеген  кӛрінеді.  Тек  адамзат  қана  емес,  бүкіл  әлемдегі  жан-жануар 
мен табиғат тартулары да осы Қазығұрт тауының қойнауынан ӛсіп-ӛрбіген 
екен: 
 
Қазығұрттың басында кеме қалған
Ол әулие болмаса неге қалған? 
Ішінде екі қозы болған екен, 
Шопан ата деген сӛз содан қалған.  
 
Қазығұрт басында кеме қалған, 
Ол керемет болмаса неге қалған? 
Ішінде екі бұзау ұйықтап қалып, 
Зеңгі баба деген сӛз содан қалған. 
 
Қазығұрттың басында кеме қалған, 
Ол құдірет болмаса неге қалған? 
Кемеде екі бота қалған екен, 
Ойсылқара деген сӛз содан қалған. 
   
 

40 
 
Қазығұрттың басында кеме қалған, 
Ол қасиет болмаса неге қалған? 
Ішінде екі құлын қалған екен
Қылқұйрық Қамбар Ата содан қалған. 
 
Тұңғыш  рет  белгілі  этнограф  әрі  фольклоршы  Ә.Диваевтың  1896  ж. 
шыққан  «Қазығұрт  кемесі  туралы  аңыз»  кітабында  жазбаша  түрде 
берілген.  Ел  аузында  түрліше  вариантта  айтылатын  бұл  ӛлең  Қазығұрт 
тауының  әулиелігін  дәлелдей  түседі.  Ӛлеңдегі  Қазығұрттың  жоталарына 
түскен  жан-жануарлардың    аяғы  тиген  жерлер  киелі  болып  қалған  екен. 
Олар:  Қазығұрт  Ата,  Ақбура  Ата,  Шілтер  Ата,  Кӛзді  Ата,  Аңғар  Ата, 
Қызыл Ата, Қайнар Ата және Мейрам Ана деп аталыпты. Осындай қасиет 
дарыған  орындар  топонимге  бай  Қазығұрт  ӛңірінде  кӛптеп  саналады. 
Олардың шығу тарихы, аталу тарихы туралы әр дәуір ғалымдары  ӛзінше 
болжап, зерттеу еңбектерінде келтірілген.  
Ең  алдымен,  «Қазығұрт»  деген  сӛздің  қалай  шыққандығын,  нені 
білдіретіндігін  қарастырайық.  Бұл  жайында  кӛптеген  тілшілердің  ой-
болжамдары  бар.  Соларды  саралай  отырып,  маңызды  дегендеріне 
қысқаша тоқталсақ. Зерттеуші Е.Қойшыбаев:  «Қазығұрт  – кӛне тілдердің 
тайпа  аттарына  байланысты  қос  этнонимнен  құралған  атау:  «қаз»  және 
«құрт»    –  түркілердің  VIII  ғасырларды  ӛмір  сүрген  тайпалары»,  –  деп 
анықтама берсе, [38, 143 б.] жазушы С.Бақбергенов: «қазы» – тӛреші, әділ 
тӛреші,  ал  «құрт»  –  қасқыр  деген  мағынаны  берсе  керек»  –  деп 
тұжырымдайды.  Ал,  ғалым  Қ.Ӛмірәлиевтің  пікірі  бойынша,  «Қазығұрт 
атауы бір кездерде Гаргурд, Гузкурд, Геркурд болып қолданылған: «кер» -
– есім түбір. Якут, алтай, тӛлеуіт және кӛне түркі тілінде «қар» - керемет 
қорқынышты  зор  жылан,  екі  басты  айдаһар  дегенді  білдіреді.  Оны  «кар 
йутпа»  деп  те  атайды.  Қазақ  тілінде  бұл  түбір    «кер  ауыз»,  «кермиық» 
деген тіркестерде ғана сақталған... Якут тілінде сақталған «кар» (екі басты 
айдаһар) мен Қазығұрт сӛзінің арасында ізі ӛшіп кеткен байланыс болуы 
мүмкін»  [42.83].  Онда  қазіргі  Қазығұрт  тауының  байырғы  замандағы 
«кер»  тұлғасы  «айдаһарлы»  деген  мағынаны  білдірген  болады.  Олай 
болса,  бұл  жорамал  жергілікті  халықта  сақталған  «Қазығұрт  тауының 
астында  зор  айдаһар  бар,  оны  дуалап,  арбап  қойған.  Ол  босанып  кетсе 
қиямет-қайым  болады-мыс»  деген  аңыздан  ӛрбісе  керек.  Топонимист 
А.Әбдірахмановтың  пікірінше,  «кер»  бӛлімі  «құрылу»,  «бӛліну» 
мағынасын,  ал  «курт»  сӛзі  «қасқыр»  мағынасында  қолданылған  тотемдік 
ру, тайпа атынан шыққан [43]. 
VІІ-VІІІ  ғасырларда  жазылған  араб  ғалымдарының  еңбектерінде 
Қазығұрт    «Гезгерд»  формасында  келтіріледі.  Х  ғасырда  ғалым  Кудама 
«Жер салығының кітабы» еңбегінде: Шаш қаласынан Гезгердке дейін бес 

41 
 
фарсах  (13  км.),  ал  Гезгердтен  Испиджабқа  дейін  тӛрт  фарсах»,  –  десе, 
ортағасырлық  араб  географы  Әл-Макдиси  «Елдерді  танудың  ең  жақсы 
бӛлінісі»  (Хғ)  кітабында  «...  Бинккеттен  Анфаран  рабадына  дейін  бір 
күндік жол, одан Гезгердке дейін бір күндік жол, одан Исфиджабқа дейін 
бір  күндік  жол»,  –  деп  жазады  Ұлы  Жібек  жолының  сипаттамасында. 
Ортағасырлық  араб  географтарының  осы  еңбектеріндегі  Гезгерд  қаласы 
қазіргі  Қазығұрт  тауының  бӛктеріндегі  Шарапхана  ауылының  маңында 
болған, ал Гезгердтің қасында орналасқан тау кейінірек  Қазығұрт аталып 
кеткен деген пікір білдіреді ғалымдар  [42.37]. Яғни, Қазығұрт  атауы мен 
ІХ ғасырда оған таяу жерде болған қала Гузкерд бір түбірдің әр замандағы 
әр  түрлі  атауы.  Бұл  пікірге  белгілі  ономаст  Е.Керімбаев:  «Тау  аты  қала 
атынан  қойылуы  ықтимал  деп  болжам  жасау  қисынға  келмейді.  Оған 
дәлел тау, ӛзендер т.б. табиғи объектілерден сірә әлдеқашан бұрын белгілі 
болатыны.  Ал  тау  етегіндегі  қазақ  қыстақтары  сол  тау  атымен  атала 
берген.  Сол  себептен  Қазығұрт  тауының  түбіндегі  кӛне  қала  тау  атымен 
аталуы әбден мүмкін» – деген қарсы пікір білдіреді [36, 43 б.]. 
Қолда  бар  деректерге  қарағанда,  Қазығұрт  тауы  алғаш  рет  ІХ  ғ. 
кездеседі.  Оғыз  бен  печенектер  –  қанғарлар  арасында  болған  соғысты 
бейнелейтін  «Қорқыт  туралы  жырда»  және  Әбілғазының  «Түркі 
шежіресінде» кӛрініс тапқан.  Тегі бір түркі халықтарына  ортақ «Қорқыт 
Ата» кітабындағы қорқыт бабаның замандасы Салар Қазанға арнап  
шығарған мадақ сарын жырындағы: 
«Қазығұрт тауындағы үңгір тасты 
Салар Қазан барып кӛркейтті. 
Онда ата-бабасына садақа таратты...» [36, 70 б.] 
деген жолдар  Қазығұрт атауының ІХ ғасырда топоним ретінде түпкілікті 
қалыптасып  болғанын  дәлелдейді.  Осы  жырда  Қазығұрттың  Үңгір 
әулиенің  қасиеті  жӛнінде  де  сӛз  болады.  Тарихшы  Әбілғазының 
айтуынша,  сол  киелі  үңгірлі  Қазығұрт  тауы  Қазанбектің  жақсы  кӛретін, 
әрі ордасы кӛп тұрған жер болған екен. 
Қазығұрт  сӛзі  Әбілғазының  «Шежіре-и-туркмени»  (1660-1661) 
кітабында  біріншіден,  тау  аты  есебінде,  екіншіден,  Оғыз  ханның  бір 
ұрпағы,  яғни  оның  тайпасының  бірі  есебінде  кездеседі.  Тарихшының 
екінші  мәліметін  қазақ  халқының  құрамындағы  (Кіші  жүздегі)  Қазығұрт 
руымен  байланыстырған  Қ.Ӛмірәлиев  «Қазығұрт  атауы  тұтасымен 
этноним болып, кейін тау атына ізін қалдыруы ықтимал» деген ой айтады 
[42,  80  б.].  Түркітанушы  ғалым,  тарихшы  С.Әбушәріп:  «Құрт  сӛзіне 
келетін болсақ, ол «Куртулуш» (немесе оның түрлі вариантының) сӛзінің 
түбірі болып табылады және «құтқару», «құтылу» дегенді білдіреді дейді. 
Осыған қарап, бүгінгі күні Қазығұрт аңыздарын зерттеп жүрген әдебиетші 
Қ.Ергӛбек: «Қазығұрт сӛзі – Қазы есімді адамның халықты түрлі апат пен 

42 
 
бәлекеттерден  Алла  тағаланың  жәрдемімен  құтқарған  қызметіне  қарай 
оның    атына  «құрт»  түбір  сӛзінің  жалғанып,  бірігуінен  шықса  керек»,  – 
деп тың пайымдау жасайды. 
Жоғарыда 
Қазығұрт 
топонимнің 
бірнеше 
этимологиясын 
қарастырдық. 
Олардан  басқа  жергілікті  кӛнекӛз  қариялардың  аузындағы  аңыздар 
қаншама.  Солардың  кейбірі  Қазығұрт  атауын  Қазығұрт  әулиемен,  келесі 
түбі «қорқу» сӛзінен алынған Қазы-Қорқытпен, ал енді Нұһ пайғамбардың 
кемесін  топан  судан  сақтап  қалған  «құттың  алтын  қазығы»  –  Қазықұт 
тауымен  байланыстырады.  Бұл  айтылғандардың  қаншалықты  дәлелді 
екендігін дӛп басып айту қиын. 
Қазығұрт  ӛңірі  «Ұлы  жібек  жолымен»  Еуропа  мен  Азия  бӛліктерін 
жалғастырып  тұрған  аймақ  ретінде  ежелден  белгілі  болған.  Екі  ел 
арасындағы    қарым-қатынасты  байланыстырушы  аймақты  «Елшілік 
кӛпірі» деп танып, талай керуеншілер мен саяхатшылар, тарихшылар мен 
географтардың табаны тиген. 
Сондықтан  да  Қазығұрт  туралы  алғашқы  жазба  деректер 
жиһанкездердің жазбалары арқылы арнайы жүргізілген. Тарихшы Геродот 
б.з.д.  455-447  жылдар  шамасында  саяхатқа  шығып,  Кіші  Азияға  дейін 
аралап,  бұл  аймақтарда  массагеттердің  мекендейтінін  жазса,  ежелгі  грек 
тарихшысы,  әрі  географы  Страбон  (б.з.д.  63  ж.  –  б.з.20  ж.)  саяхатқа 
шығып,  «География»  атты  17  кітап  жазады.  Еңбектің  13-14  кітаптарын 
Кіші  Азияға  арнайды.  Сондай-ақ  Птолемей  (б.з.  ІІ  ғ.)  еңбектерінде  де 
сараң  деректер  кездеседі.  Мұндай  деректер  Орхон-Енисей  жазба 
ескерткіштерінде  де  тасқа  қашалып  түсірілген.  Қазығұрт  және  оның 
аймағы туралы нақтылай деректер араб ғалымдарының еңбектерінде VІІІ 
ғасырдың  орта  кезеңінен  бастап  жиі  ұшырайды.  Енді  сол  еңбектерге  аз-
кем  тоқталсақ.  Мәселен,  араб  тарихшысы  әл-Белазури  Қазығұрт  ӛлкесі 
бірде  түрік,  бірде  қытай,  енді  бірде  араб  елдерінің  иелігіне  кӛшіп,  760 
жылдары  түрік  халқының  иелігінде  қалғанын  жазады.  әл-Белазуридің 
еңбегіне  сүйенген  араб  географы  ибн  Хордадбектің  «Жолдар  мен 
әкімшілік бӛлінісі» (ІХ ғ.) атты кітабында Қазығұрт туралы, ондағы елді-
мекендердің  ара  қашықтығы  жайлы  нақты  мәлімет  беріледі  [19,  153  б.]. 
Сонымен  бірге  ибн  Хаукалдың,  әл-Макдисидің,  ас-Саманидің, 
М.Қашқаридың,  М.Хайдардың,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінен  Қазығұрт 
баурайы,  елді-мекендері,  олардың  тұрғындары  мен  шекаралары  туралы 
мәліметтерді  кездестіреміз.  Осы  жазбалар  арқылы  Қазығұрт  пен  Қаржан 
тауын, Ӛгем сілемдерін, Казкирд, Чорапхана, Сынтас, Сарыүйсін, Кузбен, 
Қаражон секілді ел мен жер аттарын әлем халқы  танығанын аңғарамыз. 
Қаншама  ғасырлар  ӛтсе  де  Қазығұрт  туралы  хикая  бәсеңсіп  кӛрген 
емес.  ХVІ  ғасырда  жазылған  тарихшы  әл-Бұхаридің  «Абдулланама» 

43 
 
кітабында  «Келес  ӛңірі,  Қазығұрт  баурайы  –  гүл  жайнаған  бау-бақшалы, 
кӛк  майса  жер»  деп  суреттеледі.Сондықтан  да  бұл  маңды  жаулап  алуға 
тырысқан  қан  қилы    дұшпандар  мен  қақтығыстардың  сан  рет  ашық 
майданы болған Қазығұрт баурайының аты жиі ӛзгеріп отырған. Тарихшы 
Г.В.  Григорьев  бұл  аймақты  б.з.б.  V-VI  ғғ.  сақ  тайпалары  мекендеген 
«Сақтар Отаны» десе, К.М. Байпақов сақтардың мәдениетін дамытушы  – 
қаңлылар осы маңда ӛмір сүріп, бұл ӛлке «Қаңлы елі деп аталған» – дейді. 
Х  ғ.  ӛмір  сүрген  араб  саяхатшысы  Истахри  ӛзінің  қолжазбасында: 
«Ангрен  мен  Шыршық  аңғарында,  Шатқал  мен  Ӛгем  жоталарында, 
Қазығұрт  пен  Келес  даласында  оғыздар,  қарлұқтар  мен  басқа  да  түркі 
тілдес топтар араласа мекендеген» – деп жазады да, осы ӛңірді «Оғыздар 
қонысы» дейтін.  
1043  жылы  Оғыз  ұлысы  ыдырап,  кейбір  тайпалары  батысқа  кеткен 
сәттен  бастап  бұл  ӛлкені  «Қазығұрт  халқы»  деп  атай  бастағаны  туралы 
деректер де бар. 
Қазығұрт  атауына  байланысты  қазақ  тілінде  ӛсімдік  атауларын 
зерттеген  белгілі  ғалым  Байынқол  Қалиев  былай  дейді.  «Қазақ  тілінде 
жамбыл,  қазығұрт,  қорғалжын,  қандыағаш,  Ереймен,  кӛкпек,  бұғыты, 
сӛгеті  деген  ӛсімдік  атаулары  бар.  Осы  аттас  жер-су,  тау  атаулары  және 
бар.  Бұлардың  қайсысының  аты  қайсысына  қойылған:  жер  аты  ӛсімдікке 
ме, жоқ ӛсімдік аты жерге ме?Бұған ойланбастан жауап беруге болмайды. 
Әйткенмен  де  кӛбісі  жер  аты  ретінде  сол  жерде  ӛсетін  ӛсімдіктің  аты 
қойылатындығын  ескерген  жӛн.  Кейде  керісінше,  ӛсімдікке  атау  ретінде 
оған жер-су аты қойылатын жағдайлар да жоқ емес» [44, 78]. Бір жағынан 
бұл  пікірдің  де  жаны  бар  сияқты.  Қазығұрт  атауы  алғаш  рет    Рашид-аз-
диннің    «Оғызнамасында  кездеседі,  алайда  онда  жер-су  атауы  емес,  кісі 
есімі  ретінде  айтылады  екен.  Қазығұрт  антропонимі...  руынан  шыққан 
бидің есімі деп берілген. 
«Қорқыт  ата  кітабындағы»  Кавказдың    «Қазылық  тау  аталуы 
екендігіне 
кӛз 
жеткіземіз», 
 
дейді 
Қазығұрт 
топонимінің  
этимологиясынзерттеген жазушы Б.Қошым-ноғай [45, 227]. Ӛз кітабында 
ол Қазылық тау атауындағы тау компоненті кӛне түркі тіліндегіарт сӛзінің 
синонимі...  деген  тоқтанымға  келеді.  Әрі  қарай  зерттеуші  кӛне  түркі 
тілінде  біршама  жиі  қолданыста  болған  арт  сӛзі  Қазығұрт  атауының  
құрамында  да  кездеседі  дейді.    Сӛйтіп  Қазығұрт  атауы  әуел  баста 
Оғыз+лық+арт  тіркесінің  нәтижесінде  пайда  болғандығы  туралы  ой 
түйіп, талдау арқылы ӛз ойын дәлелдеуге тырысқан.  
Қалай  болғанда  да,  Қазығұрт  атауы  жӛнінде  бұрын  да,  қазір  де 
кӛптеген  аңыз-әңгімелер,  ғылыми  негіздегі  этимологиялар,  болжамдар 
айтылуда.  Ғасырлар  бойы  сақталып,  қазіргі  күнге  дейін  ӛзінің    тілдік, 
топонимдік  қызметін  атқарып  келе  жатқан  қасиетті  Қазығұрт  тауы 

44 
 
атауының жұмбағы әлі де шешіле қойған жоқ.  Жаңа дерек, жаңа кешенді 
ізденістерді қажет ететін кӛнеден жеткен бұл атау туралы әңгіме әлі алда 
деп білеміз. 
Кез  келген  ӛңірдің  топонимиясы  диахрониялық  тұрғыдан  ӛзгеріске 
ұшырайды,  демек,  аймақтық  топонимияда  жаңа  сипаттағы  топонимдер 
пайда  болады,  олардың  түрлері  мен  типтері  ӛзгерілуі  мүмкін;  кӛп 
жағдайда  оның  себептері  басқа  тілден  енген  топонимдердің  тарихи, 
мәдени және тілдік болмысына байланысты келеді. Сондай диахрониялық 
ӛзгерістер Қазығұрт ӛңірі топонимиясынан да байқалады. 
Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясында  сол  ӛлке  халықтарының  ұзақ 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тарихына  қатысты  түрлі  тілдерден  енген 
топонимдер де пайда болды. Басқа тілдерден енген географиялық атаулар 
бӛгде этностың сол ӛңірді жаулап алған себептерінен туындайды және де 
басқа  елдер  мен  тілдер  арасындағы  ӛзара  мәдени,  тарихи,  сауда-саттық, 
экономикалық қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болады, жергілікті 
топонимиялық  жүйеге  енеді.  Осындай  тарихи-лингвистикалық  тұрғыдан 
алғанда, ұлттық және аймақтық топонимияда топонимиялық стратиграфия 
құрылымын  айқындауға  болады.  Жалпы  алғанда,  топонимиялық 
стратиграфия  тарихи  және  этностық  процестер,  тілдердің  ӛзара 
әрекеттесуі нәтижесінде бір-бірімен тығыз байланысқан, әртүрлі тілдерге 
жататын  және  әр  кезеңде  қалыптасқан  географиялық  атаулар 
қабаттарының жиынтығы болып табылады [46]. 
Қазақстан  топонимиясының  стратиграфиялық  қабаттары  оларды 
хронологиялық жіктеу негізінде кӛрсетіледі, ал белгілі бір тарихи кезеңде 
қалыптасқан  қабат  әдетте  жеке  бір  тілге  байланыстырылады.  Мәселен, 
Е.Қойшыбаев  (1985)  хронологиялық  жіктеу  негізінде  Қазақстан 
аумағында бес тілдік қабатты бӛліп кӛрсеткен: 
1.  Ежелгі  тілдер  элементтерін  сақтап  келе  жатқан  тым  кӛне  қабаттар 
(санскрит, үнді-иран тілдері элементтері: тал, ар, бал, сар, ғар, қан); 
2.  Шартты  түрдегі  түркі-моңғол  тіл  бірлестігі  элементтерін  сақтап 
келе жатқан кӛне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, кӛк, бай, тоғай); 
3.  Түркі  тіл  қабаттары  немесе  түркі  тілдер  семьясы  құрамының 
ерекшеліктерін кӛрсететін қабаттар; 
4. Осы күнгі түркі тілдері ерекшеліктерін кӛрсететін қабаттар (қазақ, 
қырғыз,  алтай,  қарақалпақ,  башқұрт,  ұйғыр,  түркімен,  әзірбайжан,  ӛзбек 
және т.б.); 
5.  Орыс  тілі  негізіндегі  топонимикалық  қабаттамалар,  яғни  Э.М. 
Мурзаевтың айтуынша, «ең үстіңгі қабат» [38, 24 б.]. 
Қ.Рысбергенова  Оңтүстік  Қазақстан  аумағындағы  топонимиялық 
негіздерді  тілдік  тұрғыдан  үш  топқа;  1)  субстратты  (кӛне);  2)  сырттан 
енген; 3) түркілік қабат деп жіктейді [41, 24 б.]. 

45 
 
Е.Қойшыбаев,  Ә.Абдрахманов,  Қ.Рысбергенова  т.б.  зерттеушілер 
кӛрсеткен  негізгі  стратиграфиялық  тілдік  қабаттар  Оңтүстік  Қазақстан 
облысы  аумағында,  соның  ішінде  Қазығұрт  топонимиялық  аймағында 
кӛрінісін тапқан. 
Мәселен, Ӛгем тауының атауындағы гем /кем-ді кейбір зерттеушілер 
кӛне иран терминіне жатқызады. Кей жағдайда ирандық терминдер қазақ 
тіліне  кеңінен  сіңісіп  кетіп,  ӛзіндік  мағыналық  жүктемеге  ие  болады. 
Сондай  ирандық  терминдердің  бірі  –  сеңгір  «тік  жарқабақты  жартас» 
мағынасында  қазақтың  халық  терминологиясында  белгілі.  Қаратаудың 
солтүстік-шығыс беткейіндегі Қызылсеңгір тауы (786 м.), шындығында да, 
тауалды жазығымен тік жартасты беткей жасап жалғасады. 
Ә.Абдрахмановтың  зерттеулерінде  [43,  207  б.]  Бадам,  Бетпақдала
Ленгер,  Шардара,  Шымкент  атаулары  иран  тілдерінен  енген  атаулар 
қатарына жатқызылады. 
«Бадам  –  ӛзен,  ұзындығы  141  км.  Бастауын  Қаржантау  етегінен 
алады, Тӛле би ауд., Шымкент қ., Бӛген ауд., кӛлемінен ӛтіп, Арыс ӛзеніне 
барып  құяды.  Қар,  жауын-шашын  суымен  толығып  отырады.  Наурыздан 
мамырға  дейін  су  деңгейі  кӛтеріледі.  Ӛзен  бойында  үлкенді-кішілі 
жиырмадан  астам  каналдар  бар.  Бұлар  Сайрам,  Бӛген  ауд.  жерін 
суландырады  және  Шымкент  қаласының  кәсіпорындарын  сумен 
қамтамасыз  етеді.  Су  энергиясына  бай.  Бадам  Қазығұрт  тауының  шығыс 
жағын  орып  ӛтіп,  сонан  соң  солтүстік  жағымен  ілесіп  отырады. 
Қазығұрттың солтүстік жағындағы ең үлкен ӛзен осы. Кезінде осы маңда 
Бадам  болысы  болған.  Сол  болыстыққа  Қазығұрт  ӛңірінің  біраз  жері 
қараған» [19, 52-53 б.]. 
Иран  тілдер  тобына  жататын  тәжік  тілінде  бодом  миндаль  жемісінің 
атауы  болып  табылады.  Жергілікті  қазақ  халқы  бұл  жемісті  «бадам» 
немесе «түкті ӛрік» дейді. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  аумағындағы,  соның  ішінде  Қазығұрт 
ӛңіріндегі  сырттан  енген  атаулар  тобына  араб  тіліндегі  лексикалық 
элементтер  де  жатады.  «Ӛлке  топонимиясының  арабтық  элементтерінің 
енуі  VIII-ІХ  ғғ.  сәйкес  келеді.  Араб  мәдениеті  мен  тілінің  біз  зерттеп 
отырған 
аумаққа 
ықпалының 
артуы 
араб 
саудагерлері 
мен 
саяхатшыларының  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  енуімен  және  арабтардың 
жаулап алу  жорықтарымен байланысты болды. Жалпы алғанда, Оңтүстік 
Қазақстан  облысында  еліміздің  басқа  ӛңірлеріне  қарағанда  араб 
топонимдері кӛбірек кездеседі», – деп жазады зерттеуші З.Қ. Мырзалиева 
[12, 27 б.]. 
812-817  жж.  Отырар  маңына  Фадл  ибн  Сахл  бастаған  араб 
басқыншылары келіп жетті [47, 375 б.]. «Араб қолбасшысы Нұх ибн Асад 
840-ж. Испиджабты ӛзіне бағындырды. 859 ж. оның інісі Ахмед ибн Асад 

46 
 
Шавғарға жорық жасап, сол жерде мыңдаған адамды таяққа жыққан. Х ғ. 
басында қараханидтер әулетінің рубасы Сатух ислам дінін қабылдады, ал 
оның  ұлы  Боғра-хан  б.  Муса  960  ж.  Исламды  мемлекеттік  дін  деп 
жариялады.  В.В.  Бартольд  қарлықтар  ислам  дінін  766  жылы  Жетісу  мен 
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған соң, тез арада-ақ Мехди Халиф (775-
785  жж.)  тұсында  қабылдады  деген  болжам  ұсынған.  Бұл  тек 
қарлықтардың  кейбір  тобы  ғана  болса  керек.  Ӛйткені  Ислам  ибн  Ахмад 
893  ж.  Таразды  басып  алып  барып  қана  қаланың  бас  шіркеуін  мешітке 
айналдырды». 
Дегенмен,  ислам  дінін  алғаш  қабылдағандар  Қазығұрт  ӛңірінің 
тұрғындары екені анық. Оны араб тарихшыларының ӛзі жазып қалдырған. 
Ал-Истархи ӛзінің «Китаб масаллик ал-мамалик» атты еңбегінің парсыша 
аудармасында:  «Фараб,  Кенджид  және  Шаш  арасындағы  жайлауларда 
кӛшпенділер  ӛте  кӛп.  Олардың  бәрі  мұсылмандар,  бірақ  ешкімге 
бағынбайды»  –  деп  жазған.  Екінші  бір  ғалым  ибн  Хаукал  «Китаб  ал 
масаллик  ва-л  мамалик»  атты  еңбегінде:  «Фараб,  Кенджид  пен  Шаш 
арасындағы жайылымдар ӛте шұрайлы, ол жердегі 1000 түтіндей түріктер 
исламды  қабылдаған,  тек  ӛз  салттары  бойынша  киіз  үйлерде  (в  шатрах) 
тұрады» деп жазған. Ендігі бір саяхат жасаған жиһанкездер дәл осы ойды 
Испиджаб  пен  Шаш  арасындағы  мың  түтін  деп  кӛрсетеді.  Соңғы  кезде 
қазақ  зерттеушілері  алғаш  ислам  дінін  қабылдағандар  Қазығұрт  ӛңірінің 
тұрғындары,  ол  777  ж.  болатын  деп  тұжырымдайды  (осындай  бір  еңбек 
1999  ж.  «Жас  Алаш»  газетінде  жарияланған).  Тарихқа  кӛз  сала  келсек, 
ислам  дінінің  Қазақстандағы  тарауы  Қазығұрт  ӛңірінің  оңтүстігінен 
басталған.  Ӛйткені  алғашқы  кезде  Испиджабтың  ӛзі  де  (Сайрам)  ислам 
дініне мойынұсынбай, соңынан барып қана қарахандар дәуірінде исламды 
уағыздаушы  орталыққа  айналған.  Ал  ислам  дінінің  келген  бағыты  – 
Самарқанд, Ташкент. 
Нақ  осындай  тұжырымдар  «Қазақстан  тарихында»  былай  берілген: 
«Ибн  Хаукалға  жүгінсек,  оғыздардың  бір  тобы  Шаш  облысына  жататын 
Бискент  қаласын  мекендеген.  Ол  қазір  Арыс  ӛзенінің  аңғарындағы 
Піскентке сәйкес келеді.  
Қазығұрт  ӛңірінде  араб  басқыншылығымен  қатысты  топонимдер 
түгелімен  сол  бір  кезде  пайда  болып,  тұрақты  түрде  «қатып»  қалып 
ғасырлар бойы ӛзгермей қалды деп айту қиын. Басқа тілден қалыптасқан 
топонимдердің  автохтондық  топонимияға  енуі  ұзақ  жылдар,  ғасырлар 
бойы  жүреді  деп  атап  кӛрсеткеніміз  жӛн.  Жалпы  алғанда,  бӛгде  тілдік 
лексиканың  ӛзі  жергілікті  тілге  біртіндеп  сіңіседі,  ол  үшін  кӛптеген 
мәдени, діни, саяси-экономикалық ӛзгерістер (алғышарттар) қажет-ақ. Сол 
себепті  кӛп  жағдайда  белгілі  бір  ӛңірде  топонимиялық  билингвизм  (екі 
тілдік)  қалыптасады.  Осының  салдарынан  топонимдік  калькалар  пайда 

47 
 
болады.  Оңтүстік  Қазақстандағы  ортағасырлық  топонимдік  калькалар 
қалалардағы  билингвизм  (айталық,  түркі-араб,  түркі-соғды)  жағдайында 
қалыптасты  деуге  болады.  Қ.Рысбергенова  осындай  калькалар  ретінде 
Отырар-Фараб, Сайрам-Испиджаб, Сырдария-Сейхун, Оксус- 
Весидж атауларын мысал ретінде келтіреді [48]. 
Дегенмен,  араб  тіліндегі  кейбір  географиялық  терминдер  мен  сӛздер 
жергілікті, байырғы (автохтондық) топонимияға сіңісіп, күні бүгінге келіп 
жеткен.  Сондай  араб  географиялық  терминдерінің  бірі  –  рабат.  Э.М. 
Мурзаев ӛз сӛздігінде рабад, рабат терминінің топонимдік мағыналарын 
кӛрсетіп,  рабад  пен  рабат  терминдері  арасындағы  айырмашылықтарын 
түсіндірген:  «РАБАД,  РАБАТ  –  городские  стены  и  поселения  по  их 
внешнюю сторону; охрана города, предместье; каравансарай; сторожевой 
пост  (тюрк.,  тадж.,  араб.,  среднеазиатские  республики,  арабские  страны, 
Пакистан, 
Афганистан, 
Иран). 
Другие 
значения: 
«подворня», 
«странноприимный дом», «станция», «монастырь». В.В.Бартольд [1963, 2, 
1] различает рабад и рабат: «...в Туркестане, как и в других пограничных 
областях  мусульманского  мира,  строились  рабаты  (таково  правильное 
арабское  произношение),  или  рабаты  так  произносилось  это  слово, 
которое  не  следует  смешивать  со  словом  рабад  в  Туркестане).  По 
объяснению  автора  ХІІ  в.,  рабатом называлось  «место,  где  привязывали 
коней»  (таково  и  этимологическое  происхождение  термина);  рабат 
предназначался для газиев (борцов за веру), так как они, когда поселялись 
в пограничном пункте, жили там лицом к лицу с врагами, отражая и козни 
и  их  нападения  на  мусульман».  Таким  образом  рабат  первоначально  в 
Туркестане  –  «пограничное  поселение»;  а  рабад  –  «предместье»  [13,  472 
б.]. 
«Қазығұрт»  энцилопедиясында  Рабатқа  мынадай  түсінік  берілген: 
«Рабат  –  жер  аты.  Кӛне  ауылдың  ежелден  келе  жатқан  аты.  Рабат  деген 
ұғым  алғашқы  кезде  шекарадағы  бекініс,  соңынан  керуен  сарай 
баламасына  тең.  Тау  қойнауында  орналасқан,  кӛк  жасыл  алқап,  Жібек 
жолының бойы. Осы жерде әулиелі бекет болған. Ташкентке қарай ӛткен 
керуендер  бекетке  тоқтап,  демалып,  кӛлік  ауыстырып,  ары  қарай  жол 
тартқан» [19, 278 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірі  кӛне  заман  және  ортағасырлық  дәуірлерде  тек 
малшаруашылығымен,  егіншілікпен  айналысып  келген  ӛлке  ғана  емес, 
сонымен қатар оны  қалалық ӛркениет аймақтарының құрамдас бір бӛлігі 
ретінде  тануымызға  болады.  Мәселен,  қазіргі  Оңтүстік  облысы  аумағын 
алып қарайтын болсақ, кӛптеген кӛне қалалар мен қорғандардың, кесене, 
ескерткіштердің  т.б.  археологиялық  нысандардың  орнын  кездестіреміз. 
Мысалы: 
1. Орта   ғасырдағы  (ІХ-ХVІІ ғғ.)  Сауран  қаласының орны (Ақтӛбе,  

48 
 
Майдантал ӛзендерінің орта алқабында); 
2.  Кӛне  Түркістан  (Ясы)  қаласының  орны  (IX-XVII  ғғ.).  Ол  Шорнақ 
пен Қарашық ӛзенінің аралығында, қазіргі теміржол бойында;  
3. Кӛне Отырар қаласының орны (б.д.д. І-ХVІ ғғ.дейін); 
4.  Қарағұндышық  немесе  Құқсұқ  (І-VІ  ғғ.)  қаласының  орны  Арыс 
ӛзенінің  
Сырға құйылар жерінде; 
5. Жартытӛбе кӛне қала орны; 
6. Құмкент (ІХ-ХVІ ғғ.) кӛне қала орны; 
7.  Қарашық  кӛне  қала  орны.  Түркістан  қаласының  маңында  (қазір 
онда археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр); 
8.  Қараспан  тӛбе  (VІ-ХІ  ғғ.)  –  Арыс  ӛзенің  бойында  болған  қаланың 
орны; 
9. Манкент-Сайрамсу мен Арыс ӛзендерінің арасындағы кӛне қала  
орны; 
10. Шарапхана (VІ-ХІІ ғғ. жататын) кӛне қаланың орны; 
11.  Ӛзбекстан  жеріндегі  Ақтӛбе  ауданы  жеріндегі  Қаңга  (Қанғұй 
мемлекетінің кезіндегі бір резиденциясы) т.т. 
Айта  берсек,  мұндай  кӛне  ескерткіш  белгілері  Оңтүстік  ӛлкеде  ӛте 
кӛп: Шардара (І-ХІІ ғғ.), Қаратӛбе (VІ-ІХ ғғ.), Жартӛбе (VІ-ІХғғ.), сондай-
ақ  Шардараның  сол  жағындағы,  Темірлан  маңында,  Түлкібаста  т.б.  бұл 
ӛлкенің кӛне тарихи мұраларға бай екендігін кӛрсетеді [39, 162 б.]. 
Жоғарыда берілген кӛне заман ескерткіштерінің санатында Қазығұрт 
ӛңіріне тікелей қатысы бар топонимиялық атау – Шарапхана. Шарапхана-
ның тарихи-лингвистикалық сипаттамасы «Қазығұрт» энциклопедиясында 
жақсы  берілгені;  «Шарапхана  –  жер  атауы  (Бұрын  Қаратас,  Шарапхана, 
Шарафхана, Газгерт аталған). 
1948  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  экспедициясы  қазіргі  Шарапхана 
тӛңірегінде,  анығы  Келес  ӛзенінің  сол  жағында  орта  ғасырға  тиісті 
қаланың орнын анықтаған. Зерттеуші Г.И.Пацевичтің пікірі бойынша, бұл 
орта ғасырдағы Газгерт қаласы деген тұжырым жасалады. «Газгерт» деген 
сӛз әділетсіздікке қарсы күресуші деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл 
қала  Шарапхана  аталады  (екеуі  бір  қала).VІ-ХІІ  ғасырларда  ӛмір  сүрген 
делінеді.  Ол  1954  жылы  Мәскеу  қаласында  археология  ғылымының 
кандидаты  дәрежесін  алу  үшін  қорғаған  диссертациясында:  «Газкерт 
қонысы ертедегі қала. Оның қорғаныс құрылымдары екі алаңнан тұрады. 
Батыс  жағындағы  алаң  аумағы  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  80  м., 
батыстан  шығысқа  қарай  65м.,  биіктігі  1,5  м.  екінші  алаңның  мӛлшері 
солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  100  м.,  батыстан  шығысқа  қарай  140  м., 
биіктігі  0,5.  Айналары  ормен  және  соқпа  дуалмен  қоршалған»  деп 
кӛрсетеді. Қазба жұмыстарын жүргізгенде түрлі бұйымдар табылған. Олар  

49 
 
егін және малшаруашылығына байланысты заттар болған. 
Жазба  деректерде  келтірілгендей,  бұл  ӛңірде  жылқының  үш  түрлі 
тұқымы  болған.  Әсіресе,  асыл  тұқымды,  денесі  сымбатты,  басы 
кішкентай, қой мойынды жылқылар ӛсірілген. Жылқылардың жамбасына 
«шӛміш»  таңбасы  салынған.  Жіп  иіру,  тоқу,  тері  ӛңдеу,  киім,  аяқкиім 
жасау  жұмыстары  дамыған.  Кейінірек  Газгерт  оңтүстік  пен  солтүстік, 
батыс  пен  шығыс  аймақтарды  мәдени  және  экономикалық  жағынан 
байланыстырып,  соның  нәтижесінде  «Ұлы  Жібек  жолының»  білте 
шырағына  айнала  бастады.  Бағдат  халифатындағы  провинциялардың 
бірінде  пошта  бастығы,  араб  географы  Убайдулла  ибн  Абдуллах  ибн 
Хордадбек ӛзінің «Китаб ал –масалик ва ал мамалик» кітабының басында: 
«Шаштан  (Ташкент)  Газгертке  дейін  бір  күндік  жол,  ал  Газгерттен 
Испиджабқа  дейін  бір  күндік  жол»  деп  кӛрсетті.  Газгерт  керуендер 
жолындағы  (Сайрам)  саудагерлер  түйісетін  жер  екенін  баяндайды.  Оның 
пікіріне қосыла отырып, Бағдат халифаты сарай қызметкері, қаржы және 
мемлекеттік  географиялық  бӛлімін  басқарған  Құдама  ибн  Джафар  ӛзінің 
«Қытай  әл  Хараджа»  деген  еңбегінде  «Испиджабпен  Газгерт  екі  пошта 
станциясынан кейін Бинкентке (Ташкент) бір күндік жол» деген мағлұмат 
береді.  Белгілі  араб  ғалымы  әл-Фараби  ӛз  еңбегінде  Испиджаб  қаласын 
суреттегенде  айналасындағы  Манкент,  Джумишлаг,  Газгерт,  Харлуг 
қалаларын атайды. 
Арабтың  аты  белгілі  географы  Мұхамед  әл-Макдиси  мұсылман 
мемлекеттерін түгел аралап шығып, «Ахсанат-Такстеим-фи-Маърифат ал- 
акалим»  деген  еңбегінде  Бинкет  пен  Испиджабтың  орта  жолында 
Газгерттің орналасуының маңызын баяндайды. 
VІ ғасырда Түрік, VІІ ғасырда Батыс Түрік қағандығының күш-қуаты 
артқан  дәуірде  Газгерт  маңындағы  шаруашылықтардың  кӛшпелі  және 
жартылай  кӛшпелі  әдісі  басым  болған.  Қазығұрт  бауырындағы  Келес 
бойында  малшаруашылығымен  қатар  егіншілік  жүйесі  орнады.  Ел  тары, 
жүгері егумен айналыса бастады. 
VІІІ ғасырдың бірінші жартысында (705-756 жж.) билік еткен Түргеш 
қағандығының  сауда  айналымындағы  тиындары  Газгерт  археологиялық 
жұмыстарында кӛп табылады. 
Сол  кезде  бұл  ӛңір  Тан  сарайының  және  оңтүстік  батыстан 
арабтардың  шапқыншылығына  ұшырады.  Газгерт  бойындағы  қыстақтар 
мен Газгерт қиратылды. 
712-713  жылдары қытай  мен  арабтар  Қазығұрт  баурайында  соғысып, 
қытайлықтар жеңіліп, арабтар жеңіс туын тігеді. 
Сол  күннен  бастап  Газгерт  «Шарапхана»  –  «Жеңіс  үйі»  деп  аталды. 
Фараби,  Испиджаб,  Қазығұрт  аймағын  арабтардың  жаулап  алуы,  ислам 
дінінің  қабылдануы  бұл  аймақтың  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және 

50 
 
мәдени  ӛміріне  ӛз  ықпалын  тигізді.  Енді  Шарапхана  Ұлы  Жібек  жолы 
бойында  Қазақстанның  Оңтүстігі  мен  Жетісу  үшін  елшілік  және  сауда-
саттық желісі ғана емес, мәдени және рухани байланыстар арнасы ретінде 
де орасан үлкен маңызға ие болды. Оңтүстік Қазақстан халқының жаппай 
ислам  дініне  кіруіне  де  Тұрбат,  Шарапхана  екеуі  орталықтарының  бірі 
болған.  Тұрбаттағы  Исмайыл  Ата,  Шарапхана  орталығындағы  Қошқар 
Ата,  шығысындағы  Бұлбұл  Ата,  солтүстігіндегі  Ақбура  Ата  ислам  дінін 
ендіруде ерекше орын алған. Елді исламдандырумен қатар араб әліпбиіне 
негізделген  түрік  жазуы  түзілген.  Х-ХІІІ  ғасырда  Қарахан  әулетінде 
мұсылман  әдебиеті түрік тілінде жазыла бастайды. Барша саладағы  жаңа 
кезең  Шарапханаға  да  ӛз  әсерін  тигізеді.  Тек  моңғол  шапқыншылығы 
тұсында   Қазығұрт   ӛңірінде   Шарапхана   ауыр   күйзеліске   ұшырайды,  
дамуға бет алған ӛлкенің табиғи процесі үзіліп тасталады. 
Шарапхана  талай  тарихи  процестерді  ӛткізіп,  Кеңес  ӛкіметі  кезінде 
шағын село дәрежесіне жетті»[19, 396-397 б.]. 
«Қазығұрт»  энциклопедиясынан  алынған  бұл  үзіндіде  Шарапхана 
атты  елді  мекеннің  тарихы  баяндалған.  Алайда  осы  кӛне  тарихи  жер 
атауының  этимологиясы,  біздің  пікірімізше,  халықтың,  яғни  жалған 
этимологиясы  тұрғысынан  берілген.  Бұл  этимология  бойынша 
«Шарапхана» – «Жеңіс үйі» деген мағынаға саяды. 
Шарапхана  атауында  шар  түбірін  алып  қарасақ,  Е.Қойшыбаев 
зерттеуші  ғалымдар  К.К.Юдахин  мен  В.Мурзаевтар  деректеріне  сүйене 
отырып,  былай  деп  жазады:  «К.К.Юдахин:  түркілердің  қазіргі  қырғыз 
тілінде  сақталған  «селдір  тоғай»  мәніндегі  сӛзі;  В.Мурзаевтың  Орал-
Алтай  аясындағы  угор  тілдерінде  бар  «ӛзен  саласы»  мәніндегі  сӛзі. 
Біздіңше, соңғы деректің үйлесімі бар» [38, 237 б.]. 
Ғ.К.Қонқашбаев  «шара»  сӛзін:  «ложе  озера  или  русло  реки»  деп 
берген [49, 3 б.]. 
Шар(а)  топонимдік  компонентінен  кейін  орналасқан  ап-аб,  об 
түрлерінің Э.М.Мурзаевтың сӛздігінде кӛптеген иран (парсы) түркі, финн-
угор  тілдерінде  «су,  ӛзен»  мағыналарында  кездесетінін  атап  кӛрсеткен: 
«Бесчисленное  количество  топонимов  образовано  с  участием  этого 
термина на обширных пространствах Азии. Они обычны в Таджикистане, 
Узбекистане,  Киргизии,  Азербайджане,  в  горах  Куньлуня,  окаймляющих 
Таримскую впадину, в Иране» [13, 40 б.]. Ал енді Шарапхана атауындағы 
соңғы  компонент  хана(ға)  келетін  болсақ:  «Хана,  Хане  поселок,  дом, 
помещение  (тюрк.,  иран.).  ср.  тадж.  хон  –  «жилище»,  «дом»,  «здание»; 
узб.  хона  –  «комната»,  «помещение»;  перс.  хан,  хане,  хани-то  же; 
«караван-сарай», «вдвоѐм», «колодец», «родник» [13, 590 б.]. 
Сонымен  Шарапхана  «ӛзен  саласындағы  (ӛзен  бойындағы)  керуен-
сарай»  деген  мағынаны  берген  кӛне  атау  деп  болжауымызға  болатын 

51 
 
сияқты.  Шарапхана  орналасқан  табиғи-географиялық  жағдайы  және  Ұлы 
Жібек жолы бойында болғандығы осы этимологияны растайды. 
Бір кезде «Жеңіс үйі» деп түсіндірілген Шарапхана атауы күні кеше 
тағы  бір  халықтық  (жалған)  этимологияға  ұшыраған  тәрізді.  Жергілікті 
тұрғындардың  айтуынша:  «1969  жылдың  мамыр  айында  Алматы, 
Шымкенттен  бір  топ  шенеуіктер  келе  жатып,  жол-жӛнекей  Шарапханаға 
аяқ  шалдырады.  Олардың  арасында  білгішсінген  біреуі  «Бұл  атау 
«Арақхана»  дегенді  аңғартады.  Коммунизмге  бет  алған  қоғамда  мұндай 
атаудың  болуы  ӛте  ұят,  сондықтан  Шарапхана  дегенді  жедел  арада 
ӛзгертпесе  болмайды»  –  деп  қолма-қол  нұсқау  береді.  Содан  дереу-ақ 
Шарапхананың  тарихи  аты  жойылып,  орнына  «Қаратас»  деп  жүргізіле 
бастайды.  Бұл  сорақылық  1993  жылдың  7  қазанына  дейін  жалғасты.  Тек 
арада  ширек  ғасырға  таяу  уақыт  ӛткенде  ғана  Шарапхана  атауы 
қайтарылды.  
Қазығұрт  ӛңіріндегі  жер-су  атаулары  құрамындағы  моңғолдық 
элементтер  үш  кезеңде  пайда  болуы  мүмкін:  1.  Болжамды  (гипотеза) 
түрінде  айтылған  моңғол-түрік  тілдік  дәуірде; 2.  ХІІІ ғ.  Шыңғыс  ханның 
шапқыншылық  дәуірімен;  3.  Кейінгі  ғасырларда  жоңғарлардың 
шапқыншылық жасауымен байланысты. Сондай атаулардың бірі – Дегерес 
(моңғол  тілінде  «жабайы  ешкі»).  Дегенмен,  Қазығұрт  ӛңірінде  моңғол 
тілінен енген топонимдер жоқтың қасы. 
Қазығұрт  ӛңірінің  аймақтық  топонимиясына  ӛте  кӛп  те  елеулі 
ӛзгерістер  енгізген  орыс  тілінен  енген  топонимдер  болды.  Бүкіл 
Қазақстанға сияқты Оңтүстік, соның ішінде Қазығұрт ӛңіріне ХІХ-ХХ ғғ. 
жүрді.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  орыс  шарауаларын  жаппай 
қоныстандыру  саясаты  іске  асырылды.  «Қазақ  даласына  капиталистік 
қатынастардың еніп, ӛндіргіш күштердің дамуы негізінде, ХІХ ғасырдың 
екінші  жартысынан  бастап  Орталық  Ресейден  шаруалардың  қоныс 
аударуының нәтижесінде, кӛшпелілердің жерлерінің ауқымды қоныстары 
тарылып, кӛшу жолдарының қысқаруы үдей түсті. Сонымен бірге ӛлкенің 
отарланып,  кӛшу  ауқымының  тарылуы  кейбір  қазақ  руларының  ежелден 
бері  басқа  рулардың  иелігіндегі  жайылымдарын  тартып  алуына  әкеп 
соқтырды», – деп жазады М.С.Мұқанов [50, 45 б.]. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  руларының  бұрыннан  келе 
жатқан  этно  (рулық)  территориялық  байланыстарының  жаппай  күйреуі 
етек  алды.  «Осындай  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қазақ  руларының 
этнотерриториялық 
тұтастығының 
түп 
тамырының 
күйреуі 
этнографиялық топонимияның кейпінің ӛзгеруіне әкелді, ӛйткені кӛптеген 
қыстау, 
күзеу, 
кӛктеу, 
жайлау 
аттары, 
топонимдік 
белгілер 
микротопонимияға  қызмет  етуін  тоқтатып,  біртіндеп  ұмытыла  бастады. 
Қазақстанның  ұлттық-этнографиялық  топонимиясының  мұндай  ӛзгеріске 

52 
 
ұшырауының  астарында  үлкен  мақсат  бар  еді  –  байырғы  ұлттық 
(қазақтың)  географиялық  атауларды  әдейі  түрде  ӛзгерту,  жоқ  қылу  – 
Романовтың  әулетіндегі  (патшаның)  ерекше  адамдарына,  үздік  деп 
танылған  миссионерге,  әскер  басшыларына  қатысты  атаулар  берілді, 
байырғы  жер-су,  елді  мекен  атаулары  орыстың  саясиландырылған 
отаршыл  топонимдерімен  ауыстырылды.  Түркістан  мен  «Қырғызда» 
Ресей  билеушілерінің  отарында  болған  кезінде,  әкімшіліктің  ықпалымен 
кӛптеген орыс атаулары пайда болды» [33, 46 б.]. 
Қазығұрт ӛңірінің Ресей отарлау саясатына ұшыраған кезеңі былай 
кӛрсетіледі: «1865 жылы патшалық Ресейдің Қарулы күштері Ташкентті  
қаратып  алғаннан  кейін,  ӛлкеде  1867  жылы  Түркістан  генерал-
губернаторын  орнатты.  Әкімшілік  басқару  жүйесін  орнатып,  50-жылы 
колония саясатын жүргізді. Бұл кезеңде Қазығұрт ӛңірінің тарихы онымен 
тығыз  байланыста  болды.  Біздің  ауданымыздың  территориясы  Сырдария 
облысының  Ташкент  және  Шымкент  уездеріне  қарады,  Шымкент 
уезіндегі  33  болыстың  3  болысы:  «Жылыбұлақ»,  «Қазығұрт»,  «Қаратас»; 
«Ташкент»  уезіндегі  27  болыстың  4  болысы:  «Ақжар»,  «Жетісу», 
«Шарапхана» және «Үштамғалы» болыстары біздің аудан ӛңірінде болды. 
Бұл  әкімшілік  басқару  жүйесінің  содырлы  шоқпарларының  жарты 
ғасыр бойына халқымыздың тӛбесінде ойнағанын, есепсіз қиыншылықтар 
алып келгенін Ташкент қаласында  сарғайып жатқан  архив құжаттарынан 
білеміз. 
Бұл  құжаттардан  Қазығұрт  ӛңірінде  жерлестеріміздің  қаңлы,  сіргелі, 
шанышқылы, оймауыт, бағыс, рамадан, жаныс, сары үйсін, темір, кӛкірек, 
құланаян,  бӛгежіл  және  шегір  сияқты  кӛп  рулы  ел  болып  ӛмір  сүргенін 
кӛреміз. 
1870  жылы  ӛткізілген  санақта  Жетісу  болысының  Шарапхана 
ауылының кӛрсеткіші тӛмендегіше болған: 
Шаңырақ саны – 112 
Халық саны – 794 
Түйе саны – 110 
Ат саны – 156 
Қой саны – 1018 
Мешіт саны – 2 
1880-1890 
жылдары  Қазақстанға  Ресейден  қоныс  аударып 
келушілердің  саны  4  миллионнан  астам  болды.  Патшалық  Ресей 
Қазақстанның  шырайлы  жерлерін  тартып  алған  жер  кӛлемі  17  миллион 
десятинаға жетті. Әуелі Ақмола Семей облыстарының шырайлы жерлерін, 
кейін Жетісу мен Сырдария облыстарының жерлерін иемдене бастады. 
Қазығұрт  аймағы  Ташкентке  жақын  болғандықтан,  генерал-
губернатор  күнделікті  кӛз  қырына  ала  отырып,  Қазығұрттың  шырайлы, 

53 
 
құнды топырағы, жайлаудағы шӛбі, тәтті суы, әсіресе, таза ауасы оларды 
қатты  қызықтырды.  Бұл  ӛлкеге  жиі  келіп,  губернатор  ӛкілдері  елді 
күйзелтіп кететін еді. 
1909  жылы  Сырдария  облысы  жер  бӛлімінің  бастығы  полковник 
Рубах  Ақжар  болысының  жеті  ауылын  аралап  шығып,  ежелден  «Молла 
Әли»  ауылының  жері  болған  Амансай  және  Шарбұлақпен  танысып, 
жайлауларды ерсілі-қарсылы ӛлшеп, ол жерледі зорлықпен тартып алды. 
Қазығұрт,  Тұрбат   баурайы   мен   Амансайда   қаулап  ӛскен  шүйгін  
шӛптеріне қызыққан Түркістан губернаторлығы ӛзінің артиллерия әскери  
аттарына  жайлау  етіп,  Амансайға  рамадан,  қаңлы  елінің  малдарын 
жолатпай қойды. Молла Әли әулеті қасірет тартты, тіршілігі тарылды. 
1905  жылы  почта  станциясы  «Жер»  тӛңірегіндегі  жерлер  Ақжар 
болысындағы  Шарбұлақтардан  алынып,  Түркістан  әскери  әкімшілігіне 
берілді.  Бұл  аумақ  артиллерия  аттарын  бағатын  жерге  айналды.  Бұл 
аймақтың  батысы  Келес  ӛзені,  Оңтүстік  Қарабау  ӛзеншесі  мен  шығысы 
«Амансай», солтүстігі Шарапхана болысымен шектеседі. 1800 десятинаға 
жуық  ӛте  құнарлы,  Қазығұрттың  жаңбырлы  ауасымен  ерекшеленіп 
тұратын,  жаздық  бидайдан  ӛте  кӛп  ӛнім  алынатын  жер  жайлауға 
айналады. 
1907  жылы  15  тамызда  Санкт-Петербургтен  телеграмма  арқылы 
рұқсатнама  келген  соң,  қоныстандыру  поселкасының  жобасы  түзілді. 
Жергілікті  Шарбұлақ  ауылы  наразылық  білдіріп,  қарсылық  жасады. 
Халық  наразылығын  зорлықпен  таптай  отырып,  1909  жылы  кӛктемде 
молокан  поселкасын  құруға  1909  жылы  18  наурыз  күні  Шарбұлақ 
ауылының 496 үйі иелеріне «Ӛз еркімізбен бердік» деген қағазға күшпен 
кӛндіріп,  қолтаңбаларын  қойдырады.  Бұл  сол  кездегі  тілмаш 
Тұрғынбаевтың толтырған хабарынан белгілі. 
Ташкент уезінің жер ӛлшеушісі бастығының орынбасары С.Порошин 
және  Нехорошевтің  жетекшілігінде  1909  жылы  16  қазанда  әскери 
губернатор генерал-лейтенант Романовтың бұйрығымен құрылған поселка 
«Алексеевка»  деп  аталды.  Сол  бұйрықта  «Алексеевка»  ауыл  қоғамының 
құрамы бекітілсін, старосталық міндет 1 жылға дейін Павел Никифорович 
Портновқа  жүктелсін,  мӛр  берілсін,  қоғамның  мүшелерінің  тізімі 
журналда  кӛрсетілсін»  делінгенін  жиналысқа  қатысқан  губернатор 
жәрдемшісі полковник Гепнер хабарлайды. 
1913  жылы  Алексеевка  селосының  тұрғындары  56  отбасы  болып, 
олардың  әрқайсысының  меншіктерінде  18-36  десятинаға  дейін  жерден 
болып,  жалпы  пайдаланған  жер  кӛлемі  1577  десятинаға  жетті.  Кӛшіп 
келгендер байыды, қазақтар кедейленді. Жайлаулардың орнына егін егіп, 
ӛткел  бермей  қинады.  Мұжықтар  «мынау  менің  жерім,  мынау  менің 
шабындығым»  деп,  маңайына  жан  жүргізбей  қойды.  Кӛшпелі  елге  жүз 

54 
 
жылдар  бойы  қызмет  етіп  келген  қара  жолдан  ӛту  енді  мүмкін  болмай 
қалды.  «Алексеевка»  қорасы  қасқайып  бӛгет  болды.  Сол  жылдары 
тіміскіленген мұжықтар және бір құнарлы аймағымыз болған Шарапхана 
болысына  қарасты  «Кемербастауды»  іздеп  тауып,  генерал-губернатор-
ларға ӛтініш жасады. 
Олар 1908 жылы Ақмола облысы, Кӛкшетау уезінен кӛшіп келген 45 
семья  келімсектер  еді.  Кӛкшетаудың  қатарына  жете  алмаған  келімсектер 
атынан  ұялмай,  тартынбай  Г.Д.Дубашкин  «Кемербастаудағы»  1200 
десятина құнарлы жерді Жетісу болысының биі Шалқарбай Жолдықараев 
әулеттерінен тартып алып берді. Қазығұрт жерін бӛлшектеудің үдей түсуі 
осылайша зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асып отырды. 
1910  жылы  полковник  Рубах  ауылдың  жерлерімен  танысып, 
Шарбұлақ, Қақпақ жоғары ауылдарының бірнеше адамдарының жерлерін 
орынсыз талаптармен отаршылар пайдасына қаратты». 
Белгілі абайтанушы, кӛрнекті ғалым М.Мырзахметов ӛзінің «Отарлау 
топонимдері»  деген  мақаласында  отаршыл  орыс  топонимдерінің  пайда 
болуын үш кезеңге бӛледі: 1781-1822 жылдар – протекторат жүйесі, 1822-
1876  жылдар  –  хандық  басқарудың  күйреп,  сұлтандық  жүйенің  нығаюы, 
сұлтандық  үкіметінің  басқаруы,  1876-1917  жылдар  болыстық  басқару 
жүйесі [51, 22 б.]. 
Қазығұрт  ӛңіріне  қатысты  отарлау  саясатының  нақты  мысалдары 
(жоғарыда  кӛрсетілген)  Ресей  империясының  отарлау  саясаты  күшейіп, 
орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы, қазақтың байырғы жерлерін 
тартып алып, атамекен атауларын ауыстыру, соның нәтижесінде Қазығұрт 
жерінде орыс отарлау топонимдерінің пайда болуы дәл осы үшінші (1876-
1917 жж.) кезеңге сай келеді. 
«ХІХ  ғасырда  ӛмір  сүрген  орыстың  белгілі  географы  Н.И.Надеждин 
«топонимика  дегеніміз  –  жердің  тілі,  ал  жер  –  географиялық  атаулар 
арқылы  адамзаттың  тарихы  жасалынатын  кітап»  десе,  кемеңгер  жазушы 
М.Әуезов:  «Біздің  қазақ  жер  атын,  тау  атын  әманда  сол  ортаның  сыр-
сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай ӛлкеге барсаң да жер, су, 
жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының ӛзінде қаншама мән-мағына, 
шешілмеген құпия сыр жатады» – деп ой түйген. Қазақ халқының ат қою 
шеберлігіне қызыға қараған. 
Ауданның  ежелгі  топонимикасы  жоғарыдағы  пікірмен  үндесіп 
жатады.  Бірақ  түрлі  соғыстар  мен  тартыстардың  құрбаны  болған  ол 
атаулар  ұмытылып,  кӛне  жұрттар  мен  қалашықтар  тӛбеге  айналған. 
Олардың  саны  бүгінде  елуге  жетеді.  Солардың  ішінде  Жалпақсу, 
Тентектӛбе, Сынтас, Жартытӛбе, Қарауылтӛбе, Сарытӛбе, Жаументӛбе,  
Ғұзион, Шұқырбекет, Сауыршы, Қышқорған ел жадынан шығып барады. 
Кеңес ӛкіметі дәуірінде ел топонимикасының 90 пайызы ӛзгеріске  

55 
 
ұшырағанын  байқауға  болады.  Мәселен,  1993  жылға  дейін  аудан 
кӛлемінде  бір  ғана  В.И.Лениннің  есімімен  Ленин  ауданы,  Ленин  селосы, 
Ленин аудандық кеңесі, Ленин атындағы колхоз, Ленин және Ленин жолы 
елді  мекені,  Ленин  алаңы,  Ленин  кӛшесі,  Ленин  орта  мектебі,  Ленин 
мектеп-интернаты, «Ленин ӛсиеті» газеті деп аталып келді. 
Аудан кӛлемінде территориялық бӛлініске түскен 74 елді мекен, 30-ға  
жуық ӛзен, су аттарын мына тӛмендегідей саралауға болады: коллектив- 
тендіру  кезеңіндегі  атаулар  –  Жаңабазар,  Жаңажол,  Жаңатұрмыс, 
Жұмысшы,  Қызылдихан,  Тілектес,  Үлгілі,  Ынталы,  Қызылтаң,  Еңбек, 
Ӛндіріс,  Еңбекші,  Жаңаталап,  Қызылту,  Алғабас;  ірі  саяси  оқиғаларға 
байланысты  атауларға  1-май,  Қазақ  ССР-ның  ХХ  жылдығы,  Коммунизм, 
Жеңіс;  орыс  тіліндегі  және  орыс  тілінен  енген  атауларға  Лесхоз, 
Пришкольное,  Заготскот,  Новостройка,  Комсомол,  Старый  Чанак;  кісі 
аттарына қатысты атауларға Карл Маркс, Киров, Калинин, Ленинск, Ленин 
жолы,  Ф.Энгельс,  Аманкелді,  Крупская,  Абай;  жер  рельефі  мен  оның 
пейзаждық  болмыс-бӛліміне  байланысты  атауларға  Аққұм,  Алтынтӛбе, 
Қарабау, Қосағаш, Айнатас, Бейнеткеш, Жігірген, Қарабастау, Кӛкібел, 
Құларық,  Қызылата,  Қызылбұлақ,  Майбұлақ,  Бұлбұл,  Жіңішке, 
Талдыбұлақ,  Кӛктӛбе,  Ақтас,  Атбұлақ,  Қызылдала,  Шанақ,  Ақжар, 
Ызабұлақ,  Шарбұлақ  елді  мекендері  жатады.  2002  жылдың  қаңтарында 
ауданда  12  ауылдық  әкімшілік  округтер  болды.  Олар:  Алтынтӛбе, 
Жаңабазар, Кӛкібел, Қазығұрт, Қақпақ, Қарабау, Қызылқия, Рабат, Тұрбат, 
Шанақ, Шарапхана, Шарбұлақ» [19, 150 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірі  топонимиялық  жүйесі,  кӛріп  отырғанымыздай, 
ғасырлар  бойы  қалыптасып,  түрлі  тарихи  кезең  мен  дәуірлерде 
ӛзгерістерге  ұшырап  отырған.  Бұл  ӛзгерістер  біз  қарастырып  отырған 
ӛлкенің және Оңтүстік, ары барғанда Қазақстан аумағындағы болып ӛткен 
үлкенді-кішілі тарихи процестерге, оқиғаларға қатысты ӛрбіді. Яғни ӛлке 
тарихының  іздері  сол  ӛңірдің  жер  тілі  топонимиясында  қалып  отырады. 
Осы тұрғыдан келгенде, шын мәнісінде «топонимия – тарих айнасы». 
Қазығұрт  аймақтық  топонимиясының  қалыптасуына  географиялық, 
тарихи,  этномәдени  алғышарттардың  (факторлардың)  ӛзара  ұштасып, 
ықпал  еткені  анық.  Ӛйткені  кез  келген  ӛңірдің,  ӛлкенің,  бүкіл  елдің 
топонимиясы тек тілдік фактілерден құралмайды – топонимиялық жүйені 
қалыптастыруда, ӛзіндік ерекшеліктерін және келбетін түзуде сол ӛңірдің 
(ӛлкенің,елдің)  географиялық  ортасы,  тӛл  тарихы,  тұрмыс-тіршілігі  мен 
дүниетанымы белсенді түрде қатысады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет