Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата26.02.2017
өлшемі19,69 Mb.
#4996
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

189

берерінде, бермесін де кнмыл сгіл, омыраулай берш алагын күш 
керек  еді.  Сол  күш  орньша  өндіріс  капиталы  қазақ  дадасына, 
алдымен  жалан  қия  сауда  капитал ын  агент  қылып  жұ мсады. 
Екіншіден,  сол  өндірісті  тап  мақсатына  үйлее  келерлік  тәрті
11 
орнатып, 
еп
 дегенін булжытпай орындатып отыра алатын әкімшілік
керек болды» - міне. орыс патшалығы мен сауна капигалынын казак 
елш отарлап, жерімен байлыгын өзінін экономика іык мүдделеріне 
пайдалануда қаидай саясат жургізтгі туралы пікірін герендете түсіп,
эрі жалгастырып, былай дейді:
«М үндай әкімдер патшалық үкімеггің ел ішіндегі тірегі, көзі
боларлық міндетгі орындай. элеумег майданына шықты. һл ішінде 
экім, султан, тере, болыс, би дегендер кобенді» дейді 
( 1 8 т , 7 6 )  
Жергііікті «бүлдіргіш  экімдердің» казак халқына келтірген 
азабы  мен  мазагын,  тарихи  үдеріске  сэйкестіре,  кезеңіне  сай, 
объективі ілігін  сактал,  талдап,  тексергси.  Енді  үлы  жаіушы 
галымның осы орайда айгқан пікірін толыгырақ  келтіренік.
«Бүрын да гитыі ы күрып келген ел енді жерден аЙырыдып, 
малдан  ажырап,  алым-шыгын,  салык-каржы,  қымбат  ба.шр 
талауыиа бір үшырады  Жүт, індет, пара-иэле сияқты кесірлерге 
іагы  шырмадды» 
(Сонда,  7  6 ).
  Из,  қазақ  калкына  қасіреі  пен
ж\ деушілік әкеліеи осы бір  іарихи кезец қазіргі тоуелсіздікке ие 
боліам  қазақ  ш к ы н ы н   гірліпнде  гасыр  арқалан,  таіы   да 
кайталанып шыр  Диалекгиканын іерісіеуді іерістеу  іацы куапші, 
жактайтын  мыиа объектинтт  корініс іерді:  опсеше орал у,  от кем 
кезенді  жана  жагдайда  кайталагі  оіу  үдерісі  бІздің  казірі і 
ііршііи імшелскорінісберін,кайталапьш, іаі дырымыйаараласын, 
иелік етін, уысмнда у стамаюі ім. Мұны байкдмасақ, инда кокіреі імп 
сокыр бон алы гой. Мүндай адам «нарасынып» шіеумеггік-адамдык
а-бггім»н Абай
т ,
 ш ір е п н  
ш і
 бшгсаи 
т ш
Адад енбекііен срінбсй жүріп  мал табу га 
жіігр
 қы
алмаисын
т

Кеселді  жалқау,  қылжақбас,
Әзір тамақ,  әзір ас,
Сыртың
 - 
пысық,  ішің - нас,
Артын ойпап үялмас,
 - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла 
жіберген  ақ  бұйрықты  өлімнің  өзі  артық» 
(Абай  (Ибраһим 
Құнанбаев)  Екі  томдық  шыгармалар  жинагы.  Екіниіі  том.
Аудармалар мен  қара  сөздер,  102-103  бб.).  Щ
Бүгінде  «өндіріс  капиталына  базар»  керек дегендейін,  осы 
үдеріс қайталанып, өктемдігін жүргізіп отырған жоқ па?! Сөз жүзінде 
капитапизмнен аулақпыз да, ал іс жүзінде: «нарық экономикасына 
көшеміз», «өтпелі кезең үстіндеміз» деп, үлы Абай айтатын «күнде 
ергеңмен» күнкөріс жасауға шарасыздықган көніп келеміз. Сонымен 
ит жығыста, эуре-сарсаң болып, кімге? Капитализмге ме, қүқыктық 
па,  азаматтық  қоғам  ба?  Қайсысына  сенерін  емес-ау,  түсінбей, 
білмей қарахалықдел-сал.
«Өтпелі»  деп  қақсап  жүрген  кезеңнің  даму  заңдылығын 
марксизм-ленинизм ашып көрсеткен еді. Бірақол отпелі кезеңге 
пролетариат  үстемдігі  (диктатурасының)  саяси  кезеңі  тэн  деп, 
анығын айтқан  болатын.  Ал бүгінгі таңда қандай  саяси  кезеңді 
бастан  өткеріп  отырмыз? - деген  сұрақтың тууы  заңды.  Қазіргі 
қазақта  «малдан  ажырап,  алым-шығын,  салық-қаржы,  қымбат 
базарталауына» ұшырап отыр, бұған не айтамыз. Абай заманында 
«бүлдіргіш экім» ел билесе, бүгінгі күні қандай экім билеп отыр?! - 
деген сүраққа жауапты кім береді екен. Тағы да аты шулы Алладан 
да бетер,  үстемдігі  шексіз  «нарық»  пен  «өтпелі»  кезеңге  итере 
саламыз да.
Қазақ  елінде  Ресей  өндіріс  капиталы  орнатқан  тойымсыз 
экімшілігін  сынаганда  Мүхтар  Әуезов  логикасына  Абай  эсері 
байқалып-ақ түр. Әсіресе, «Сегіз аяқ», «Сабырсыз, арсыз еріншек», 
«Күлембайға»  басқа  да  поэзиялық  ш ығармаларында,  ал 
философиялық  (үйреншікті  қара)  сөздерінің  қай-қайсысында 
болмасын қазақ мінезі мен санасын сынайтын Абай логикасының
ізін оаиқамасқа оолмаиды.
191

«Ел  ішінің  әкімдері  сол  елді  сорлатушы,  тыныштығынан 
айырушы бүлдіргіш экім болады. Олар, әсіресе, жемшіл-парақор, 
партияқор, зорлықшыл әкімдер, әрі жоғары ұлыққа жағынымпаз 
құлдар.  Елдің  өнерлі,  мэдениетті  болуын  олар  ойламақ  түгіл, 
өздеріндей қылып, елді де надан күйінде ұстауға тырысады. Қолына 
түспеген өнер-білім, елдің аңсаған сусыны, жалгыз суаты есепті 
болады. Ел осы тілегін қиялында, көкірегінде сақгайды. Басына 
түскен хал менен жаңағыдай әкімшілікке ел наразы, жұрт күйзеу 
болып күңірене береді» - дейді Мұхтар Эуезов 
(Сонда, 8 б.).
Жұрттың «күйзеу болып күңіренуі» себебін Мұхтар Әуезов 
саясат пен қоғам арасындағы қайшылықгарға байланыстырады. 
Осындай нық негіз, тірек боларлық дәлелді ұлы ғалым-жазушы 
Абайдың саяси-әлеуметтік қызметі мен саясат туралы пікірлерінен 
қарастьфады. Қоғам мен саясат бүлар үнемі, үздіксіз қарама-қарсы 
қоғамдық күштердің әсері мен қыспағында туып, орістеп, дамиды. 
Сонау құлиеленушілік қоғамнан бері қазіргі жаңа тарих аралығында 
орын алған әлемдік оқиғалар осыған далел. Алысқа бармай-ақ Кеңес 
империясының  құлауының  өзі  дәлел.  КПСС-тің  70  жылдық 
үстемдігінің опат болуы - қоғам мен саясаттьщ бір-біріне қарама- 
қарсы күштер екенін қоғамдық тәжірибеде көрсетгі ғой. КПСС- 
тің  «Халық  пен  партия  біртүтас»  деген  құрғақ  соз,  жалған 
саясатыньщ тиянақсыз, жәдігөй болуыньщ сыры да осьшда болар. 
Себебі КПСС пен кеңес үкіметі ондаған, жүздеген халықгарды, 
үлггарды үлкен саясатқа қатыстьфмай, арқан дап ұстады емес пе?! 
Мәселен, Қазақстанда орын алған КПСС-тің тың игеру саясаты- 
шы. Бүл туралы жоғарыда соз болды. КПСС үшін деп 100 % дауыс 
берсек те, қазақ халқы соның бір пайызына де иелік жасай алмады.
Саясаттың  қулық-сүмдығы  шексіз  ғой.  Халық  пен  саясат 
арасындағы  айырмашылық  жер  мен  көктей.  Себебі  халық 
мэңгілікте, саясат өткінші. Тарихты жасаушы күш - ол еңбекші 
бұқара  халық.  Қандай  да  қоғамның  өмір  сүруі  мен  дамуының 
материалдықта, рухани да негізі - халық. Бүл жерде К. Маркстің 
ойын жоққа шығаруға ешбір негіз жоқ. Баспанасыз, ас-сусыз өмір
192

сүрген кісі адамзат тарихында элі  кездескен емес. Саясат болса 
көбіне дамудың кертартпа күші. Саясатгың осы касиеттерін Абай 
терең сезінді емес пе?! «Жуандар,  Құнанбайлар ортасы ел қамы 
емес, ел сорына біткен озбыр қиянатшылдар ортасы екенін Абай 
таныды», - дейді Мұхтар Әуезов 
(20 т.,  4 7
б./Сөйтіп, өз заманы 
оргасын ұгып түсінуде Абай кеңінен қолданған «қиянатшыл дүние» 
атты әлеуметтік-философиялық мәніндегі үғымды Мұхтар Әуезов 
те Абай әлемін тануда ғылыми әдістеме ретінде пайдаланғанын
көреміз.
Орыс  патшалыгы жүргізген отарлау саясаты  шагында да өз 
елін әділдік жолыменен билік жургізу үшін Абай жаңа заң ережесін 
Де үсынады. Бүл туралы гулама галым Өлкей Маргүланныңойын 
келтірген  болатынбыз.  Абай  замандасы  куэлігіне де  жүгінейік. 
«Абаймен Қара молада болтан Мүсірәлінің куәлігі бойынша, - дейді
Мүхтар Әуезов, - бүл  жолы  Абай тізген ереже бабы жүзден  аса 
еді дейді» 
(Сонда,  62 б.).
тұста айрықша
халқы
щ
 
л 

т
 
Ж  
---- ----м Г Р *
экімшілігі Қазақ еліне билігін жүргізу саясатыиа да араласып, өз
турасында ғалым
ойына мэн бере, ойлы көзбен қарап, толығырақ келтірейік. 
«Сол Мүсіралінің есінде қалған екі статьясы анық Абайдың
қостырған, тың жаңа
әділет
ұрлық
Ьұрынғы  жол  боиынша  ақы  иелері  алатын  малды  төлеуге 
ұрының өз  мүлкі  жетпегенде,  ағайыны төлейді  екен.  Абай енді 
«агаиыны емес, ұрыға ат майын беруші, сүйеуші бай-жуан төлейтін 
болсын» - дейді. Бұдан бұрын ері олген жесір эйелді алатын эмеңгері 
жоқ болса, байының ағайыны өзге біреуге сатып беруге болады 
екен. Абай: «Бұл әділет емес, ол эйел баста бір сатылған, жасау- 
мүлкімен  келіп  аоташқы  қалың мал  орайын төлеткен.  Енді  екі 
сатылмақ - зорлық. Алатын әмеңгері болмаса, еркі өзінде, ол әйел 
«азат», - деген» 
(20 т.,62 б.).
193

Абайдың қоғамдық-саяси қызметі турасында сөз ете отырып, 
әрі қогам мен саясат арасындағы қайшылыктар жөнінде көзқарасын 
талдап, зерттеуде жүйелі қағидалар ұсынған жазушы, зерттеуші, 
тарихшы, оқымысты, ол - Мұхтар Әуезов. «Абайдай ешкім соншама 
тебіреніп,  - дейді  Мұхтар Өуезов,  -  «әр тарапты  және жауапты 
ойланған емес... Басқа сөзбен айтқандаі ақын жеке және кездсйсоқ 
нэрсені  емес,  жалпыға  бірдей  және  қажет  нәрсені,  бүкіл  өз 
заманының айқын көрінісін, мән-мағынасын көрсетстін нәрссні 
бейнелеуге тиіс. Абайдың қалдырған мұрасының осындай жэне осы 
сияқты елеулі  белгілері  мен  қасиеттері  оның творчествосының
халыктығын көрсетеді» 
(1 9 - т 50 б.).
Қ оры ты нды   түйін  ойын  М ұхтар  Ә уезов  былай  деп
тұжырымдаған:  Абай «өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін өз
заманындағы қоғам өмірінің ондағы халыктың барлықжіктерін,
барлық  жастағы,  күй-түрмыстағы  адамдарын  түгел  қамтитын
энциклопедиясы деп батыл айтуға болады. Абайдьщ шығармаларын
оқи отырып, қазақ қоғамының әлеуметгік-экономикалық, праволық,
семьялық және қоғамдық, мәдени және моральдық жайы турасында 
айқын, әртарапты және дәл түсінік алуға болады» 
(Сонда, 51 б.). 
Енді,  Мұхтар  Эуезов  айтқан  Абайдың  қоғам  омірі  туралы
юнцикл опедиясын ан» дәл «түсінік алу» дегеннің мәнісі, яғни, қоғам 
өмірі  жөнінде:  мұның  эр  тарапты  салалары;  қоғамдық,  саяси- 
элеуметтік  қүрылымы
\
  ру-тайпалыққа  негізделген  қоғамдық 
қатынастары; шаруашылыктың көне түрлеріне негізделген қазақ
қоғамы экономикасы; қазақ халқының үлттық  психологиясы мен 
қоғамдық санасы т.б. туралы ұлы  ойшылдың шығармаларынан 
(Өлең және философиялық сөздерінен) қазақ халқының тарихи түлға 
бітімі туралы «түсінік алуға» толығынан болады.
194

1.2.3  АБАЙ  ПЫСЫҚША  ¥ҒЫ М Ы   ТУРАЛЫ
Абай өлең сөзінде (танымдық жэне логикалығына мэн берсек) 
қоғамды  тану  мәселелерін  жиынтықтап,  маңызы  мен  мэнін 
тарқататын, әрі қазақ мінезінің ұлттық та, тарихи да тамырларын 
ескеретін, бұған қоса казак қоғам қайраткері мен саясаткерінің 
тұлға-бітімін түсінуге жол ашатын уйреншікті, дағдылы, қазаққа 
етене  жақын  қарапайым  «пысық»  деген  сөзді  көп  қолданады. 
Әдеби-керкем, мінеу, шенеу (сатиралық /қалам иесі/) құралы ғана 
емес,  қогам ды -тану  логикасы ,  эдістем е  сапасы нда  да 
пайдаланғанын көреміз. Бұл сөз Абай зерттеуінде, иэ зерттеуінде, 
талдауында, түсіншуінде коғамдық, саяси-әлеуметгік, адамдық, 
кісілік  қасиеттерін  бейнелей  отырып,  логикалық  абстракция 
деңгейінен көрінетінін айту орынды. Философиялық тұрғыдан да 
осыпай. Зерггеуінде дегеннің мәнісі Абай тек ойшыл философ, ақын 
ғана емес, әрі психолог, педагог жэне саяси қайраткер, социолог 
сапасында да ізденіспен айналысқан галым екенін де танытады. 
Ойымыздың  деректі,  негізді  болуы  үшін,  Абайдьщ  тек  эдеби- 
көркемдік  қана  емес,  саяси-әлеум еттік,  философиялық 
мазмұныменен көзге түсетін бірнеше өлеңінен «түсінік алайық». 
«Өкінішті  коп  өмір  кеткен  өтіп»,  «Сабырсыз  арсыз,  еріншек», 
«Көжекбайга»,  «Күлембайга» т.  б. деген шыгармалары Абай өз 
заманындагы  қазақ  саясаткерінің  қогамдық  тұлға-бітімін 
«пысықша» деген логикалық мэні бар ұғым өрісінде жан-жақты 
баптаған. «Үлгісіз жұрттың» философиялық бейнесі «ит мұрындай
надандар» болса, бұның саяси-элеуметгік жиынтық бейнесін: 
Еңбегі жоқ,  еркесіп,
Бір  шолақпен  серкесіп,
Пысық деген am шъщты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн  үшін  дос болып,
Ж үз кұбылган салт шықты,  -
Деп тұжырымдап, ал бүның қоғамдық, әлеуметтік сипатын:
195

Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым  оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады, -
 дейді де, бұндай «пысықтың» қоғамға 
тигізетін  саяси-элеуметтік  ылаңын,  адамға  деген  қаскөйлік
пигыльш:
Ақылы бар кісіні 
,
 
Н
Ғайбаттайды, даттайды.
Ауқаты бар туганды 
Қайырсыз ит деп жаттайды.
Мал мен  бақтың  дүшпаны,
Кеселді пысьщ көбейді,
Күшік иттей үріп жүр,
Кісіден кеммін демейді,  -
 деген өлең сөзі арқалы логикалық 
ойының жүйесімен таныстыраотырып, бір Тобықты емес, қазақ
халқының сол шақгағы, тіпті,бүгінгі тәуелсіз еліміздің көптеген 
саясаткерлері  Абай«пысықшасынан»  аспаса,  кем  соқпас.  Абай 
«пысықшасының» саяси-элеуметтік бейнесінің қырларын ашып,
сорлы қазақгы:
Апты бақан, ала ауыз, - қылатын, әсіресе, тэуелсіздікке қолымыз 
жеткен шақта да соңымыздан еріп қалмай келе жатқан «кеселді 
пысықгың» жиынтық бейнесін Абай:
Қу тілменен құтыртып,
Кетер бір күн отыртып,
Қызмет қылган кісісін
Құрытуга таяйды.
Қылып жүрген  өнері:
Харакеті - әрекет
Өзі - оңбаган,  антүрган
Кімге ойлайды  берекет?
 
*
Кімді  ұялып  аяйды?  -
  деп,  мұндай  «қу  тілді»  -  «кеселді
пысықтың» (идеологиясын /қалам иесі/) қоғамдық пікірге, саяси- 
әлеуметгік ойға тигізегін запалын:
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің,
196

Өңкей жалган мацтапмен 
Шынның бетін бояйды,  -
«Бұл кім өзі?! Мынаған не болған-ей?!» - деп, әркім өзіне сұрақ
койып, бүған қайтарар жауагіты өзі іздестірііі, табуға талаптанғаны
қажет  қой  деп  ойлаймыз.  Ең  алдымен,  жауабымызды  негіздеу
мақсатында, тағы да:  «Бұл Адам  ба өзі? Әлде азғын  ба?» деген
Абай  ойына сүйенсек?  Сонда сұрақты  сұрақпен жалғастырып:
«кеселді  пысықтан»  сақтандыру  үшін,  Абай  ойын  «көңіл
ашығымызда» таза ұстауға, ұғуға,  түсінуге  қоғамдық ұмтылыс
жасап, өзімізді өзіміз тәрбиелесек, бұл дегеніңіз, үнемі қазаққа
жетіспей жүрген қоғамдық қажеггілік- үлтгық парызымыз. Ел билеу
тізгініне жармасқан, бұган қалай да ие болмаққа аласұрған қаскөй,
надан саясатшының «кеселді пысықшасыньщ» алдамшы, екі жүзді
мінезінен (идеологиясынан/қалам иесі/) қашанда сактан, ойлан деп
ескертіп тұрған жоқ па?! Мына төмендегі келтіріп отырған Абай 
сөздері:
Бүл сөзімде жалган жоқ,
Айтыпмай сөзім цалган жоц,
Абайлаңыз,  байцаңыз -
Елдің жайы солай-ды, -
 деп қазіргі, ертеңгі жэне болашакгагы 
ұрпактарға ақтарыла, таусыла, ішкі сырын ашып, өзінің мәңгілік 
өсиетін  ұлы  Абай  аманат  етіптапсырып  отырған  жоқ  па?! 
«Көжекбайға»,  «К үлем байға»  т.б.өлеңмен  жазылған 
шығармаларында, шифрмен белгілесек: 16,17,18,19,21,24,27,36,
44,46,62,71,72,76,80,90,101,130,131,139,141,142,143,154,156,
158,159. Бүл сандар - шифрлық, эрі логикалық қызмет атқарады. 
Айталық,  16 саны: «Қалың елім,қазағым, қайран жүртым» атты 
шығарма 
(Абайдың  екі гпомдъщ  шыгармалар  жинагы.  Екінші 
кітабының соңы 296-302 бб.  іиыгарма- «мазмүны» /қалам иесі) 
бойынша тақырыптық тізімінде алатын сандық орынын шифрмен 
белгілесек: 16. Ал, 19 саны: «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» 
деген келесі шығарманың сандық орыны. Сөйтіп, саннан-санға 
ауысқан  сайын  тақырыптардың  атымен  танысамыз.  Сонымен, 
мәселен сан: «Иузи - рэушан, көзі -гэуһар» шығармасынан басталып,
197

соңғысы -175-ші, яғни, «Өзім әңгшесі» атгы поэмасымен аяқгаладьі 
(Екі тамдықтың Бірінші томы бойынша /қалам иесі).
 Бұл шифр: 
(Абай (Ибараһим)Құнанбаев.  Екі томдық шыгармалар жинагы
бойынша жасалган.  Алматы:  Жазушы,  1986).
Шығармалардың атын атап, тізіп, шұбыртпай, қысқарту үшін 
шифрлап, сандықтізбегін беруці ұгымды, эрі орьгады деп ұйғардық. 
Танысамын деген кісі шығарманы шифры бойынша қажеттісін әзі
де тауып алады.
Әрбір шығарманың озіндік тақырыбын ескере отырып /іүтастық
козімен қарасақ - бұлардың барлығына ортақта, эрі бір арнада бас
біріктіріп, толғандыратын тағдырлы мәселе: ол - заман болмысы.
Абай өз заманында би, болыс болып танылды, казіргі тілмен
айтқанда белгілі қоғам қайраткері, кореген саясатшысы. Қазақелін 
жаулау, эрі отарлау саясатын жүргізу жолында қазақтың белсенді, 
ақылды, парасатшыл дейтін адамдарын патшалық Ресей экімшілігі
оз уысында ұстап, озінің колониялдық мүдделеріне пайдалануға 
тырысып  бақты.  Бірақ  Абай  казақ  халқының  басына  тонген 
осындай қайшылыкты, тағдырлы жағдайдың озінде де халқьғна, 
үлтына адал қьізмет атқарып, қазақ қоғамы дамуының қүқыктық 
жолын ұстанды. Қараны, байды да, торені де - бэрін де қоғамға, 
адамға жат мінездері, қылықгары үшін, бүларды Абай сай-сүйегіне 
жете сынады. Абайдың саяси-әлеуметтік козқарасыньщ жиынтық 
түйіні: «пысықша»,«кеселді пысық», «бүлдіргіш экім» - жеке-дара 
бір  болыс  не  би,  старшын  емес,  жиынтық  саяси-элеуметтік 
жаппылық тарихи түлға ретінде қолданды. Қоғамға жат кеселді 
қылықгарын, мінезін бейнепей отырып, Абай түсінігіндегі саясагшы 
«парасыньщ» -алдамшы, арам, парашыл пиғылын түтастық ретінде
қабылдасақ, қазақ қоғамы саяси ахуалы туралы «толық түсінік» 
алуға болады. Қазір де тәуелсіз Қазақ елінің үж ен саясат маңында 
жүрген мемлекет дәрежесіндегі шенеуніктерді Абай айтқан, бірақ 
элі де ескерілмей, ұмытыла бастаган, «алар жердің ебін қамдап» 
жүрген саясатшылардың кісілік қасиеттерін: «сабырсыз, арсыз, 
еріншек»,«қыры  жоқ»,  «сыры  жоқ»,  «ақылсыз»,  «шаруасыз», 
«ырысы  жоқ»,  «расы  жоқ»,  «қу тілді»,  «ыржаңшыл»,  «қалжың
198

басіііыл»,  «күшік  итше  үріп  жүр»  -  өңкей  «ит  мінезділерді» 
мұрыяынан тізіп түрып: «Көріңдер, тамашалаңдар мьшаларды», - 
деп, көздерін шұқып тұрып халқына эшкіре етіп, кімнің кім екенін 
таныстырды емес пе?!  Абай  ақылына қүлақ артсақ, мүмкін дер 
кезінде «жаманшылықтан жиренер ме еді» деген үміт көкірекке 
үялап мазалағандай. Абайдың мына шығармаларына: шифрлық 
аттары:  16,17,18,19,30,31 саясат көзімен қысқа шолу жасалық. 
Мәселен, 16-шы, бұл шығарма - «Бірінші қараъөз» іспеттес бэріне 
арна, негіз болып, жалпылық мэн атқарады. Осыларға түйін-талдау 
беретін  болсақ:  17-ші  сауда  капиталы  қазақ  жерінде  үстанған 
саясаты сыналғай. Ал 18-інде:«Саналы жанға» қазақ халқының өте 
зэрулігі.  Қазақ  қоғамының  әрғилы  элеумет  ортасы:  «байлар», 
«саудагер», «естілер», «бектер»,«тенте кггі», қазіргі көзбен қарасақ: 
мафияны  жыға  алмай  ж үрген«күш тілер»  іс-эрекеттері. 
Келесілерінде:  19-шы сыйсыз «сидаң жігіт» қылыгы;  30-шы да
өндіріс пен өнерден, білім мен гылымнан бейхабар «үлгісіз жүрттың» 
сиқы; 31 -шіде - «үлгісіз жүрггы» уысынан шығармауға тыраштанған 
«кеселді пысықгың» қылықгары эңгімеленеді. Абайдың қоғамдық- 
әлеуметтік  көзқарасының  ең  бай,  қүнарлы  саяси-әлеуметтік 
шыгармаларының  ішінде  өзінің  саяси-әлеуметтік талғамымен, 
мазмүңды талдауымен көзге түсетін «Көжекбайға», «Күлембайға» 
атгы еңбектері. Біріншісінің шифры -32, екіншісінікі - 43. Аталған 
шығармаларда  қоғамның  эр  алуан  топтарының,  таптарының 
алеуметгік, саяси, психологиялық сезім дүниесін мандайынан шертіп 
тұрып: «міне, көрдің бе? Кел тамашала!» деп, қазақ қоғамының 
саяси-әлеуметгік ойын ұйқыдан оятпакшы. «Доспын, сырласпын» 
дегендердің де мінез-қүлқын жан-жақты ашып, сөйтіп барьш қана, 
«кеселді пысықтың» қоғамдық, адамдық, кісілік қасиетгері ойнақы, 
екіжүзді мінезінің сырын аша түседі. Сонда ғой:
Сыбырлас,  сырлас  көп  болган,
Көптен тату цимасың.
Басыңа жұмыс түскен күн
Татулыцты бұрынгы
Не қылып ол ойласын? -
 деп, болыс па, би ме, қатардағы ма -
199

ісі  шатақ,  ойы  шолақ  кісінің  алдамшы,  сатқын  мінезін  айтса, 
саясатшылардың бұл «парасы» елдің қамын ойлай ма екен деген 
сұраққа жауапты Абай сөзінен күтсек, міне, сол жауап:
Ж ау жагадан  алган  күн 
Өздері иттей тақымдар, - 
міне, бірлігі мен берекесі кеткен елдің сиқы. Ел басына, адам басына
күн туғанда, тіпті жақын туысың да:
Әркімде-ақ бар гой туысқан,
Қайсысы жауды қуысқан,  - 
иә, елдің бүгіні осындай болса, ертеңі қандай? Міне Абайды қатты 
толғандыратын  «өз  сөзінен  басқа  сөзді»  тыңдамайтын,  эділ 
саясаттан тым шалғай жайылған, «өңкей қиқым» сиқы. Ел қамьш, 
ел тыныштығын, хапық бірлігін, бары мен жогын қазақтың мұндай 
саясаткері  ойлар  ма екен?  Ең  алдымен  қазіргі  тэуелсіз  ұлттық 
мемлекеттің шаңырағын көтеріп жатқан саясаткерлер Абайдың 
мына бір саяси ой-пікірін ми жылгапарынан өткізсе? Қайтер еді?
Шыныменен  тамам  ел 
t
Кете ме екен ит  бола?...
 

т
 
.,л..ч 
•,_.
Қызыгы кеткен ел багып,
Қисыны кеткен сөз багып,
Ендігі атқа мінгендер 
Күнде ертеңге талмайды - деп,
Бас-басына би  болган  өңкей  қиқым 
саясатын сынаған. Тэлім-тэрбие алып, өнеге тұтып, құлак асса? 
Кім  біледі?  Ә сіресе,  екіж үзді  байырғы  ұлы  державашыл 
саясатшылардың сиқырлы арбауынан шыға алмай жүрген, бұның 
ішінде «орыстілді» болып кеткен қазақтар оқыса:  Нетсе? Не етер 
еді? Кім біледі, бір сэт ойланар ма еді? Бірақ, Абай айтқандай: «Сөзді 
кайтып ұқсын, ұғайын десе де, қолы тае ме?» (сегізінші сөз). Немесе: 
«Күнде  ертеңге талмайды»  -  деген  сөздердің  саяси-әлеуметтік 
астарын  ұғар  ма  еді?  Қалай?  Қүқьіқтық  мемлекетке  бір  қадам 
болсада, жақындай түсер ме едік? Президентгі сыйлар ма едік?
200

сэтке мижылғаларын оны-мұны кеселден тазартып, қопарып, ой 
жүгіргсек: еліміздің Президентін  катардағыдан - бәріміз болып 
ұлттық мүдделеріміз үшін қайгы жер ме едік?!  Қашанғы «күнде 
ертеңмен» тамақтанып, саяси аш-жалаңаш болып, қолда бардың 
берекесін де кашырыгт, құнын да жоямыЗ ба?! - деген ой көкіректі 
жарады.  Қашан  арық-тұрақ  күнімізден  арылып,  шала-жансар 
қалыптан қүтыламыз. Бүған бүгінгі «атқа мінге(ндер» - қазіргі тақга 
отырғандар не айтар екен?
Абайдың тағы да, мына бір ашу-ызага толы, «қырық жамау» 
намыстан  өртанген,  жүрегінің  түбінен  тебіреніп  шыққан 
философиялық толғаіғысын:
Тынбаган соң арамы,
Көңілі әбден торыцты.
Саудагер  қашты  бүл  елден,
 
і
Несиесін  жия  алмай.
Бүралқылар  самдалды 
Жуандарга  сыя  алмай.
Сенімсіз  болды  алашқа,
Барымтасын тыя алмай.
Нанымы жоқ,  анты бар,
Ел нүсқасы кетті гой,
Елмін деген  салты  бар.
Әлі күнге уайым
Қылган жан жоқ,  үялмай -
 деген бағдарламалы дәрежедегі 
саяси ойына бүгінгі үрпақ не айтар екен. Абайдьщ осы ой-пікірлері 
«Абай  саясатшы»  деген  түжырым-түйін  үғымды  қоғамдық 
танымда, логикалық ойлауда да берік орнықса, бүған ат салысатын, 
ең алдымен, қазақтың өзі.
Еліміздің кешегі тарихын, бүгінгі қажетін түсінуде Абайдьщ 
саясат  туралы  ойы  қоғамтану  мен  мемлекет  танудың  қажетті 
қүралы  болуы  ұлтты қ  қаж еттілік.  Бүл  да  болса  Абай
«жұмбактыгының» тагы бір тың қыры болар.
201

«Иэ, Абай өзі ом ір сүріп, акындық еткен заманы үшін шынында 
да  жұмбақ  еді»  дейді  Мұхтар  Әуезов  «Абай  творчествосын 
зерттеудің  маңызды  мәселелері»  деген  ұлы  ойшылдың  қайтыс 
болғанына елу жыл толуына орай жазылған макаласында 
(19 т.,
2
8
 
б
-
)
-
 
'  
I  
*
 

:
Абай - «жұмбақ адам» - деп зерттеліп, насихатталып келген 
қағидағатың тілекгер айтылып, сауалдар қойылуы бүгінгі күннің 
талабы. Абайдың «жұмбақтығы» сырын ашуға даңғыл жол ашқан 
ЮНЕСКО-ның  тікелей  басшылығымен  өткен  Абайдың  150- 
жылдығына  арналған  Халықаралық  мерейтойы.  Дүниежүзілік 
қоғамдық пікірде I «Абай әлемдік тарихи тұлға» деген ғылыми 
тұжырым кеңінен насихаттала, қолдана басталды.
С онда,  Абай  өзі  айтаты н  «ж ұм бақты ғы »  сыры  өз
шығармаларында  жан-жакты  талданып,  жауабын  да  өзі  береді 
десек тарихқа,  ақиқатқа да сыйымды,  эрі  «жарасымды»  болар. 
Жиынтық, түйін жауабын «жүректен тербеп» тұрып, «Сегіз аяқ» 
(шифрлық  қатардағы  саны  -  47)  деген  көркем-лирикалық,
әлеуметтік-философияльіқ иіығармасында қоғамньщ саи-салаларьш:
шаруашылық; еңбек; ғылым; надандық көзі; ел билеушілердің мінезі; 
адам тіршілігі; ел сиқы болмысын - бәрі-бэрісін қамти отырып Абай 
ой сарабынан өткізіп барып, түйгені:
Ойланар елдің сыщы жоқ;
Баягы  қулық,  бір алдау,
Қысылган  жерде жалдау.
Атадан - алтау,
 

/  /  С
Анадан
 - 
төртеу,
Жалгыздьщ көрер жерім жоц;
Агайын  бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұгар елім жоқ;
Моласындай  бақсының
Жалгыз цалдым - man шыным!
 - деп, өз елінің мисыз, ойсыз 
«қас надан», «ақыл сөзге» ынтасыздар парасының «үлгісіз жұртъша»
202

жат, түсініксіз «жұмбақ адам» көрінді. Абай өз заманы қогамдық,
саяси-элеуметтік өміріне тікелей қатысып, бұның бел ортасында
жүрген беделді, кернекті деген қоғамдық-саяси қайраткері. Соцғы
деректерге сүйенсек Абай 20 жыл бойы болыс, би, төбе би болғаны
анықталып отыр. Абайды зерпггеушілердің бірі Бейсебай Байғалиев 
былай деп жазады:
«Ел  басқару,  ел билігіне араласу үлы  ақынды тек  зарлатып 
киналтып кана қойган жоқ, сонымен бірге үлы ақынды кемелдендірді, 
осірді,  жеплдірді. Ақын озін қоршаған элеуметтік ортаның қилы- 
қилы болмыс тірщгін танып білді, ой қорытты. Туган халқының мінез- 
қүлқын,  тұрмыс-тірлігін  жан-жақты  білуге  Абайға  ел  басқару 
қызметі  үлкен  мектеп  болды» 
(«Абай  және  қазіргі  заман».
Алматы:  Ғылым,  1994,  296 б.).
Абайдың  қоғамдық,  саяси-әлеуметтік  көзқарасы  арнайы 
тақырып  болып, зерттелмеген сияқты,  ал шын  мәнінде,  әсіресе 
философиялық сөздерінің эрбірін жеке-дара мүқият оқып, талдап, 
тексеріп барып, ой қорытсақ: қоғамдық ойларының озегі - ел бағу 
мәселелері болғаны сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет